Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» шжқ рмк



бет1/71
Дата19.06.2020
өлшемі207,23 Kb.
#74016
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Байланысты:
лекция

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

      2. «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» ШЖҚ РМК




Жаратылыстану және ақпараттандыру факультеті
Химия, биология және география кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»



Кафедра меңгерушісі

Коразбекова К.У.

Кафедра мәжілісінде қаралды

«02» мамыр 2019 ж.

хаттама №10



Дәріс кешені
5В011600 – География

мамандығының білім алушыларынаарналған

«Дүние жүзінің экономикалық әлеуметтік және саяси географиясы» пәні бойынша

Қазақстан табиғаты және географияны оқыту технологиясы, GOA 3301




1.Дәріс. Тақырыбы:Кіріспе. Дүние жүзінің саяси картасы, оның қалыптасу кезеңдері.

Жопары;


  1. Дүние жүзінің саяси картасы, оның қалыптасу кезеңдері

  2. Елдерді типологияға бөлу мен топтастыру принциптері

  3. Басқару формалары, әкімшілік территориялық құрылым.

Дүние жүзінің саяси картасы, оның қалыптасу кезеңдері

1.Дүние жүзінің қазіргі саяси картасының қалыптасуына адамзаттың тарихи-әлеуметтік даму кезеңдерінің ықпалы зор. Бұл - өте ұзаққа созылған, мыңдаған жыл тарихы бар процесс. Адамзат қоғамының дамуы бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізді. Осыған сәйкес дүние жүзінің саяси картасының қалыптасуының да әр түрлі кезеңдері бар. Қоғам дамуының негізгі заңдылықтарына сүйене отырып, дүние жүзі саяси картасының қалыптасуын төмендегідей кезеңдерге бөлеміз: ежелгі, ортағасырлық, жаңа және қазіргі заманғы. Осы себепті саяси картаны “дәуір айнасы” деп бекер айтпаймыз.

Ежелгі кезең (б. з. V ғ. дейін) – алғашқы қауымдық құрылыстың соңы мен құл иеленушілік дәуірді толық қамтиды. Жер шарындағы ең алғашқы мемлекеттік құрылымдар – Египет, Ежелгі Қытай, Парсы патшалығы, Финикия, Ассирия, Ежелгі Грекия мен Рим империясының және басқаларының дамуымен немесе күйреуімен сипатталады. Осы мемлекеттер әлемдік өркениетке зор үлес қосты. Сол кезеңде жер бөліктеріндегі негізгі келбетті өзгерістер әскери күш қолданысы арқылы жеңіске жеткендердің есебінен жүзеге асырылды.

Келесі ортағасырлық кезеңде (V – XV ғғ.) саяси картаның қалыптасуы феодализм заманымен тұстас келеді. Феодалдық мемлекеттердің саяси билік құрылымдары құл иеленушілік құрылыстан гөрі күрделі әрі жан-жақты еді. Оларда жер аумақтарын жаулап алу мүддесі айқын байқалып отырды. Осы себепті ұлан-байтақ жерді мемлекеттер үнемі бөлісумен келді. Ол заманда жер шарының көптеген аймақтарының саяси картасы өте тұрақсыз еді. Ондай мемлекеттер сапында: Византия, Араб халифаты, Киев Русі, Шыңғыс хан және Осман империялары, Франция мен Англия, т.б. болды.

Жаңа кезең (XV ғ. соңынан – XX ғ. басына дейін) – капитализм дәірінің пайда болуына, өрлеуәне және орнығуына сйкес келеді. Капиталистік қоғамдық қатынастардың бас кезінде болған Ұлы географиялық ашылулардың өзі Жаңа Дүние материктеріне жол салып, дүние жүзі картасын үлкен өзгеріске ұшыратты. Ол адамзат баласына жат құбылыс – отаршылдық, құлдар саудасы және еріксіз түрде өз діндерін жергілікті ұлт өкілдеріне күштеп таңуға ұласты. Әсіресе дүние жүзінің саяси картасын бөлісу жолындағы күрес отаршыл мемлекеттер арасында ХІХ ғасырдың ортасынан ХХ ғасырдың бас кезіне дейін барынша өршіді. Мұны біз Африка материгі мысалынан айқын көреміз. 1876 жылы осы материктің бар-жоғы 10 %-ы еуропалық мемлекеттердің отары болса, ал 1900 жылы бұл көрсеткіш 90%-дан асты. ХХ ғасырдың басында дүние жүзінің саяси картасы түгелдей өзгеріп, ендігі жерде оны күштеп қана қайта бөлуге тура келді. Ол ірі державалар арасында әскери-саяси топтар құруға және оны қайта бөлісу үшін болған аймақтық қақтығыстар мен Бірінші дүниежүзілік соғысқа әкеліп соқты.

Қазіргі заманғы, яғни саяси картаның қалыптасуындағы ең жаңа кезеңнің басталуы Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуымен тұспа-тұс келіп, ол бүгінге дейін созылуда.ХХ ғасырдың басында жер шарында тәуелсіз дербес мемлекеттер саны 55 болса, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары олардың саны 81-ге жетті. Бұл елдердің Исландиядан басқасы өз саяси тәуелсіздіктеріне қол жеткізе алған Азия құрлығының жас мемлекеттері болды. Олардың қатарында осындағы аса ірі елдер – Үндістан, Индонезия, Пәкістан, Филиппин, т.б. бар. Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстар аралығы мен одан кейінгі уақыт қазіргі саяси картаның бірінші немесе алғашқы кезеңі деп аталады. Бұл кезең Ресей, Австрия-Венгрия, Осман империяларының ыдырауымен, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО), т.б. мемлекеттердің құрылуымен және социалистік жүйе елдерінің саяси картада пайда болуымен сипатталады. Сонымен бірге осы кезең аймақтық қақтығыстар мен дүниежүзілік соғыстарды болдырмай, ауыздықтау сипатында құрылған халықаралық ұйым – Ұлттар Лигасының (ҰЛ) (1920 ж.), әсіресе қазіргі кездегі аса беделді Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) (1945 ж.) құрылуымен ерекшеленеді.

1950 жылдардың соңында егеменді мемлекеттердің саны 92-ге жетті. Енді Азия елдерімен қатар Африка құрлығындағы елдер де саяси бостандық алды. Ең алдымен, оның солтүстігіндегі араб елдерінің көп бөлігі, оның артынша тропиктік Африкада – Гана (1957 ж.) ең бірінші болып, ал келесі жылы Гвинея өз тәуелсіздіктерін алды. 1960 жыл «Африка жылы» болып есептелінеді. Өйткені тек осы жылы аталған материктің 17 елі өз егемендіктеріне ие болды. Отаршылдықты жою процесі басқа материктерде де қарқынды түрде дамыды. Осы заманғы саяси картаның алғашқы кезеңі мен 1980 жылдардың соңғы межесіне дейінгі уақытты шартты түрде оның екінші кезеңі дейді. Бұл кезеңде отарлық империялар ыдырап, олардың орнында ұлт-азаттық қозғалыстар нәтижесінде дамушы елдер деп аталынатын жүзден астам жас тәуелсіз мемлекеттер саяси картада пайда болды.

1990 жылы планетамызда егеменді ел 171-ге жетті. Алайда осы жылдың мамыр айында, ұлттық-этникалық құрамы негізінде екі Йемен – Солтүстік және Оңтүстік Йемен Араб мемлекеттері қосылып, Арабия түбегінде жаңа мемле – кет – Йемен Республикасы пайда болды. Ал қазан айында екі Герман – Батыс және Шығыс Германия мемлекеттері бірікті. Келесі жылы Берлин қаласы Германия Федерациялық Республикасының астанасы болып жарияланды. Осы себепті 1991 жылдың қаңтары қарсаңында дүние жүзінің саяси картасында егеменді мемлекеттердің саны 169-ға дейін қысқарды.1991 жылдың қыркүйек айында Балтық маңы елдері – Литва, Латвия және Эстония тәуелсіздіктерін алды. 1991 жылдың соңында КСРО ыдырағаннан кейін, оның орнында егеменді, жас тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Олар: Ресей Федерациясы, Украина, Белорусь, Молдова, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Әзірбайжан, Армения және Грузия республикалары. Осы аталған мемлекеттер енді Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құрды.

2. Дүние жүзінің қазіргі саяси картасында 240-қа жуық мемлекет пен жер аумақтары бар. Әлемнің сан алуан елдері бір-біріне мүлдеи ұқсамайды және әрқайсысның өзіне тән қайталанбас қасиеттері бар. Мәселен, жер аумағы мен географиялық орналасуы, халқының саны мен құрамы, табиғат ресурстары мен шаруашылық салалары, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі мен оның сипаты, т.б. белгілеріне қарай ерекшеленеді. Осы себепті оларды ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау арқылы жекелеген түрлерге бөлеміз. Әдетте, елдердің жалпы әлеуметтік-экономикалық деңгейі мен өндірістік қатынастарының даму дәрежесіне негіздеп саралау басым. Бұл негіздемелер елдерді типке бөлудегі басты белгілер болғанымен, оны біз мәңгілік өзгермейтін ұстаным деп есептеуімізге әсте болмайды. Сонымен қатар қазіргі құбылмалы дүниеде оның бір түрінен екіншісіне өту немесе қайта оралу процестері нақтылы түрде болып отыр.

Барлық топтағы елдерді дүние жүзінің саяси картасында типологияға бөліп жіктеу Қазан революциясынан кейін, әсіресе жүйелі түрде Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі өзгерістерге байланысты әр түрлі саяси-қоғамдық құрылыстар негізінде пайда болды. Елдерді өткен ғасырдың соңғы онжылдығына дейін үш типке бөліп келді: социалистік, дамыған капиталистік, дамушы елдер.

ТМД және Шығыс Еуропадағы, сондай-ақ Азия мен дүниенің басқа бөліктерінің кейбір елдеріндегі бертіндегі біраз жылдар ішінде болған түбегейлі саяси әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты «социализм жүйесі» типологиясы өзінің көп бөлігін жоғалтты. Бірақ қазіргі кезде социализм құрылысын ұстанып отырған мемлекеттер дүние жүзінде бар, олар: Қытай Халық Республикасы, Вьетнам Социалистік Республикасы, Корей Халық-Демократиялық Республикасы, Лаос және Куба Республикалары. Жалпы экономикалық-географиялық типологияға статистикалық сандық көрсеткіштер негіз етіп алынғанымен де, бұл кешенді түрдегі географиялық типология. Әдетте, дүние жүзі елдерінің экономикасының әлеуметтік құрылымында шаруашылықтың белгілі бір сферасын басымдық көрсетеді. Мәселен, дамыған елдерде басты орынды өңдеуші, әсіресе басқару және қызмет көрсету секторлары алады. Ал дамушы елдердің барлығы дерлік тарихи жағынан бұрынғы отар немесе жартылай отар елдер болғандықтан, шаруашылығы көп укладты әрі онда ауыл шаруашылығы (орман, балық, т.б.) және өндіруші (отын, шикізат, т.б.) өнеркәсіп салалары басым болады. Мәселен, көмірсутек экспорттаушы елдер (Біріккен Араб Әмірлігі, Кувейт, Бахрейн, т.б.). Осы себепті оларда аграрлық, болмаса, минерал-шикізаттық мамандану мен әлемдік экономикалық жүйеге бағыныштылығы орын алады.

Елдердің экономикалық тұрғыдан өсіп-өрлеуі тауарлар өндіру мен қызмет көрсету тек сандық қана емес, сапалық жағында қарастырады. Негізінен, дамушы елдерге тән экстенсивті жолменен дамудан, интенсивті типтегі дамыған елдерде еңбек өнімділігі аса жоғары. Олар мұндай нәтижеге өндірісті ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру, ҒТП мен технологияның озық түрлерін пайдалану және жұмыс күшінің мамандану дәрежесін арттыру арқылы жетіп отыр. Осы екі тип елдерінің сыртқы сауда байланысының жалпы көлемдері, оның қатынас түрлері мен құрылымдары да әрқалай. Дамыған елдерде экспортқа дайын өнімдер, озық технология, капитал шығару мен қызмет көрсету басым болса, ал дамушы елдерге отын, шикізат, азық-түлік тауарларын шығару және инвестиция тарту, сол сияқты жұмыс күшімен қамтамасыз ету, оның ішінде “ақыл-ойдың сытылуы” тән. Әсіресе экономикалық жағынан өсіп-өнуіне сыртқы сауда айналымы үлкен ықпал етіп отырған “ашық экономикалы” елдер бұл жағынан айрықша орында. Осылайша дүние жүзі елдерін жалпы шаруашылығының сипаты мен оның түрлі бағытта даму ерекшеліктеріне орай топтастыра отырып, олардың ұлттық экономикасын жүйелеу арқылы 3 топқа бөлеміз: 1) өнеркәсібі дамыған (капиталистік) елдер; 2) өтпелі экономикалы кезеңдегі (бұрынғы социалистік) елдер; 3) дамушы елдер. БҰҰ даму деңгейінің қарқынының жоғарылылығынан емес, халық санының көптігі мен жер аумағының кеңдігі, ондағы табиғат ресурстарының молдығы мен өндіргіш күштерінің көлемі жағынан экономикалық әлеуетінің ауқымы аса үлкен Қытай мен Үндістанды да дамушы елдерге жатқызады. Сол сияқты Қытай мен бірге әлі де социалистік елдер болып табылатын Солтүстік Корея, Вьетнам, Лаос, Кубаны және шаруашылығының әлеуметтік құрылымы мен даму деңгейлері жағынан жоғары дамыған елдермен шамалас келетін “негізгі дамушы” немесе “жаңа индустриялы елдер” – Бразилия, Мексика, Тайвань, Аргентина, Сингапур, Оңтүстік Кореяны да осы соңғы типке жатқызады.

Сонымен қатар бұл топ елдерін жіктеуде демографиялық көрсеткіштер де есепке алынады. Мәселен, халқының орта жасының ұзақтығы, туу мен өлім коэффициенттері, халықтың өсу қарқыны, экономикалық тұрғыдағы белсенді адамдар үлесі, қала мен ауыл халқының арасалмағы, т.б. Соңғы уақытта халықтың әлеуметтік жағдайларын “өмір сүру сапасы” көрсеткіші бойынша талдау басты орын алуда. Бұл жерде: халықтың білім алуындағы деңгейі, денсаулық сақтаудағы қол жеткен табыстары, тағамдану сапасының дәрежесі, тұтыну заттары (автомобиль, компьютер, т.б.) және электр энергиясын, басқадай адамның жайлы да салауатты ғұмыр кешуіне қажеттіліктерді пайдаланудың жиынтығы, т.б. мәдени-тұрмыстық көрсеткіштер есепке алынады. Алғашқы 3 ел дамушы елдер тобына, соңғы 3 ел дамыған елдер тобына, ал ортадағы 3 ел өтпелі экономикалық елдер тобына жатады. Осы кестеде дамыған және дамушы елдер арасындағы алшақтық байқалады. Мәселен, Швеция жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ) жан басына шаққанда Мозамбиктен ағымдағы ресми валюта курсы (АРВК) көрсеткіші мен 250 еседей, ал сатып алу қабілетінің паритеті (САҚП) өлшемі мен 25 еседен аса артық өндіруде. Сонымен қатар енді бір дамушы елдер (Сингапур, Катар, БАӘ, Бруней) бұл көрсеткіштер бойынша кейбір жоғары дамыған елдерден (Испания, Жаңа Зеландия, Грекия, Португалия) алда тұр. Былайша қарағанда дамыған және дамушы елдер арасында белгілі бір шек жоқ сияқты. Бірақ жоғарыда аталған тарихи және саяси қалыптасу барысындағы

өзгешеліктері, олардың экономикалық және әлеуметтік дамудағы өзіндік ерекшкліктерімен сәйкестендіріліп, әлем елдері жалпы екі типке бөлініп қарастырылады.

Дамушы елдер топтарына берілген саяси-экономикалық анықтамаларда “социалистік бағыттағы” елдер туралы сипаттама ескерілмеген. Жалпы салыстырмалы түрде өткен ғасырдың 70-80 жылдарында олардың саны дүние жүзі елдері бойынша 20-дан астам болатын. Қазір бұл елдердің көпшілігі социализмнің болашағының жоқ екенінен әрі өздерінің саяси-әлеуметтік дамуы мен ішкі фактолардағы келіспеушілігінен социалистік бағытты ұстаудан ресми түрде бас тартты.

3. Егеменді елдердің мемлекет болып құрылып, қалыптасуының әр қилы тарихи жолы бар. Әрбір елдің мемлекеттік құрылысы, ең алдымен, олардың басқару түрлерімен сипатталады. Дүние жүзінде дербес тәуелсіз мемлекеттерді басқарудың бірнеше түрі белгілі. Оның ішіндегі ең басымы – республикалық форма. Қазір дүние жүзінде 150-ге жуық егеменді республика бар (дүние жүзі мемлекеттерінің жалпы санының ¾ бөлігі). Басқарудың республикалық формасы – прогрессивтік және демократиялық артықшылықтарымен сипатталады. Отарлаушы державалардың қанауынан ХІХ – ХХ ғасырлар шегінде бостандық алған Латын Америка елдерінің барлығы дерлік осы басқару формасын таңдап алды. Өткен ғасырдың ортасында тәуелсіз болған Азияның бұрынғы бодан елдері түгелдей, ал негізгі бөлігі өз тәуелсіздіктерін ХХ ғасырдың екінші жартысында алған Африканың қазіргі 50-ден астам егемен мемлекеті де өздерін республика деп жариялады. Сол сияқты мыңжылдық монархиялар: Египет, Эфиопия, Иран Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде бірден республикаға айналды.

Мемлекеттің республикалық құрылысында заң шығарушы өкімет билігі парламентте болса, ал атқарушы орган қызметі үкімет құзырында. Басқарудың бұл формасы осы республикалардың барлығы бірыңғайлы деген ұғым тудырмайды. Олардың араларында саяси-әлеуметтік өзгешеліктердің де барын байқауға болады. Мысалы, Швейцария мен Сомали, Франция мен Иран, Аргентина мен Куба республикаларын, т.б. бір-бірімен салыстыру нәтижесінде осындай өзгешеліктерді көруге болады. Республикалар өз кезегінде президенттік және парламенттік республикалар болып ерекшеленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет