Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде



бет1/9
Дата25.08.2017
өлшемі0,8 Mb.
#26036
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




ЖОБА 1

(«Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, «Nurorda» халықаралық мектеп-лицейі, Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Астана мен Алматы қалалары мектептерінің өкілдері)


Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде

үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі

әдістемелік ұсынымдар


  1. Жалпы ережелер

1. Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінде үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі осы әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – Ұсынымдар) үй тапсырмаларының көлемін, орындау уақытын анықтайтын, әдістемелік кабинеттердің, жалпы білім беретін мектептердің басшыларына, мұғалімдер мен ата-аналарға арналған құжат болып табылады.

2. Ұсыным Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген «Білім беру деңгейлері бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына» сәйкес әзірленді

3. Ұсынымдардың негізгі мақсаты – оқушылардың денсаулығын сақтау, үйдегі оқу жүктемесі көлемінің ұлғаюымен және қарқындылығымен байланысты оқушылардың аса көп жүктеме беруді болдырмау, сонымен қатар мұғалімдерге үй тапсырмасын ұйымдастыру мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету.

4. Үй тапсырмасы – зерделенетін материалды қайталау және тереңдетіп меңгеру, сондай-ақ оны тәжірибеде қолдану, шығармашылық қабілеттерін және оқу икемділігі мен дағдыларын жетілдіру бойынша мұғалімнің тапсырмаларын өздігінен орындау.
2. Үй тапсырмасын ұйымдастырудың әдістемелік негіздері
5. Үй тапсырмасының қажеттілігі негізделген болуы тиіс

6. Әр пәннің үй тапсырмасы басқа пән бойынша үй тапсырмасының болуымен және көлемімен келісіледі.

7. Жоғары сыныптарда сабақ сайынғы үй тапсырмасынан оқу тоқсанына арналған тапсырмалар (немесе тарауды аяқтағаннан кейін) жүйесіне өту мүмкіндігі қарастырылады.

8. Жекелеген пәндер бойынша оқудың бірнеше мақсаттары негізінде оқу жобалары нысанында үй тапсырмаларын ұйымдастыру ұсынылады.

9. Тапсырмаларды орындаудың мерзімдік шегі (үлгі жасау, жоба дайындау, киносценарий, қызықты оқиға, өз ертегісін жазу, есеп құру және т.б.) кем дегенде бір аптаны және бір оқушыға айына көп дегенде бір тапсырманы құрайды.

10. Бейнелеу өнері, музыка, өзін-өзі тану, технология, бастапқы әскери дайындық және дене шынықтырудан үй тапсырмасы сараланған нысанда беріледі.

11. Егер оқушы сабақта оқу мақсатына қол жеткізсе («біледі», «түсінеді», «қолданады», «талдайды», «бағалайды» және «синтездейді»), онда үй тапсырмасын орындау қажеттілігі шегеріледі.

12. Демалыста, мерекелік күндері, демалыс күндері (көркем әдебиетті, жалпы дамуға арналған анықтамалық әдебиетті оқудан, жобалық жұмыстан және математикалық мектептерге арналған есептерді шешуден басқа) үй тапсырмасы берілмейді.

13. Бақылау жұмыстарынан кейін үй тапсырмасы берілмейді.

14. Бірінші сынып оқушыларына үй тапсырмасы берілмейді (екінші жартыжылдықтан кейін мәтінді оқудан тапсырмалар берілуі мүмкін).

15.Үй тапсырмасын дайындау уақытын қысқарту мақсатында орта және жоғарғы сынып оқушыларына қатар сабақтар өткізуге болады

3. Оқу-тәрбие процесінің қатысушыларына үй тапсырмасын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар
Пән-мұғаліміне

15. Оқушылар үй тапсырмасы туралы сабақ үстінде, қоңырауға дейін ақпараттандыру.

16. Үй тапсырмасын орындау алгоритмі әр оқушыға түсінікті болуы тиіс (не істеу қажет және қалай істеу қажеттігі бәріне түсінікті).

17. Үй жұмысы сыныптағы тапсырмамен тығыз байланысуы тиіс, өзінің мазмұнына қарай өткен сабақтың қисынды жалғасы болып, келесі сабаққа дайындықтың негізгі болуы тиіс.

18. Сынып журналының «Үй тапсырмасы» бағанында тапсырманың мазмұны мен оны орындау сипаттамасы (оқу, мазмұндау, айтып беру, бақылау), тапсырманың және жаттығудың беті мен номері жазылады.

19. Үй тапсырмасын тексеруге арналған уақыт аралас типті сабақта 7-10 минуттан артық болмау керек.

20. Ауызша, жазбаша сараланған, шығармашылық, жеке, топтық үй тапсырмаларын орындағаны үшін сынып журналына баға қойылады.
Әдістемелік кабинет, әдістемелік кеңес/қауымдастықтың басшысына:

21. Үй тапсырмасын орындауды қажет етпейтін тақырыптарды анықтау.

22. Үй тапсырмаларының көлемі (барлық пәндер бойынша) оларды орындауға кететін уақыт 2-3 сыныптарда 45 минуттан, 4-5 сыныптарда 1 сағаттан, 6-8 сыныптарда – 1,5 сағаттан, 9-11 сыныптарда 2 сағаттан аспайтындай болуы тиіс.

23. Тапсырманы орындауға кететін уақыт бір пән бойынша келесі формуламен есептеледі (есептеу қоса берілген).



мұнда:


Т- бір сабаққа берілетін үй тапсырмасын орындаудың іздестіру уақыты (минут);

D – үй тапсырмаларын бір апта бойы орындау уақыты (1 күнге үй тапсырмасын орындау уақыты (31-тармақты қараңыз) * 5 (бір аптадағы оқу күндерінің саны минус 1 күн);

В – жекелеген пәннің шәкіл бойынша күрделілігі (1-қосымша) (балл);

S – аптасына барлық пәндер бойынша балдардың жалпы саны (1-қосымша).


Ата-аналарға (заңды өкілдеріне):

24. Жұмыс орнын қамтамасыз ету, күн тәртібін сақтау және т.б. бойынша үй тапсырмаларын орындауды ұйымдастыруда өз баласына қолдау көрсету.

25. Үй тапсырмасының уақтылы орындалуын қадағалау.

Сынып жетекшілеріне:

26. Оқушыларға асыра жүктеме түсіруді болдырмау мақсатында сынып жетекшісі үй тапсырмасының көлеміне бақылау жүргізуі тиіс, бақылау іріктімелі, бір оқу күнінің қорытындысы бойынша (қандай да бір күнге барлық пәндер бойынша үй тапсырмаларының жиынтығы есептеледі) жүзеге асыру.

27. Ана-аналарды (заңды өкілдерін) Ұсынымдармен, үлгілік күн тәртібімен, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырумен таныстыру.


Мектептердің басшыларына:

28. Мұғалімнің үй тапсырмасын ұйымдастыру жөніндегі қызметін үйлестіруді мектеп директорының орынбасарына іске асыру ұсынылады.

29. Мұғалімнің үй тапсырмасын ұйымдастыру жөніндегі қызметін басқарудың жиелілігі мен мерзімдері мектеп директорының бұйрығымен бекітілген мектепішілік бақылау жоспарында жыл сайын жазылады.

30. Мұғалімнің үй тапсырмасын ұйымдастыру мәселелері жөніндегі қызметін бақылау нәтижелері бойынша мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары анықтама әзірлейді.

31. Ұсынымдар мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналарға мәлімет үшін беріледі.

Қазақстан жалпы білім беретін мектептерде үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі Әдістемелік нұсқаулыққа

1-қосымша

Сивкова И.Г. бастауыш мектептегі пәндердің қиындық межесі




Пән

Балл саны

Пән

Балл саны

Математика, сауат ашу, орыс тілі (қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін)

Қазақ тілі (орыс тілінде оқытатын мектептер үшін)



11

Дене шынықтыру

5

Иностранный язык

10

Еңбекке баулу

4

Қазақ тілі, әдебиеттік оқу (қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін)

Орыс тілі, әдебиеттік оқу (орыс тілінде оқытатын мектептер үшін)



9

Бейнелеу өнері

2

Өзін-өзі тану, дүниетану

8

Музыка

1

Қазақ тілінде оқытатын 2-3–сыныпта пәндік тұрғыда 1 сабақ бойынша үй тапсырмасын орындауға жұмсалатын уақыт өлшемі






Оқу пәні

2-сынып

3-сынып

Пән қиындығы, балл (В)

Аптасына сағат мөлшері

Аптасына пәннің қиындық балы

1 сабақ бойы ҮТ орындау уақыты

Аптасына сағат мөлшері

Аптасына пәннің қиындық балы

1 сабақ ішінде ҮТ орындау уақыты







Апта ішінде ҮТ орындауға кететін шекті уақыты (D): 0,75 сағ х 5 күн = 3 сағ 25 мин

1

Математика

11

4

44

18 мин

5

55

15 мин

2

Орыс тілі

11










2

22

15 мин

3

Шет тілі

10

1

10

17 мин

1

10

13 мин

4

Әдебиеттік оқу

9

4

36

15 мин

4

36

12 мин

5

Қазақ тілі

9

4

36

15 мин

4

36

12 мин

6

7


Дүниетану Өзін-өзі тану

8

1

8

13 мин

1

8

11 мин

8

Дене шынықтыру

5

3

Ықпалдасқан сабақ арқасында 20 мин. резерві

3

Ықпалдасқан сабақ арқасында 17 мин. резерві

9

Еңбекке баулу

4

2

2

10

Бейнелеу өнері

2

1

1

11

Музыка

1

1

1













S=134







S=167




Қазақ тілінде оқытатын 4-сыныпта пәндік тұрғыда 1 сабақ бойынша үй тапсырмасын орындауға жұмсалатын уақыт өлшемі




Оқу пәні

4-сынып

Пән қиындығы, балл (В)

Аптасына сағат мөлшері

Аптасына пәннің қиындық балы

1 сабақ бойы ҮТ орындау уақыты







Апта ішінде ҮТ орындауға кететін шекті уақыты (D): 1 сағ х 5 күн = 5 сағ

1

Математика

11

5

55

20 мин

2

Орыс тілі

11

2

22

20 мин

3

Шет тілі

10

1

10

18 мин

4

Әдебиеттік оқу

9

4

36

16 мин

5

Қазақ тілі

9

4

36

16 мин

6

7


Дүниетану

Өзін-өзі тану



8

1

8

14 мин

8

Дене шынықтыру

5

3

Ықпалдасқан сабақ арқасында 22 мин. резерві

9

Еңбекке баулу

4

2

10

Бейнелеу өнері

2

1

11

Музыка

1

1













S=167






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет