Туризм географиясының ғылым ретінде дамуының тарихы ертеден басталады. Оның тарихы да өзге ғылымдар сияқты фактілермен, оқиғалармен, есімдермен бай. Ол ХІХ ғасырдың аяғында пайда болып, осы қалпында қалыптасты. Қоғамдық қарым-қатынас пен техника және технологияның қарқынды даму кезеңінде – ХХ ғасырдың екінші жартысында туризм гүлдене дами түсті. Бүгін де туризм ірі капиталдарды, негізгі қаражаттарды және еңбек ресурсының ауқымды бөлігін іске қосқан, әлемдік валдық өнімнің 11 пайызына дейін орын алып отырған ірі әлемдік сала. Бұл жаһандану деңгейдегі салмақты саясат, үлкен ақша және ірі бизнес болып саналады. "Туризм" және "турист" деген терминдер әдебиет беттерінде ХВЫЫ ғасырдың соңында пайда болды, ХЫХ-ХХ ғасырларда кең қолданыла бастады. Солай бола тұрса да, ең алғаш бұл сөз ХВЫЫЫ ғасырда Британ аралында осы елге келетін Англия жастарының саяхатын анықтау үшін қолданылды. Франция, Англия, Германия жастарының оқуларын толықтыру үшін жіберіліп тұрды. Туризм географиясы облысына еңбегін сіңіріп, атағы шыққан В.С.Преображенскийдің айтуынша, "туризм" термині арқылы мынадай негізгі түсініктер беріледі:
демография мен халық географиясы оқитын халық қозғалысының ерекше түрі
экономика мен экономикалық географияменайналысатын халықтың әлеуметтік-мәдени қажеттілігін өтейтін салалардың бірі
социология мен рекреациялық географияайналысатын тұрақты жерден бос уақытты өткізудің түрі
Туризм өзінің масштабтарымен,көпшілігімен,халықаралық және әлеуметтік сипатымен қоғам өмірінің әлеуметтік және экономикалық жағдайларына әсер етеді, ол ғылымның зор көңілін аударып, маңызды қоғамдық-экономикалық құбылысқа айналып, тереңдеп бара жатыр. Туристік демалысты қайда және қалай ұйымдастыру, саяхаттарға көңілді қалай аударту, туримзде қызықты және пайдалы не бар, ол құбылыс қай экономикалық, әлеуметтік және табиғи себептерге байланысты, адам мінез-құлқының қай мотивтері адамдарға бос уақытын өткізудің осы формасын таңдатады, ол құбылыстың ел шаруашылығы мен оның бөлек аймақтарының шаруашылығына әсері қандай – осы мәселелерді бүгін туризмология ғылымы зерттеп отыр.
Сонымен қатар, келесі жағдайды ескеру қажет. Туризмнің шаруашылық саласы ретінде дамуы мемлекеттердің тұрақты даму стратегиясымен тығыз ұласады. Әлеуметтік-экономикалық дамудың катализаторы болып табылатын бұл күрделі құрылымды сала табиғатты экономикалық мақсатта тиімді пайдаланудың негізінде адамдар өмірінің жоғары деңгейін қамтамасыз ете алады.
Қазіргі шақта туризмде ғаламдандыру процесі жүріп жатыр, оған Қазақстан да еніп отыр.
Сондықтан туризм кешенді әлеуметтік-экономикалық және кеңістік құбылыс ретінде пәнаралық зерттеулер объектісіне айналды. Қазіргі таңда туризмологияның қалыптасуы жүріп жатыр деуге болады,оның дамуына экономика, әлеуметтану, құқықтану, медицина, сәулет өнері, көптеген басқа табиғи, гуманитарлық және техникалық ғылымдар да өз үлесін қосып отыр. Бірақ ол пәндердің әрқайсысы туризмді өз тұрғысынан зерттейді. Сондықтан туризмологияның дамуы – монопәндік көзқарастардан туризм туралы жүйені білімге апаратын жол.
Туризмологияны туризм туралы ілім деп айтуға болады, өйткені ол туризмді біртұтас жүйе ретінде бейнелеп, зерттеп отырады. Рекреациялық географиямен қатар туризм географиясының мәселелерін шешіп, туризмология туризмнің теориялық негіздерін құрайды.
Туризм әлемнің көптеген елдерінің баса көңіл аударарлық шаруашылық салаларының бірі болып отыр. Ол әлеуметтік-экономикалық дамудың катализаторы бола отырып, негізгі шаруашылық секторларына ( көлік, байланыс, ауыл шаруашылық, құрылыс және т.б ) үлкен әсерін тигізеді.
Шаруашылық саласы ретінде туризмнің дамуы елдердің тұрақты даму стратегиясымен күннен күнге байланусыда. Әлеуметтік-экономикалық дамудың катализаторы болып табылатын, құрамы жағынан бұл күрделі сала, экологиялық тұрғыда табиғатты мақсатты түрде қолдану негізінде адамдар өмір сүрудің жоғарғы сапада болуын қамтамасыз етуі мүмкін. Біздің көзімізше, ақырындап алға жылжып келе жатқан біздің Қазақстанда туризм өзектілік процесін бастап кешіруде. Сондықтан туризм кешенді әлеуметтік-экономикалық және кеңістік құбылыс ретінде пәнаралық зерттеулер объектісіне айналды. Яғни, туризмология (рекреалогия) ғылымының қалыптасуы жүруде және оның дамуына мынадай пәндер өз үлестерін қосуда. Рекреациялық география және туризм географиясы – қоғамдық (әлеуметтік-экономикалық) географияның салалық пәндері. Демалыс географиясы туралы түсінік.
Рекреациялық және туризм географиясын зерттеудегі объекті мен пәндегі айырмашылықтар мен ұқсастықтар. Рекреациялық география және туризм географиясы - ұғымдар арақатынасы. Туризм географиясында қолданылатын негiзгi түсiнiктер мен атау сөздер.
«Туризм» және «турист» атау сөздерінің шығу тегі. Туризм және туристер туралы қазіргі көзқарастар. Туризмнің жұмыстық және концептуалдық дефинициялары. Саяхаттаушы тұлғалар және уақытша келушілер. Демалыс және туризм дамуының алғышарттары мен ресурстары және рекреациялық потенциалы туралы түсінігі. Туристік-рекреациялық ресурстардың «аттрактивтілігі». «Рекреацияның шаруашылық потенциалы», туристік территориялардың таксономиялары туралы түсінігі. Туристік инфрақұрылым және туристік шаруашылық.
Туризм географиясы ғылым ретінде. Туризм географиясы – әлеуметтік-экономикалық (қоғамдық) географияның жаңа саласы. Туризм географиясының зерттеу объектісі мен пәні. Туризм географиясының мақсаттары мен міндеттері. Туризм географиясының әдістемелік өзінділігі. Мәселелердің үш тематикалық топтары: туризм дамуы үшін географиялық кеңістіктің жарамдылығы; туристік қозғалыс кеңістік әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде; интегралдық критерийлер негізіндегі туристік құбылыстардың кеңістік классификациясы. Туризм географиясы географиялық және басқа ғылымдар жүйесінде. Географияның соғысқа дейінгі және соғыстан кейінгі кезеңдердегі орны туралы пікірталас. Туризм географиясының ғылыми байланыстар ендігі, оның себептері. Туризм географиясының жаратылыстану, қоғамдық, техникалық ғылымдармен байланысындағы ерекшеліктер. Туризм географиясының жоспаралды және жобалар дайындауға қатысуы.
Туризм географиясының ТМД елдері мен Қазақстандағы даму деңгейі. Қазiргi туризмнiң классификациясы
Қазiргi туризмнiң классификациясы, оның күрделілігі жалпыға бірдей көзқарастардың жоқтығы. Бұл классификацияның маңызы. Саяхат мақсатынан шығып отырған туризм классификациясы туралы сұрақтың талқыналулығы. Рекреациялық, іскерлік, діни, этникалық туризм. Жалпылық, элитарлық,коммерциялық, әлеуметтік, ұйымдасқан, өзіндік, белсенді және белсенді емес, көліктік және экологиялық туризм.