Қазақстан Ұлттық Бірлігінің Доктринасы



Дата28.03.2020
өлшемі85.47 Kb.

Қазақстан Ұлттық Бірлігінің Доктринасы

1. Жалпы ережелер  Этносаралық және конфессияаралық келісімді, азаматтық бірлікті қамтамасыз ету Қазақстан дамуының, елдің әлеуметтік-экономикалық, саяси жаңғыруының маңызды шарты болып табылады. Ел бірлігі доктринасы (бұдан әрі - Доктрина)  2008 жылғы 23 қазанда өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІV сессиясында Қазақстан Республикасы Президенті берген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында әзірленді. Доктрина Конституцияның, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңның және өзге де нормативтік- құқықтық актілердің ережелеріне, сонымен қатар, аталған саладағы халықаралық құқық нормаларына негізделген. Доктринада ұлттық саясаттың мақсаттары, міндеттері, ұстанымдары, сондай-ақ оны іске асырудың негізгі бағыттары баяндалған. Доктрина қоғамды әрі қарай ұйыстыруға қолайлы шарттарды қалыптастыруға бағытталған бағдарламаларды, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге негіз болып табылады.      2. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық қатынастар және ел бірлігін нығайтудың өзектілігі Ғасырлар бойы қазақтардың тарихи мекенінде әралуан мәдениеттің, дін мен дәстүрлерді ұстанған көптеген халықтардың тағдыры тоғысты. Нәтижесінде 140 этнос пен 40 конфессия өкілдері қазақтармен қоян-қолтық бейбіт өмір сүретіндей айрықша жағдай қалыптасты. Сонымен қатар, түрлі этностардың ұзақ уақыт қатар өмір сүруі қоғамда төзімділіктің орнықты дәстүрлерін қалыптастырды. Тәуелсіздікке ие болған алғашқы күннен бастап қазақстандық қоғамды ұйыстыру, барлық этностық топтардың тең құқықты өмір сүруін қамтамасыз ету мемлекеттің ұлттық саясатының іргелі бағыттарына айналды. Өтпелі кезеңнің күрделі жағдайында мемлекеттің мақсатты және дәйекті саясатының арқасында Қазақстанда этносаралық негіздегі қақтығыс, тұрақсыздық пен қоғамдағы  жіктелу бола қойған жоқ. Этностық емес, азаматтық қауымдастық құруға бағытталған бастапқы таңдау келісім мен тұрақтылықтың іргетасы болып қаланды. Этностық ерекшелігіне қарамастан елдегі барлық азаматтардың мүдделерін тоғыстыру ең дұрыс жол екендігін уақыт көрсетіп берді. Қазіргі таңда Қазақстанда әлемдік қоғамдастық тарапынан жоғары бағаға ие болған этносаралық келісімнің өзіндік үлгісі қалыптасты.

  • 1. Жалпы ережелер  Этносаралық және конфессияаралық келісімді, азаматтық бірлікті қамтамасыз ету Қазақстан дамуының, елдің әлеуметтік-экономикалық, саяси жаңғыруының маңызды шарты болып табылады. Ел бірлігі доктринасы (бұдан әрі - Доктрина)  2008 жылғы 23 қазанда өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІV сессиясында Қазақстан Республикасы Президенті берген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында әзірленді. Доктрина Конституцияның, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңның және өзге де нормативтік- құқықтық актілердің ережелеріне, сонымен қатар, аталған саладағы халықаралық құқық нормаларына негізделген. Доктринада ұлттық саясаттың мақсаттары, міндеттері, ұстанымдары, сондай-ақ оны іске асырудың негізгі бағыттары баяндалған. Доктрина қоғамды әрі қарай ұйыстыруға қолайлы шарттарды қалыптастыруға бағытталған бағдарламаларды, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге негіз болып табылады.      2. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық қатынастар және ел бірлігін нығайтудың өзектілігі Ғасырлар бойы қазақтардың тарихи мекенінде әралуан мәдениеттің, дін мен дәстүрлерді ұстанған көптеген халықтардың тағдыры тоғысты. Нәтижесінде 140 этнос пен 40 конфессия өкілдері қазақтармен қоян-қолтық бейбіт өмір сүретіндей айрықша жағдай қалыптасты. Сонымен қатар, түрлі этностардың ұзақ уақыт қатар өмір сүруі қоғамда төзімділіктің орнықты дәстүрлерін қалыптастырды. Тәуелсіздікке ие болған алғашқы күннен бастап қазақстандық қоғамды ұйыстыру, барлық этностық топтардың тең құқықты өмір сүруін қамтамасыз ету мемлекеттің ұлттық саясатының іргелі бағыттарына айналды. Өтпелі кезеңнің күрделі жағдайында мемлекеттің мақсатты және дәйекті саясатының арқасында Қазақстанда этносаралық негіздегі қақтығыс, тұрақсыздық пен қоғамдағы  жіктелу бола қойған жоқ. Этностық емес, азаматтық қауымдастық құруға бағытталған бастапқы таңдау келісім мен тұрақтылықтың іргетасы болып қаланды. Этностық ерекшелігіне қарамастан елдегі барлық азаматтардың мүдделерін тоғыстыру ең дұрыс жол екендігін уақыт көрсетіп берді. Қазіргі таңда Қазақстанда әлемдік қоғамдастық тарапынан жоғары бағаға ие болған этносаралық келісімнің өзіндік үлгісі қалыптасты.

Этносаралық келісімді қамтамасыз етудің тиімді нормативтік құқықтық және тұжырымдамалық негіздері құрылды. Қазақстан Республикасының Конституциясы этностық, нәсілдік, діни немесе өзге де ерекшеліктеріне қарамастан, барлық азаматтардың мүдделерінің қорғалуына кепілдік берді. Негізгі заңның нормалары барлық этностық топтар арасында сенім және өзара құрмет негіздерін қалады.  Этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудің басымдықтары Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қоғамның идеялық ұйысуы Қазақстан прогресінің басты шарты» атты бағдарламалық еңбегінде, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында, ҚР мемлекеттік сәйкестілігін қалыптастыру тұжырымдамасында көрсетілген. Бұл тақырып Мемлекет басшысының «Тарих тоғысында», «Сындарлы он жыл» кітаптарында, Қазақстан халқы Ассамблеясының сессияларындағы баяндамаларында және өзге де сөйлеген сөздерінде жан-жақты көрсетілген. Сонымен қатар, ел Президентінің тапсырмасымен Тілдерді дамыту мен қолданудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының орта мерзімге арналған стратегиясы (2011 жылға дейін) және басқа да құжаттар қабылданды. Ұлттық саясаттың басты құралдарының бірі 1995 жылы құрылған, 818 этномәдени бірлестікті қанатының астына жинаған Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) болды. Олардың басшылары ҚХА-ның, сондай-ақ және аймақтық ассамблеялардың құрамына кіреді. 46 этностың өз этномәдени орталықтары бар. 2007 жылы конституциялық реформалардың аясында Ассамблея Парламент Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығына ие болды. Сөйтіп, этностық топтардың Парламентте өкілдік етуінің конституциялық тетігі енгізілді. 2008 жылы әлемде ешбір баламасы жоқ «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң қабылданды. Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекет қызметінің маңызды бағыты теңгерімді тіл саясатын жүргізу болып табылады. Конституцияға сәйкес, қазақ тілі - мемлекеттік тіл болып табылады, мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ тілімен тең дәрежеде орыс тілі ресми түрде қолданылады. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін оқып-үйрену мен дамытуға жағдай жасайды. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтудің, оның бәсекелестігін арттырудың 2007-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда іс қағаздарын жүргізуді кезең-кезеңмен мемлекеттік тілге көшіру жүзеге асырылуда. Елдің барлық өңірлерінде 60-тан аса қазақ тілін оқыту орталықтары жұмыс істейді, 2009-2011 жылдары олардың санын 120-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.  Қазіргі уақытта қазақстандық оқушылардың   61%-і, студенттердің 48%-і қазақ тілінде білім алуда. Сонымен қатар, Қазақстанда тұратын өзге этностардың тілін дамыту қамтамасыз етілуде. 1673 мектепте оқыту орыс тілінде жүргізіледі. Таза өзбек, тәжік және ұйғыр тілдерінде білім беретін 81 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте  Қазақстанның 22 этносының тілі өз алдына өтіледі. Арнайы мамандандырылған 195 этнолингвистикалық орталық ашылып, оларда балалар мен ересектер 30 этностың тілін оқып-үйренуге мүмкіндік алды. Ана тілдерін оқытуға арналған жексенбілік мектептерге бюджеттен қаржы бөлінеді.

  • Этносаралық келісімді қамтамасыз етудің тиімді нормативтік құқықтық және тұжырымдамалық негіздері құрылды. Қазақстан Республикасының Конституциясы этностық, нәсілдік, діни немесе өзге де ерекшеліктеріне қарамастан, барлық азаматтардың мүдделерінің қорғалуына кепілдік берді. Негізгі заңның нормалары барлық этностық топтар арасында сенім және өзара құрмет негіздерін қалады.  Этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудің басымдықтары Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қоғамның идеялық ұйысуы Қазақстан прогресінің басты шарты» атты бағдарламалық еңбегінде, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында, ҚР мемлекеттік сәйкестілігін қалыптастыру тұжырымдамасында көрсетілген. Бұл тақырып Мемлекет басшысының «Тарих тоғысында», «Сындарлы он жыл» кітаптарында, Қазақстан халқы Ассамблеясының сессияларындағы баяндамаларында және өзге де сөйлеген сөздерінде жан-жақты көрсетілген. Сонымен қатар, ел Президентінің тапсырмасымен Тілдерді дамыту мен қолданудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының орта мерзімге арналған стратегиясы (2011 жылға дейін) және басқа да құжаттар қабылданды. Ұлттық саясаттың басты құралдарының бірі 1995 жылы құрылған, 818 этномәдени бірлестікті қанатының астына жинаған Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) болды. Олардың басшылары ҚХА-ның, сондай-ақ және аймақтық ассамблеялардың құрамына кіреді. 46 этностың өз этномәдени орталықтары бар. 2007 жылы конституциялық реформалардың аясында Ассамблея Парламент Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығына ие болды. Сөйтіп, этностық топтардың Парламентте өкілдік етуінің конституциялық тетігі енгізілді. 2008 жылы әлемде ешбір баламасы жоқ «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң қабылданды. Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекет қызметінің маңызды бағыты теңгерімді тіл саясатын жүргізу болып табылады. Конституцияға сәйкес, қазақ тілі - мемлекеттік тіл болып табылады, мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ тілімен тең дәрежеде орыс тілі ресми түрде қолданылады. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін оқып-үйрену мен дамытуға жағдай жасайды. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтудің, оның бәсекелестігін арттырудың 2007-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда іс қағаздарын жүргізуді кезең-кезеңмен мемлекеттік тілге көшіру жүзеге асырылуда. Елдің барлық өңірлерінде 60-тан аса қазақ тілін оқыту орталықтары жұмыс істейді, 2009-2011 жылдары олардың санын 120-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.  Қазіргі уақытта қазақстандық оқушылардың   61%-і, студенттердің 48%-і қазақ тілінде білім алуда. Сонымен қатар, Қазақстанда тұратын өзге этностардың тілін дамыту қамтамасыз етілуде. 1673 мектепте оқыту орыс тілінде жүргізіледі. Таза өзбек, тәжік және ұйғыр тілдерінде білім беретін 81 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте  Қазақстанның 22 этносының тілі өз алдына өтіледі. Арнайы мамандандырылған 195 этнолингвистикалық орталық ашылып, оларда балалар мен ересектер 30 этностың тілін оқып-үйренуге мүмкіндік алды. Ана тілдерін оқытуға арналған жексенбілік мектептерге бюджеттен қаржы бөлінеді.

Ел бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясаттың мақсаты, міндеттері мен принциптері Осы Доктринаның мақсаты қоғамдағы азаматтық сәйкестілік, патриотизм, рухани-мәдени қауымдастық, тұрақтылықты сақтау, этносаралық және конфессияаралық келісім негізінде Қазақстандағы ел бірлігін қамтамасыз етудің басымдықтары мен тетіктерін айқындау болып табылады. Ел бірлігі деп этностық қоғамдастықтардың біртұтас мемлекет құрамында өмір сүру бүтіндігі, ел азаматтарының өзін Қазақстан Республикасымен, қалыптасқан құндылықтар және мұраттар жүйесімен сәйкестендіруінің жоғарғы деңгейі түсініледі.   Қазақстандық қоғамның ел бірлігінің негізі қазақстандықтардың басым көпшілігінің жанына жақын және қоғамды бірегей тұтастыққа ұйыстырушы құндылықтар ортақтығы болып табылады. Біздің ортақ тарихымыз қазақстандықтардың барлық ұрпағын біріктіруші бастау алар көзі және лайықты мақтаныш нысанасы болып табылады. Тәуелсіздікке ие болғаннан кейінгі кезеңде өз тағдырыңа еркін таңдау жасау, жаңа мемлекет құруға қатысты екеніңді сезіну, елдің және оның азаматтарының болашақ ұрпағының тағдырына бірлесе жауап беру Қазақстан халқының ортақ құндылықтарына айналды. Қазақстандықтарға барлық этнос, конфессиялар, әлеуметтік топтар өкілдерінің өмір сүру салтына, дәстүріне, сезімдеріне, пікірлеріне, идеялары мен сенім-нанымына төзімділіктің жоғары деңгейітән. Сонымен қатар, елдегі этностық мәдениеттердің саналуандылығы мен үндестігі барша қазақстандықтардың тұрақты кемелденуі мен дамуының қайнар көзі болып табылады. Қазақстандық қоғамда адамгершілік құндылықтар, үлкенді сыйлау, отбасы институтын құрметтеу, қонақжайлылық қасиеттері берік қалыптасқан. Осының бәрі әртүрлі этностық және діни ерекшелікке ие азаматтардың өзара түсіністігі мен достығын нығайтуға септігін тигізеді. Доктринада қойылған мақсаттарға жету үшін мемлекет пен қоғамның күш-жігерін мынадай негізгі міндеттерді шешуге бағыттау қажет: жалпықазақстандық сәйкестілікті нығайту, қазақстандық қоғамның негізін құрайтын құндылықтар бойынша келісімді қолдау; этносаралық, конфессияаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылының тиімді жүйесін қалыптастыру; Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде мемлекеттік тілді дамыту; қазақстандық этностардың этномәдени, тілдік өзіндік ерекшелігін сақтау мен дамытуға жәрдемдесу; экстремизм және радикализм көріністеріне қарсы іс-әрекет ету, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға жол бермеу. Этносаралық саладағы мемлекет саясатының базалық нұсқауларының, қағидаттары мен бағдарларының жиынтығын білдіретін және ел бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған осы Доктринаны жүзеге асыру мынадай принциптер негізінде құрылады: нәсілдік, этностық ерекшелігіне, дінге, әлеуметтік топтар және қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына қарамастан адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдігі; әлеуметтік, нәсілдік, этностық, тілдік немесе діни ерекшелігіне қарамастан азаматтардың құқықтарын шектеудің кез-келген нысанына тыйым салу; әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық және діни алауыздықтар тудыруға, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұсқан келтіруге бағытталған іс-әрекеттің жолын кесу; мемлекеттік тілге және оның қоғамдағы рөліне құрмет;ұлттық дәстүрлерді құрметтеу, этностық мәдениеттер мен тілдерді дамытуға жәрдемдесу; әрбір азаматтың өзінің ұлттық, діни ерекшелігін айқындау және көрсету немесе көрсетпеу құқығы; қайшылықтар мен әлеуметтік дау-жанжалдарды уақытында және бейбіт жолмен шешу; Қазақстан Республикасы аумағының біртұтастығы және бөлінбестігі; Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін оның аумағынан тыс жерлерде қорғау, шетелде тұратын отандастарға ана тілі, мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтауда және дамытуда, олардың тарихи Отанымен байланысын нығайтуда қолдау көрсету.

  • Ел бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясаттың мақсаты, міндеттері мен принциптері Осы Доктринаның мақсаты қоғамдағы азаматтық сәйкестілік, патриотизм, рухани-мәдени қауымдастық, тұрақтылықты сақтау, этносаралық және конфессияаралық келісім негізінде Қазақстандағы ел бірлігін қамтамасыз етудің басымдықтары мен тетіктерін айқындау болып табылады. Ел бірлігі деп этностық қоғамдастықтардың біртұтас мемлекет құрамында өмір сүру бүтіндігі, ел азаматтарының өзін Қазақстан Республикасымен, қалыптасқан құндылықтар және мұраттар жүйесімен сәйкестендіруінің жоғарғы деңгейі түсініледі.   Қазақстандық қоғамның ел бірлігінің негізі қазақстандықтардың басым көпшілігінің жанына жақын және қоғамды бірегей тұтастыққа ұйыстырушы құндылықтар ортақтығы болып табылады. Біздің ортақ тарихымыз қазақстандықтардың барлық ұрпағын біріктіруші бастау алар көзі және лайықты мақтаныш нысанасы болып табылады. Тәуелсіздікке ие болғаннан кейінгі кезеңде өз тағдырыңа еркін таңдау жасау, жаңа мемлекет құруға қатысты екеніңді сезіну, елдің және оның азаматтарының болашақ ұрпағының тағдырына бірлесе жауап беру Қазақстан халқының ортақ құндылықтарына айналды. Қазақстандықтарға барлық этнос, конфессиялар, әлеуметтік топтар өкілдерінің өмір сүру салтына, дәстүріне, сезімдеріне, пікірлеріне, идеялары мен сенім-нанымына төзімділіктің жоғары деңгейітән. Сонымен қатар, елдегі этностық мәдениеттердің саналуандылығы мен үндестігі барша қазақстандықтардың тұрақты кемелденуі мен дамуының қайнар көзі болып табылады. Қазақстандық қоғамда адамгершілік құндылықтар, үлкенді сыйлау, отбасы институтын құрметтеу, қонақжайлылық қасиеттері берік қалыптасқан. Осының бәрі әртүрлі этностық және діни ерекшелікке ие азаматтардың өзара түсіністігі мен достығын нығайтуға септігін тигізеді. Доктринада қойылған мақсаттарға жету үшін мемлекет пен қоғамның күш-жігерін мынадай негізгі міндеттерді шешуге бағыттау қажет: жалпықазақстандық сәйкестілікті нығайту, қазақстандық қоғамның негізін құрайтын құндылықтар бойынша келісімді қолдау; этносаралық, конфессияаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылының тиімді жүйесін қалыптастыру; Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде мемлекеттік тілді дамыту; қазақстандық этностардың этномәдени, тілдік өзіндік ерекшелігін сақтау мен дамытуға жәрдемдесу; экстремизм және радикализм көріністеріне қарсы іс-әрекет ету, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға жол бермеу. Этносаралық саладағы мемлекет саясатының базалық нұсқауларының, қағидаттары мен бағдарларының жиынтығын білдіретін және ел бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған осы Доктринаны жүзеге асыру мынадай принциптер негізінде құрылады: нәсілдік, этностық ерекшелігіне, дінге, әлеуметтік топтар және қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына қарамастан адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдігі; әлеуметтік, нәсілдік, этностық, тілдік немесе діни ерекшелігіне қарамастан азаматтардың құқықтарын шектеудің кез-келген нысанына тыйым салу; әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық және діни алауыздықтар тудыруға, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұсқан келтіруге бағытталған іс-әрекеттің жолын кесу; мемлекеттік тілге және оның қоғамдағы рөліне құрмет;ұлттық дәстүрлерді құрметтеу, этностық мәдениеттер мен тілдерді дамытуға жәрдемдесу; әрбір азаматтың өзінің ұлттық, діни ерекшелігін айқындау және көрсету немесе көрсетпеу құқығы; қайшылықтар мен әлеуметтік дау-жанжалдарды уақытында және бейбіт жолмен шешу; Қазақстан Республикасы аумағының біртұтастығы және бөлінбестігі; Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін оның аумағынан тыс жерлерде қорғау, шетелде тұратын отандастарға ана тілі, мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтауда және дамытуда, олардың тарихи Отанымен байланысын нығайтуда қолдау көрсету.

Қорытынды бөлім Ел бірлігін қамтамасыз ету демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың маңызды шарты болып табылады. Елдің экономикалық өсуі, әлеуметтік прогресс пен демократиялық дамуы тек қазақстандық қоғамның ұйысуы мен бірлігін сақтаған кезде ғана мүмкін. Осы міндетті шешу үшін тәуелсіз, егемен және барша әлем таныған мемлекет ретіндегі Қазақстанда барлық қажетті экономикалық, әлеуметтік және саяси ресурстар бар. Доктрина халықтың бірлігін нығайтуға бағытталған заңдық, әлеуметтік-экономикалық, саяси, мемлекеттік-басқару шараларының біртұтас жүйесін құруға негіз болады. Доктрина Қазақстанды жедел дамыту мақсатында елдің адами, интеллектуалдық мүмкіндігін жандандыру мен жұмылдыруға, әрбір қазақстандықтың лайықты өмір сүру деңгейіне жетуге, Республика Конституциясы кепілдік берген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау мен қорғауға бағытталған.

  • Қорытынды бөлім Ел бірлігін қамтамасыз ету демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың маңызды шарты болып табылады. Елдің экономикалық өсуі, әлеуметтік прогресс пен демократиялық дамуы тек қазақстандық қоғамның ұйысуы мен бірлігін сақтаған кезде ғана мүмкін. Осы міндетті шешу үшін тәуелсіз, егемен және барша әлем таныған мемлекет ретіндегі Қазақстанда барлық қажетті экономикалық, әлеуметтік және саяси ресурстар бар. Доктрина халықтың бірлігін нығайтуға бағытталған заңдық, әлеуметтік-экономикалық, саяси, мемлекеттік-басқару шараларының біртұтас жүйесін құруға негіз болады. Доктрина Қазақстанды жедел дамыту мақсатында елдің адами, интеллектуалдық мүмкіндігін жандандыру мен жұмылдыруға, әрбір қазақстандықтың лайықты өмір сүру деңгейіне жетуге, Республика Конституциясы кепілдік берген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау мен қорғауға бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет