Тақырыбы: “Қазақстан бірлік пен татулықтың мекені”
(1-мамыр бірлік күніне арналған ата-ана тағлымды сағаты жобасы аясында өткізілген танымдық өнегелі тәрбие сағаты)
Дайындаған: практикант Темирова А.Т.
Қарағанды 2023
Мерзімі: 28.04.2023ж
Тақырыбы: “Қазақстан бірлік пен татулықтың мекені” атты тәрбие сағаты
Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт - дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт - саналарынан хабардар ету, балалардың өз өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы шығармашылық білімдерін көрсету, балалардың жаңа қырларын ашу.
Өткізілетін орны: Әлімхан Ермеков атындағы 103 мектеп - лицейі
Қатысушылар: 3 “в” сынып оқушылары мен ата-аналары
Көрнекілігі: 1-мамыр сөзі жазылған, түрлі-түсті шарлармен ленталар және ойыншықтар. мақтау қағазы
(Балалар Қазақстанда тұратын халықтардың ұлттық киімін киіп келіп, жарты шеңберге тұрады.)
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, оқушылар, ұстаздар мен ата-аналар! Бүгінгі біздің «Қазақстан - бірлік пен татулықтың мекені» деп аталатын танымдық өнегелі тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Жаса елім, жаса достық бірлікпен, Көштен қалма, қалма және тірліктен. Елім менің - Қазақстан Отаным, Алға өрле үшінші мың жылдықпен Тек достықпен, өзгеде ел - халықпен - деп бүгінгі тәрбие сағатымызды ашық деп Жариялаймыз!
Мұғалім: Әнұраным- біздің Отанымыздың салтанатты үні. Өр үні. Өміршең үні. Оның қалықтай көтерілген әуеніне туған жердің рухы мен сазы шымырлай шалқиды. Кеудені мейірлі мақтанышқа бөлейді, арманыңды аялай самғайды.
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.
Мұғалім: Жиналыппыз сәтті күні бәріміз. Үлкен-кіші жасымыз-кәрімізде, Төрлетіңдер қадірлі қонақтарым. Гүлгүл жайнап мына біздің төремізге. Отбасы – бір түбірден таралған. Адамзат баласы шыр етіп, дүние есігін ашқан күннен бастап, сол ортаға бейімделіп ықпалына көніп ер жетеді. Бала бақыт, бала қуыныш, өмірді жалғастырушы, демеуші ата-ана, тәрбиелеуші. Әке асқар тау, ана мөлдір бұлақ. Бала жағасындағы құрақ тәрбие тал бесіктен басталады. Әке мейірім мен құршын қандырып ана сүиінен нәр алып, әке ұлағатымен, ана тағылымын көріп өсетін ұрпақ, елін, жерін, халқын сүйетін ұлтжанды тұлға болып қалыптасады.