Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ



бет2/8
Дата27.12.2016
өлшемі1,83 Mb.
#5422
1   2   3   4   5   6   7   8

Құзыреттілік бала төрт жасында әлеуметтік құзыреттіліктің белгілі деңгейіне жетеді: басқа адамға қызығушылығын білдіреді, оған сенеді, ересектермен және құрдастарымен өзара қарым-қатынас жасауға тырысады. Басқа адамдармен байланыс орнату үшін қатынасудың тілдік және тілдік емес (көзқарастар, ым, ишара, мәнерлі қылықтар мен қозғалыстар) тәсілдерін қолданады. Өзінің қай жынысқа жататынын түсінеді («Мен ұлмын», «Мен қызбын»).

Интеллектуалдық құзыреттілік баланың қоршаған әлемді танып-білу мақсатында әртүрлі сұрақтар қойып, белсенді қызығушылық танытуынан көрінеді. Ол әртүрлі тұрмыстық заттар мен ойыншықтарды ерекшеліктеріне (түсі, пішіні, көлемі, фактурасы, құрылымы), қызметіне қарай қолданып, байқайды.

Ана тілін меңгеру негізгі грамматикалық категориялар және сөйлеу тілі сөздіктерін қолданумен сипатталады.

Мектепке дейінгі кіші жаста екінші тілді меңгеру баланың тікелей қабылдауымен, өзге тілді адамдармен ашық қарым-қатынас жасаумен байланысты.

Мектеп жасына дейінгі бала оған екінші тілді білу не үшін керек екенін түсінбейді. Балалардың мотивациясы «осында және қазір» ұстанымы бойынша әрекет етеді, яғни бала алыс мақсат қоймайды. Сондықтан екінші тілді меңгеру процесі баланың ересектермен және басқа балалармен қарым-қатынасындағы тұлғалық, танымдық, ойын іс-әрекеті қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында құрылады.

Осы мақсаттағы қарым-қатынас баланың тілдік ортаға тікелей қатысуымен жүргізілуі керек. Бірлескен іс-әрекет қуану, ересектермен, құрдастарымен ынтымақтасу, олармен қарым-қатынасына қанағаттану негізінде қалыптасады.

Дене қызметін дамыту жоспарында 3-4 жастағы балалардың құзіреттілігі олардың өмірлік маңызды қозғалыс түрлерінен (жүру, жүгіру, өрмелеу), қарапайым гигиеналық және өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларынан көрінеді.

Эмоционалдылық балада ересектермен эмоционалдық қарым-қатынас жасау қажеттілігі жоғары болады, өзінің сезімдерін - қуаныш, реніш, қорқыныш, таңырқау, рақаттану т.б. айқын көрсетеді.

Ынталылық баланың тіршілік әрекетінің барлық салаларында:

- қарым-қатынаста (ересектерге бастамашылық қарым-қатынас: сұрақтар қою, өтініш жасау т.б.);

- заттық-тәжірибелік әрекет (заттар мен материалдар: бояу, қағаз, ермексаз, конструкторлармен эксперимент жасау арқылы байқап көру);

- өз бетінше құрастырған сюжетті-бейнелеу ойындарында көрінеді.

Мұның бәрі баланың шығармашылық қабілетінің даму негізін құрайды.

Дербестік - 3-4 жастағы балалардың орнықты сипаты («Мен өзім», «Қолымнан келеді»). Балалар барлық іс-әрекет түрлерінде ересектерге еліктеп, оларды қайталайды: өзі тамақтанады, киінеді, мақсатты бір іс-әрекетке қызығушылықпен кіріседі - ыдыс жуады, кір жуады, дүкеннен сатып алады және т.б.

Ересектер баланың белсенділігін қолдап, ынталандырып отырумен қатар, әр кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауы керек. Өйткені бала айтылған ескертулерді ескере бермейді, сондықтан ересектер қауіпті жағдайлардың алдын алу шараларын ұмытпағаны жөн (зақым келтіретін, жаралайтын, сынатын немесе кесетін заттарды алып қою, шкафтардың есіктерін жабу және т.б.).



КҮН ТӘРТІБІНІҢ ҮЛГІСІ

Балаланың мектепке дейінгі ұйымдағы

күн тәртібінің уақыты 12 сағатқа шамаланған


Күн тәртібінің элементтері

Уақыты (сағ. және мин.)

«Сәлеметсіңдер ме, балалар!»

Таңертеңгілік қабылдау. Ойындар. Жаттығу.

Гигиеналық шаралар. Таңғы ас.

Топтық қарым-қатынас: қызықты қысқа мерзімді іс-әрекеттерін бірлесіп жобалау. Ойындар, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне дайындық.



7.00 - 9.20

«Ойнайық та, ойлайық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті (үзілістерімен бірге жалпы ұзақтығы). Ересектердің балалармен біріккен іс-әрекеті.



9.20 - 10.00

«Табиғат аясында»

Серуенге дайындық.

Серуен.

Табиғатпен таныстыру, ойындар, еңбек. Серуеннен қайту.



Гигиеналық және шынықтыру шаралары.

10.00 - 12.20


«Ас дәмді болсын!»

Түскі ас


12.20-13.10

«Тәтті ұйқы»

Гигиеналық және шынықтыру шаралары. Жатқызу және түскі ұйқы.



13.10 - 15.10

«Ұйқымызды ашайық»

Ояну.


Шынықтыру шаралары.

Бесін ас.



15.10 - 16.00

«Алақай! Ойын!»

Сюжеттік - рөлдік, шығармашылық және дидактикалық ойындар.

Серуенге дайындық.

Серуен, қимылды ойындар.

Серуеннен қайту.

Гигиеналық және шынықтыру шаралары.



16.00 - 17.40

«Ас дәмді болсын!»

Кешкі ас.



17.40 - 18.00

«Ертеңге дейін...»

Балалармен, ата-аналармен қарым-қатынас.

Еркін ойындар.

Балалардың үйге қайтуы.



18.00 - 19.00


«ДЕНСАУЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Мақсаты: қимыл дағдыларын, жеке гигиена дағдыларын меңгертетін; түрлі оқиғаларға байланысты өзінің эмоционалдық көңіл күйін көрсете білетін; өзінің денсаулығына қарайтын және тіршілік іс-әрекетінің қауіпсіздік ережелерін сақтайтын денсаулықты сақтау құзіреттілігіне ие мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын қалыптастыру.

«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны:



а) ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:

- дене шынықтыру арқылы.



б) балалардың өмірін ұйымдастыру және тәрбиелеу:

- дербес қимыл іс-әрекеті;



- мәдени-гигиеналық дағдылыр;

- салауатты өмір салты;

- сауықтыру-шынықтыру шаралары арқылы жүзеге асады.
Дене шынықтыру

Мақсаты: дене шынықтыру жаттығуларына қызығушылығын дамыту, қозғалыс ептілігі мен дағдыларын жақсартуға талаптану.

Міндеттері:

1. Жүру, жүгіру, лақтыру, қағып алу, еңбектеу және өрмелеу жаттығулары арқылы қимылдың негізгі түрлерін орындаудың қарапайым дағдыларын қалыптастыру.

2. Сапқа тұру мен қайта тұрғызудың қарапайым дағдыларын дамыту.

3. Дене күшінің қасиетін: ептілікті, шыдамдылықты, тепе-теңдікті сақтай білуді дамыту.

4. Қол мен аяқ қимылдарын үйлестірді үйрету.

5. Балалардың барлығы бірге, бір қарқында қозғалуына үйрету.

6. Жеке гигиеналық дағдылар мен денсаулық сақтау негіздерін қалыптастыру.

7. Қимыл мәнерлілігі мен икемділігін дамыту, табиғи және еркін жүру мен жүгіре білу, кеудесін түзу ұстау, тепе-теңдікті сақтау, топтағы қатарда өз орнын таба білу.

8. Балаларды спорттық ойындармен және жаттығулармен таныстыру.

Мазмұны:

Негізгі қимыл түрлерін дамыту жаттығулары:

Жүру:

- сапта бір-бірлеп, бірінің артынан бірі, жұптасып;

- тізені жоғары көтеріп;

- тоқтап, отырып-тұрып, бұрылып, «жыланша» ирелеңдеп, заттарды айналып өту, аттау арқылы түрлі тапсырмаларды орындау;

- бір қырындап алға;

- бір қырындап артқа;

- төбешікке мініп, түсу.

Балаларды еркін жүруге, қол мен аяқ қимылдарын үйлестіруге, басын жоғары ұстап жүруге үйрету.

Жүгіру:

- арақашықтықты сақтап, бағытты ауыстыра, сапта;

- жіптен және қолдарынан ұстап, шеңбер бойымен;

- түрлі бағыттарда;

- алаңның бір жағынан екінші жағына;

- тура және айналма жолмен;

- жүгіруді жүрумен кезектестіріп, тоқтап, бағытты өзгертіп;

- бір-бірін қуып, ұстап алу;

- тез қарқынмен (10-20 м дейін);

- баяу қарқынмен үздіксіз (50-60 сек бойы).

Балаларды еркін жүгіруге, қол мен аяқ қимылдарын үйлестіруге үйрету.

Секіру:

- белгілі бір затқа қолымен жанап өтіп жоғары секіру;

- арақашықтығы 2-3 метр жерге дейін қос аяқпен секіру;

- бір орыннан ұзындыққа, жерде жатқан құрсауға секіру;

- биіктігі 15-20 см тереңдікке;

- биіктігі 5-10 см заттың үстінен;

- аяқты бүкпей, бір аяқты екінші аяқпен кезектестіріп секіру;

- екі аяқпен (аяқтары бірге және алшақ).



Дәлдеп лақтыру, домалату, қағып алу:

- бір-біріне 1,5-2 метр арақашықтықта отырып, аяқты алшақ қойып, малдас құрып отырып допты домалату;

- допты тұрып домалату;

- допты қақпадан өткізіп домалату;

- допты екі қолымен кеуде тұсынан, бастан асыра, жоғары лақтыру;

- допты екі қолымен жоғары, төмен еденге ұрып (жерге) лақтырып, қағып алу;

- алысқа. көлденең нысанаға лақтыру;

- нысанаға тігінен оң және сол қолымен лақтыру.



Өрмелеу және еңбектеу:

- арақашықтығы 4-6 метр жерге тура бағытта, «жыланша» ирелеңдеп, қойылған заттардың арасымен еңбектеу;

- еденге қойылған тақтайшалармен;

- биіктігі 40 см жіптің, доғаның астынан;

- гимнастикалық қабырғаның екінші баспалдағына бекітілген көлбеу тақтайдың бойымен;

- бөренеден аттап өту;

- орындықтың астымен еңбектеу;

- еденге тігінен орналастырылған құрсаудан еңбектеп өту;

- көлбеу сатымен өрмелеу;

- гимнастикалық қабырғаға өрмелеу және бір қырындап түсу.



Тепе-теңдікті сақтау:

- бір шеті 20-30 см биіктікке көтерілген көлбеу тақтаймен жүру;

- тегістелген бөрененің үстімен жүру;

- бір орында аяқтың ұшымен тепе-теңдікті сақтап, көтерілу және тұру;

- бір орында тұрып екі бағытта да шыр айналу.

Сапқа тұру және сап құрылымын өзгертіп қайта тұру:

- бүкіл немесе шағын топпен саптізбекке, шеңберге, сапқа тұру;

- орнында адымдап, бұрылу арқылы қатардағы өз орнын табу.

Музыкалық- ырғақтық жаттығулар

Музыка әуенімен барлығы бірге, жекелей нық және ырғақты қозғалып, музыкалық шығарманың әрбір бөлімінің басталуы мен аяқталуын белгілей саппен жүру;

- жануарлардың - ойын кейіпкерлерінің бейнелі қимыл-қозғалысын (қоян сияқты, мысық сияқты) көрсету;

- қуыршақтармен би қимылдарын орындау.



Жалпы дамыту жаттығулары

Қол мен иық бұлшық еттерін нығайтуға арналған жаттығулар

Жаттығуларды құралмен немесе құралсыз орындауда қолдарын жанынан жоғарыға көтеріп, қолдарын кезекпен, бірінші біреуін, содан кейін екіншісін немесе екі қолын бірге төмен түсіре білуді дамыту. Құралды алдынан, артынан, басының үстімен қолдарына кезекпен ауыстыруды үйрету. Алдынан немесе басының үстінен шапалақтап қолдарын артына жасыруды үйрету. Қолдарын алға созуды, екі жаққа созуды, алақандарын жоғары қаратып, қолдың басын көтеріп түсіруді, саусақтарын қозғалта білуді дамыту. Қолының саусақтарын жұмып ашу. Қолдарын белдеріне қою.



Аяққа арналған жаттығулар

Аяқтың ұшымен көтеріле білуді дамыту. Аяқтың ұшын алға, жанына, артқа қою. Қатарынан 2-3 рет жартылай отыру жаттығуларын жасау. Қолдарын алға созып, қолдарымен тізесіне сүйеніп, тізесін құшақтап және басын иіп отыру. Тізесінен бүгілген аяқтарын кезекпен көтеру, тізесінен бүгілген аяқтарын бір-біріне соғып, шапалақтау. Құм салынған қапшықтарды отырған күйде аяқтарымен қамту. Таяқшамен, валикпен (диаметрі 6-8 см) табанының ортасына сүйеніп, жан-жағына қырындап қозғалу.



Кеудеге арналған жаттығулар

Бір-біріне басының үстінен (алға және артқа) допты бере білуді дамыту. Қолды алға көтеріп оңға және солға бұрылу. Алға, оңға, солға еңкею. Бұрылып отырып құралды артына қою және бұрылып алу. Артқа сүйеніп отырып, аяғын өзіне тарту, малдас құрып отыру, созу; тізесін құшақтап екі аяғын өзіне тарту, аяқтарын кезекпен көтеріп, оларды бір-біріне қою (оң аяғын сол аяққа немесе керісінше). Отырып алға еңкею. Тіземен тұрып алға еңкею. Арқасымен жерде жатып бір мезгілде қолы мен аяғын көтеріп, түсіру, велосипед тебісіне еліктеп аяқтарын қозғау. Жерге ішпен жатып аяқтарын майыстырып жазу (бір-бірлеп және бірге). Арқасымен жерде жатқан жерінен аунап барып ішпен жату және керісінше айналу. Ішпен жатып қолдарын жан-жағына созу арқылы иілу және иықтарын көтеру.



Спорттық жаттығулар

Шанамен сырғанау

Биік емес төбешіктерден сырғанау, бір-бірін сырғанату.



Сырғанау

Ересектердің көмегімен мұзды жолдармен сырғанау.



Шаңғымен жүру

Шаңғыларды киіп, шешу, оларды орнына қою, түзу шаңғы жолында аттап басу және сырғанау адымдарымен жүру.



Велосипед тебу

Велосипедке міну және түсу, үш аяқты велосипед тебу.



Жүзуге дайындық

Суға кіру және шомылу, су ішінде ойнау.

Дене тәрбиесі шаралары айына 1 рет, ұзақтығы 15-20 минут.

Дене шынықтыру мейрамы айына 2 рет-қыста, жазда, ұзақтығы 20 минут.

Жыл соңында дене шынықтыру бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- түрлі тәсілдермен: «жыланша» ирелеңдеп саптізбекте бір-бірден, еркін, басын төмен түсірмей, тепе-теңдікті сақтап жүру;

- бағытын, жүгіру қарқынын өзгерте отырып, 20 метрге дейін жүгіруді;

- екі аяқпен, секіруде екпінмен итеріліп, 2-3 метр арақашықтыққа алдыға қозғала секіруді;

- 15-20 см биіктіктіктен тереңдікке секіруді;

- биіктігі 5-10 см заттардың үстінен секіруді;

- 1,5 метр арақашықтықтан берілген бағытта және күйде допты бір-біріне домалатуды;

- допты қос қолмен кеудеден, бастан асыра лақтыруды;

- допты еденге (жерге) соғып, қағып алуды;

- заттарды алысқа оң және сол қолмен көлденең және тік нысанаға лақтыруды;

- төрттағандап еңбектеу, заттардың үстінен өту, сатымен, гимнастикалық қабырғамен өрмелеуді;

- таңертеңгілік жаттығулар кешенін, сауықтыру жаттығуларын орындауды;

- қозғалыс ойындарын ойнау;

- бүкіл немесе шағын топпен саптізбекке, шеңберге, сапқа тұру, сапта өз орнын табуды;

- музыка әуенімен саппен жүруді;

- би қимылдарын және музыка әуенімен ойын кейіпкерлерінің бейнелі қимыл-қозғалысын орындауды;

- жалпы дамытушылық жаттығуларды орындауда қажетті бастапқы қалыпты қабылдау, орындау жүйелілігін сақтауды;

- биік емес төбешіктерден сырғанау, бір-бірін сырғанатуды;

- үш аяқты велосипед тебуді;

- суға кіру және шомылу, су ішінде ойнауды білуі тиіс.


Валеология

Валеологиялық тәрбие дербес қимыл іс-әрекеттері, мәдени-гигиеналық дағдыларды тәрбиелеу, салауатты өмір салты, сауықтыру-шынықтыру шаралары туралы білім және қарапайым дағдыларды қалыптастыру арқылы жүзеге асады.



Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың алғашқы валеологиялық түсініктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Өзінің денесі туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру, өз ағзасы мен денсаулығына ұқыптылықпен қарауға дағдыландыру.

2. Мәдени-гигиеналық әдеттері мен дағдыларын кеңейтіп, жетілдіру.

3. Қоршаған ортада өзін-өзі ұстаудың қарапайым қауіпсіздік дағдыларымен таныстыру.



Мазмұны:

Салауатты өмір салты

Бала ағзасын нығайту мен шынықтыру шараларын жүргізу (беті-қолын, мойнын салқын сумен жуу, жалаң аяқ жүру, аузы мен тамағын салқын сумен шаю, суық және жылы ауа ванналары).

Түрлі гимнастикалар мен массаждар жасау (таңертеңгілік, дем алу, артикуляциялық гимнастикалар, көзге арналған гимнастика, тіс тазалау және қызыл иекке массаж жасау, нүктелі массаж).

Күн тәртібіне сәйкес балаларды күнде таза ауаға шығару.

Өз-өзіне күтім жасау дағдыларын дамыту (ауа-райына байланысты киіну, жуынып таза жүру, шашын тарау, қол орамалын қолдану).

Күнделікті тұрмыста және табиғат аясында өз-өзін ұстау тәртібі мен қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау (далада өсіп тұрған жидектер мен саңырауқұлақтарды жемеу, жануарлармен байланысқа түспеу).

Бағдаршамның түстерімен, көшеде өзін-өзі ұстау мен жол ережелерін сақтаудың қарапайым дағдыларымен (көшеде қалай және қай жерден өту керек) таныстыру.

Мәдени-гигиеналық дағдылар

Өз бетінше жеңдерін түріп, қолдарын сабындап жуып, қолы мен бетін құрғатып сүртуді, тіс пастасы мен щеткасын дұрыс қолдана отырып, тісін жақсылап тазалауды, киімдерін суламауды, сүлгіні өз орнына ілуді көрсетіп түсіндіру.

Тамақтану барысында қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдануға, (жылдың соңына қарай) тамақты аузын жауып отырып, асықпай, әбден шайнауға, нан қиқымын шашпауға, шай мен сорпаны төкпей ішуге, тамақтан соң аузын шаюға үйрету.

Қол орамалды қолдану мен дәретхананы дұрыс пайдалануға және барлық жерде тазалық сақтауға үйрету. Өзінің сырт келбетіне назар аударуға, жарасымды, таза киініп шашын әдемі тарауға дағдыландыру.

Өзінің және өзгенің заттарына ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

Жыл соңында валеология бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- гигиеналық шаралар (жуыну, тарану, қол орамалын қолдану, киімдерін суламау, сүлгіні өз орнына ілу) өткізуді;

- белгілі бір жүйелілікте киіну және шешінуді;

- жануарлармен байланыста қауіпсіздік ережесін сақтауды;

- балабақшаның жақын айналасында бағдарлай білуі тиіс.
«ҚАТЫНАС» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Мақсаты: мемлекеттік және ана тілін үйренуге дайын, ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауға талпынысы бар мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын қалыптастыру.

«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны:

а) ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:

- тіл дамыту;

- көркем әдебиет;

- қоршаған ортамен таныстыру;

- мемлекеттік тіл және өзге тілдер арқылы;

ә) балалардың өмірлік іс-әрекеттері мен тәрбиесін ұйымдастыру:

- дербес көркем-тілдік қызмет;

- кіші-қойылымдарды сахналау;

- сөздік мазмұнды үстел үсті-баспа ойындар;

- театрландырылған ойындар;

- ойын-драмаластыру арқылы іске асады.
Тіл дамыту

Мақсаты: тілдік қарым-қатынас іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Баланың сөздер мен дыбыстарды дұрыс айтуға әзірлігін дамыту.

2. Сөздік қорын байытып, сөйлеу барысында қолдану.

3. Тілдің грамматикасын дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру.

4. Өз ойларын дұрыс, қысқаша жеткізе білу дағдылырын қалыптастыру.

5. Мектепке дейінгі кіші жастағы баланың халық ауыз әдебиетіне қызығушылығын баулу.

6. Қарым-қатынас мәдениетінің қарапайым дағдыларын дамыту.
Мазмұны:

Тілдің дыбысталу мәдениеті

Тілдегі барлық дауысты және дауыссыз дыбыстарды анық, таза айтуға үйрету. Сөйлеу қарқынын өзгерте білу ептілігін дамыту: ақырын сөйлеу, жаңылтпаштар айту.

Есту қабілеттерін жетілдіріп, тілдегі дауыс ырғағының мәнерлілігін сезінуіне мүмкіндік туғызу. Дауыс және артикуляциялық аппаратын дамыту.

Сөздік жұмыс

Қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру барысында сөздік қорын дамыту. Оны түрлі сөз таптарына (зат есім, етістік, сын есім, үстеу) қатысты сөздермен байыту.

Заттардың бөліктерін (көйлек пен жейденің – жеңі, жағасы, түймелері) ажыратып, атай білуге үйрету.

Сөздік қорын заттардың қасиеттері мен сапасын (көлемі, түсі, пішіні, қандай материалдан жасалғаны және не үшін керектігі) білдіретін сөздермен толықтыру.

Заттарды топтастыруға, оларды атай білуге (ойыншықтар - доп, машина, қуыршақ және т.б., киімдер - жейде, шалбар, тон және т.б., ыдыс-аяқтар - кесе, қасық, тостаған және т.б.) үйрету.

Балалардың сөздік қорына қарама-қарсы мағыналы сөздер - антонимдерді (үлкен-кіші, жақсы-жаман, мейірімді-мейірімсіз, алыс-жақын) енгізу.

Балалардың сөздік қорын тұрмыстық заттардың атауларымен: кір жуғыш машина, тоңазытқыш, шаңсорғыш, теледидар толықтыру.

Балалардың сөздік қорын ұлттық және бұрын көрмеген «таңқаларлық» заттардың атауларымен (желпуiш, теңге) толықтырып, аттары мен қызметтерін түсіндіру.



Тілдің грамматикалық құрылымы

Балаларға сөздерді жақ, шақ, септіктерде қолдана білуге үйретуді жалғастыру.

Зат есімдер мен көмекші есімдерді байланыстырып қолдануға үйрету (үстелдің астында, шкафтың үстінде, үйдің жанында, әжесінің қасында, есіктің артында, айнаның алдында және т.б.).

Жануарлар мен олардың төлдерін (аю-аюлар, қонжық-қонжықтар, жылқы-жылқылар, құлын-құлындар) білдіретін зат есімдерді жекеше, көпше түрде айтуға үйрету.

Өздері білетін заттар мен ойыншықтарды септік жалғауларын жалғап, көпше түрде айтуға үйрету (доптардың, қуыршақтарға, қонжықтарда т.б.).

Сөйлеу тілінде бірыңғай мүшелерді (мен атама, әжеме, апама барамын) қолдана білуге үйрету.



Байланыстырып сөйлеу

Сөзді тыңдап және оны түсіну, әңгімеге араласып, өзіне қойылған сұрақтарға жауап беріп, өзін қызықтырған сұрақтарды сұрауға үйрету.

Тәрбиешінің көмегімен ойыншық туралы, сурет бойынша 2-3 сөзден тұратын қысқаша әңгіме құрау.

Балаларға таныс әдеби шығармалар мен ертегілердің үзінділерін драмалауға қатыстыру.



Шығармашылық тілдік дамыту

Шағын тақпақтар мен өлеңдерді жатқа айтуға үйрету.

Ұйқасты сөздермен ойналатын ойындарды балалар қызығатындай етіп өткізуге тырысу керек.

Өздеріне таныс ертегілердің қойылымы мен оны драмалауға, ойыншықтары туралы кіші оқиғалар құрастыруға, саусақты жаттықтыруға арналған ойындарға қатысуға ниеттерін дамыту.

Сөйлеу барысында дауыс ырғағы мен қарқынын қадағалап, кейіпкерлердің бейнесін, мінез-құлқын дұрыс жеткізуге жаттықтыру.

Жыл соңында тіл дамыту бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- барлық дауысты және дауыссыз дыбыстарды айтуды;

- сөздерді көпше және жекеше түрге қоюды; септік жалғауын қолданып сөз бен сөздің арасын байланыстыруды;

- біріңғай сөйлем мүшелерін қолдануды;

- сұрақтарға жауап беруді;

- тәрбиешінің ойыншық жайлы және сурет бойынша құрастырған нұсқасына сәйкес әңгімені қайталауды;

- өздеріне таныс әдеби шығармалардан және ертегілерден үзінділерді драмалауға қатыса білуі тиіс.
Көркем әдебиет


Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет