Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік



бет3/8
Дата09.06.2018
өлшемі0,62 Mb.
#42184
1   2   3   4   5   6   7   8

Сын есімнің шырайларын түрлері


  1. Жай шырай шырай түрлерінің бәріне негіз болады, оның арнайы грамматикалық көрсеткіштері, қосымшалары жоқ. Мысалы, ол ауаның тазалығын, дүниенің кеңдігін, адамның жомарттығын ешқандай салыстырусыз білдіреді.

  2. Салыстырмалы шырай аналит. тәсілмен жасалады, заттың ұқсас сапаларының артық я кемдігін -рақ, -рек, -ырақ, -ірек; -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу; -ғыл, -ғылт, -ғылтым, -шыл, -шылтым; -аң, -ғыш, -гіш, т.б. жұрнақтар арқылы салыстыра көрсетеді.

  3. Күшейтпелі шырайды Төлеуов аналитикалық және синтетмкалық жолмен жасалады десе, Ысқақов осы екі тәсілді шырайдың екі түріне бөліп тастайды, яғни күшейтпелі буын күшейтпелі шырайды, ал күшейткіш үстеулер асырмалы шырайды жасайды деп есептейді. Күшейтпелі шырайдың негізгі көрсеткіші күшейтпелі буынның тіркесуі болып табылады, ол сын есімнің бастапқы буынының қысқарып, оған -п дыбысының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, қып-қызыл, үп-үлкен.

  4. Асырмалы шырай сын есімге өте, тым, аса, әбден, орасан, нағыз, нақ, шымқай күшейткіш үстеулерінің тіркесуінен жасалады: тым үлкен, аса бай.Кейде шырайлар аралас қолданылып, бірінің үстіне бірі жалғана береді. Мысалы: тым қызылдау, үлкеніректеу. Кейбір зерттеушілер шырай категориясының лексика-грамматмкалық екі түрін ғана (салыстырмалы, күшейтпелі) атайды.

Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
1. Сын есім әдетте сөйлемде анықтауыш болып тұрады. Мысалы: Сұр бұлт түсі суық, қаптайды аспан (А) деген сөйлемде сұр және (түсі) суық деген сын есімдер (кандай?) бұлт деген зат есімді анықтап тұр. Сөйлемде анықтауыш болу — сын есімнің негізгі қызметі. Өйткені сын есім заттың әр түрлі сыр-сипатын, сапалық, қатыстық белгілерін білдіреді.
Сын есім ілік септікте тұрып заттанып келіп, те анықтауыш болады. Мысалы: жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын (мақал) дегенде жақсының (яғни жақсы адамның) кімнің? (жақсылығын) деген сұраққа жауап беріп анықтауыш болып тұр.
2. Сын есім жіктік тұлғада тұрып сөйлемнін баяндауышы да болады. Мысалы: Сен бір артық көркемсің (Ж). Әлсіз адам сүріншек (мақал). Бұл сөйлемдерде көркемсің (II жақ), сүріншек (ІІІжақ) сөздері жіктік тұлғада баяндауыш қызметін атқарып тұр.
3. Сын есім сөйлемде етістіктің алдында тұрып, қимыл, іс-әрекеттің сынын білдіріп, қалай? деген сұраққа жауап беріп пысықтауыш та болады. Мысалы: Өлеңмен сөзді желдей құйындатқан (Ж). Гүлнар бөлмесін таза ұстайды деген сөйлемдерде желдей, (қалай құйындатқан?) таза (калай ұстайды?) деген сын есімдер пысықтауыш қызметін атқарып тұр.
4. Сын есім әдетте көптелмейді, тәуелденбейді, септелмейді. Егер сын есімге көптік, я тәуелдік, я септік жалғауы жалғанса, онда сын есім зат есімнің орнына жүреді. Осындай сын есімнің сөйлемде зат есімнің орнына жұмсалып, зат есімнің қызметін атқаруын сын есімнің заттануы дейді. Мысалы: Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат (мақал) деген сөйлемде жақсыдан, жаманнан деген сын есімдер шығыс септік жалғауында тұрып, зат есімнің орнына яғни адамнан дегеннін орнына (жақсы адамнан, жаман адамнан) заттанып қолданылған. Заттанған сын есім атау септік тұлғасында тұрып бастауыш болады. Мысалы: Ұялшак, сы-бағасынан құр қалар (мәтел). Баланың жақсысы — кызық, жаманы — күйік (А.) деген сөйлемдерде ұялшак, (адам кім?), жақсысы (бала кімі?), жаманы (бала кімі?) атау септікте тұрып, заттанып, бастауыш қызметін атқарып тұр.
5. Сын есім табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде келіп, заттанып, толықтауыш та болады. Мысалы: Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез (А.) деген сөйлемде білімдіден (кімнен шыққан?), талаптыға (кім болсын кез?) деген сын есімдер заттанып келіп (адамға деген мәнде) толықтаауыш қызметін атқарып тұр.
Айтыс өнері
Айтыс – суырыпсалма ақындық өнердің ерекше бір жанры.

Айтыс, ең алдымен, тапқырлық, шешендік сөз өнері болса, оның тамам жұрт алдында өтетін тамашалық сипаты тағы бар. Сөз айтысының тыңдаушысы ғана емес, бағалаушы – төрешісі де халықтың өзі болуы – дүниежүзілік көркем сөз дәстүрінде сирек кездесетін құбылыс. Демек, айтыстағы әрбір ұтымды теңеу, өткір дәлелдің бірде-бірі тыңдаушы, көруші назарынан тыс қалмайды. Өлең сөз жарысынан тағдырын шешетін негізгі шарт – айтыстың әрі әдепті, әрі шыншыл, әрі көркем болуы. Сонымен қатар айтыс қоғамдық зәру, мәнді мәселелерді көтеріп, өмір қайшылықтарын ашудың, шешілмеген сауалдарға жұртшылық пікірін тудырудың құралы. Бұл жағынан алғанда, ол – күллі ауыз әдебиеті дәстүріндегі ең демократияшыл жанрдың бірі.

Айтыс ақыны елдің тарихынан мағлұматы мол, халықтың салт-дәстүрін жетік білетін, табанда сөз тауып айтатын тапқыр, қарсы жақтың шабуылынан, өршеленсе де, абыржып, саспайтын, қиыннан қиыстыратын ұшқыр қиялды, әріптесінің әсіресе кемшілік жақтарын көп білетін, оның нені алға тартып, жеңгісі келетінін күні бұрын анық болжайтын, қарсыласын алдаусыратып, сөз тұзағына түсіретін тәсілқой болуы керек. Айтыс ақынының ерекшелігі жөнінде М.Әуезов берген мінездеме барынша дәл: «Шабыты келген ақпа ақын, - дейді ол, - аш қасқырға меңзес, тұрғылас. Томағасын тартқанда алғыр қыран бар өңірді шолып өтіп, қимыл еткен шөп басын, қыбыр еткен тышқан жүрісін, қылт етіп бұққан түлкі түгін лезде шалып қалғандай, айтыс ағымындағы ақпа ақын да сондайлық көмескіні көргіш, бұлдырды білгіш болмақ шарт».

Тапсырмалар, сұрақтар:

1.Мәтінді оқы.

2. Сөздік құр.

3.Мәтін мазмұны бойынша сұхбаттас



Бақылау түрі: сұхбат

Әдістемелік нұсқау: Ауызша сөйлеу, әңгімелесе білу, сұрақтарға жауап беру, мәтін бойынша әңгімелесе білуге, мәтіннің әрбір бөліміне қысқаша резюме бере білуге арналады.

Үлестірмелі материалдар: үлестірмелі карточкалар

Әдебиеттер тізімі:

Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова. Қазақ тілі. –Алматы, 2002.

Н.Оралбаева, Т.Әбдіғалиева, Б.Шалабай. Практикалық қазақ тілі. – Алматы, 1993.

Ақтанова А.С., Рахымбаева Р.Е. Қазақ тілі – Семей, 2007

11.Тақырыбы: Сан есім. Сан есімнің сөйлемдегі қызметі



Сан есім - заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. Сан есім өзі анықтайтын сөздің алдынан келіп, атау тұлғасында тұрады, субстантивтенгенде (заттанғанда) көптеледі, жіктеледі, тәуелденеді, септеледі. Сан есім морфол. құрамына қарай негізгі және туынды болып жіктеледі, оның дара, күрделі түрлері бар. Семантик.-морфол. тұрғыдан есептік, реттік, болжалдық, жинақтық, топтық, бөлшектік аталатын топтарға бөлінеді. Есептік Сан есім өзге Сан есім топтарының жасалуына негіз болады (мыс., бір, екі). Реттік Сан есім есептік сандарға -ыншы, -інші (бірінші, екінші), жинақтық Сан есім бірден жетіге дейінгі есептік Сан есімге -ау, -еу аффикстерінің (біреу, алтау), топтық Сан есім -дан, -ден, -тан, -тен қосымшаларының (алтыдан, жүз-жүзден) жалғануы арқылы жасалады. Болжалдық Сан есім заттардың санын дәл көрсетпей, шамамен, мөлшермен атайды (жүз шақты), бөлшектік Сан есім математикада жиі қолданылады (оннан екі бөлігі). Сан есімге ұқсас жарты, жалғыз, сыңар, қадақ, шақырым, қозы көш жер, ет асым, т.б. сөздер уақыт, салмақ өлшемдері ретінде қолданылғанымен Сан есімге жатпайды, нумеративтік сөздер болып табылады.

Сан есімнің негізгі функциясы анықтау болғандықтан, ол үнемі анықтайтын сөздерінен бұрын қолданылады, бірақ ешқандай да морфологиялық өзгеріске түспейді. Демек, сан есімдер өздерінің әрі табиғи, әрі негізгі функциясы болып есептелінетін сандық, сан-мөлшер мағыналарында қолданылғанда, тек атау формасында ғана айтылады да, ешбір өзгеріске түспейді.



Сан есімдер морфологиялық құрамына қарай, негізгі сан есімдер және туынды сан есімдер болып екіге бөлінеді.

Негізгі сан есімдер

Негізгі сан есімдер қатарына тек қана есептік сандар жатады. Мысалы: бір, екі, үш т. б.

Туынды сан есімдер


Туынды сан есімдер негізгі есептік сан атауларына -ыншы, -ау, -ер, -тай қосымшалары қосылу арқылы жасалады. Мысалы: бір - бірінші, он - оныншы; екі - екеу, алты - алтау; бір - бірер, қырық - қырықтай, елу - елудей т.б.Сан есімдер іштей дара сан және күрделі сан болып бөлінеді.

Дара сандар


Дара сандардың атаулары аса көп емес нөл- (0)бір-(1), екі-(2), үш-(3), төрт-(4), бес-(5), алты-(6), жеті-(7), сегіз-(8), тоғыз-(9), он-(10), жиырма-(20), отыз-(30), қырық-(40), елу-(50), алпыс-(60), жетпіс-(70), сексен-(80), тоқсан-(90), жүз-(100), мың-(1000), миллион, миллиард, триллион, квадриллион, секстиллион, септиллион, октиллион, нониллион, дециллион, андилион, дубдецилион, гредециллион, кваргтордециллион, квиндециллион, сеацдециллион, сендендециллион, октодециллион, новемдециллион, вигинтилион

Күрделі сандар


Күрделі сан есімдер жоғарыда аталатын дара сан атауларының әр алуан жолмен тіркестіріле қолданылуы және қосарлана айтылуы арқылы жасалынады. Демек, күрделі сан есімдер іштей, біріншіден, негізгі атауларының (он сегіз, мың тоғыз жүз алпыс бес т. б.), екіншіден , негізгі сан атауларының қосарланып айтылуы арқылы жасалған күрделі сандар (бір-екі, үш-төрт, бес-алты т. б.) болып екі салаға бөлінеді.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет