Реферат Тақырыбы: Қазақ халқының салт – дәстүрлері Орындағын : Жақсылық Сағыныш Тексерген: Нугмарова Айғаным Атырау 2022-2023ж Жоспар
Қазақ халқының салт – дәстүрлері
Наурыз
Мәдениет және өнер
Тұрмыс – салт мәдениетінің дәстүрлері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
Қазақ халқының салт – дәстүрлері , мәдениеті, шаруашылығы Халықтың жалпы өмірін, шаруашылығын, қарым-қатынасын, салт-дәстүрлерін оның ұлттық тағамдары арқыды білуге болады. Қазақ халқының асы оның шаруашылығына байланысты деуге болады, өйткені олар мал шаруашылығымен айналысқан халық, сондықтан ең басты асы ет, сүт. Қонақжай көшпенді халықтың көптеген әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері біздің уақытқа дейін сақталып, орындалып келеді.
Қуаныш пен қайғы, ойын мен той халық үшін, ру үшін, туған-туысқандар үшін ортақ. Қазақ халқының қонақжайлылығын мынадан білуге болады: келген қонақтан оның кім, қайдан екенін сұрамай,оны аттан түсіріп, үйге кіргізіп, тамақтандырып, мал сойып қастерлеп күткен, өйткені оны құдайы қонақ деп есептеген.
Бұл дәстүр осы күнге дейін сақталып келеді. Қонақты сыйламау, дұрыс қарсы алмау жаман ырымға жатып, үй иесінің надандығы болып есептеліп барлық руға ұят келтірген. Қазақтың ең басты тағамы-ет, бірақ басқа халық өкілдері, етті қолмен, яғни бес бармақпен жеу себебінен бесбармақ деп атап кеткен. Етті сеиіз қой, жылқы етінен немесе сұрленген жылқы етінен жасайды. Жылқы етінің барлық мүшесі қадірлі болып саналады. Етті пісіріп алған соң, жұқа қағаздай етіп жайма нан жазып, етті түсірген соң, сорпаға бір қайнатыпалып, пияз,бұрыш, тұз қосылған тұздық жасайды. Ет жайлы табаққа салынады. Салынған мүшесіне қарай ет бас табақ, құда табақ, күйеутабақ, корші табағы болып бөлінеді.
Бас табаққа бас, жамбас, қазы,жал-жая, омыртқа және т.б. мүшелер салынады. Етті турауды да өз жәні болады. Отырғандардың ақылщысы, басы бол деп басты жасы үлкен сыйлы ақсақалға ұсынады. Ол бастың құйқасынан отырғандарға бір-бір тілім ет беріп, жастарға шешен бол деп-тілін, ақын бол деп-таңдайын бөліп береді. Сонан соң қалған етті жастар кесіп турап, мүшелерін жасына, сыйлылығына қарай бөліп береді. Ет тек туралып болған соң, үлкен ақсақал дәм алған соң ғана желіне бастайды. Балалар дастархан щетінде, отырады, етті олдарға тек ақсақал адамдар береді. Мұндай ғұрып асату деп аталады да, біздердей ұзақ және бақытты өмір сүр деген тілекке сай болып есептеледі. Ет желініп, сорпа ішілген соң жиылған жұрттың басы-ақсақал үй иесін, отырғандарды қошеметтеп бата береді. Қонақ күту салты атадан балаға ат мұра ретінде таралып келеді.
Наурыз Наурыз Шығыс елінің бүкілхалықтық мейрамы, бұл парсы тілінің, ноу- жаңа, руз- күн деген сөзінен шыққан. Қазақтар бұл күнді Ұлыстың ұлы күні дейді, өйткені бұл күн Шығыс елдері үшін, бірліктің, татулықтың, еңбектің, көктемнің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Күн жылынып, қар еріп, көк шығып, өлінің тірілген күні, яғни қыста арыған мал көкке тоятын, ал адамдарадың бойы сергіп, шаттанып, қысқы ауыртпалықтан құтылатын күн.
Ұлыстың ұлы күні жұрт жұмыс істемейді, сапарға шықпайды, ешкімлді ренжітпейді, ренжімейді. Бұл күні адамдар бір-біріне қонаққа барып, таза киімдерін киіп, ездері де қонақ күтеді. Әр адам 7 үйге кіріп шығуы керек. Бұл көнеден келе жатқан мейрамның өзіне тән көпшілікке арналған мерекелік тағамы – наурыз көже. Наурыз көже 7 түрлі тағамнан жасалады: су, ет, тұз, май, ұн тары (күріш, бидай, жүгері) және сүт. Наурыз көженің дәстүрлік мерекелік ұлттық тағамы өте зор. Ол барлық адамдарды жомартқа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады. Сүт – жаңа жылдың нышаны болса, сүр ет ескі жылдың белгісі.
Қазіргі уақытта адамдар көктем туады, Наурыз келді – дейді. Қазіргі Наурыз мерекесі орталық көшелерде, демалыс паркінде, стадионда тойланып, онда мың-мыңдаған адамдар жиналады. Олар ақындар айтысының, ұлттық қазақша күрес, тоғыз құмалақ, бәйге және т.б. ойындарының куәгері болады. Бұл күні жасалған мерекелі қойылымдар, ұлттық ойындар Қазақстанда тұратын халықтар бірлігін, татулығын көрсетіп, ұлттық салт -дәстүрлік таныстырып, қазақ халқының мәдениетіне өз туған жеріне деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты арттыра түсіп, адамдардың бір-біріне достық қасиеттерін арттырады.