Қазақ музыка өнері
Қазақ халқының рухани мəдениетінің етене саласы музыка өнері болды.
Жеке əн салу мен аспапты жеке тарту кең тараған.Шығармалардың негізгі түрлері
əн мен күй болған.
Жиырмадан аса əр түрлі музыкалық аспаптар болған, олардың кейбіреулері – шертер, жетіген, саз сырнай, шаңқобыз, даңғыра, асатаяқ жəне басқалары музыка өнерінің кəсіби талаптарына сай келмей, біртіндеп құри берген. Ал дыбыстық сапаларын жетілдіруге келетін басқалары музыкалық аспаптар тобын құрады. Олар: домбыра, қобыз немесе қылқобыз, сыбызғы, дауылпаз.
Əн мен күй халық өмірінің барлық салаларымен етене аралас болды. Той-думан əн-күймен басталды, ақсақалдар кеңестерінің алдында, жайлауға көшу мен
қыстауға қайтып оралу да əн-күймен атап өтіліп отырған. Əйелдер үй тігіп, мал
сауып, жүн сабаған, жіп иіріп, кілем тоқыған, киіз басқан кездерінде өлең айтып,
балаларын тербете отырып, бесік жырын жырлаған. Қайғыға ұшыраған отбасын
жұбататын көңіл айту, қуаныш хабарға сүйініп сүйінші сұрап, құттықтау дəстүрі
де өлеңмен айтылған.
Музыкалық туындылар мазмұны мен құрылымы жағынан əр алуан болған.
Тұрмыстық жол-жора (той-томалақ, жерлеу) кезінде орындалатын əндер, сондай-
ақ балалар əндері, бесік жыры қысқалылығымен, əсерлілігімен ерекшеленеді.
Бұларды жұрттың бəрі айтатын болған. Ал лирикалық, əлеуметтік тақырыптарға,
тарихи, эпикалық жəне аңыздық сюжеттерге шығарылған əндер мен күйлердің
əуендері ырғақты қайырмалы, формалары күрделі болып келген.Оларды танымал
дарындар айтатын болған. Орындайтын шығармаларының тақырыптарына қарай
“ақын”, “жырау”, “əнші”, “ күйші”, “ертекші” деп атаған.
Кəсіби музыкалық өнерпаздардың дарындылығы көпшілік алдындағы арнайы айтыстарда көрінген. Мұндай музыкалық-поэзиялық жарыстар тойларда, жайлауға көшуге байланысты, қыз ұзатқан кезде жəне басқа да отбасылық қуаныштарға орай өтіп отырған. Аса көрнекті ақындардың есіміне “сал”, “сері” деген құрметті атақтар қосылып айтылған.
ХVIII ғасырда əншілердің, аспаптарда ойнаушылардың, ақындардың
шығармашылық-орындаушылық шеберлігі барынша дамыды. Осы ғасырдағы
тарихи оқиғалар қазақтың музыкалық өнер туындыларынан да орын алды. Жоңғар
шапқыншылығы кезінде өмірге келген қазақ күйшілерінің шығармаларының
арасында аса белгілілері “Қаратаудың шертпесі”, “Қалмақ биі”, “Беласар”,
“Абылайдың қара жоғасы”, “Кеңес” т.б. күйлер.
Сол заманның белгілі күйшілерінің бірі – Керейдің Абақ тайпасынан шыққан,
теңдесі жоқ өнер иесі Байжігіт күйші. 1723 жылы 18 жасында ол “Ақтабан” атты
күй шығарған. Одан кейінгі оның кең тараған шығармасы “Қайың сауған”. Ол да
ақтабан шұбырынды оқиғасымен өзектес, мұң, зармен басталып, жеңіске деген
жігер мен қажымас күреске шақырған, сенімге толы күй. Байжігіттің халық өмірі
мен тұрмысы тақырыбына шығарған күйлері көп болған (300-ге жуық), олардың
ішінде аңға шыққан кезде болған əр алуан жайлар туралы 10 бөлімді “Аңшының
зары” күйінің орны бөлек.
ХVIII ғасыр мен ХIХ ғасырдың алғашқы жартысында бүкіл қазақ халқына аты
шыққан домбырашылардың арасынан республиканың батыс өңіріндегі
күйшілердің ішінен Қара ұлы Боғданы атауға болады. Ол домбырашы болумен
бірге ел тағдырын, халық қамын өз күйлеріне өзек етіп, əлеумттік маңызы,
көркемдік қасиеті күшті күйлерді көп шығарған. Солардың ішінде “Ақ желең”,
“Боз төбе”, “Қара жаяу” деп аталатын күйлерінің жөні бөлек.
Сол заманның белгілі күйші-композиторлары Құрманғазы, Дəулеткерей, Абыл, Сарымалай, қобызшы Ықылас, Қазанғап, Диналардың арасында Махамбет батыр да болды.
Махамбеттің “Ақжелең”, “Жайық асу”, “Жорық”, “Қайран Нарын”, “Тарлан”,
“Нарын” сияқты оннан астам күйлері сақталған. Бұл шығармалары оның қатардағы
көп күйшінің бірі емес, аса дарынды тұлға екендігін дəлелдейді.
Қазақ күйшілерінің арасында халқымыздың рухани бітім-болмысына қайталанбас қасиет, нəр берген, оның ажарын ашып келе жатқан тұлға – Құрманғазы Сағырбай ұлы (1818-1889). Ол Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында туған.
Құрманғазының анасы аса дарынды əнші, өнерпаз адам болған. Жасынан өнер дарыған Құрманғазы күйшілікпен ерте айналысқан. Ол халық арасына кең тараған елуден аса күй шығарған. Құрманғазы күйлерінің бірі өмір жайындағы
философиялық толғау, бірі нəзік махаббат лирикасы болса, енді бірінде халық
мерекелерінің шат-шадыман көріністері бейнеленеді. Солардың ішінен “Адай”,
“Алатау”, “Байжұма”, “Балбырауын”, “Жігер”, “Кішкентай” “Көбік шашқан”,
Кісен ашқан”,”Қайран шешем” күйлерін ерекше атауға болады.
Қазақ өнеріне өзіндік қолтаңбасымен із қалдырған, жанға жағымды, жаймақоңыр
күйлердің дəстүрін жалғастырған Тəттімбет Қазанқап ұлы (1815-1860) заманының
белгілі, беделді, лауазымды адамы болды. Оның шертпе күйлер шығарып,
орындаушы ретінде даңқы жайылды. Күйлерінің көпшілігіне əсерлі, асқақ
лирикалық сарын тəн. Ол елуден аса халыққа кеңінен тараған күйлерін қалдырды.
Бұлардың арасында “Азына”, “Бес төре”, “Балқан тау”, “Былқылдақ”, “Қос басар”,
“Боз торғай”, т.б. күйлері кейіннен камералық, симфониялық туындыларға арқау
болған.
ХIХ ғасырда өмір сүріп, төре күйі деген ұғымды орнықтырушы, төре күйі
мектебінің негізін қалаушы Дəулеткерей Шығай ұлы (1820- 1887) есімі қазақ еліне
ертеден кең тараған адам. Ол Кіші ордадағы Жəңгір ханның баласы Шығай
сұлтанның ұрпағы. Өмірден көрген-түйгені көп, қазақ елінің тарихын, мəдени
дəстүр, салт-ғұрпын жақсы білген. Дəулеткерейдің шығарған күйлері аз емес. Олар
өзінің сұлу, сырлы сазы, əсем үнімен ерекшеленеді. “Ақбала қыз”, “Желдірме”,
“Жігер”, “Қосалқа” күйлері қазақ музыкасы мұрасынан орын алған.
ХIХ ғасырда қазақтың музыкалық мəдениетін дамытуға елеулі үлес қосып,
халықтың музыкалық қазынасын тамаша күй туындыларымен байытқан
композитор күйшілердің арасында Ықылас пен Динаның орны айрықша бөлек.
Қобызға арналған шығармалар классикасының қалыптасуына Ықылас Дүкен
ұлының (1843-1916) композиторлық таланты мен орындаушылық шеберлігі зор
ықпал жасады. Ол арғы аталарынан қобыз ойнау өнерін əбден меңгерген тамаша
музыкант болған. “Айрауық”, “Аққу”, “Асанқайғы”, “ Бозторғай”, “Жалғыз аяқ”,
“Жез киік”, “Ерден” күйлерін халық қобызшы-күйшілердің орындауында қызыға
да құмарта тыңдайды.
Дина Нүрпейісова теңдесі жоқ домбырашы болған. Сонымен бірге Дина шығарған “Əсемқоңыр”, “Байжұма”, “Бұлбұл”, “Науысқы” сияқты күйлер өнердің
қайталанбайтын тамаша туындылары болып табылады.
Сарымалай (1835-1885) сыбызғыға арнап классикалық күйлер шығарумен қатар, аса шебер орындаушы болған. Ол сыбызғы тарту өнерін əкесінен үйренеді.
Сарымалай эпос, аңыз-ертегілердің желісі бойынша бірқатар тамаша күйлер
шығарды. “Қоңыр қаз”, “Нар идірген”, “Қоңыр бұқа” күйлерінің орны ерекше.
Қазақ əн мəдениетінің дамуына Біржан сал Қожағұл ұлы (1834-1897), Мұхит
Мералы ұлы (1841-1918), Ақан сері Қорамса ұлы (1843-1913), Жаяу Мұса Байжан
ұлының қосқан үлесі де зор. Олардың əсерлі , сазды əндері жүрекке жылы тиер
жан толқытар сыршылдығымен ерекшеленеді. Бұл əндерде тұрмыстың, қоғамдық
өмірдің күрделі əлеуметтік проблемалары көрініс тауып, адамның ар-намысын
аяққа басатын ескілік қалдықтарына жəне əлеуметтік теңсіздікке қарсылық шебер
бейнеленеді.
www.TemaKosan.net – Подготовка к ЕНТ, книги, рефераты т.д. Все для студента!
Рефераты на русском, казахском, украинском, английском, узбекском!
На сайте все бесплатно, скачивание без регистрации, качественные материалы
Достарыңызбен бөлісу: |