Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені



бет1/8
Дата23.10.2016
өлшемі1,45 Mb.
#43
  1   2   3   4   5   6   7   8
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей мемлекеттік педагогикалық институты

Қазақ филологиясы факультеті

Қазақ әдебиеті кафедрасы


Студенттерге арналған оқу - әдістемелік кешені



Балалар әдебиеті

пәні бойынша


Мамандығы:

Мамандық шифрі –






















Семей - 2012

МАЗМҰНЫ




Қолданылу аймағы

4



Нормативтік сілтемелер

4



Жалпы жағдайы

4



Пайдаланылатын әдебиеттер мен ресурстар

5



Пәннің мазмұны мен модулге бөлінуі

5



СӨЖ тақырыбы мен мазмұны

6



Пәнді оқытуға арналған әдістемелік нұсқаулар

6



Курстың форматы

7



Курстың саясаты

7



Бағалау критерийлері

7



Студенттердің білімін бақылау

8



Оқу үрдісі мен қашықтықтан кеңес беру кестесі

9



Глоссарий

9



Теориялық материал

11



Зертханалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

66



Бақылау жұмыстары

66



Материалды меңгергендігін бағалауға арналған сұрақтар

67




  1. Қолданылу аймағы

Бұл ПОӘК 5В010200 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы студенттерінің «Балалар әдебиеті» пәнін оқуға арналған.

Халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің бастау көзі. Балалар әдебиеті – қазақ әдебиетінің өскелең бір бұтағы. Оның өсу, өркендеу, даму жолдары бар. Алғашқыда жалпы әдебиеттік мұралармен бірге дамып келсе, соңынан өз алдына дараланып, өз ерекшеліктерімен таныла бастады. Балалардың жастық, білімділік ерекшеліктері еске алынды. Балалар әдебиеті балаларға тәлім – тәрбие, білім беретін өмір оқулығына айналды.

Балалар әдебиетінің негізі – ауыз әдебиетінде. Сондықтан балалар әдебиетін зерттегенде халық ауыз әдебиетінен аттап өтуге болмайды. Өйткені, халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің алтын қоры, алтын бесігі. Оқу жасына дейінгі балалар, оқушылар ертегілерді тыңдауды өте жақсы көреді. Ертегілердегі ғажайып оқиғалар, қызықты тартыстар мен түрлі егестер, тапқырлық пен айлакерліктер, зұлымдық әрекеттерге қарсы күрескен қажырлы адамдардың қиян кескі батырлық істері оларды таң-тамаша етеді. Мектеп оқушылары батырлық жырларды аса сүйсініп, оның ішіндегі жағымды кейіпкерлерге еліктей отырып, қызыға оқитындығы сондықтан.

Балалар фольклорындағы сөз өнерінің әдемі кестелері, мазмұнды терең ойлары, парасатты тұжырымдары олардың сөздік қорын байытып, мағыналы да мәнерлі сөйлеуге жаттықтырады. Тек бұл емес, халықтық шығармалар ішіндегі әр жақты айқын образ, оқиға барысының қызықты бола беруі, әдемі қисын, жақсы ұйқас – бәрі де балаларды қуантып, әсер беріп, ойын шыңдап отырады. Балалар әдебиетін мектепте әдебиетті оқыту әдістемесінде қолданады. Сондықтан балалар әдебиеті пәнін бастауыш оқыту әдістемесі мамандығына оқытудың маңызы зор.




  1. Нормативтік сілтемелер

Бұл ПОӘК төмендегі нормативтік сілтемелер талаптарына сай жасалған:

  • ҚР МЖМБС 5.04.019 – 2011. Жоғары білім. Бакалавриат. Негізгі ережелері;

  • ҚР МЖМБС 6.08.067-2010 Жоғары білім. Бакалавриат. 5В010200 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы;

  • ҚР МЖМБС 5.03.006-2006 ЖОО білімді бақылау мен бағалау;

  • ҚР МЖМБС 5.03.007-2006 Кәсіптік- білім беру бағдарламалары. Негізгі ережелері;

- Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі. ҚР БҒМ 20.04.2011 ж. №152 бұйрығы

  • ЖОО ағымдық үлгерімді бақылау, аралық және қорытынды аттестациялауды жүргізудің типтік ережелері. ҚР БҒМ 16.03.2011 ж. №94 бұйрығы;

  • Қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша оқытуды ұйымдастыру ережелері Бұйр.01.01.2006.

  • ҚР МЖМБС 2.3.4.01-2010 Қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша оқытуды ұйымдастыру ҚР Үкіметінің 19.01.2012 ж. №112 қаулысымен бекітілген;




  1. Жалпы жағдайы

«Балалар әдебиеті » пәнін оқыту міндеттері.

Курстың теориялық бөлімінде «Балалар әдебиеті» пәнінің ғылым ретінде танылуы, оның ғылымдар арасында алатын орны, басқа ғылым салаларымен байланысы, оның зерттеу әдістері жайлы мәліметтер беру, семинар сабақтары және зертханалық сабақтары теориялық материалдарды меңгеруді қамтамасыз етеді.



  • Балалар әдебиеті пәнін игеру барысында студент бала тәрбиесінің күрделілігі мен маңызын жете түсініп, ұстаздың этикет пен мәдениет деңгейінің жоғары болуын үнемі назарда ұстауы тиіс. Балалар әдебиеті пәнінің тарихын терең меңгеріп, оның өкілдерінің шығармаларымен толық танысу.

  • Пәнді ұйымдастыру кезінде оқушылардың жас ерекшелігіне айрықша көңіл бөлуді студенттерге ескерте отырып, игерту.

  • Студенттердің, болашақ маман иелерінің өздері оқытатын оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін үнемі назарларында ұстауға, балалармен қарым-қатынасты үйлестіре білуді үйрету.




  1. Пайдаланылатын әдебиеттер және ресурстар

Негізгі әдебиеттер

  1. Ш. Ахметов, Қазақ совет балалар әдебиеті, Алматы, 1976 ж.

  2. М. Әуезов, Әдебиет тарихы, Алматы, 1991 ж.

  3. Ә. Қоңыратбаев, Қазақ әдебиетінің тарихы, Алматы, 1994 ж.

  4. Б.Ыбырайым, Сырлы әлем /қазіргі қазақ балалар прозасы/, А. 1997

  5. Қазақ әдебиетінің тарихы, ІІІ том, Алматы, 1979 ж.

  6. М. Ғабдуллин, Қазақ халық ауыз әдебиеті, Алматы, 1996 ж.

  7. Б.Қапасова, Қазақ балалар лирикасы /60-90ж.ж./ Павлодар, 2004ж

  8. А.Ақтанова. Қазіргі қазақ балалар драматургиясы. Семей, 2008ж.

  9. Қ.Баянбаев, Қазақ балалар кітапханасы. Алматы, 1991ж.

  10. Қ.Матыжанов, Бөбектерге арналған фольклорлық поэзия жанры. Алматы, 1990ж.

  11. С. О. Садырбаев Қазақ халық ауыз әдебиеті, хрестоматия, Алматы, 1992 ж.

Қосымша әдебиеттер тізімі:

  1. Ш. Ахметов «Қазақ балалар әдебиеті» /хрестоматия/, Алматы, 1974 ж.

  2. С. Қирабаев, «мектеп және қазақ әдебиеті», Алматы, 1979 ж.

  3. Қ. Ергөбеков, «Мейірім шуағы», Алматы, 1985 ж.

  4. С. Көбеев, «Орындалған арман», Алматы, 1954 ж.

  5. Ы. Алтынсарин, «Таза бұлақ», Алматы, 1988 ж.

  6. А. Құнанбаев, ІІ томдық өлеңдері мен аудармалары, Алматы, 2002

  7. Абай тағылымы, Алматы, 1986 ж.

  8. Абай өлеңдері, Алматы, 1996 ж.

  9. Ә.Табылдиев. Халық тағылымы. Алматы, 1992ж.

  10. Қ.Мырзалиев. Қазақ балалар кітапханасы. Алматы, 1984ж.


  1. Пәннің мазмұны мен модулге бөлінуі

1 Модуль. Балалар әдебиеті пәнінің жалпы сұрақтары

1

. Халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің бастауы.

2

ХІХ ғасырдағы қазақ балалар әдебиеті.

Махамбет Өтемісұлы жырларының халықтық негізі.



3

Ы.Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы

Ы.Алтынсарин өлеңдерінің идеялық, көркемдік ерекшеліктері



4

. Абайдың тәрбие мәселесіне байланысты педагогикалық көзқарастары. Қазақ балалар әдебиеті тарихында Абай Құнанбайұлының орны. Абай қарасөздеріндегі оқу, білім.

5

ХХ ғасыр басындағы қазақ балалар әдебиеті

Шәкәрімнің балаларға арналған туындылары

С.Көбеевтің “Үлгілі бала”, “Үлгілі тәржімә” атты оқу құралдарының жанрлық ерекшеліктері.


6

А.Байтұрсыновтың қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесі.

М.Дулатовтың балаларға арналған шығармаларындағы әлеуметтік тақырып



7

Ж.Аймауытовтың ағартушылық, педагогикалық бағыттағы ғылыми еңбектерінің мәні.

С.Торайғыров және балалар әдебиетіндегі жаңа бағыт.



8

Қазақ кеңес балалар әдебиеті.

М.Жұмабаевтың ақындық табиғаты.

С.Сейфуллиннің “Бандыны қуған Хамит” әңгімесінің идеясы, тәрбиелік мәні


9

М.Әуезов және балалар әдебиеті.

І.Жансүгіров өлеңдеріндегі эстетикалық тәрбие



10

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы балалар әдебиеті


11

Кеңес халықтарының ерлік істерінің балалар әдебиетіндегі көрінісі.

12

Негізгі тақырып, идея бірлігі, ұлттық рух көрінісі

2 Модуль. М.Әуезов және балалар әдебиеті

13

Өмірі мен жазушылық қызметі

14

“Жетім” әңгімесі мен “Көксерек” повестерінің көркемдік-эстетикалық табиғаты.


15

Бала психологиясы мен эстетикалық мұратын, ой-арманын бейнелеудегі жазушы шеберлігі.




  1. СӨЖ-дің тақырыбы мен мазмұны






Тақырыптар

Жұмыс түрі

Тапсыру мерзімі

Балл

  1. 1

ХІХ ғасырдағы қазақ балалар әдебиеті.

Махамбет Өтемісұлы жырларының халықтық негізі.



Ауызша баяндау.

жаттау


І апта

4

  1. 2

Абайдың тәрбие мәселесіне байланысты педагогикалық көзқарастары.

Жаттау

ІІ апта

5

  1. 3

А.Байтұрсыновтың қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесі.

М.Дулатовтың балаларға арналған шығармаларындағы әлеуметтік тақырып.



жаттау

ІІІ апта

4

  1. 4

Қазақ кеңес балалар әдебиеті.

С.Сейфуллиннің “Бадап, электронды варианттарынндыны қуған Хамит” әңгімесінің идеясы, тәрбиелік мәні



Конспект

ІҮ апта

5




  1. Пәнді оқытуға арналған әдістемелік нұсқаулар

Бұл курс 5В010200 « Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығына арналған қолданыстағы стандарт негізінде оқытылады. Мұнда әдебиетті оқытудың мақсаты мен міндеттеріне, оқыту әдістері мен оқыту құралдарына, оқытуды ұйымдастыру формаларына, мектепте әдебиетті оқыту әдістемесі курсын дамыту жолдарына, әдебиетке ғылым және орта мектептегі оқу пәні ретінде назар аударылады. Сондықтан I-модульде балалар әдебиетінің жалпы сұрақтары қарастырылып, 2-модулде М.Әуезов және балалар әдебиеті талданады. Тәжірибелік сабақта орта мектепте әдебиет курсын оқытудың дәстүрлі және электрондық оқыту әдістері қарастырылады.


  1. Курстың форматы

«Балалар әдебиеті» курсы қашықтықтан оқытудың желілік технологиясы бойынша оқытуға ұсынылған. Барлық материал студентке білім модулы түрінде әрбір оқу кезеңінде оқуға арналған.


  1. Курстың саясаты

Курстың компоненттеріне және оқып-үйренуге қойылатын негізгі талаптар:

  • студент білім беру порталын үнемі қарап, тәжірибелік жұмыстар мен СӨЖ талаптарын орындауда белсенділік танытуы тиіс;

  • студент конспект бойынша дәрістің теориялық материалдарын оқып үйренуі тиіс;

  • студент СӨЖ-ді кесте бойынша орындау тәртібін және берілген формада оқытушыға тапсыру ережелерін қатаң сақтауы тиіс;

  • өз бетінше кітапханада және үйде дайындық жасауы тиіс;

Тәртіпті бұзу немесе жұмыстарды тапсыру мерзімінен ауытқу үшін айыппұл салынады:

1-ші рейтинг бақылау қорытындысын шығару кезінде студенттің 7 апта бойынша жинаған ұпайлар саны есептелінеді.

2-ші рейтинг (қорытынды) бақылау қорытындысын шығару кезінде студенттің 8-15 апталар аралығында жинаған ұпайлар саны есептелінеді.

Егер 2-ші рейтинг бақылау бағасы 30 баллдан төмен болса, рейтингті жоғарылатуға жіберілмейді. Бұл жағдайда 2-ші РБ бағасы қорытынды бақылау бағасы болып табылады. Қорытынды рейтинг бақылау 15 аптада қойылады.

Егер қорытынды РБ нәтижесі бойынша рейтинг 30 баллдан кем болмаса, студент емтиханға жіберіледі.



Бекітілген мерзімнен кейін тапсырылған студент тапсырмалары қабылданбайды.


  1. Бағалау критерийлері

«Балалар әдебиеті» курсы теориялық курс болып табылады, сондықтан барлық тәжірибелік жұмыстарды, бақылаудың негізгі түрін құрайтын жеке тапсырмаларды орындау міндетті шарт болып табылады.

Дербес компьютерде жұмыс істеудің нәтижесінде алынған машықтар пән бойынша жеке тапсырмалардың орындалуының дұрыстығымен бағаланады.

Қорытынды бағалауға:

Ағымдық бақылау – 60%

Емтихан - 40%

Қорытынды бағалау келесі формула бойынша есептелінеді:



мұндағы: ИО - қорытынды бақылау;

Р1 – бірінші аралық бақылау бағасының сандық эквиваленті;

Р2 – екінші аралық бақылау бағасының сандық эквиваленті;

Е – емтихан бағасының сандық эквиваленті.

Қорытынды баға осы курс бойынша алған нәтижелерге сәйкес төмендегі бағыттар бойынша бағаланады:



  1. ағымдық бақылау (макс. балл-30)

  2. аралық бақылау (макс. балл-30)

  3. қорытынды емтихан (макс. балл-40)

Төмендегі кестеде оқытудың кредиттік технологиясымен жалпылама қабылданған, әріптік символдар қолданылатын, GPA – студенттің оқу жетістіктері деңгейінің орташа бағасын – анықтау үшін қажет бағалау жүйесі көрсетілген.

Оқу курсын бітіргеннен кейін қорытынды бақылау формасы – бақылау сұрақтарына жауап беру.




Бағалардың % бойынша шкаласы

Әріптік жүйеде бағалау

Ұпаймен сандық эквиваленті

Дәстүрлі жүйемен бағалау

95-100

А

4,0

Өте жақсы

90-94

А-

3,67




85-89

В+

3,33

Жақсы

80-84

В

3,0




75-79

В-

2,67




70-74

С+

2,33

Қанағаттанарлық

65-69

С

2,0




60-64

С-

1,67




55-59

D+

1,33




50-54

D

1,0




0-49

F

0

Қанағаттанғысыз




  1. Студенттердің білімін бақылау сұрақтары

1

Халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің бастауы

2

Халықтық бесік жырларының мазмұны

3

Бесік жыры мен тұсау кесу жырының көркемдік-эстетикалық табиғаты

4

Төрт түлік мал туралы өлеңдердегі халық даналығы

5

.Жаңылтпаш, өтірік өлеңдер және даналық сөздер – тіл дамыту құралы

6

ХІХ ғасырдағы қазақ балалар әдебиеті

7

Махамбет жырларының халықтық негізі. Ақын поэзиясындағы реалистік сипаттар.

8

. Ы.Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы.

9

Ыбырайдың өмірі мен ағартушылық қызметі, шығармаларының тәрбиелік мәні.


10

Қазақ балалар әдебиеті тарихында Абай Құнанбайұлының орны.

11

Абайдың балаларға лайықты өлеңдері

12

Қарасөздерінде халық ағарту мәселелерін көтеруі. Абайдың тәрбие мәселесіне байланысты педагогикалық көзқарастары

13

ХХ ғасыр басындағы қазақ балалар әдебиеті

14

Көрнекті балалар ақын-жазушылары

15

С.Көбеев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов шығармаларындағы ел, жер тағдыры, ұлттық сана түсінігі

17. А.Байтұрсыновтың қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесі.

18. “Қырық мысал”, “Маса” жинақтарының әлеуметтік санаға әсері.

19. “Тіл құралы”, “Әдебиет танытқыш” еңбектерінің қазақ тіл білімінің, әдебиеттану ғылымының негізін салуға қосқан үлесі.

20. Ж.Аймауытовтың ағартушылық, педагогикалық бағыттағы ғылыми еңбектерінің мәні.

21. Психология, әдістеме, эстетика саласынан жазған ғылыми еңбектерінің танымдық негізі.

22. Балалар әдебиетіне қосқан үлесі.

23. Қазақ кеңес балалар әдебиеті.

24. Қоғамдық-тарихи жағдай. Көрнекті балалар ақын-жазушылары.

25. Балаларға арналған туындылардың идеялық-тақырыптық негізі.

26. М.Әуезов және балалар әдебиеті.

27. Өмірі мен жазушылық қызметі.

28. “Жетім” әңгімесі мен “Көксерек” повестерінің көркемдік-эстетикалық табиғаты.

29. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы балалар әдебиеті.

30. Кеңес халықтарының ерлік істерінің балалар әдебиетіндегі көрінісі.

31. Негізгі тақырып, идея бірлігі, ұлттық рух көрінісі.

32. Ғ.Мүсіреповтің “Қазақ солдаты” романының тарихи-көркемдік ерек шеліктері.

33. Новеллаларындағы бала тағдыры үшін күрескен ана бейнесі.

34. “Қазақ солдаты” романының балалар әдебиеті тарихында алатын орны.

35. Бала психологиясы мен эстетикалық мұратын, ой-арманын бейнелеудегі жазушы шеберлігі.

36. Қазіргі балалар поэзиясы.

37. Қазақ әдебиетінің стиль, жанр, түр жағынан күрделенуі, түрленуі. Шығармашылық ізденістер.

38. Балалар әдебиетінің бағыты, басты міндеті.

39. Қ.Мырза Әли шығармаларының идеялық-тақырыптық негізі.

40. Балаларға арналған өлеңдерінің тақырып молдығы, мазмұн байлығы.

41. Ақын өлеңдерінің баланың танымдық қабілетіне әсері.

42. Қазіргі балалар прозасы.

43. Өмір шындығын көркемдік тұрғыдан игеру ауқымының кеңдігі, образдар табиғатының күрделілігі, адамгершілік-моральдық мәселелердің өткірлігі

44. Қазіргі балалар драматургиясы.

45. Балалар драматургиясындағы ұлттық рең, дәстүр мен жаңашылдық, стиль ерекшелігі.




  1. Каталог: ebook -> umkd
    umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
    umkd -> Қазақстан Республикасының
    umkd -> Қазақстан Республикасының
    umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
    umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
    umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
    umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
    umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
    umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған
    umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет