Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет5/422
Дата30.01.2022
өлшемі8,45 Mb.
#116219
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   422
Байланысты:
Профессор Қ.Ж. Мырзағалиевтің педагогикалық мұрасы және заманауи білім беру жүйeсі
А бөлімі Айтқали Жазира, А бөлімі Айтқали Жазира, English11week (1), English11week (1), English11week (1), English11week (1), English11week (1), психология11практика, психология11практика, психология11практика, психология11практика, психология11практика, психология11практика
ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС БАЯНДАМАЛАРЫ 
 
 
ӘОЖ 81  28:811 16.1.1 
 
ҚАЛИМОЛЛА ЖҰМАҒАЛИҰЛЫ МЫРЗАҒАЛИЕВ – КӨРКЕМ ШЫҒАРМАҒА 
ӘДІСТЕМЕЛІК-ТӘЖІРИБЕЛІК ТАЛДАМА ЖАСАУ ШЕБЕРІ 
 
                                      Қыдыршаев А.С., 
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан 
мемлекеттік университеті,  
мәдениет және өнер факультетінің деканы, п.ғ.д., профессор;  
                                        
Қыдыршаева Қ.С
., 
М.В.Ломоносов атындағы ЖББОМ 
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары 
санатты мұғалімі 
 
Профессор  Қалимолла  Жұмағалиұлы  Мырзағалиевты  Қазақстан  Республикасына  танымал 
тәжірибелі  әдіскер-ғалым  ретінде  білеміз.  Ағамыз  ағарту  саласындағы  атқарған  қыруар  ісі,  өз 
тұсында  жүргізген  күллі  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  нәтижесінде  қазақ  әдебиетін  оқыту 
әдістемесінің  білгір  теоретигі  ретінде  қалыптасты.  Осы  мақаланың  авторларының  бірі  ұлы  ұстаз 
хақында бір кезде «Төккен тер текке кетпеген» атауымен өз жүрекжарды пікірін білдірген-ді [1]. 
Бәрі  де сонау  1958  жылы  БҚО  Казталов ауданы  Богатырев орта мектебінің мұғалімі  болып 
жүрген  кезде  «ҮІІІ-Х  класс  оқушыларының  әдебиет  пәнінен  реализм  туралы  ұғымын 
қалыптастыру»  деген  тақырыпта  өз  пікірін  айтып,  тәжірибе  бөлісуден  басталған  болатын.  Содан 
бергі  жылдарда  өмірінің  ақырғы  сәтіне  шейін  жүзден  аса  құнды  әдістемелік  еңбектері  жарық 
көріпті.  Оның  қатарына  әдебиетті  оқыту  мәселесіне  қатысты  мақалалары  да,  жеке  кітап  ретінде 
жарық көрген еңбектері де енеді. Бұл саптағы «Пейзаждың идеялық-көркемдік ерекшелігін оқыту», 
«Абай  лирикаларының композициясы»,  «Әдебиет сабағында  әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту», 
«Абай жолын» оқытудың кейбір мәселелері», «М.Әуезовтің «Қараш-қараш» повесін оқыту», «Қазақ 
әдебиетінен  ІХ  класта  шолу  тақырыбын  оқытуға  методикалық  нұсқау»,  «Қазақ  әдебиетін  оқыту 
методикасы  курсынан  бақылау-жаттығу  жұмыстары»,  «10  класқа  арналған  «Қазақ  әдебиеті» 
оқулығына  методикалық  нұсқау»  (филология  ғылымдарының  докторы,  профессор  Қирабаевпен 
бірлестікте), «Мектепте әдебиет теориясы ұғымдарымен таныстыру» және басқа еңбектері ғылыми-
әдістемелік  құндылығы  жағынан  мұғалімдерге  зор  көмек.  Бұл  еңбектер  туралы  кезінде  әртүрлі 
баспасөз беттерінде қилы пікірлер айтылып, орынды бағасы берілді де. Ғалым-әдіскер еңбектерінде 
қазақ  әдебиетін  орта  мектепте  оқыту  мәселесінің  сандаған  аспектілері  қарастырылады.  Мәселен, 
ғалымның  «Жоғары  кластарда әдебиет сабағында жанрлар  табиғатын  таныту»  нұсқауына үңілсек, 
онда жоғары сыныптарда көркем шығармаларды оқу, талдау жұмыстарымен бірге сол шығарманың 
жанрлық  ерекшелігін  аша  дәлелдеу  әдеби-теориялық  білім  беруді  тереңдете  түсетіндігін  айтады. 
Оқушы  Х  сыныпта  көркем  сөз,  хат,  көркем  әңгіме,  лириканың  түрлері,  мысал,  аударма  жанры, 
ғақлия, сюжетті өлең, реалистік, романтикалық және тарихи поэмалар, естелік шығарма, әлеуметтік 
роман формаларымен, яғни мүлде тың жанрлармн танысатындығын, жанр табиғатының өте күрделі 
синтездік сипатының молдығын, әдебиетші ғалымдардың еңбектерінде, әдебиет оқулықтарында бір 
шығарманың  өзі  әртүрлі  жанрлық  атаулармен  атала  беретініне  (мысалы,  «Кім  жазықты»  бірде 
роман, бірде поэма, «Маузер», «Колхозды ауыл осындай» бірде сюжетті өлең, бірде баллада, бірде 
поэма  аталып  жүруі)  назар  аудартады.  Х  сынып  хрестоматиясында  Шоқанның  «Сот  реформасы 
туралы  жазбалар»,  «Ислам  дінінің  зияндылығы  туралы»  еңбектерінің  жанрлық  табиғатын 
танытудағы қиындықтарды сөз етеді, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері жөнінде ой бөліседі. Шоқаның 
озық  ойларын,  демократ-ағартушылығын,  А.Н.Майковқа,  Ф.М.Достоевскийге  жазған  хаттарын 
оқытудағы  хат  жанрының  маңыздылығын,  өзіндік  ерекшелігін  әңгімелейді.  Идеялық  мазмұны 
жағынан  ұқсастығына  қарай  Ыбырайдың  «Надандық»  әңгімесін  Шоқанның  «Ислам  дінінің 
зияндылығы  туралы»  еңбегімен  салыстыра  оқыту  туралы  көркем  әңгіме  мен  публицистиканың 
жанрлық  айырмашылығын  жеңіл  ұғындыруға  болатынын  ұсынады.  Абайдың  қара  сөздері  қай 
жанрға  жатады?  Оқушыға  қалай  танытамыз?  Ғалым  Абай  қара  сөзі  мен  Ыбырай  әңгімелерін, 
ақынның өз өлеңдері мен салыстыра оқыту жолын ұсынады. Бұл арқылы да бір мазмұнның екі түрлі 
формада берілуінің жанр өзгешелігінде жатқаны танылады.  
Әдіскер-ғалым  Қ.Ж.Мырзағалиев  кейінгі  ағарту  саласындағы  ізбасар  әріптестеріне  
қалдырған  мол  әдістемелік  мұрасында  оқушыларды  көркем  әдебиетті  оқып-үйренуге  баулу, 
олардың  дүниеге  көзқарасын,  ой  өрісін,  эстетикалық  талғамын,  адамгершілік,  имандылық 



 
қасиеттері  мен  өнерге,  сөз  өнеріне  ынтасын  қалыптастыру  белгілі  мөлшерде  әдеби-теориялық 
ұғымдарды  жете  меңгеруді  қажет  етерін  баса  атайды.  Осыған  байланысты  оқытудың  арнайы 
қағидаттары  белгіленіп,  жеке  әдеби  ұғымдарды  меңгерту  тәсілдері  туындарын  қозғайды.  Бұл 
жұмыстың әр сыныпта сатылы түрде дамытылып, оқушылардың жас ерекшелігіне қарай жүргізілуі 
тиістілігін  көре  біледі.  Бұл  ретте  ғалым: 
«Дидактикалық  қағидаттарға  сүйене  отырып,  көркем 
мәтіннің ішінен бейнелілікке (образдылыққа) қатысты нақты бір детальдарды алып қарастырып, 
одан  әдеби-теориялық  ұғымды  анықтау  сабақ  үрдісінде  іске  асырылады.  Қандай  әдеби  ұғым 
болмасын,  мәтіннің  композициялық  құрылысынан  туындайды.  Одан  тыс  тұратын  әдеби-
теориялық  ұғым  болмайды.  Кең  түрде  алып  қарасақ,  бұл  жұмыс  жалпы  әдебиет  теориясының 
ғылыми  курсында  көркем  шығарма  мен  оның  құрылысына,  яғни  композициясына  тән  үлкен 
проблемаға  келіп  саяды.  Сондықтан  да  көркем  шығармадағы  адам  бейнесін  (образдар  жүйесі), 
шығарманың  композициялық  құрылысы  мен  сюжетінің  жасалу  жолдарын  талдауға  кең  орын 
беріледі.  Оқылатын  шығарманың  табиғатына  сай  әдеби  кейіпкер,  кейіпкер  мінезі  мен  портреті, 
сюжет,  композиция,  тақырып  және  идея,  бейнелі  сөздер,  жанрлық  түр  жайындағы  теориялық 
ұғымдар кеңейтіле түседі»,
 - дейді.  
Ғалымның  пікірінше,  әдебиетті  жете  түсінудің  негізі  –  шығарманың  көркемдік  әсерін 
оқушының сезіне білуінде. Мұғалімнің оқыту тәжірибесіндегі ой жібере оқу, эвристикалық әңгіме 
жүргізу,  зерттеу  және  репродуктивті  әдістер  мен  оның  әр  түрлі  амалдарын  қолданудың  бәрі  де 
көркем  шығарманы,  әдеби-теориялық  ұғымдарды  жете  меңгертуді  көздейді.  Ал  теориялық 
ұғымдарды  жете  меңгерту  –  оқушының  талғамына  сай,  өз  бетімен  оқыған  көркем  шығарманың 
идеялық-көркемдік ерекшеліктерін ажыратып, оған баға бере білудің негізі бола алады.  
Жалпы әдебиет сабағында жүргізілетін жұмыстың қандай түрі болса да, оқылатын мәтіннің 
мазмұнына,  көркем  бейнелеріне,  құрылысына  байланысты  көркем  мәтінде  сюжет  болмаса  да, 
жанрлық  түрі, көлеміне  қарай  мазмұнға сай  композициялық  құрылысы  болатынын  білгізу  міндет. 
Мәселен,  әдіскер-ғалым  Қ.Ж.Мырзағалиев  орта  мектепте  «Мақал-мәтелдер»  тақырыбына  орайлас 
құнды  әдістемелік  бағыт  сілтейді.  Мақал-мәтелдерді  оқытудың  алғашқы  сабағы  оқушылармен 
әңгімеден  басталуы  мүмкін.  Себебі  мақалдармен  төменгі  сыныптан  бастап  танысқан  оқушының 
көңілге  тәжіребиесі,  мақал  мәтелдің    мақасаты  мен  мазмұнын  ұғынуы  біраз  кеңейеді.  Мақал-
мәтелдің  өткен  өмір  тәжіребиесінің  шежіресі  екені,  тақырыптары,  қазіргі  кездерде  де  туындап 
отырғаны,  оны  сөз  шеберлерінің  дамытып  келе  жатқаны,    мақал-мәтелдің  өзара  аймашылықтары 
алғашқы  сабақта  айтылса,  екінші  сабақта  мәтелдің  поэтикалық    көркемдік  ерекшілігі, 
хрестоматиядағы  үлгілерден  сол  мазмұн  мен  көркемдіктің  үйлесім  тауып  айтылуына  арналады. 
Мақал –мәтелдердің көркемдігін байқауға көркемдік сөз үлгілері: ауыстыру, метафора


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   422




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет