ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ ОРТА БІЛІМ
ДЕПАРТАМЕНТІ
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ДЕПАРТАМЕНТ ДОШКОЛЬНОГО И СРЕДНЕГО ОБРАЗОВАНИЯ
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларына Республикалық орта білім
беру ұйымдарына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті төмендегілерді хабарлайды: Құрбан айттың бірінші күні ағымдағы жылғы 1 қыркүйекте атап өтілетін болғандықтан Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 84-бабы 5-тармағына сәйкес оқу жылының басталуы 2 қыркүйекке ауыстырылады;
«Білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 531 бұйрығына сәйкес критериалды бағалау жүйесінің 1-11 сыныптарға арналған журналы бекітілген.
«Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 265 бұйрығымен жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бағалау жүйесі бекітілген.
Жаңа бағалау жүйесі және жоғарыда аталған журнал 2017-2018 оқу жылында 1,2,5 және 7 сыныптарда қолданылуы тиіс. Осыған орай, жаңа журналды сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру қажет.
«Орта білім беру ұйымдарында 2017 - 2018 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 19 маусымдағы № 292 бұйрығының қазақша нұсқасы басшылыққа алу үшін қоса беріледі.