Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә



бет1/2
Дата03.11.2022
өлшемі50,76 Kb.
#156426
  1   2
Байланысты:
Асеиай статистика
СӨЖ Асылзат тауартану, кмжкурс, Çàòòàð àëìàñóûíû? ñàòûëàðû. Çàò àëìàñóû ñàòûäàí ò?ðàäû ñàòû, Реферат Психология, 8 сынып жылу мөлшері

3.4. Әлеуметтік жұмыстағы дамудың экономикалық алғы шарттарын талдаңыз?
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың ең басты мақсаты» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында: « … қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы ілгерілеу серпіні – біздің экономикамыздың өркендеуінің, сындарлы әлеуметтік саясатымыздың және тұрақты саяси жүйеміздің тиімділігінің айқын айғағы» — деп көрсетілгендей, мемлекетте жүргізілген саясаттың нәтижесінде Қазақстанның аймақтары әлеуметтік-экономикалық дамуда ілгерілей бастады. Республикамыздың әрбір аймағы еліміздің шаруашылық кешенінде белгілі бір орынды ала отырып, осыған қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрайды. Сондай-ақ әр аймақтың өзіндік табиғи ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар. Соған байланысты аймақтық саясат қалыптастырылып, жүзеге асырылады. Аймақтық саясатты жүзеге асыруда мемлекеттік басқару мәселесі ерекше маңызға ие болары ақиқат. Бүкіл әлемде мемлекеттік басқару тиімділігін көтеру міндеті үлкен мәнге ие болуда. Бірақ барлық мемлекеттер қолдану үшін оңтайлы болып табылатын әмбебап үлгі жоқ, әрбір мемлекет тарихи дамуының белгілі бір кезеңінде өзінің ұлттық ерекшеліктеріне сай келетін ыңғайлы үлгіні жасақтауы тиіс. Мұның барлығы да өз еліміздің және шет мемлекеттердің даму тәжірибелерін тереңірек талдау, ой елегінен өткізу міндеттерін жүктейді. Қазіргі кезеңде негізгі шаруашылық қызметтің аймақтарда жүзеге асырылатындығын ескерсек, оларға әлеуметтік –экономикалық мәселелерді өздігінен шешуге лайықты қаржылық дербестіктің берілуі маңызды болып табылады. Осымен байланысты бүгінгі таңда мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктерді ажырату, бюджетаралық қатынастарды реттеу мәселелері еліміз аймақтарының экономикалық өсуіне мүмкіндік беретін негізгі шарттар ретінде қарастырылуда. Осы аталып өткен мәселелер дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға негіз болды.
3.5. Мемлекеттік экономикалық кепілдіктер жүйесін сипаттаңыз.
Өндірістің төмендеуімен, инфляциямен және уақыт кезеңіне сай нарықтық экономикаға көшумен сәйкес сипатталатын еліміздегі экономикалық дағдарыстың созылуы мемлекеттің өзіне тән қызметтерін атқармауына байланысты деп негізделген. Мемлекетке келесі міндеттер жүктелген.
1.Құқықтық негізді құру. Құқықтық негізсіз экономика, жалпы қоғам дұрыс дамымайтыны белгілі. Мемлекет меншіктік құқықты анықтайтын, кәсіпкерлік қызметті реттейтін, өнім сапасын қамтамасыз ететін және т.б. заңдарды құрастырады және қабылдайды. Құқықтық негіз көмегімен мемлекет кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің ара қатынасын реттейтін “ойын ережесін” қамтамасыз етеді.Елдегі құқық ережелерін және оның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Мемлекет әрбір азаматтың, жалпы қоғамның және нарықтық экономиканың барлық субъектілерінің құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Егер мемлекет міндетті қызметін атқамайтын болса, онда криминалды жағдайдың дамуына шектеулер қойылады: кәсіпорын қызметі мен жалпы экономикаға әсер ететін коррупция, мафия, пара алу және т.б. қылмыстарғаЭкономиканың тұрақтануы. Экономиканың тұрақтануы экономиканың тұрақты дамуы деп түсіндіріледі, яғни негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер оптималды деңгейге жетіп тұрақталса: ЖҰӨ көлемі және ұлттық табыс, инфляция және жұмыссыздық деңгейі, бюджет дифициті. Экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін мемлекет барлық рычагтарын және сәйкес фискалды, қаржы-несиелі, ғылыми-техникалық және инвестициялық саясат жүргізу жолы саясатының әдістерін қолдануға міндетті. Егер мемлекет экономиканың тұрақтылығына құлшынбасы, онда ол кәсіпкерлік қызметке, елдің жалпы экономикасына, әлеуметтік жағдайға және т.б. процесстерге әсер етуі мүмкін. Әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету. Мемлекет барлық жұмысшыларға минимум жалақы, зейнетақы, жұмыссыздыққа берілетін қаражаттар, сонымен қатар, инфляцияға байланысты фиксирленген табыс индексін жүзеге асыру жұмыстарының кепілдігін қамтамасыз ететін мәні бар активті әлеуметтік саясатты жүргізуі міндетті. Бұл саясатты жүргізе отырып мемлекет елдің минималды өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуі керек.Бәсекелестікті қорғау. Нарықтық экономикада бәсекелестік негізгі реттеуші элементтердің бірі болып табылады. Ол өндірушілерді тауар мен қызмет көрсетулерге жаңа технологияны ендіруге, өнім сапасын арттырып, өндіріс шығындарын төмендетуге міндеттейтін экономиканың барлық саласындағы негізгі прогресс болып табылады. Сондықтан мемлекет өзінің барлық күшімен бәсекелестікті қорғауға міндетті. Бәсекелестік кезінде сатып алушылар- иегерлер, нарық- олардың агенттері, ал кәсіпорын олардың құлы. Монополия кезінде жағдай тез өзгереді, сатыпалушы иегердің орнына құл болады.Шаруашылық заңдылықтарды құрастыру, қабылдау және орындалуын ұйымдастыру. Яғни, кәсіпкерліктің, салық салымның, банктік жүйенің құқықтық негізі. Осы және басқа қызметтерді орындау үшін мемлекет өзінде бар ресурстар мен рычагтарды барынша қолдануы керек. Кәсіпкерлік қызметінің, мемлекеттің экономикасын көтеру мен тұрақтандырудың қалыпты жағдайын жасау үшін экономикалық сияқты әкімшілік әдістері орындау кезіндефиксалды, несиелі – қаражаттық, ғылыми – технологиялық инвестициялық, бағалық, автоматты және т.б. саясаттың түрлері жүргізу керек.Мемлекеттің фискалды саясаты. Мемлекеттің фискалды саясаты болып экономиканың тірілуі мен тұрақтануы мақсатында мемлекеттік бюджет пен салықсалуды реттеу табылады. осы рычагтардың көмегімен кәсіпкерлік қызмет пен ел экономикасына мемлекеттің әсер ету механизмі келесімен аяқталады. өндірістің құлдырауы кезінде жалпы сұраныстың жоғарылауы үшін мемлекет қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және әртүрлі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға өз шығындарын жоғарылатады. Мемлекет экономикасының жоғарылауына өз табыстарын азайту жолымен де әсер етуі мүмкін, яғни халықтан және кәсіпорындардан алынатын салықты азайту. Бұл жағдайда халықтың тұтынушылық тауарларына сұранысы жоғарылайды, ал нәтижесінде экономиканың тірілуіне әкелетін кәсіпорынның инвестициялауға мүмкіндігі жоғарылайды. Қаржылы-несиелі саясат деп мемлекеттің банктік проценттер мен ақша массасын және несиелерді мемлекеттік басқару түсіндіріледі. Бюджеттік саясаттан несиелі-ақша саясаты жақсы қару болып саналады , оның көмегімен өндірістің құлдырауы мен инфляцияға сәйкестігін жеңе білуге болады. Бұл саясаттың мәні мемлекет ақша массасына және пайыздық ставкаларға әсер етеді, ал олар тұтынушылық және инвестициялық сұранысқа әсер етеді. Несиелі-ақша саясатында басты рольге Қазақстанның Ұлттық банкі ие болады. Экономикалық жағдайларға байланысты пайыздық ставкаларды реттей отырып, ол коммерциялық банктерге несие беруді шешеді.
3.6. Минималды әлеуметтік стандарттардың мәні неде?
Экономикалық механизмге деген қажеттілік ұдайы өндіріс циклінде әлеуметтік- экономикалық аспектісінің біртұтастығын сақтауын қажет етеді. Сондықтан , экономиканы дамыту саласында қандай да бір басқарудың шешіміне практикалық қызметі халықтың материалды және мәдени тұрмысын қамтамассыз етуімен бағалануы тиіс. Әлеуметтік даму көрсеткіші тұрғын үй проблемасын шешумен халықтың рухани қажеттілігін қамтамассыз ету арқылы еңбек етуіне әсер етеді. Сондықтан, экономикалық- әлеуметтік шаруашылық салаларының тепе – теңдігін ұстау маңызды болады. Ол мемлекет пен демографиялық ұдайы өндіріс арасындағы кәсіпорынмен жергілікті өзін — өзі басқару органдарының экономикалық жүктеулерді тарату арқылы әлеуметтік әділеттілікті тудыруы қажет. Дәл осы кезде өндіріс шығынымен байланысты шыѓындардың толық көрсетілуі қажет. Бұл республиканың демаграфиялық жағдайына еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға демеу жасайды және көп еңбек етуді төмендетіп, ғылыми – техникалық прогресстің дамуына жол ашады. Сонымен бірге әлеуметтік бағдарламалар екі маңызды қаржылық ресурстарды қамтиды. Олар: қаржы – несие жүйесі және жергілікті бюджет.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет