Қазақ тілі пәні апталығы,
олимпиада және үйірме
жұмыстары
Жоспары
1. Қазақ тілі апталығы
2. Пәндік олимпиада
3. Үйірме жұмысы
4. Қабырға газеті
Қазақ тілінен өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың бір түрі-қазақ тілі апталығы. Бір апта шеңберінде жүргізілетін бұл жұмыстар тіл дамытуға байланысты әдіс түрлерінің бәрі дерлік қамтылуы мүмкін. Оған барлық жағдай бар: біріншіден, бұл жұмысқа оқушылар бүкіл мектеп болып қатынасады да, екіншіден, жоспарланған жұмыс мерзімі бір апта бойына созылады. Апталық барысында оқушылар әңгіме құру, мәнерлеп оқу, жатқа айту, сұрақ-жауап арқылы әңгімеге қатысу жұмыстарына араласып, тіл дамытып қана қоймайды, сонымен бірге өздерінің пән бойынша білімін тексеріп, жалпы қазақ тіліне деген сүйспеншілігін арттырып, тілді практика жүзінде игереді. Қазақ тілі апталығын деңгейіне жеткізіп өткізуде пән мұғалімінің алатын орны ерекше.
Қазақ тілі апталығы
Хабарландыру
Құрметті ұстаздар және оқушылар!
Қазан айының 14-18 аралығында
“Тіл – татулық тірегі” тақырыбында қазақ тілі апталығы өтеді. Бұл апталыққа 5-9 сыныптарының белсене қатысуы сұралады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі
14.10.
|
Апталықтың ашылуы
“Абай – дана, Абай – дара қазақта” тақырыбындағы мектепішілік Абай оқулары байқауы
|
15.10.
|
“Көрікті ойдан көркем сөз” атты еркін тақырыпқа эссе жазу
(5-7-сынып)
“Тіл – татулық тірегі” тақырыбында сыныптан тыс шара өткізу
|
16.10.
|
“Атадан қалған асыл сөз” зияткерлік ойын (7-8-сыныптар)
|
17.10.
|
Буккроссинг шарасы
“Қазақ әдебиетінің саңлақтары” атты қабырға газеттерін ілу
|
18.10.
|
“Үш тұғырлы тіл” тақырыбында пікірсайыс (9-сыныптар)
Апталықты қорытындылау
|
Апталық жоспары
Қазақ тілі олимпиадасы
Қазақ тілі олимпиадасы — бүкіл оқушылар мен оқытушылар қауымының белсенділігін арттырып, қазақ тілін үйретуге байланысты түрлі жұмыстарды жан-жақты жақсарту үшін ұйымдастырылатын ғылыми-практикалық жұмыс. Жыл сайын мектеп оқушылары арасында пәндік олимпиада болады. Ол мектепшілік, қалалық (аудандық), облыстық, республикалық кезеңдерден тұрады. Бір кезеңнен жүлделі орын алған оқушылардың жұмысы іріктеліп, келесі кезеңге өткізіліп отырады. Ал мектебі облыстық, республикалық деңгейде болса, бірден сол кезеңге тікелей жолдама беріледі. Олимпиада жазбаша түрде 2 тур арқылы өтеді.
1-тур. Берілген 3 тақырыптың біреуіне шығарма жазу
Шығарма тақырыптарының біреуі – еркін тақырып, екеуі – оқу бағдарламасына сәйкес таңдалады.
1. Жамбыл - айтыс алыбы.
2. Сәкен Сейфуллиннің сыршыл поэзиясы.
3. Еркін тақырып
Бағалау критерийлері
Жазбаша жұмыс бес критерий бойынша ең жоғары 50 ұпаймен бағаланады:
1) Шығарманың мазмұны, ой тереңдігі – 10 ұпай;
2) Әдеби материалды пайдалану деңгейі – 10 ұпай;
3) Шығарманың жазылу стилі мен тілі – 10 ұпай;
4) Тыныс белгілері (пунктуация) – 10 ұпай;
5) Емле (орфография) – 10 ұпай.
2-тур. Сұрақтарға жауап беру.
1. «Қамбар батыр» жырының көркемдік ерекшелігі. 2. Композиция. Мысал келтір.
3. Етіс және оның түрлері. Мысалдар келтір.
4. Сөйлемге толық (асты сызылған сөзге сөз құрамына, лексикалық, фонетикалық) талдау жаса.
Хамит кешікпей керек-жарақ саймандарының бәрін түгелдеп алып, бес орыс солдатымен жүріп кетті.
5. «Кітап – өмірлік серігің» Өз ойыңды ойтолғау түрінде жаз.
Оқушылардың өз білімін жетілдірудің негізгі формасы – үйірме. Оқушылардың өзі қызығатын саласында практикалық жұмыспен айналысатын бірлестік. Егер үйірменің жұмысы қоғамдық пайдалы тапсырмаларды орындаумен, қоршап тұрған өмірмен, өндіріспен байланысты болса нәтижелі болады. Үйірме арнаулы бағдарлама негізінде бірнеше жарты жылға жасалатын жоспар бойынша жұмыс істейді. Үйірме сабақтары оқушылардың мектеп бағдарламасына қосымша ой өрісін кеңейтуді ғылыми көпшілік әдебиетке ынтасы мен сүйіспеншілігін қалыптастырып оны пайдалана білуді үйретуі тиіс. Үйірмеде оқушылар үшін ережелерді қатан санаулы тәртіпті сақтау мәдени дағдыларды тәрбиелеу міндетті. Оқушылардың өз беттерінше жұмыс істей білуі тәрбиелік мақсатқа қызмет етеді. Үйірме мүшелері үйірме мүлкін сақтауға толық жауапты екендігін сезінуі қажет.
Үйірме жетекшісі староста мен басқа да сайланып қойылған адамдардың жұмыстарына бағыт беріп, оларға тапсырылған жұмыс үшін толық жауапкершілікті қажет етеді.
Үйірме жұмысы
Үйірменің түрлері
Саз үйірмесі
|
Домбыра, баян, қобыз, сырнай т.б.
|
Спорттық үйірме
|
Шахмат, шашка, күрес, теннис, шаңғы, коньки, суда жүзу, баскетбол, волейбол т.б.
|
Пәндік үйірме
|
Математика, физика, химия, әдебиет, қазақ тілі, тарих, орыс тілі, т.б.
|
Өнер үйірмесі
|
Би, хор, драмалық үйірме, мәнерлеп оқу т.б.
|
Қолөнер үйірмесі
|
Тоқыма тоқу, кесте тігу, түрлі ойыншықтар тігу, гобелен тігу т.б.
|
Техникалық үйірме
|
Жас техниктер станциясы, машина жасау, қайықтар жасау т.б.
|
Эстетикалық үйірме
|
Макраме, тоқыма, кесте тігу, би, ас мәзірін дайындау, жұмсақ ойыншықтар жасау т.б.
|
“Сөз өнері” үйірмесі
Үйірменің мақсаты:
Оқушылардың сыныптан тыс уақытта шығармашылық ізденістерін, өзіндік қабілеттерін және қоғамдық қарым-қатынасын қалыптастырып, өзіндік талдау, жинақтау, жұмыста шапшаңдық таныту, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру.
Үйірменің міндеті:
- Оқушылардың оқу-тәрбие үрдісінде алған білімдерін әрі қарай дамытуға мүмкіндік жасап, қабілеттерін шыңдау;
- Көркем әдебиет жанрына байланысты өлең, шығарма жазуға дағдыларын қалыптастыру;
- Оқушылардың қоғамдық белсенділігін дамыту;
- Оқушылардың өзара қарым-қатынастарын қалыптастыру, белгілі бір еңбек түріне баулу, оны дамытуға ықпал ету.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар ертегі, әңгіме, өлең тыңдауға, шығарманың мағынасын түсінуге, кейіпкерлерді бағалауға, адамгершілік қасиеттерді сипаттауға ниеттенеді. Өлеңдерді нақышына келтіріп, жатқа, мәнерлеп оқуға үйренеді. Оқуға деген қызығушылықтары артады.
№
|
Тақырыбы
|
Сағат саны
| |
Мерзімі
|
І тоқсан
| | | | |
1
|
Сөз сырына үңілсем...
| |
1
|
6.09.
|
2
|
Абай Құнанбаевтың өлеңдерін оқу, жаттау.
| |
1
|
13.09.
|
3
|
Абайдың 31-ші қара сөзін оқу, талдау.
| |
1
|
20.09.
|
4
|
Ы.Алтынсариннің «Өзен» өлеңін оқыту, жаттау.
| |
1
|
27.09.
|
5
|
М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін оқыту.
| |
1
|
4.10.
|
6
|
Туған жер, тіл туралы өлендер жаттату.
| |
1
|
11.10.
|
7
|
Т.Айбергеновтың «Ана» өлеңін оқу, жаттау.
| |
1
|
18.10.
|
8
|
«Өлең, мен сені аялап өтем» (мәнерлеп оқу сайысы)
| |
1
|
25.10
|
«Сөз өнері» мәнерлеп оқу үйірмесінің тоқсандық жоспары
Хантәңірінің мұзбалағы
Мұқағалиға арнау
Бiлушi едi ол ажалдың күтпесiн,
Бiлушi едi бәрiн жазып бiтпесiн.
Қолындағы қалам сусып түскенде
Соңғы өлеңнiң қойды соңғы нүктесiн.
Қолында өлең – Қансыраған жансыз хат,
Жылап тұрды жүрегiмен жар сыздап.
Тiршiлiкте қолға түспей, Өлгенде
Басына кеп қонып жатты арсыз Бақ.
Тасынғанда – теңiз болып толатын,
Ашынғанда – гүлдей қурап, солатын,
Өлең үшiн өмiр сүрген сол ақын – Мұқағали Мақатаев болатын!
Достарыңызбен бөлісу: |