Қазақстан тарихы кафедрасы Силлабус күзгі семестр 2019-2020 оқу жылы Курс туралы академиялық ақпарат



Дата04.10.2019
өлшемі24,63 Kb.
#49235
Байланысты:
Силлабус

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тарих, археология және этнология факультеті

Қазақстан тарихы кафедрасы

Силлабус
күзгі семестр 2019-2020 оқу жылы
Курс туралы академиялық ақпарат


Пән коды

Пән атауы

Түрі

СӨЖ


Аптасына сағат саны

Кредит саны

СОӨЖ

Лек

Практ

Зертх.

ККZT 1101

Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы

98

15

30

-

5

7

Дәріскер


Сайлан Болат Санабайұлы

т.ғ.д., профессор


Офис-сағаттар


Кесте бойынша

e-mail

E-mail: b_sailan1967@mail.ru

Телефоны

Телефон: 3373338, 12-86 (12-87)

Аудитория

413




Курстың академиялық презентациясы


Курстың мақсаты: Қазақстанның қазіргі заман тарихының негізгі тарихи кезеңдері туралы шынайы, толық білім беру; мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, тарихи-мәдени үдерістердің үздіксіздігі мен сабақтастығына білім алушылардың назарын аудару.

Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді:

1) Қазақстанның қазіргі заман тарихы оқиғаларының барысы мен салдарын тарихи сипаттау мен талдау тәсілдерін меңгереді;

2) қазіргі қазақстандық даму моделінің ерекшеліктерін және маңыздылығын дәлелдеу;

3) мәдениетаралық коммуникацияның практикалық әлеуетін анықтау және Қазақстанның рухани мұрасының терең тамырларына ұқыпты қарау;

4) қазақстандық бірегейлік пен патриотизмді қалыптастырудағы тарихи білімнің іргелі рөлін негіздеу;

5) қоғамның өзіндік азаматтық көзқарасын өзаракелісушілік, толеранттылық және демократия құндылықтарының басымдылығы арқасында қалыптастыру.






Пререквизиттер мен кореквизиттер

Орта және арнайы білім беру бағдарламасының көлеміндегі әлемдік және отандық тарих

Мәдениеттану, психология, педагогика, философия, саясаттану және әлеуметтану






Әдебиеттер және ресурстар

Әдебиеттер:

1. Движение Алаш. /Сборник документов и материалов./Алаш қозғалысы. /Құжаттар мен материалдар жинағы 1905-1917 жж./. 1-4 тт. - Алматы, 2004, 2005, 2010.

2. Қазақстан тарихы: Лекциялар курсы. – Алматы: Нұрпресс, 2011.

3. Қазақстанның қазіргі заман тарихы. Хрестоматия. (1917-1939). 1 т. - Алматы: Қазақ университеті, 2007.

4. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. – 4 кітаптан тұратын оқулық. - Алматы: Қазақ университеті, 2016.

5. Ұлы Дала тарихы: учебное пособие. – Астана: Zhasyl Orda, 2015.

6. Тәуелсіз Қазақстан тарихы: Хрестоматия. – Алматы: Қазақ университеті, 2013.

7. Алашорда. Фотоальбом. – Алматы: «Орхон» баспа үйі, 2012.

8. Омарбеков Т.О. Голодомор в Казахстане. Хрестоматия. – Алматы: Қазақ университеті, 2013.

9. Койгелдиев М.К. Сталинизм и репрессии в Казахстане 1920-1940-х годов. Алматы, 2009.

10. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. 12 сәуір 2017 жыл. Ұлы Даланың жеті қыры. 21 қараша 2018 жыл. http://www.akorda.kz

11.Сындарлы коғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі. ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2 қыркүйек 2019 жыл. http://www.akorda.kz

Интернет-ресурстары:

http://www.akorda.kz

http://www.rkcntidad.kz

http://www.ncai.kz

http:elibrary.ru





Университеттің моральды-этикалық құндылықтары контекстіндегі академиялық саясат


Академиялық тәртіп (мінез-құлық) ережесі:

Сабақтарға міндетті қатысу, кешігуге жол бермеу. Оқытушыға ескертусіз сабаққа келмей қалу немесе кешігу 0 баллмен бағаланады.

Тапсырмалардың, жобалардың, емтихандардың (СӨЖ, аралық, бақылау, зертханалық, жобалық және т.б. бойынша) орындау және өткізу мерзімін сақтау міндетті. Өткізу мерзімі бұзылған жағдайда орындалған тапсырма айып баллын шегере отырып бағаланады.

Академиялық құндылықтар:

Академиялық адалдық және тұтастық: барлық тапсырмаларды орындаудағы дербестік; плагиатқа, алдауға, шпаргалкаларды қолдануға, білімді бақылаудың барлық сатысында көшіруге, оқытушыны алдауға және оған құрметсіз қарауға жол бермеу. (ҚазҰУ студентінің ар-намыс кодексі).

Мүмкіндігі шектеулі студенттер Э- b_sailan1967@mail.ru бойынша кеңес ала алады.





Бағалау және аттестациялау саясаты


Критериальді бағалау: дескрипторларға қатысты оқу нәтижелерін бағалау (аралық бақылау мен емтихандардағы құзыреттіліктің қалыптасуын тексеру).

Суммативті бағалау: сабаққа қатысу мен белсенділікті бағалау; орындалған тапсырманы бағалау.







Сіздің жалпы бағаңыз формула бойынша есептелінеді:

(РК1+МТ+РК2/3)х0,6+(ИЭх0,4).






























Оқу курсы мазмұнын жүзеге асыру күнтізбесі:







Пәннің құрылымы




Апта

Тақырыптың атауы

Сағат саны

Максималды балл




1

1-дәріс. Пәнге кіріспе.

1практикалық сабақ.

Тарихи жады негізіндегі мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірегейлік.

"Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы" тақырыбы бойынша рефлексиялық эссе жазу.

СОӨЖ кеңес беру


1
2

15





2

2-дәріс. Қазақстандағы тәуелсіздіктің тарихи алғышарттары: ұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері.

2 практикалық сабақ.

Азаттық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы мен ұлт зиялыларының қызметі

"Саяси партиялар: большевиктер, кадеттер, әлеуметтік революционерлер, "Алаш", "Үш Жүз", "Шуро-и Исламия", "Шуро-и-улемия" және т.б. тақырыптар бойынша ғылыми-зерттеу жобасын әзірлеу.


1

2

15





3

3- дәріс. Азаматтық-саяси қайшылықтар.

3 практикалық сабақ. Қазақстандағы кеңестік биліктің әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерінің ерекшеліктері.

СОӨЖ қабылдау.

1 СӨЖ. "Қазақстандағы 1921-1922 жж., 1931-1933 жж. аштықтар: құжаттар, статистика, ақпарат" деректер бойынша контент- талдау дайындау.

1

2

15

25





4

4- дәріс. Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы.

4 практикалық сабақ.

Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығының күштеп бұзылуының салдары.

Тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жобасын әзірлеу: "Білім беру жүйесіндегі кеңестік үкімет реформаларының қарама-қайшылықтары: қазақ тілінің араб таңбасынан кириллицаға ауысуы және А. Байтұрсынов бастаған топтың реформаларға қарсылық көрсетуі"


1
2

15






5

5- дәріс. ХХ ғасырдың екінші жартысы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен зардаптары.

5 практикалық сабақ.

Кеңестік қоғамның саяси және әлеуметтік-экономикалық дағдарысы.

Тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жобасын әзірлеу: "Адам құқықтарын шектеуге бағытталған, қоғамдық өмірдегі партиялық бақылаудың күшеюі: кәсіби тарихшы Е.Б.Бекмахановтың Кеңесары Қасымов бастаған көтеріліс тарихын зерттеуі бойынша "әділетсіз" айыпталуы".

СОӨЖ кеңес беру


1
2

15





1АБ (Аралық бақылау).




100




6

6- дәріс. Қазақстандағы "қайта құру" саясатының сипаты.

6 практикалық сабақ.

Қазақстандағы орталыққа карсы күштер мен ұлттық сананың өсуі.

Келесі тақырып бойынша эссе түріндегі рефлексия: "Тарихи шынайылықтың әсерінен тұлғаның түрлену үдерісі".


1
2

10





7

7- дәріс. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының қалыптасуы.

7 практикалық сабақ.

Қазақстанның ұлттық қайта жаңғыруы және демократиялық құқықтық мемлекеттің құрылуы.



СОӨЖ қабылдау.

2 СӨЖ. Тақырып бойынша эссе түріндегі рефлексия: "Мәдени-тарихи мұрадағы және патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы".

1

2

10

25





8

8- дәріс. Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі

8 практикалық сабақ.

Қазақстан Республикасының экономикалық реформаларының жаңғыруы кезеңдері мен ерекшеліктері.

"Экономикалық дамудың кластерлік принципі" - елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру" тақырыбында бағдарлама немесе жоспар әзірлеу.

СОӨЖ кеңес беру


1

2

10





9

9-дәріс. Әлеуметтік жаңғыру – қоғамның әл-ауқат тірегі.

9 практикалық сабақ.

Қазақ қоғамына сапалы өзгерістер алып келген әлеуметтік реформалар мен оның нәтижелері.



СОӨЖ қабылдау.

3 СӨЖ. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру" тақырыбы бойынша бағдарлама немесе жоспар әзірлеу

1
2

10

25






10

10-дәріс. Этнодемографиялық үдерістер мен ұлтаралық келісімнің нығаюы.

10 практикалық сабақ.

Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық келісімді нығайтудың маңыздылығы мен жолдары.

Контент-анализ: "Қазақстандағы санақ деректері бойынша этнодемографиялық өзгерістер".


1

2

10





2 АБ (MТ)




100




11

11- дәріс. Рухани жаңғыру және қоғамдық-саяси дамудың келешегі.

11 практикалық сабақ.

Қазақстандық қоғам құндылықтарының жаңа жүйесі, ерекшеліктері мен өзгешелігі.

"Мемлекеттік бағдарламалар-Қазақстанның болашақ дамуының кепілі" тақырыбы бойынша бағдарлама немесе жоспар әзірлеу.

СОӨЖ кеңес беру


1

2

15





12

12-дәріс. Ұлы Дала еліндегі жаңа тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру саясаты.

12 практикалық сабақ. Тарихи жадының сақталуы - тұлғаның сана-сезімінің негізі мен қазақстандық бірігейліктің дамуы ретінде.

Эссе: "Қазіргі заман жағдайында қазақ халқының ауызша мұрасы (тарихи дәстүрлер) мен жазбаша тарихнаманы (Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Қасымұлы Жалайырдың шығармаларын) зерттеу".



1
2

15






13

13-дәріс. Қазақстан – замануи әлем мойындаған ел

13 практикалық сабақ.

Әлемдік және аймақтық мәселелерді шешу бойынша Қазақстан Республикасының қызметі.



СОӨЖ қабылдау.

4 СӨЖ. Қазақстанның ядролық қарусыз әлем үшін бастамалары және қазіргі заман талабына сай қауіпсіздігі мен әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары, Интернеттегі әлеуметтік желілердің жарияланымдарын талдау.

1
2

15

25






14

14- дәріс. Н.Ә. Назарбаев – тарихтағы тұлға.

14 практикалық сабақ.

Мемлекеттік басқару теориясы мен тәжірибесіне Тұңғыш Президенттің қосқан үлесі.

"Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың еңбектеріндегі адамзаттың өткені, бүгіні және келешегі туралы" рефлексиялық эссе жазу.


1

2

15





15

15- дәріс. Ортақ болашағы бар ұлттың қалыптасуы

15 практикалық сабақ.

Астана - Қазақстан жаңаруының, оның көп ұлтты халқын қалыптастырушы энергиясының символы.

Жоба дайындау:"Рухани жаңғыру" бағдарламасын Қазақстан Республикасының өңірлерінде іске асыру".


1
2

15








3 АБ. (Аралық бақылау)




100







Мемлекеттік Емтихан (МЕ)




100







Барлығы




100

Декан М.С. Ноғайбаева

Методбюро төрайымы Ұ.М. Джолдыбаева

Кафедра меңгерушісі Б.Б. Кәрібаев



Дәріскер Б.С. Сайлан

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет