Топ ережесі:
Тәртіп сақтау.
Бір- бірін тыңдау.
Уақытты тиімді пайдалану.
Өзара сыйластық.
Өз ойларыңды ашық айту.
Топ өз атауларына сәйкес мақал айтады:
1 - топ: «Бірлік» Бірлік болмай, тірлік болмас.
2 - топ: «Ынтымақ» Ынтымақ – достық кепілі.
3 - топ: «Татулық» Татулық табылмас бақыт.
Ойын «Кім табады?» Қоржын ішіндегі сұрақтарға жауап беру.
-Қазақстан Республикасында қанша ұлттар мен ұлыстар мекендейді?
(130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді)
-Қазақстан халқы Ассамблеясы қай жылы құрылды?
( 1наурыз 1995 жыл)
- 2015 жыл қандай жыл деп жарияланды?
(2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы)
3 кезеңді бастайық «Жағдаяттар сұраққа!» Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар.
1. Балаңыз телеарнадан мультфильм көріп отыр, осы сәтте келесі арнадан сіздің сүйікті телехикаяңыз басталды.
Сіз не істейсіз? Балаңызға жасар әрекетіңіз қандай?
2. Сіз балаңызды дүкенге жұмсадыңыз. Балаңыз мен сурет салып отырмын деп барудан бас тартты.
Не істер едіңіз?
3. Бала бақшадан келген балаңыз. Мен ертен балабақшаға бармаймын, апай ұрысты деді.
Сіздің әрекетіңіз қандай болмақ?
4. Сіз тәрбиешісіз сіздің топта біреудің жалғыз баласы бар, ол тамаша тынымсыз, тәрбие беруге көнбейді. Ұрыссаңыз ата-анасы ренжейді, ұрыспасаңыз бала өте тәртіпсіз.
Сіз қандай шара қолданасыз?
5. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?
6. Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақытында алып беремін» - дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?
7. Балаңыз тәрбиешісін ұнатпай, балабақшаға барғысы келмейтінін айтты. Сіздің әрекетіңіз
8. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
Мұғалім: -Құрметті ата-аналар қонақтар, балалар бүгінгі «Ынтымақ отбасы, бақытты отбасы» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бақыт, береке және бірлік тілейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |