Қазақ тілі пәні бойынша 0-дік жұмысы 1. Қазақ тілінде қанша әріп бар? А) 25
В) 35
С) 42
Д) 40
2.У әрпі дауыссыз болатын сөзді тап:
А) Қуат
В) туған
С) уақыт
Д) жу
3. Дұрыс жазылған сөзді тап: А) тайақ
В) кіиім
С) аяз
Д) қәзір
4. "қияр" сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар? А) 4 әріп, 5 дыбыс
В) 4 әріп, 4 дыбыс
С) 2 әріп, 4 дыбыс
Д)2 әріп, 2 дыбыс
5. Мәтінде неше сөйлем бар?
Мен екінші сыныпта оқимын. Сабағымды қызыға дайындаймын. Кітап оқығанды ұнатамын. А) 2
В) 3
С) 10
Д) 5
6. Үш буынды сөзді көрсет:
А)ұшақ
В) көзілдірік
С) қолшатыр
Д)қалам
7. Сұраулы сөйлемді тап:
А) Олар тату тұра ма ?
В) Әжем келді.
С) Су ақты.
Д) Сабақтан кешікпе!
8. Заттың қимылын білдіретін сөзді тап: А) балалық
В) теңіз
С) жайлау
Д) жүгіру
9.Қарама –қарсы сөздерді тап. А) мөлдір, тұнық
В) ұзын, қысқа
С) тұнық, мөлдір
Д)түзу, кең
10.Қай бағанадағы сөз дұрыс тасымалданған? А) а-лтыбақан
В) алтыба-қан
С) алтыбақ-ан
Д)алт-ыбақан
Диктант Ұлу Ұлу қыста қауашағында жатады. Күн жылынғанда қауашағынан шығады. Күндіз көлеңкелі дымқыл жерде болады. Тамақтануға түнде шығады. Ұлудың бау-бақшаға зияны көп. Жаңа шыққан көкөністердің жапырағын бүлдіреді. Оны улы дәрі сеуіп жояды. (30 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: қауашағында, бау-бақша.
Тапсырма:
Мәтінде неше сөйлем бар?(....сөйлем)