Қазақстан тарихы пәні. Билет жауаптары «Қазақстан тарихы»



бет1/8
Дата20.11.2023
өлшемі208,33 Kb.
#192038
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Қазақстан тарихы пәні сессия
Тыныс сро, Антибиотиктер, 1.Еңбек жағдайл-WPS Office, 1212, 3-апта СӨЖ Беккали, көші қон, патан тест рк база, Документ Merey, философия, 1. Қазақстан Ре-WPS Office, 8апта социология, серозды туберкулез Шакен Э 13-2, Бақылау сұрақтары мен есептер, Фарма, Микро бөж 3сабақ Шакен Э

Қазақстан тарихы пәні. Билет жауаптары

  1. «Қазақстан тарихы» курсының мақсаты мен міндеттері. Тарихи үдерісті кезеңдеу.

1)«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің негізгі мақсаты – отандық тарихтағы негізгі оқиғалардың мазмұны туралы ғылыми дәлелденген фактілер негізінде міндетті толық білім беру, тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен сабақтастығын дәлелді көрсету, рухани мұрагерліктің терең тамырларын, бұрынғы ұрпақтың қажырлы еңбегін, халықтың жеке тұлғаларын, тарихи тәжірибені және ұлттық дәстүрлерді құрметтейтін жастардың ұстанымын қалыптастыру.
Осыған байланысты төмендегідей міндеттер қойылады:
- студенттерді қазіргі тарих ғылымының жетістіктерін пайдалана отырып, хронологиялық тәртіпке сай ауқымды және нақты материалдармен таныстыру;
- проблемалық дәрістер әдісін қолдану жолымен студенттерді шығармашылық ойлауға жаттықтыру;
- Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының гуманитарлық пәндер жүйесіндегі орнын, оның объектісі мен пәнінің ерекшеліктерін, ең өзекті проблемаларын анықтау;
- бүгінгі тарих және тарих ғылымының рөлі, оның салалары мен бағыттары, тарихтың белгілі кезеңдеріндегі әлеуметтік және саяси проблемалар туралы түсінік қалыптастыру.
Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңделуін төмендегіше жазуға болады:
1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағыұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері.
2. Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі.
3.Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы.
4.ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалар.
5.ТәуелсізҚазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының қалыптасуы.
6. Қазақстан - замануи әлем мойындаған ел.
Қазіргі тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеудегі негізі деректер, құжаттар мен материалдар:
- Республиканың басым бағыттары мен даму нәтижесін, мақсат-міндеттерін айқындайтын мемлекет басшысының жарғылары, жолдаулары, баяндамалары, сөйлеген сөздері;
- Парламент тарапынан қабылданған заңнамалық құжаттар;
- Еліміздің ішкі және сыртқы дамуын, Қазақстан дамуының саяси-өңірлік, әлеуметтік экономикалық қырларын нақтылайтын үкіметтік қаулылар мен құжаттар;
- Атқарушы биліктің орталық және өңірлік органдарының құжаттары, түрлі деңгейдегі мәжілістер материалдары;
- Азаматтық қоғам институттарын, саяси партиялардың, шетел сарапшыларының ұстанымдарын бейнелейтін материалдар;
- Тәуелсіз Қазақстанды құруға ат салысқан тұлғалардың естеліктері; - Әлеуметтанулық сауалнамалар материалдары мен статистика мәліметтері;
- Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша қазақстандық және шетел ғалымдарының тұжырымдамалық және іргелі еңбектері;
- Мерзімді басылым материалдары;
- Өзекті мәселе бойынша интернет-қорлары.

  1. Қазақстан тарихының тарихи деректері мен тарихнамасы.

Қазақстандық тарих ғылымының дамуы, тарихи зерттеулердің сапасы мен тиімділігінің артуы, олардың қоғамдық дамудың әлеуметтік-саяси және мәдени-тәрбиелік мазмұнына ықпалы белгілі бір дәрежеде тарихнамалық зерттеулермен анықталатындығы белгілі. Сондықтан да қазіргі таңдағы отандық тарих ғылымының дамуы мен өсуін бағамдау мақсатында қазақстандық тарихнама мен олардың әдістемелік зерттеулерінің қалыптасуының өзіндік тарихы бар.

Қазақстан тарихнамасы саласы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының кең көлемде жүргізіле бастауы, сондай-ақ Қоғамдық ғылымдар секциясы мен КСРО Ғылым академиясының Тарих бөлімінің бастамасына орай ҚазКСР Ғылым Академиясының Президиумы 1978 жылы 7 қыркүйектегі № 131 қаулысымен Институтта "Қазақстанның тарихнамасы бөлімін құру туралың қаулысын қабылдайды. Осы жылдың 25 қазанынан бастап құрамында 5 ғылыми-техникалық қызметкері бар бөлім сол кездегі ҚазКСР Ғылым академиясының вице-президенті, академик Байдабек Ахметұлы Төлепбаевтың жетекшілігімен өз қызметін бастайды. Бөлімнің осы алғашқы құрамында аға ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты С.Б. Нұрмұхамедов, кіші ғылыми қызметкерлер - Р.В. Колдобская, Л.Н. Катасонова және лаборант В.А. Замаревалар болды. Институтта бөлімнің ашылуы өз тарихнамашы кадрларымызды дайындаудың игі бастамасы болды. Бөлімнің алғашқы тобында қызмет еткен аға ғылыми қызметкер В.К. Янулов КСРО ҒА Ленинградтық бөлімшесінің Ғылыми кеңесінде, аспирант Н. Әлімбаев "тарихнамаң мамандығы бойынша кандидаттық диссертацияларын сәтті қорғайды.


Бұл қаулының қабылдануына түрткі болған басты себеп 1976-1979 жылдар аралығында жүргізілуге тиіс мемлекеттік тапсырыстағы "Қазақстанның тарихнамасы" атты Қазақстан тарихының өзекті мәселелері бойынша тарихи ойлардың дамуын зерттеудің алғаш рет қолға алынуы екендігін атап өткен жөн. Аталған тақырыптың мәдени революция кезеңдерін, оның басты мәселелерін, әсіресе халық ағарту және ғылым тарихы, зиялы қауымның қалыптасуы мен мәдени-ағарту жұмыстарының тарихын зерттейтін маңызды "Қазақстандағы мәдени революция тарихы (1917-1978)" атты бөліміне ҚазКСР ҒА мүше-корреспонденті, тарих ғылымдарының докторы Г.Ф. Дахшлейгер жетекшілік етсе, негізгі орындаушысы тарих ғылымдарының докторы Р.Б. Сүлейменов болды.
3.Тарихи жады ұрпақтардың мәдени сабақтастығының және ұлттық-азаматтық бірегейліктің негізі ретінде 3) Әлемдік тарихтың құрамдас, ажырамас бөлігі ретінде тарихи мұраны ұғыну, ұлттық тарихты зерттеу және зерделеу, мәдени сабақтастық және ұлттық - азаматтық бірігейлікті сақтау және де қазақстандық қоғамның дамуындағы тарихи сананы жаңғыртудың рөлі мен маңызын талдау қазіргі таңда үлкен маңызға ие.Тарихи сана ұлтаралық қоғамның құндылық бағдарларын қалыптастыруға әсер етеді, этностық өзіндік сана-сезімді нығайтуға, этностардың әлеуметтік-мәдени дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының өзіндік ерекшелігін құрметтеуге және сақтауға ықпал етеді. Этносаралық қатынастарды дамыту процесінде жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде әрине, тарихи сананы жаңғырту маңызды. Бұл тұрғыда білімнің өсуі, ұлттық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне қатысу, демократия, патриотизм, азаматтық, толеранттылық, мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірігейлік құндылықтары сияқты аспектілер үлкен рөл атқарады.Қазіргі заманның гуманитарлық ғылымында «Тарихи жад» категориясының көптеген анықтамалары бар. Ғалымдардың басым бөлігі оны «Қоғамдық субъектілердің тарихи оқиғалар, тарихи қайраткерлер, ұлттық батырлар туралы, әлеуметтік және табиғи әлемді игерудің дәстүрлері мен ұжымдық тәжірибесі, қандай да бір этнос, ұлт, халық өз дамуында өткен кезеңдер туралы білімді сақтау және ұрпақтан ұрпаққа беру қабілеті» деп түсінумен келіседі. Тарихи жадтың мағынасын әр түрлі халықтардың әлеуметтік-мәдени сәйкестігін сақтау үшін сәйкестендіру кодымен салыстыруға болады. Жаһандану, ұлттық-мәдени айырмашылықтарды жою жағдайында әлеуметтік-мәдени сәйкестіліктің кепілі ретінде тарихи жадқа деген қажеттілік одан әрі артады деп санаймын. Тарихи жад адамның ауызша және жазбаша түрде білім алу, мәдениет пен өнердің жетістіктерміен танысу, алдыңғы ұрпақтардың тәжірибесін игеру, әлеуметтік желілер мен инновациялық технологияларды қоғам дамуының қазіргі жағдайында пайдалану кезінде алған білімдерін сақтау, көбейту және беру қабілеті ретінде әрекет етеді. Тарихи жад әлеуметтік сана мен әлеуметтік жадтың белгілі бір формасы ретінде қоғамның даму процестерін көрсетеді. Ол жинақталған тарихи тәжірибені жинақтайды және қоғамға жан-жақты әрі дәйекті түрде алға жылжуға, тарихи сондай - ақ мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірегейлікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін рухани капиталға айналады.
4.Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің археологиялық ескерткіштері. Тарихқа дейінгі адамның мәдениеті
.Мезолит заманында терімшілдік дамуынан егіншілік қалыптаса бастады. Мезолитте мал шаруашылығы қалыптаса бастады. Осы себепті тұрақтар саны азая бастады(адамдар жиі қоныс аударды). Тағы айта кетерлік адамдар ең бірінші болып итті мезолит заманында қолға үйретті, себебі аңшылық жақсы дамыды.
Балалар тобынан ересектер тобына өту кезінде бағыштау ғұрпы пайда болды.
Неолитте тоқыма кәсіп пайда бола бастады. Отыршылдыққа байланысты тұрақтар саны көбейді. Неолиттің тағы бір ерекшелігі ол қыш ыдыстар және кең өңдірісі (Қараүңгір, Сексеуіл, Железинка тұрақтары дәлел).

5. Ұлы дала аумағындағы энеолит және қола дәуірі. Ежелгі металлургия техникасы және өндіруші экономиканың қалыптасуы. Ботай мәдениеті


Энеолит(мыс-тас) дәуірінде адамдар мамандық бойынша екі ірі қоғамға бөлінді. Олар малшылар мен егіншілер. Энеолит ерекшелігіне аталық ру үстемдік қалыптаса бастауын жатқызуға болады(ботай тұрағы жайында мен үстінде жіберген голосовой арқылы жаза саласың). Маңғыстау жерінен Шебір атты тұрақ табылды. Ол тұрақтан ұлу қабықтарынан жасалған моншақтар, қыш ыдыстар табылды.
Қола дәуірі(мыс+қалайы) бзб 2-1 мың жылдық.

6 Атқа міну мәдениетінің генезисі: көшпеліліктің пайда болуының алғышарттары және Қазақстан аумағында мал шаруашылығы.


.Көшпенділік генезисінің 4 типологиялық моделін ұсынды. Біріншіден, жер мәселесінің шиеленісуіне және халықтың шамадан тыс көбеюіне байланысты халық топтарын егіншілік және бақташылық қауымдастықтардан ажыратуға болады, олар ойкуменнің шетіне қоныс аудару барысында олардың кәсіптерінің малшылық бағытын күшейтті. Екіншіден, егіншілер малды көршілеріне жайылымға бере алады немесе оларды белсенді түрде айырбастады, бұл ауыл шаруашылығының шетіндегі мал шаруашылығын нығайтты.Үшіншіден, мал шаруашылығы екпіні халықтың негізінен бақташылық топтарымен байланысы нәтижесінде күшейе алады,төртіншіден, көшпеліліктің қалыптасуында халықтың аңшылық топтары белгілі бір рөл атқарса керек.
7 Ерте темір дәуіріндегі археологиялық мәдениет ескерткіштері. Тасмола мәдениеті.
Ерте темір дәуірінің Тасмола мәдениеті Қазақ ұсақшоқылығының барлық аумақтарына тән. Зерттелген ескерткіштер бойынша. мәдениеттін батыс шегі Ұлытау таулары аумағын. онтүстігі Солтүстік Бетпакдала мен Солтүстік Балқаш өнірін қамтыса, шығысы - Шідерті. Баянауыл далаларын бойлай одан ары онтүстікке таман Шұбартауға дейін созылады. Дәл осы шекте Тасмола мәдениетінің бізге белгілі, яғни зерттелген обалары жатыр. Келешекте осы мәдениет ескерткіштері табылуы ықтимал (Шыңғыстау жоталарына дейінгі далалы өңір) аумақтар бар.

Бұл ұланғайыр өңірде ерте темір дәуірінің тайпалары шашыраңқы орналасты. Тұрғындардың негізгі бөлігі таулы өңірлерде шоғырланды. Орталық Қазақстан бойынша ескерткіштер таралуының, яғни тайпалар қоныстануының әркелкілігі оның батыс және шығыс аймақтары аралығында байқалады.



Тасмола тайпалары мекендеген ерте темір дәуірінде шаруашылықтың жаңа прогрессивті түрі кеңінен тараған. Бұл ІІІ мыңжылдыққа созылып, дала тұрғындарының ең негізгі кәсібіне айналған. Көшпелілер даланың барлық жерін игеріп, өзінің күшті көшпелі орталықтарын құрды, олар келешек көшпелі империялардың бастамалары болып қаланған.
8 Ерте темір дәуіріндегі тайпалардың этносаяси және әлеуметтік тарихы.
Ерте темір дәуірі Тарихы Бастаулары осы металды қолданумен сәйкес келетін адамзат тарихының маңызды кезеңі осылай аталды. Б. з. б. I-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезеңді алсақ, темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді. Өндірістік технология саласындагы барлық мәнді ашылымдар аталмыш металмен байланысты болды. Темір ерекше металл. Оның балқытылу температурасы мысқа қарағанда жоғары. Темір табиғатта таза күйде кездеспейді. Оның балқытылуының баяулығынан шикізаттан темірді айыру оңайлыққа соқпайды. Қазақстандағы ерте темір дәуірінің басы б.з.д. VIII - VII ғасырларына жатады. Шаруашылығы Ерте темір дәуірінің басталуымен Евразия кеңістігіндегі далалык этностар өмірінде шынайы ғаламат өзгерістер басталды. Бұл дәуірде шығыстағы Монғолиядан батыстағы Дунайға дейінгі далаларды мекендейтін бақташы, бақташы-егінші тайпалардың жайылымдар мен су көздерін пайдалануды маусымдық шектеудің күрделі де қатаң жүйесіне негізделген малшылық шаруашылықтың жылжымалы түрлеріне көшуіне тура келді. Жана және кейінгі жана заманның евроцентристік ғылымы дала жағдайында мал шаруашылығын өрбітудің бұндай айрықша түрлерін "көшпелі "жартылай көшпелі" шаруашылык деп атады. Мал шаруашылығын жолға қоюдың жаңа түрлеріне көшу далалық табиғат жүйесінің ерекше жағдайларында өмір кешкен қола ғасыры тайпалары экономикалық дамуының нәтижесі болып табылады. Шаруашылықтың бұл түрінің негіздері қола дәуірінің соңғы кезінде, беғазы-дәндібай заманында қаланды. Мамандардың пікірінше, малшылықтың жылжымалы түріне ауысуына дала тұрғындарының тек ішкі дамуы ғана емес, ауа райының біртіндеп өзгеруінің салдарынан даланың құрғақтануы (аридизация) да ықпал етті. Сол заманда бұл ауысу онтайлы, үлкен прогрессивті мәндегі көрініс еді, ол даланың табиғат қорларын барынша толық пайдалануға мүмкіндік берді. Қоғам Ерте темір дәуірі басталысымен, Евразия далаларында ірі тайпалық бірлестіктер қалыптаса бастайды. Олардың мүдделерінің қақтығысы, айналасындағы отырықшы-егінші халықтармен қарым-қатынастарының өзіндік түрлері қоғамның белгілі дәрежеде әскериленуіне әкеп соқты. Тарихи сахнада гректер мен парсылар скифтер, сактар, савроматтар деп атаған тайпалар пайда болды. Этникалық туыстығының, даму деңгейі мен өмір салтының ұқсастығының өзара тығыз байланыстылығы нәтижесінде бірұдай, етене жақын мәдениеттер құрылды. Скиф-сақ заманында тайпалардың материалдық мәдениетінде қару-жарақтың, ат әбзелдерінің айрықша түрлері пайда болды, "скиф-сақ аң стилі" деген атау алған өзіндік өнер кең таралды. Кей ретте ерте темір дәуіріндегі қоғам тұрғындарының бұл материалдық мәдениетін "скифтік үштік" (ат әбзелдері, қару, аң стилі) деп те атайды. Ерте темір дәуірінің далалық тұрғындары ерекше қарқынмен дамыды, металл өндірісі, сауда айырбасы гүлденді. Тайпалық одақтардың ат төбеліндей бай шоғыры: патшалар, әскери мансап иелері пайда болды. Үлкен "патша" обалары, яғни қайтыс болған ауқатты адаммен бірге өзінің құндылығымен мәнді болып саналатын бұйымдар - қару-жарақ, ат әбзелдері, әшекейлер бірге жерлеген Қазіргі заман ғылымында ерте темір дәуіріндегі далалық тұрғындар қоғамының ерте мемлекеттік дәрежеде тұрғандығы туралы пікірлер айтылуда Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта өмір кешкен дала халықтарының даму дәрежесін пайымдай отырып, сібірлік ғалымдар "Дала өркениеті" деген атауды ұсынды. Қазба жұмыстар Осы кезеңге кіретін Орталық Қазақстанның ескерткіштері тасмола археологиялық мәдениетіне жатады. Қазақтың белгілі археологы М.Қ.Қадырбаев, бұл мәдениеттің хронологиялық мерзімін б.з.д. VII - III ғасырларымен негіздеп, оның дамуын екі кезенге бөлген. Тасмола мәдениетінде тән археологиялық ескерткіштері «мұртты» қорған деп аталады. Бұл күрделі ғұрыптық – жерлеу кешендері тастан қаланып, әдетте үш негізгі бөлшектерден: үлкен, кішкентай қорғандар мен ұзындығы 60-тан 200 метрге дейін жететін жартылай доға тәріздес жолдардан құрастырылған. Бұл «мұрттар» қорғанмен жанасып, үнемі шығысқа қарай бағытталған. Үлкен қорғанның астында, тереңдігі екі метрге жететін шұңқырда қайтыс болған адамның мәйіті жерленген.
9 Прототүріктердің культурогенезі. Хуннудың (хуннудың) этникалық және саяси тарихы
Соңғы палеолитте Европа тұрғындарында (кроманьондық адам) европеоидтық нәсіл, Оңтүстік Жерорта теңізі аймағында – негроидтық, Шығыс жерлерінде – монголоидтық нәсілдік белгілер ерекшеленеді. Ал, біздің жерімізде тұраноидтық нәсілдің қалыптасқандығы белгілі. Магия да – аңшылардың дүниеге қатынасы негізінде жоғарғы палеолитте пайда болған алғашқы жоралғы – сенім. Көптеген авторлар магия ең ежелгі сенім еді дей келе, оның әрекетпен байланысты екеніне баса назар аударады. Аңшылық магиясында адамның олжасына тап беріп, оны ұстап алу практикасы қайталанады. Мұны жай ғана машықтану деуге болмайды, өйткені жасанды бұл әрекет нағыз шындықтың өзіне баланып, оқиғаның мағынасы мен барысын табиғи күйінде ойнап - орындауға бағытталады. Бұл әрекет «жанды» деуге келмейтін әдет, мейрам және ойын түсін алып, мұнда адам мен қоршаған орта тұтасып кеткен. Магияда, мысалы күннің шығуы мен батуы, өсімдіктің өсіп шығуы, қараңғылықтың түсуі сияқты табиғат құбылыстары қайталанатын-ды. Мұны Австралия жергіллікті тұрғындарының тұрмыс салтынан көруге болады. Олар европалықтар бұл жерге келген кезде (палеолиттен мезолитке) өтпелі дәуірді бастан кешіруде еді. Дж.Фрезердің айтқанындай, табиғат пен адамдарға әсер ету мақсатында қолданылатын магиялық, тылсымдық әдістер обьектінің фигурасы немесе бейнесіне қаратылады-мыс. Ал бөлік бүтінге тең деп есептелінетін магиялық әрекетте бейнелеу үдерісі талап етілмейді, бірақ дуаланатын заттың бір бөлігі (шашы, киімі, сілекейі, т.б,) алынып, әрекет обьектісіне айналады. Жоғарғы палеолит ұжымдық бейсаналықтың негізгі рәміздерін – архетиптерін тудырған дәуір. Осы дәуірде тіл де пайда болған. Б.Ф. Поршневтің пікірінше, антропогенезде еңбек емес, коммуникативтік өзара әрекеттесу басты рөл ойнаған. Басқа экологиялық теориялар бойынша, тіл табиғи – климаттың және аңшылық қауымының тұрмыс салтының өзгеруіне байланысты пайда болған. Суық ауа райында аңшылыққа өту мен байланысты бұйрық берудің рөлі арта түсіп, тіл осылайша қалыптаса барған-мыс. Еуропада ең алдымен жануарларға атау беру үдерісі белең алып, мұның өзі үңгілердегі немесе құралдардағы бейнеленулерде көрінісін тауып, бұдан 25-15 000 бұрынғы жылдарда (ал біздің жағдайымызда бұдан 60-50 000 жылдарда болуы керек деп топшылаймыз) басталған. Одан кейін заттар атауларға ие болды. Ал Еуропада адамдарды бейнелеу үдерісі, зерттеушілердің пікірінше, мезолитте мұз еріп қайық ойлап табылып, керамикадағы орнаменттер пайда болған кезеңге тура келеді.
Алыстағы өткен мәдениеттеріміздің сырлы да жұмбақты болып көрінген нышандарын шырамытып, олардың іздерін мәдениетіміздің кейінгі үлгілерінен байқай аламыз. Бұл кезеңде жоғары палеолитте тұрақты жергілікті ерекшеліктер сипатын алған шаруашылық – мәдени типтер төбе көрсеткен. Бұлар кейініректе тарихи өркениеттердің негізін құраған. Әрине, неолиттен егіншілік, мал шаруашылығы, үлкен тұрақты мекендер, тайпалық және ұлыстық одақтардың төбесі анық көрінді. Ал, біздің жоғарғы палеолиттік менталитетіміздің нобайын жобалап, дөп басып айту қиын. Жергілікті аймақтар мәдениеттерінң негізінде, тұңғиығында қазіргі заманның бейсаналығының нышандары жатқан болса да, олар біздің назарымыздан тысқарыда, жасырынып қалған. Дегенмен де соңғы 30-20 мыңжылдық бедерінде тұрғындардың физикалық тұрпаты, тұрмыс салты, көркемдік стильдерінің сабақтастығы көрінген, олай болса бұл ретте өзіміздің регионымызда антропо-мәдени жүйенің орныққандығы жөнінде сөз қозғауға болады.
Ең ежелгі адамдардың мекен-жайларынан көптен-көп табылған тас құрал-жабдықтар өткен ең ежелгі тарих жөніндегі жыл санауымыздың, классификациялауымыздың, жорамалдауымыздың қайнар көзі болып қызмет еткен. Орта және жоғарғы палеолит шебінде нағыз адамның (Homo sapiens) өмір сүргендігін зерттеушілер тілге тиек етуде. Бұл дәуірде тас және басқа құралдардың көбейген үстіне көбейе барып, олардың құрамы өзгере түсті: құралдардың ұшына сына қағылып, немесе басқа бөлшектер – өткірлеу келген ұштар кигізіліп орнатыла бастаған еді. Жоғарғы палеолиттің басты әлеуметтік жаңалығы некелік қатынастардан ең жақын туысқандарды шығарып тастау – экзогамия болды. Инцеске ( қан араласуына) тиым салу некені қоғамдық жағынан реттеуді талап етіп, ендігі жерде ру мен отбасы пайда болды. Демек, жоғарғы палеолит – адамзаттың мәдениет деп аталған топтастырушы – ынтымақтастарушы байланыстардың тиісті деңгейіне көтеріле алған дәуір. Сана, тіл, дін, өнер гоминидтердің 3-4 миллиондық эволюциясының ақырында күшті бір төңкерістің нәтижесінде бір уақытта пайда болған деген пікір айтылуда. Рәміздік дәстүрлер тараған жерде, адами түсініктің пайда болуы үшін қажетті материал мен жағдай бар жерде мәдениет басталады.
Археологиялық мәдениет бір уақытта, белгілі бір территорияда пайда болған материалдық ескерткіштердің бірлігін, бірдейлігін білдіреді. Бірақ осынау ескерткіштердің иегерлерінің этнографиялық, әлеуметтік, психологиялық тұрпатын археологиялық емес фактілер жәрдемінде құрастыруға болады.
10. Үйсіндер мен қаңлылардың этносаяси бірлестіктері: шығу тегі және этникалық тарихы, тарихи-мәдени мұрасы
.Үйсіндер мен қаңлыларлың шығу тегі: көнесақ тайпаларынан бастау алады.Этносаяси бірлестіктеріне: көп жылдар бойы ғұндармен бірігіп қытайларга қарсы соғысқан және өз ара құдандалы болған Этникалық тарихы
Үйсіндер Дәл осы замандарда Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың арасында ерекше аталатыны — үйсіндер. Үйсін тайпасының баста қалыптасқан аймағы — Солтүстік-батыс Қытай жері, осы күнгі Баркөл көлінің маңайы деп есептеледі. Осы аймақтан үйсіндер Жоңғар Алатауы, Тарбағатай баурайына б. з. д. II ғасырларда ауып келген. Олар бұл жерге бұдан аз бұрын қоныс аударып келген юэчжилерді оңтүстікке қарай ығыстырып қоныстанған. Үйсіндердің батыс шекарасы Қаратаудыңшығыс беткейлеріне дейін созылып жатқан.Үйсіндердің атауы, оның мөні, бұл көне атаудың кейінгі қазақ ұлысындағы үйсіндер атауымен байланысы әлі толық шешілмеген. Бірқатар тарихшылар қытай транскрипциясы бойынша "усун" аталатын тайпаны "аспан" этнонимі деп білуге бейім. Енді бір пікір бойынша, қазір у-сунлеи аталатын екі иероглиф ертедегі қытай тілінде "а-сман", "аспан" деп оқылатын. Үйсін атауы кейінірек (орта ғасыр) жазба ескерткіштерінде "уіиин", "уйіиин", "хуши" түрінде кездеседі. Мысалы, ушиндер туралы дерек "Монғолдың құпия шежіресінде" (XIII ғасыр), Рашид ад-Диннің еңбегінде (XIV ғасыр) кездеседі. Бұдан қандай түйін жасауға болады? Біздіңше, көне қытай жазбаларындағы усун тайпасы мен кейінгі қазақтың [Ұлы жүзіне] ортақ атау болған үйсін тайпалық одағының арасында байланыс бар. Бұл атаудың орта ғасырлар заманында да үзілмей аталуы көне үйсіндер мен кейінгі үйсіндер арасында этногенетикалық та байланыс бар екендігін көрсетеді.
Қаңлылар
Б. з. б. II ғасырдың екінші жартысындағы «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталып кеткен тарихи оқиғалардың нәтижесінде Орталық Азияда жаңа мемлекеттік бірлестіктер, соның ішінде Үйсін, Янцай, Қаңлы мемлекеттері қалыптасады. Соңғысы Қазақстан тарихында елеулі рөл атқарды.

Тарихнаманың ауқымды болғанына қарамастан, қаңлылардың зерттелуі әлі де қанағаттандырмайды. Бұған жазбаша деректемелердің мейлінше шектеулілігі себеп болды, оның үстіне деректер үздік-создық және қарама-қайшы, мұның езі мәселенің әркелкі түсіндірілуін туғызады. Мемлекеттің аумағы ұланбайтақ жерді: Ташкент жазирасы мен Сырдария, Жаңадария, Қуаңдария алабының ежелгі арналарын және Жетісудың онтүстік-батыс бөлігін қоса Оңтүстік Қазақстанды алып жатты. Ең құдіретті кезінде оған Сусе, Фумо, Юйни, Цзи, Юйцзянь сияқты бес «шағын иелік», сондай-ақ Янцай бағынды. Алайда олардың орналасуы даулы болып қалып отыр. Айтылған аймақта археологтар сол уақыттағы негізгі үш мәдениетті - қаңлы мәдениетіне баланатын Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар мәдениетін атап көрсетеді.


Тарихи мұрасы
11. Түріктердің пайда болу мәселесі. Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы.
Түрік қағанаты
Қалыптасуы
Ұлы қоныс аудару дәуірі (II — V ғасырлар) Қазақстанның, Орта Азия мен Шығыс Еуропаның этникалық және саяси қартасын едәуір дәрежеде өзгертті. V ғасырда түркі тілдес теле (тирек) тайпалар одағының саны көп топтары Солтүстік Моңғолиядан Шығыс Еуропаға дейінгі далалық өңірге қоныстанады, оңтүстігінде олардың көшіп жүретін жерлері Әмударияның жоғарғы ағысына дейін жеткен. VI ғасырда Қазақстан жерлері құдіретті держава — билеушілері түркі тайпасының әулеттік Ашина руынан шыққан Түркі қағанатының билігіне түсті. Түркі этносының өзі қағанаттың құрылар алдындағы кезеңде Гәңсу, Шығыс Түркістан және Алтай аудандарында III ғасырдан VI ғасырға дейін кезең-кезеңмен қалыптасқан. Түркі қағанатының саяси-әскери бірлестік ретінде қалыптасқан мекені - Жетісу деп пайымдалады. Жетісу мен Шығыс Қазақстан жужан мемлекетінің шет аймақтары болатын. Осы аймақтарда орналысқан тайпалар - теле - 492 ж. жужандарға қарсы шығып, тәуелсіз мемлекет құрады. Дегенмен де, 516 ж. жужандар жаңа құрылған мемлекетті тағы да өздеріне бағындырады. 545 ж. теле тайпасының Ашина руы жужандарға қарсы күресті басқарады. 551 ж. батыр Бумын Қытайдағы Батыс Вэй патшалығымен бірігіп, жужан мемлекетін талқандайды.
Түркі қағанаты
Ерте Түркі мемлекеті - Түркі қағанаты 552 жылы құрылды. Оның негізін салған - Бумын қаған 553 жылы қайтыс болады. Бумын өлгеннен кейін таққа оның інісі Қара-Еске отырады, оның бастауымен түріктер жоғары жағында бір жердегі Бұкрат (Мула) тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескенің мұрагері деп шежіреші оның інісі Иркинді (Ицзинь) атайды, ол кағандық тағына Мұқан қаған деген атпен отырады, оның лақап аты Йанту болды. Мұқан қаған (553-572) билік құрған жылдарда Түркі қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Олар Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырады, Солтүстік Қытайды алым-салық төлеп тұруға мәжбүр етеді. 563-567жж. эфталит патшалығын басып алады. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға дейін және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатқан.

Бұл жылдары түріктердің батыста жасаған соғыс жорықтары бұлардан да күшті бола түседі. Бұларды Бумынның басқа бір інісі Иштеми бастайды. 552 не 553 жылы батысқа жасалған жорықтардың бірінде Иштеми Бумыньмен бірге болып, «он ұлы жетекшіні (немесе қауым бастығын) басқарды, он түмен әскері болды; ху елін (соғдылықтарды) жуасытуға аттанды және «Он тайпалық» деп атап өзін қағанмын деп жариялады». Түркілер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне дейін баратын Жібек жолына иелік етті. Олар өздерінің жаулап алу жорықтарын жүргізуде Иранға қарсы Византиямен одақтасты, 571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы ИЕштеми Солтүстік Кавказды басып алады, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксанф Керчьті басып алып, 576 жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Иштеми өлгеннен кейін 582-593 жылдары билік үшін қырқыс басталды. Өзара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті. Күшейіп алған Иран 588 ж. Герат түбінде түріктерді жеңіп шығады. Византия 590 жылы Боспорды қайтадан жаулап алады. Өзара қырқыстар, әлеуметтік қарама-қайшылықтар қағанатты әлсіретіп, оның 603 жылы Шығыс және Батыс түркі қағанаттарына бөлінуіне әкелді. Шығыс Түркістаннан Амударияға, Еділ өңірі мен Терістік Кавказ далаларына дейінгі жер Қағанат қарауына көшеді. Түркі мемлекетінің басында - қаған тұратын, оның оң қолы (көмекшісі) - "яғбу" титулымен аталатын. 568 ж. бастап Түркі қағанаты 4 аймаққа бөлінетін. Қағанның ордасы - Алтайда болған. Халық 3 әлеуметтік топқа бөлінген - бектер, қара будундар (жалпы халық), таттар (құлдар). Түріктерге бағынатын тайпалырдың барлығы - оғыз деп аталатын. 581 ж. Қытайда Чжоу династияның орнына Суй династия келгеннен кейін, жаңа патша түріктермен барлық сауда қарым-қаныстарды үзді. Енді Қытайдан жібек маталары Орта Азияға келмейтің болғандықтан, түрік қағандарының Ұлы Жибек жолындағы рөлі азаюға бастады. Тобо хан қайтыс болғаннан кейін, түркі қағанатта өзара қырқыс басталады. Суй династияның патшалары осы ішкі өзгерістерді сезіп, түркі қағанатты ыдыратуға, әлсіретуге тырысады. Осы саясаттың нәтижесінде, 602-603 жж. қарай, түркі қағанаты екіге бөлініп кетед


12.Батыс Түрік қағанаты («он жебе»халқы): әлеуметтік-экономикалық даму және саяси тарих.
12. Батыс Түрік қағанаты Қазақстан аумағында 603 жылы Батыс Түрік қағанаты құрылды. Батыс Түрік қағанатының орталығы Шу өзені бойындағы Суяб қаласы болды. Жазғы ордасы Мыңбұлақта орналасты. Ол Жамбыл облысында Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Он тайпа бес нушеби және бес дулу тайпаларына бөлінді. Шегу мен Тон қағандар тұсында қағанаттың саяси билігі күшейді. Шегу қаған шығыстағы шекараны Алтайға дейін, батыстағы шекараны Тарым өзені мен Памир тауына дейін жеткізді. Тон қаған Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрған. Халқының құрамы алуан түрлі тайпалардан тұратын қағандықта 630 жылдан бастап билік үшін талас басталды. Нушеби тайпасының қолдауымен Ешбар Елтеріс 634 жылы билікті иеленді. Ешбар Елтеріс елді басқаруды қайта құрып, “он-оқ бұдун” жүйесін енгізді. Қағанның он түменнен тұратын әскери жасағы болды. Дулу мен нушеби арасындағы 640-657 жылдардағы тартыс қағандықты мүлде әлсіретті. Осыны пайдаланған Қытай әскері 659 жылы Жетісуға басып кірді. Батыс Түрік қағанатының басқару жүйесінде қаған – жоғарғы билеуші және әскербасы болып саналды. Жоғарғы лауазымды қаған руынан шыққан ақсүйектер иеленді. Оларға ябғу, шад, елтебер атақтары берілді. Ал сот істерін бұйрықтар мен тархандар атқарды. Жергілікті жерлерде қағанның негізгі тірегі бектер болған. Қарапайым халықты “қара бұдундар” деп атаған. Түрік қоғамында “тат” сөзі құл деген мағынаны білдіреді. Қағанаттағы негізгі шаруашылық – маусымды жайылымға негізделген жартылай мал шаруашылығы болды. Қалалардың дамуында соғдылықтардың рөлі басым болған. 7 ғасырдың бас кезінде түріктер жаппай отырықшылана бастады. Ал Шығыс Түрік қағанаты 682-744 жылдары өмір сүрді. Құтлық (Елтеріс), Қапаған қағандар тұсында қағанат қуатты мемлекетке айналды. Аумағы – Қазақстан, Орталық Азия, Шығыс Түркістан, Оңтүстік Сібір. Даңқты қолбасшы Тоныкөк түркі халқының жауынгерлік даңқын асқақтатты. 741 жылы Білге қағаннан кейін қағанат әлсіреп, ыдырай бастады.
13. Түргеш мемлекетінің құрылуы және күшеюі. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы араб-қытай қақтығысы
1)Түргеш қағанаты— 704-756 жылдары билік құрған, Батыс Түрік қағанатының ыдырауы нәтижесінде құрылған ерте ортағасырлық түркі мемлекеті.Дулу тайпа құрамының ішіне жатады, түргештердің өзі қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі.Түргештер - Батыс Түрік қағанатындағы бес арыс ел дулаттың белді тайпасы. Шежіре деректерінде "сары үйсін" деп аталады.
КҮШЕЮІ: Баға тархан деген атағы бар Үштіктің кезінде болды.Түргештердің ықпалы бірте-бірте күшейе берді, оларға бағынышты тайпалар саны көбейді. Үшлік өз жерін әрқайсысы 7 мың сарбаздан тұратын 20 аймаққа бөлді. Бұрын Шудың солтүстік-батыс жағында болған өз ордасын ол Суябқа көшіріп, оны Үлкен орда деп атады; Күнгіт қаласында оның Кіші ордасы болды.
2)Талас шайқасы, Атлах шайқасы, 751 жылы Атлах қаласы маңында қытай және араб әскерлерінің арасында болды. Шайқас қарсаңында 749 жылы араб халифатындағы ұзаққа созылған тақ таласы аяқталып, қара киімділер аталған Аббас әулеті билікке келді. Олар осыған дейін халифат бақылауынан тыс қалған бұрынғы Орта Азиядағы иеліктеріне ықпалын күшейте түсті. Осы тұста Тан патшалығы әскері Шығыс Түрік қағандығының әлсірегенін пайдаланып, Талас өңіріне таяп келіп, араб халифаты иелігіне қауіп төндірді. Екі жақ әскерлерінің шайқасы 751 жылы 29 шілдеде басталып, 5 күнге созылды. Шайқаста жеңіліс тапқан Тан патшалығы бұдан кейінгі кезеңде өз құдіретінен айырылды. Бұл өз кезегінде түркілердің Ислам өркениетімен жақындасуын жылдамдатты.
14. Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы: білімі, көрші тайпалар мен және мемлекеттер мен қарым-қатынасы
Қарлұқ қағанаты (756-940 жж. немесе 8-10 ғғ. аралығы)– Жетісу жеріндегі ежелгі мемлекет.Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы олардың Ұйғыр қағанатынан бөлініп шығуына жеткізді. 746 жылы қарлұқтар Жетісуға қоныс аударды, ал онда саяси жағдай тым күрделі болатын.Қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олардың ішінде Тараз, Құлан, Мерке, Атлалық, Тұзын, Балық, Барысқан және т.б. Қарлұқ қалалары Ұлы Жібек жолы бойында орналасты.Қарлұқ жабғуы Оңтүстік Қазақстан маңайында Мауараннахрдың солтүстігіндегі жерлерді басып алу жөнінде белсенді саясат жүргізген арабтарға қарсы күресті басқарды. Арабтарға қарсы әр түрлі аттаныстарды қарлұқтар талай рет белсене қолдады. Қарлұктардың шығыста Ұйғыр қағанатымен бәсекелеспек болған әрекеттері кейін сәтсіздікпен аяқталЖергілікті отырықшы халықтың басым көпшілігі түсті және асыл металдар (алтын, күміс, мыс) өндірумен шұғылданды.Араф географы Әл-Марвази (XII ғ.) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғанын айтады. Қарлұқ конфедерациясына Жетісу мен оңтүстік Қазақстанның тухси, шігілдер, әзкіштер, халаджылар, чаруктер, барысхандар, т.б. түркі тілдес тайпалар кірген.
15. Оғыздардың этникалық тарихының мәселелері және олардың қазақ халқының этногенезіндегі рөлі
Тоғызыншы ғасырдың аяғы, оныншы ғасырдың басында Сырдарияның орта және төменгі ағысында Оғыз мемлекеті құрылды. Орталығы осы өзеннің бойындағы Янгикент – жаңа Гузия қаласы болды. Оғыз мемлекетінің халқы түркі және иран тілдерінде сөйлеген.Түріктілдес оғыз тайпалары ерте орта ғасырларда Орталық Азияда өмір сүрген. жетінші ғасырда Батыс Жетісуды мекендеген оғыз тайпалары Түркі қағанатының құрамында болған. Оғыздар құрамына түркітілдес көшпелі тайпалар ғана емес, үндіеуропалық және финн-угор тайпалары да енген.Ал Махмуд Қашғаридің сөздігінде оғыздардың Жетісу және Ыстықкөл мен Шу өзенінің аралығында басқа да түркітілдес тайпалармен қатар өмір сүргені жазылған. Кейін қарлұқтардың күшеюіне байланысты олардың қысымына шыдамаған оғыздар Сырдарияның бойына барып қоныстанған.Батыс Түркі және Түргш қағанаттары құлап Жетісуда Қарлұқ қағанаты құрылғаннан кейін оғыздар Сыр бойына ығысқан.Алғаш оғыздар бұл аймаққа келіп орналаса бастағанда жергілікті печенегтердің қарсылығына тап болады. Олар тоғызыншы ғасырдың басында печенегтерді талқандады. Печенегтер жеңіліп, батысқа қарай жылжуға мәжбүр болған. Оғыздар Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал бойының далалық алқабын басып алды. Тоғызыншы ғасырдың соңында олар хазарлармен одақтаса отырып, печенегтерге соққы берді де, Жайық пен Еділ бойы аралығын толық иемденді. Махмуд Қашғари оғыздардың бастапқы кезде 24 тайпаға бірігіп, боз оқ және үш оқ деген екі топқа бөлінгенін келтіреді. Боз оқтар ерекше артықшылықтарға ие болған.
16.Қараханидтер мемлекеттілігі– түркі мемлекеттілігі эволюциясының жаңа кезеңі?
10 ғасырдың орта кезінде, 942 жылы Жетісу аймағы мен Шығыс Түркістанның бір бөлігінде Қарахан мемлекеті құрылды. Орталығы – Баласағұн қаласы. Мемлекеттің негізін Сатұқ Боғра хан қалады.Қарахандықтардың этникалық құрамына жікіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы, үйсін тайпалары кірді. Қарлұқтар мемлекеттің құрылуында басты рөл атқарған тайпа болып саналады.Жер иеленудің бір түрі – “иқта”, ал иеленуші адам “иқтадар” (парсыша) деп аталды. “Иқтаның” мәні – “иқтадар” қарапайым халықтан салық жинап, ханға әскери қызмет етуге міндетті болды. Дінбасылар мен діни мекемелерге ірі жер иеленушілер, көшпелі әскербасылар өсиет етіп жер қалдырып отырған. Оларды “вакфтық жерлер” деп атаған. Отырықшы аудандарда үлескерлерді араб, парсы деректерінде “музари” немесе “барзигар” деп атаған. Мұның мәні – шаруалардың үлеске алған жерлерінен алым-салық жинап отыру. Бұдан басқа “коммендация” деп аталатын қанау түрі болған. Әлсіз адам өз үлесіндегі жерді күштінің қамқорлығына берген. Кейін әлсіз адам отбасын қорғағаны үшін ірі жер иесіне салық төлеген.Мұса хан өзінің ықпалын күшейту үшін 960 жылы исламды мемлекеттік дін етіп жариялады. 10 ғасырдың екінші жартысында әлеуметтік қайшылықтардан Самани әулетінің үстемдігі әлсіреді. Мұны пайдаланған Хасан Боғра хан Испиджабты ешбір қарсылықсыз басып алды. 10 ғасырдың соңында қарахандықтардың Орта Азияға жорығы қайта басталды. Осылайша Қарахан мемлекеті Мәуереннахрды біржолата бағындырды. Қарахан мемлекетінің негізі үлесті жүйеде қаланып, Шығыс және Батыс иеліктерден тұрды. Шығыс хандықтың аумағы – Жетісу мен Шығыс Түркістан. Батыс хандық Мәуереннахрды биледі. 12 ғасырдың 30 жылдарында Жетісуға шығыстан қарақытайлар басып кірді. 1212 жылы Шығыс хандықты найман ханы Күшлік басып алды. Ал Батыс иеліктің ханы қаза болғаннан кейін, Мұхаммед 1212 жылы Батыс хандықты біржолата құлатты.Исламның мемлекеттік дін болып жариялануы қала келбетіне, құрылыс жүйелеріне өзгерістер енгізді. Қарахан мемлекетінің аумағында Айша бибі, Бабаджа қатын кесенелері салынды. Қарахан сәулет өнерінің тағы бір ерекшелігі Шығыс моншаларының салынуы болып табылады.
17.Қимақтар мемлекеті құрылымындағы ежелгі түркі әлеуметтік-саяси дәстүрлерінің сабақтастығы?

Қимақ қағанаты – Шығыс және Орталық Қазақстанда тоғызыншы ғасырдың соңы мен он бірінші ғасырдың басында өмір сүрген мемлекет.Мемлекеттің орталығы Ертістің орта алабында болған. Қимақтар жетінші ғасырда Алтайдың солтүстігіне, Ертіс жағалауына орналасып, Батыс Түркі қағанатының құрамына кірген.Сегізінші ғасырда қимақ тайпалары Ертістің орта ағысын мекендеді. Тоғызыншы ғасырдың алғашқы жартысынан Жетісудың солтүстік-батысындағы Алакөл аймағына қоныстана бастады.656-ыншы жылы Батыс Түрік қағанаты тарағаннан кейін қимақтар өз алдына бөлініп шықты. 840-ыншы жылы Турфан қағандығы ыдырағаннан кейін оның құрамындағы эймур, баяндур, татар тайпалары қимақтарға қосылды. Қимақ тайпалары федерациясының қалыптасуы осы кезге сай келеді. Гардизидің баяндауынша қимақтардың тайпалық одағы алғашында жеті тайпадан: эймур, имақ, татар, баяндур, қыпшақ, ланиказ, ажлад тайпаларынан құрылған. Олардың ішінде сан жағынан басымы қыпшақтар болды. Қимақтар Тоғыз-оғыз және Енисейдегі қырғыз мемлекеттеріне әскери жорыққа шығып, сегіз-тоғызыншы ғасырлардағы оқиғалар барысында Ертістен Жоңғар қақпасы аралығындағы аумаққа берік орнықты. Қимақ қағанатының құрылуы тоғызыншы ғасырдың ортасында аяқталды. Мемлекеттің орталығы Ертістің жоғарғы жағында орналасты.Осылайша Қимақ мемлекетінің құрылуына қадам жасалды.Қимақ қағанаты құрылған күннен бастап олардың патшалары ең жоғарғы түркі атағымен қаған (хакан) деп аталды. Ол жабғу атағынан екі дәреже жоғары болды. Қимақ қағанаты үлестік-тайпалық құрылымда болды. Елді қаған мен оның аймақтардағы он бір мұрагері (әмір) биледі. Ел билеушілері бір жағынан әскери көсемдер болды да, хаканнан тиісінше үлес алды. Әрбір иелік хаканға белгілі көлемде әскер беріп тұрды. Бұл мемлекетте салық жиналған, көне түркі жазуы болған. Қимақтарда жазу болған деп топшылауға дәлел бар. Мұны Әбу Дулафтың мына сөзінен көреміз «Оларда қамыс өседі, бұл қамыспен олар жазады». Тегі қимақтар қамыс қаламмен жазып, мұнда ежелгі түркі әліппесін пайдаланған болуы керек. Мұны Ертіс бойынан, Тарбағатай тауларынан тоғыз-оныншы ғасырларға қатысты табылған заттар, жазулары бар қола айналар да көрсетеді.Салыстыру тұрғысынан алғанда ертедегі түркіердің шонжарларына мынадай дәреже сатылары: шад, ябғу (ұлы шад), кіші қаған, ұлы қаған атақтары тән болған. Қимақтар негізінен малшаруашылығымен айналысты. Олар егіншілікпен де шұғылданды, балық, аң аулады, тайгада қымбат аң терілерін дайындады. Қимақтар арасында қолөнер де дамыды, мата тоқып, киім тікті, металл бұйымдар шығарды, темір, күміс, алтын өндіріп, металл құйды.Тоғыз-он бірінші ғасырлардағы араб-парсы авторлары отырықшы қимақтардың тұрақты мекендері болғанын жазады. Әл-Идрисидің дерегіне қарағанда олардың өзендер мен көлдер жағасына, таулы аудандарда, пайдалы қазба байлықтары орналасқан жерлерде 16 қаласы болғаны келтіріледі. Олардың көпшілігі сауда жолдарында орналасқан. Әл-Идриси қимақтар хақанының Ертіс өзенінің жағасындағы астанасы мықты қорғанмен қоршалғанын жазады.Оныншы ғасырдың аяғы, он бірінші ғасырдың басында Қимақ мемлекеті ыдырайды. Оның құлауының екі себебі болды: Бірінші, Өзін-өзі билеуге және өз мемлекетін құруға ұмтылған қыпшақ хандарының қимақтардың орталық билігіне бағынбауына байланысты ішкі сипаттағы себеп. Екінші себебі, он бірінші ғасырдың басында көшпелі Орталық Азия тайпаларының қоныс аударуының ықпалымен болған сыртқы оқиғалар.Тайпалардың қоныс аударуының негізгі себебі 916-ыншы жылы Солтүстік Қытайда қидандардың Ляо мемлекетінің кұрылуы болды. Бұл держава жерінің батысқа қарай ұлғаюы көшпелі тайпалардың одан әрі ығысуына әкеп соқты.Қай және құн тайпалары қимақ-қыпшақ тайпаларының бір тобын Солтүстік-шығыс Жетісу мен Ертіс өңіріне ығыстырып, Қимақ мемлекетіне соққы береді. Сөйтіп қайлар қыпшақтарды орнынан қозғайды, ал қыпшақтар оғы…
18. Қыпшақ хандығының құрылуы – Түркі көшпелі мемлекеттік және әлеуметтік-мәдени дәстүрлерінің дамуының соңғы кезеңі ретінде?
Қыпшақ хандығы (XI ғ басы-1219 ж.)
656 жылы Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының Солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтардың едәуір мол топтары кимектердің басшылығы мен тайпалар одағының өзегін құрайды. Алайда негізгі қыпшақ тайпаларының өзін-өзі билеуге ұмтылған талабы VIII ғасырдың соңында оларды кимек мемлекетінің құрамынан бөлініп, батысқа қарай көшуіне апарып соғады. Бірақ қыпшақтар түбірлі тәуелсіздікке жете алмайды, олар VIII-X ғғ. кимек мемлекетінің құрамында болып, қыпшақтар тарихы кимектер тарихымен қоса өрледі.Ертістен Днестірге дейінгі бүкіл территорияны алып жатқан Дешті-қыпшақтың тарихи географиялық облысын шартты түрде Еділ бойы арқылы аса үлкен екі этникалық-территориялық бірлестікке бөлуге болады: басында тоқсоба рулық әулеті тұрған Батыс қыпшақ бірлестігі және Ел-бөрілі руының хан әулеті билеген Шығыс қыпшақ қағанаты.Қыпшақ этникасының қазақ территориясында құрылуы аса ұзақ процесс болған, ол үш кезеңге бөлінді:
1.VII-VIII ғғ. Kимек қағанатының құрамындағы қыпшақтар;
2.VIII-IX ғғ. Алтай тауларынан батыстағы Еділ өзеніне дейінгі террторияға қоныстанып, саяси үстемдік алған қыпшақтар;
3.XI-XIII ғғ. Шығыс ұлыстағы айбынды қыпшақтар.XI ғ. екінші жартысынан бастап қыпшақтардың этникалық құрамына енген негізгі тайпалар: қимақтар, баяндурлар, баяуттар, қаңлылар, ұран тайпалары. Әбу-л-Ғазиздің хабары бойынша Ыстық көл мен Талас жағалауына қоныстанған қаңлылар да кірген.Рашид-ад-Диннің жазуына қарағанда, қыпшақ қоғамында ұран тайпасының беделі ерекше болған. Оған себеп Хорезм шахы Мұхаммед II шешесі Туркан-Хатун осы ұран тайпасынан болған. Моңғол шапқыншылығының қарсаңында қыпшақтармен Хорезм шахының арасындағы жақсы қатынас болған тәрізді. Сонымен қатар қыпшақ әскер басшыларының көпшілігі де ұран тайпасынан болған.Қыпшақтардың құрамына көрші жатқан түркі тілдес тайпалар да қосылған. Қыпшақтардың саяси салмағының күн санап өсіп бара жатуына байланысты, тайпалар мен этникалық топтар, өздерінің бір этносқа жататынын саналы түрде сезе отырып, қыпшақ атын алады. Алайда қыпшақ жұртының құрылып, қалыптасуының аяққы кезеңін моңғол басқыншылығы үзіп тоқтайды.
Қоныстануы.
XI ғ. орта кезінде қыпшақтар қазіргі Қазақстанның шығысындағы Алтай мен Ертістен бастап, Оңтүстігіндегі Балқаш көлінен теріскейдегі Оңтүстік Батыс Сібірдің орманды дала аймағына дейінгі кең территориясына тарап, емін-еркін қоныстанды.Қыпшақ хандары өз мемлекетінің шекарасын кеңейте отырып, Оңтүстікте Тараз қаласының маңына дейін жетеді, сөйтіп Қарахандармен шектесіп жатқан жерден Қанжек Сеңгір бекінісін салады.
Хандықтың құрылуы.
Сырдария бойындағы Оғыздар мемлекетін, Орта азиядағы Хорезм шахтар және Қарахандар әулетімен соғысқа және соқтығыстарға әкеліп жеткізген. XI ғ. бірінші жартысында буырқанған дауылды оқиғалар қыпшақтар мемлекетін құрудың обьективті себебіне айналды.XI ғасырдың басында Кимек қағанаты құлағаннан кейін Ертістен Еділге дейінгі кең аумақ қыпшақтардың қолына өтті. Осылайша, Қыпшақ хандығы (XI ғ.-1219 ж.) пайда болды. XI-XII ғғ. Орталық Азия мен Шығыс Европадағы түркі тілдес халықтардың ішіндегі саны жағынан ең көбі қыпшақтар болды. Ордасы Сығанақ қаласы.Қыпшақ мемлекеті өзінің саяси жағынан күшейіп тарих сахнасында елеулі көтерілген кез XI ғасырдың ортасы.Қыпшақ хандарының билігі әкесінен баласына мұраға қалып отырған. Хандар шығатын әулеттік ру-ел бөрілі деп аталынған. Махмұд Қашқаридің айтуына қарағанда, XI-XIII ғғ басындағы қыпшақ хандары әулетінің алғашқы атасы Абар хан болған екен (Табар). Орда деп аталатын хан ордасында ханның мал-мүлкі мен армиясын басқарған ханның басқару апараты орналасты. Әскери-әкімшілік жағынан Қыпшақ хандығы көне түрік дәстүрлерін сақтап, екі қанатқа бөлінген. Оң қанаты Ордасымен Жайық өзені бойында, Сарайшық қаласының орнында, сол қанат-ордасымен Сығанақ қаласында тұрған. Оң қанат екіншісінен күштірек болған. Әскери ұйымдар мен әскери-әкімшілік басқару жүйесіне айрықша маңыз берілген, өйткені олардан көшпелі тұрмыс ерекшелігі толық көрінген және олар көшпелі өмірге мейлінше сай, мейлінше қолайлы болған.Билеуші ақсүйек топтарының (хандар, тархандар, басқақтар, югурлар, бектер мен байлар) қатал иерархиялық жүйесі айқын көрініп отырған, бұған қоса рулар мен тайпалардың өзі де әлеуметтік маңызына қарай болінген. Орталық Азиянын көшпелі мемлекеттерінде рулар мен тайпаладың қатаң иерархиясы қоғамдық және тайпалардың қатаң негізгі принципі болды.
Қыпшактардың қоғамдық құрылымы.
Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан тең болмаған. Мүліктік теңсіздіктің негізі- малға жеке меншік болып табылады. Негізгі байлық жылқының саны болған. Жазба деректер хабарына сүйенсек, қыпшақтар еліндегі көптеген кісілердің бірнеше мыңнан жылқысы болған, ал кейбіреулерінің жылқысының саны 10 мыңға жеткен және одан да көп болған. Ибн Батутаның (араб тарихишсы) хабарына қарағанда, жеке меншікті бұзған адам қатал жазаланған, кәдуілгі хұқтың (төрелік айту) нормасы олар айыпталуға тиіс деп есептелген. Мәселен: егер біреудің атын ұрласа, атты қайтарумен бірге 9 ат айып беруге тиісті болған.Төменгі топқа малы аз шаруалар жатса, ал қолға түскен тұтқындар құл ретіңде пайдаланылды, ешқандай құқы болмаған. Ондайлар Орта Азия, Шығыс елдеріне құлдыққа сатылып отырған. Шежіреде қыпшақ мемлекетінде қарапайым адамдарды «ерлер» деп атаған. Олар заң жүзінде ерікті болғанымен іс жүзінде үстем тап өкілдеріне тәуелді болған. «Ерлерден» хан есебінде жасақтар құрылды. Махмұд Қашғаридің жазуы бойынша малы жоқ кедейлер жатақтар деп аталып, көп жағдайда олар ханның немесе үстем тап өкілдерінің тәуелдігіне түскен.Сөйтіп, қыпшақ хандығы қалыптасқан ерте феодалдық мемлекет болды, ол көнетүрік мемелекетінің дәстүрін дамытып, жалғастырды.
19.Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланысы
Шаруашылық, мәдени және саяси байланыс
Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы байланыс мәселесі тарих ғылымында әр түрлі пікірлер туғызып отыр. Біраз зерттеушілер көшпелілер мен отырықшылар қарым-қатынасын олардың арасындағы қырғи қабақ қақтығыстар, соғыстар, жаулап алу әрекеттерімен байланыстырады. Бұл ретте көшпелілер белсенді рөл атқарды деп есептейді. Енді бір топ зерттеушілер бұл қарым-қатынастағы көшпелілердің орнын төмендетіп көрсетуге тарысады. «Көшпелілер отырықшылардың мәдени жетістіктерін қиратушылар, не болмаса өздеріне қабылдап алушылар болды» деген пікірлер де жиі кездеседі.Көшпелі және отырықшы жұрттардың арасындағы қатынас әр заманда, әр түрлі аймақта әрқалай болды. Олардың карым-қатынасында қақтығыс, соғыстармен қатар бейбіт сабақтастық, шаруашылық, сауда, мәдени өзара әсерлер аз болған жоқ. Мал өнімдеріне мамандандырылған көшпелі экономика егіншілік өнімдерін, қолөнер бұйымдарын отырықшылардан алса, отырықшылар мал өнімдерін, кейбір қолөнер заттарын, қолөнерге қажетті шикізаттарды көшпелілерден алып отырды. Мұндай сауда, айырбас қатынастары, әсіресе отырықшы халықтар мен көшпелі елдер көршілес орналасқан шекаралық, аймақтарда пәрменді түрде іске асып отырды.Отырықшы елдерге жылқы малы, оны мініске, жегуге үйрету көшпелі малшы тайпалардан келді. Атты әскер дәстүрі, садақтың түрлері, қылыш, ат әбзелдері де көшпелілерден келген. Мысалы, VI ғасырда түркі тайпалары пайдаланған темір үзеңгілі ертоқым келесі ғасырларда бүкіл Еуропаға таралды. Отырықшы елдер көшпелілердің қару-жарағына, киіміне еліктеді. Мысалы, VII—VIII ғасырлардағы түркілердің кісе белдіктері Қытайдан Иракқа дейінгі аралықта пайдаланылған. Таң әулеті кезіндегі Қытайда көшпелілердің киімі кең таралды, Еуропада орыс, поляк, венгр ақсүйектері киім киісінде, шаш қоюында көшпелілер үлгісіне еліктеді. Көшпелілерде б.з.д. 1-мыңжылдықта пайда болған өнердегі «аң стилі» Қытайдан Дунайға дейінгі аралықтағы отырықшы елдерге де кең таралды.Көшпелілердің өзіндік саяси мәдениеті болды. Олар ел басқарушыларын ерекше қасиетті адам, Тәңірдің жердегі өкілі деп түсінді, ерекше басқару жүйесі, империялық қызмет шендері, рәміздері, ел басқарудағы ерекше мұрагерлік дәстүрі болды. Осы мемлекеттік басқару тәртібін көшпелілер кейбір жаулап алған отырықшы елдердің саяси жүйесіне орнықтырып та отырды.Көшпелілер отырықшы халықтардың бір-бірімен мәдениет алмасуына, олардың бірінен екіншісіне мәдени үдерістердің ауысуына себепші болды. Көшпелілер миграциясы, олардың бір отырықшы елдерден кейін келесі бір отырықшы халықтарды жаулап алуы арқылы мәдени диффузия іске асып отырды.Халықаралық сауда жолының тарихы б.з.б. 3-2 мыңжылдықтардан, Шығыс Түркістаннан Иран, Мысыр, Қытай мен Сирияға лазурит пен нефрит тасудан басталады. Б.з.б. 138 жылы Қытайдан император У-дидің Батыстың беймәлім елдеріне (күн қайда батса, сол жаққа) жіберген елшілік керуені жолға шығады. Ол алғаш рет Қытайдан Орталық Азияға тіке жол тартты. Сапар барысында сауда үшін қолайлы жолдар анықталды. Бұл жолдар Ұлы Жібек жолының негізін қалады.Тарих ғылымында б.з.б. II ғасырды Ұлы Жібек жолының тұрақты жұмыс істеуінің басталуы деп есептеу қабылданған. Қытай елшісінен кейін іле-шала бұл жолмен Батысқа жібек керуендері жүрді. Рим мен Византия, Үндістан, Иран, Араб халифатынан осы елдерде өндірілетін тауарлар тасылды. Ұлы Жібек жолының маңызы — халықтар мен мәдениеттерді жақындастырып, өзара байытуында болды. Ұлы Жібек жолы өзінің атауын XIX ғасырда ғана алды. Оны неміс ғалымы, Азияның физикалық географиясы туралы еңбектердің авторы фон Рихтгофен ұсынды.Жібек сауданың басты түрі болды. Жібек алтынмен бірге халықаралық валюта міндетін атқарды. Оны патшалар мен елшілерге тарту етті, жалдамалы әскерге жалақы және мемлекеттік қарыздардың өтеуі ретінде төледі. Жібек өзінің жұқа, әсемдігінің арқасында алыс жерлерге тасымалданатын негізгі тауар саналды. Сонымен қатар иіссу, тәтті тағамдар, женьшень мен маталар, бояу, бағалы тастар, аң терісі, алтын, күміс құймалары сияқты бұйымдар да тасылды. Жібек жолымен араб арғымақтары, қаршыға, тотықұстар мен түйеқұстар т.б. сатуға әкелінді.Жібек жолымен ежелгі мәдениет пен өнер туындылары таратылды. Орта Азия, Түркістаннан келген музыкант, биші, акробаттар Қытай императоры мен Византия сарайларында өз өнерлерін көрсетті. Жібек жолымен қытайлықтар өз елінде жоғары бағаланатын асыл тұқымды жылқы мен түйелерді Орталық Азиядан алдырды. Қытайлықтар керуен саудасы арқылы әкелінген ауыл шаруашылығы дақылдарын — бұршақ, пияз, қияр, сәбіз, анар, грек жаңғағы т.б. өз елдерінде өсіруді үйренді. Орталық Азиядан Қытайға жүннен тоқылған әртүрлі бұйымдар — кілем, жапқыш, төсеніштер әкелінді. Жүн өңдеу мен кілем тоқу әдісімен таныс емес қытайлықтарға бұл бұйымдар ерекше әсер етті.
20. Бұл кезеңнің рухани мәдениеті Дешті Қыпшақ аумағында ежелгі түрік, монғол және ислам мәдениеті дәстүрлерінің өзара тығыз ықпалымен сипатталады. Ол негізінен алғанда фольклор, ауызекі жеке поэзия, жазбаша (қолжазба-кітаби) әдебиет және музыкалық-поэтикалық өнер трінде болып, дамып отырған.
Фольклор. Ауызекі халықтық-поэтикалық шығармашылық Алтын Орда халқының рухани мәдениетінің негізгі бөлігі болды. Оның ежелден келе жатқан және тамыры терең дәстүрлері бар. Рулық құрылыс пен Түрік қағанаты дәуірінде пайда болған көптеген фольклорлық сюжеттер феодалдық қоғам жағдайларының өзінде-ақ одан әрі жетілдіріле береді. Халық арасында ертеден келе жатқан мифтер мен ертегілер, аңыз-әңгімелер кең таралды, олардың бір бөлігі жаңартылып, өзгертіліп отырды, ал басқа бір бөлігі басқа жанрлардың құрамына кірді, не бәз-баяғы күйінде жасай берді. Ертедегі туындылармен қатар, сол кезде ұлан-байтақ Дешті Қыпшақ даласында болған оқиғалар туралы, оларға белсене қатысып, жалпы алғанда Шыңғыс ұрпақтары, жекелеп алғанда Жошы ұрпақтары мемлекетінің одан әрі өмір сүруінде тағдырлы рөл атқарған жеке адамдар туралы эпикалық жаңа туындылар жасалды.
Ол кезеңдегі фольклордың ең ертедегі үлгілері ғарыштық, тотемдік, этиологиялық және эсхатологиялық сипаттағы алуан түрлі мифологиялық сюжеттер болатын. Оларда Ғарыш пен Жердің Ғайыптан пайда болғаны туралы, Күннің, Айдың және басқа да аспан шырақтарының қайдан шыққаны туралы айтылатын. Мифтерде алғашқы адамдар мен жануарлардың жарық дүниеге қалай келгені, таулардың, көлдердің, өзендердің және басқа да Жер объектілерінің қалай пайда болғаны туралы да баяндалды, хайуандардың түрі, мінез-құлқы неліктен сондай екені түсіндірілді. Рулар мен тайпалардың мифтік тарихы да баяндалып, олардың генеалогиясын жануарлармен, тотемдік бабалармен байланыстарға апарып тірейді. Бұл мифтердің бәрі өзінше бір “танымдық-ақпараттық” міндет атқарады және дүниенің құрылысын, табиғат құбылыстарын, адамның іс-әрекеттері мен хайуандардың қылықтарын аңғалдықпен, кейде теріс түсіндірді. Сонымен бірге монотеистік ислам діні ықпалының артуына байланысты ертедегі мифология ыдырай берді. Ислам діні жағдайында бұрынға нанымдар күпірлік деп жарияланып, қуғынға салынды, соның салдарынан көптеген көне мифтер жүйеге түсіріліп және фольклорлық циклге енгізіліп үлгірмеді. Олар бұзылып, басқа жанрларға айнала бастады, бұл орайда өзінің танымдық міндетін толық жоғалтқан жоқ. Бұл мифтер көркемдік міндеті басым сындарлы жүйе құрған жоқ, мұның өзі ертедегі құл иеленушілік мемлекеттердің мифологиясына тән болатын.
21. Қазақстанның түркі тілдес халықтары (Әл-Фараби, Әл-Қашқари, Ысқақәл-Фараби, Жанақ ибн Хакан-Әл-қимақтар) арасында ғылыми білімді тарату.
Тілдердің тазалығы мен қолданылу ерекшелігі жағынан М.Қашқари татар, ұйғыр тілін өз алдына жеке топ етіп, бөліп қарайды да, қырғыз, қыпшақ, оғыз, яруқ тілдерін таза түркі деген пікір айтады. М.Қашқаридың ойынша түркі тілдерінің ең жеңілі – оғыз тілі де, ең жақсысы, қолдануға қолайлы тіл – яғма, туғси тілдері мен кәзіргі Қазақстан территориясын, яғни Іле, Ертіс, Еділ өзендерінің бойын жайлаған халықтардың тілі. Күні бұрын қолданылып жүрген тілдер деп, бұл тілдер ішінен башқұрт, татар, қырғыз, үйғыр тілдерін айтуға болады дейді. Сонымен, түркі тілдерінің М.Қашқари жасаған алғашқы классификациясы екі түрлі негізге: 1. түркі халықтарының орналасу ретіне, яғни, географиялық мәліметтерге, 2. түркі тілінің әрбір тобының өзіне тән фонетикалық, морфологиялық қасиеттеріне, яғни лингвистикалық қасиеттерге сүйенген (Қ.Аманжолов). Ғалымның бұл кітабы ерте орта ғасырлық түркі халқының энциклопедиясы есепті. Онда өте бағалы, кейбір жағдайларда таптырмайтын, ХІ ғасырда өмір сүрген көптеген түркі тайпалары жайындағы мәліметтер енгізілген. Сөздік этноним, топоним, рулық терминдер, әртүрлі қызмет атаулары, тағамдар мен сусын атаулары, үй, жабайы жануарлар, құстар, айлар мен апта күнтізбесі, дәрілік жабдықтар, астрономия, әс­кери, медициналық, діни т.б. атаулары қамтылған. Сол кездегі түркі халықтарының дүниені қабылдауы, этикалық нормалары мен құндылықтары, өзін-өзі ұстау әдеті тілге тиек етіледі. Әртүрлі тайпалар арасындағы тарихи-мәдени байланыстар, Қазақстан мен Орта Азия аумағында болған кейбір тарихи оқиғалар жайында (мәселен, Ескендір Зұлқарнайын жорығы туралы) құнды мәліметтер бар. Тарихшылардың назарын өзіне аударған – шығармадағы дүние жүзінің ерекше картасы. Кітапта 400 мақал-мәтел бар.
22. Моңғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алуы. Қазақстан Үш моңғол ұлысының құрамында
Бақытжан уник: ІІ ғ. аяғы мен ХІІІ ғ. басында Монғолия жерінде қият-бөржігін тайпасының билеушісі Есугей баһадурдің баласы Темучин (1155-1227) билік еткен ірі көшпелі мемлекет құрылды. Ол 20 жылға созылған қиян-кескі күрес барысында Монғолияның бүкіл тайпаларын өз қол астына біріктірді. Егер бұрын Монғолияны мекендеген тайпалардың көпшілігі татар деген атпен (ең қуатты тайпалардың бірінің аты бойынша) белгілі болса, енді мемлекеттің нығаюына байланысты Монғолия тайпалары өздерін монғолдар деп атай бастайды да, бұл термин жинақтаушы этникалық-саяси мәнге ие болады. Қытай деректерінде бүкіл Монғолияның халқы «татарлар» деп аталған, осы атау араб, парсы, орыс және батыс европалық деректерге ауысқан. Жалпы «татарлар» атауының шығыс-монғолдық тайпалардың бір бөлігіне ғана қатысы бар. «Татар-монғолдар» және «монғол-татарлар» атауы кейін пайда болған.ХІІ-ХІІІ ғғ. межесінде монғол қоғамында феодалдық қатынастардың қалыптасу процесі жүріп жатты. Бұл қоғам екі топқа – ақсүйек нояндарға және еңбекші халық – араттарға бөлінді.1206 жылы көктемде Темучинді жақтаушы монғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы болып, онда ол Шыңғыс хан деген атпен монғолдардың әміршісі болып салтанатты түрде жарияланды. Шыңғыс хан тұсында Монғол империясының астанасы Қарақорым болды. Монғол мемлекеті әскери-әкімшілік ұйым негізінде құрылды. Мемлекет аумағы үш әскери әкімшілік аймаққа бөлінді. Әр аймақ бірнеше түменнен, түмен 10 «мыңдықтан», әр мыңдық – 10 «жүздіктен» тұрады. Армия темірдей тәртібі және жоғары әскери дайындығымен ерекшеленді. Монғолдардың әскери басымдыққа жетуіне Шыңғыс ханның жауапты орындарға этникалық және әлеуметтік шығу тегіне қарамастан батыл да іскер адамдарды қоюы көп әсерін тигізді.1207-1208 жж. Шыңғыс ханның үлкен баласы Жошы Енисей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігіндегі «орман халықтарын» бағындырды. Қазіргі Шығыс Түркістан аумағында тұрған ұйғырлар монғолдарға бағынды. 1211 ж. Шыңғыс ханның қолы Солтүстік Қытайға енді, 1215 ж. олар Цзинь мемлекетінің астанасы Чжунду (Пекин) қаласын жаулап алды. 1217 жылы Цзинь империясы Хуанхэ өзенінің солтүстігінде орналасқан барлық иеліктерінен айырылды.Шыңғыс ханның негізгі мақсаты батыс елдерін – Орта Азия мен Иранды, Таяу Шығыс пен Кавказды, Шығыс Европаны басып алу болды. Батыста монғолдар 1211 жылы алғаш рет Жетісу жеріне келгенімен ұзақ тұрақтай алмады. Бұл жылы монғол әскерін Жетісуға Шыңғыс ханның қолбасшыларының бірі Құбылай бастап келген болатын. 1216 жылы Шыңғыс хан өзінің үлкен ұлы Жошыны қыпшақ даласында көшіп-қонып жүрген меркіттерді біржолата талқандауға аттандырды. Жошы Торғай даласында қыпшақтарға қарсы 60 мың әскерімен жорыққа шыққан хорезмшах Мұхаммедтің қолымен кездесіп қалды. Екі жақ күні бойы шайқасты, ал түнде монғолдар жаққан оттарын қалдырған күйі кері шегініп кетті.Монғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта басталды. Осы жылы қаңлы, найман және керей тайпалары жайлаған Жетісу жеріне алғашқы соққы берілді. Бұл кезде Жетісуды наймандардың Күшлік ханы билеп тұрған еді. Оған қарсы Шыңғыс хан өзінің таңдаулы қолбасшыларының бірі Жебені жіберді. Монғолдар жергілікті халыққа ислам дінін жария түрде ұстануға рұқсат етіп, Күшліктің мұсылмандарды қудалауына байланысты халықтың наразылығын тиімді пайдаланды. Сонымен қатар Жетісу халқын өз жағына тарту үшін Шыңғыс хан бұл өлкеде тонаушылық пен қырғынға тиым салды. Көптеген елді мекендер, соның ішінде Баласағұн қаласы ұрыссыз берілді, ал Күшлікті монғолдар Бадахшанда ұстап, өлтірді.Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін монғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Бұл өңірге басып кіруге «Отырар апаты» деп аталатын оқиға сылтау болды. 1218 жылы жазда Шыңғысханның тапсырмасымен құрамында көпестері мен монғол барлаушылары бар, барлығы 450 адамнан тұратын 500 түйеге теңделген жүгі бар керуен Отырарға аттанады. Отырар билеушісі Қайыр хан көпестерді жансыздар деп күдіктеніп, оларды өлтіруге бұйырады, керуен тоналады. Бұған шамданған Шыңғысхан оның қарымтасы ретінде хорезмшах Мұхаммедтен Қайыр ханды ұстап беруді талап етіп, елшілерін жібереді, ал хорезмшахтың келген елшілерді өлтіруі соғысқа сылтау болады.Шыңғысхан Орта Азияны бағындыруға өз вассалдарының жасақтарымен қоса жалпы саны 150 мың адамы бар қалың қол жіберді. Әскери жорық 1219 жылы қыркүйекте Ертіс жағалауынан басталды. Отырар қаласы қоршауға алынды. Өзінің әскерін үш топқа бөлген Шыңғысхан бір бөлігін Отырарды алу үшін ұлдары Шағатай мен Үгедейге қалдырды, үлкен ұлы Жошы бастаған екінші бөлігін Сырдарияның төменгі ағысына аттандырды. Өзі Бұқараға бет алды. Отырар билеушісі Қайыр хан ерлікпен шайқасты, ол басқарған әскер мен қала тұрғындары басқыншыларға қарсы табан тіресе қарсылық көрсетті, қаланы 5 ай бойы ұстап тұрды. Бесінші айдың аяғында хорезмдік әскербасы Қараджа хаджиб опасыздық жасап, қаланың қақпасын ашып, 10 мың әскерімен монғолдар жағына шығып кетіп, оларды қалаға жіберіп қойды, кейін оның өзі осы опасыздығы үшін монғолдар тарапынан өлтірілді. Қайыр хан өз жауынгерлерімен қамалда тағы бір ай қорғанды. Бірақ күш тең болмады, қамал қиратылды, 1220 жылы ақпанда Отырар қаласы алынды, Қайыр хан қолға түсіп, қатал жазаланып өлтірілді.

Отырар сияқты Сыр бойындағы Сығанақ, Ашнас және т.б. қалалар тұрғындары да монғолдарға қатты қарсылық көрсетті. Араб және парсы тіліндегі тарихи деректерде монғолдар халқын түгелдей қырып, күл-талқан қиратқан отыз шақты қалалар аталады. Олардың ішінде оңтүстік-қазақстандағы Отырар, Сығанақ, Ашнас қалалары бар.Монғолдар Сырдария өңіріндегі қалаларды бағындырып, Орта Азияға қарай ішкеріледі. Үргенішті қоршауға алу бірнеше айға созылды. Монғолдар Бұқарды, Самарқанды алды, Хорезмді жаулап алды. 1221 жылы көктемінде монғолдар Орта Азияны жаулап алуды аяқтады.Енді соғыс Хорасан, Ауғанстан және Солтүстік Индия территориясына ауысты. Қолбасшылар Жебе мен Сүбедей нояндар басқарған 30 мыңдық әскер Солтүстік Ираннан шығып, 1220 жылы Кавказға басып кірді. Бұл әскер армян, грузин, алан, қыпшақ және орыс әскерлерін Қалқа өзенінің бойында талқандап, 1224 жылы Шығыс Дешті Қыпшақ даласы арқылы Шыңғысханның Ертіс бойындағы ордасына оралды. Сөйтіп, 1219-1224 жж. монғол шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан Шыңғысхан империясының құрамына кірді.Шыңғысхан көзінің тірісінде ұлан-байтақ аумақты алып жатқан жаулап алған жерлерін бәйбішесі Бөртеден туған ұлдарының санына қарай төрт ұлысқа бөлді. Кіші ұлы Төле Шыңғысханның негізгі жұртын – Монғолияның өзін, сондай-ақ монғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын иеленді. Үшінші ұлы Үгедейге Монғолияның батыс бөлігі, Жоңғария мен Шығыс Түркістан аймағы қарады. Оның ұлысының орталығы жоғарғы Ертіс пен Тарбағатай аймағында орналасты. Шыңғысханның екінші ұлы Шағатайдың иелігіндегі жерлер Оңтүстік Алтайдан Әмударияға дейінгі, яғни Жетісу мен Мәуераннахрды қамтыды. Шыңғысханның үлкен ұлы Жошының үлесі Ертістен батысқа қарай төменгі Еділге дейінгі жерді қоса бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақты қамтыды. Сонымен Қазақстанның аумағы монғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен бөлігі – Жошы ұлысының құрамына, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан – Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі – Үгедей ұлысына кірді.


Қазақстан аумағы үш монгол ұлысының кұрамына енді: үлкен (далалық) бөлігі Жошы ұлысына, Оңтүстік жөне Оңтүстік-Шығыс Казакстан Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысына карады. Жошы ұлысы Ертістен батысқа қарайғы ұлан-ғайыр жерді, Жетісудың солтүстік бөлігі мен бүкіл Дешті-Қыпшақты, Еділдің төменгі бойын қоса алып жатты. Шағатай ұлысы жоғарыда аталған жерге қоса, Шығыс Түркістан мен Мәуереннахрды қамтыды. Үгедей Батыс Монғолияны, Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатайды биледі. Шыңғыс ұлдары өз ұлыстарын тәуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты. 1227 ж. Шыңғыс хан өлгеннен кейін бұл ұмтылыс күшейе түсіп, империя бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті.
1227 ж. Жошы өлген соң орнына ұлы Батый отырды. Ол Батыс Дешті-Қыпшақ даласына, Еділ бұлғарлары жеріне, одан әрі батысқа шапқыншылық жорықтар ұйымдастырды. Ірі орыс князьдіктері талқандалды, Польша, Венгрия, Чехия және басқа көптеген елдер тонауға ұшырады. Жеті жылға созылған жорықтарынан кейін Батыйдың қол астына Қырымды қоса, Еділден Дунайға дейінгі жер, Солтүстік Кавказ, Батыс қыпшак (половецтер) даласы қосылды. Осыдан кейін Батый Еділдің төменгі аясында Алтын Орда атты жаңа монғол мемлекетін құрды. Оған Жошы ұлысының жері — Шығыс Дешті-Қыпшақ, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі және батыстағы жаңадан жаулап алынған жерлер карады. Батый әскерінен жеңілген орыс князьдіктері бағынышты тәуелділікте болды. Орыс князьдері Алтын Ордаға тәуелділіктерін мойындап, ұлы ханның қолынан князь атағын алып, алым-салық төлеп тұрды.
Батый құрған мемлекет шығыс деректерінде Жошы ұлысы деп, сондай-ақ Жошы ұрпактары — хандардың атымен (Батый ұлысы, Берке ұлысы, т. б.) аталды. Астанасы Сарай-Бату (Астрахань маңында), кейіннен Сарай-Берке қаласында болды.
Алтын Орда көп ұлтты мемлекет. Оның құрамына бір-бірінен коғамдық-экономикалык даму деңгейі жағынан айырмашылығы бар, өзіндік мәдениеті мен салт-дәстүрлері сақталған көптеген ұлттар мен халықтар кірді. Көшпелілер негізінен түркі халықтары — ен көбі кыпшактар, сондай-ақ қаңлылар, наймандар және т. б. болды. Отырыкшылардан бұлғарлар, мордвалар, орыстар, черкестер, хорезмдіктер, т. б. кірді. Мұнда монголдар азшылык болды. XIII ғ. аяғы мен XIV ғасырда монғолдар толығымен түркілсніп, Алтын Орданын халқы «татарлар» деген атау алды.
Алтын Орданың коғамдық құрылысы. Алтын Орда мемлекетінің кұрылысы толығымен Шыңғыс хан енгізген мемлекет үлгісін қайталады. Мемлекет Жошы хан әулетінің меншігі болып саналды. Манызды мемлекеттік істі шешу үшін билік басындағы әулет мүшелері бастаған ақсүйектер жиналысы — құрылтай шақырылды. Армияны және өзге мемлекеттермен дипломатиялық катынастарды бешербек басқарды. Қаржы, алым-салык мәселесін, мемлекеттің ішкі істерін жүргізетін орталык аткарушы орган — диванның басында уәзір тұрды. Қалалар мен бағынышты үлыстардан алым-салык., сыбаға жинау міндетін атқаратын даругтер, басқақтар тағайындалды. Хан отбасының мүшелері маңызды қызметтер атқарды. Ірі нояндар, бектер, әмірлер, баһадурлер түмендерді, мындық, жүздіктерді басқаратын әскербасылары болып сайланды.
Алтын Ордада жаулап алынған жер мен халықтарды басқару үшін үлыс жүйесі енгізілді. Батый хан тұсында Жошы ұлысында екіге — оң және сол қанатка, негізінен екі мемлекетке бөліну процесі жүргізілді. Оң қанат (үлыстың) басында Батый ханның өзі мен ізбасарлары тұрды. Ал сол қанатты Жошының үлкен ұлы Орда Ежен биледі. Қазакстан жерінің көп бөлігі сол канат құрамына кірді.
Батый мен Орда Еженнің үлыстары өз ішінде тағы да кіші ұлыстарға бөлініп, олардың басында Жошының өзге ұлдары отырды.
Үлысты (үлесті жер) билеуге өкімет басындағы әулет мүшелерінің барлығы күкықты болды. Ал өзге монғол аксүйектеріне үлесті жер ханға еткен еңбегіне карай бөлініп берілді. Біртіндеп аксүйектер құкығы арта түсіп, олар карамағындағы жерді ұрпзғына мұра етіп калдыра алатын дәрежеге жетті. Екінші жағынан Алтын Ордада көшпелілердің ру-тайпалық ұйымдары да сақталды.
Алтын Орданын гүлденуі мен құлдырауы. Алғашында Алтын Орда Монғолиядағы үлы ханға тәуелді болды. Алайда 1260 ж. Монғол империясы бірнеше тәуелсіз ұлыстарға ыдырап кетті.. Алтын Орда Батыйдың інісі Берке ханның (1256 — 1266 жж.) түсында-ақ тәуелсіздікке кол жеткізген. Одан кейінгі Мөңке хан (1266 — 1280 жж.) өз атынан теңге шығара бастады.
Алтын Орданың тарихы ішкі қайшылыктарына коса, орыс князьдіктерімен, Ирандағы Күлағу ханның әулетімен, Ак Орданын және Хорезмнін билеушілерімен үздіксіз соғыстарға толы болды. Алтын Орданың XIV ғ. алғашқы жартысында, әсіресе Өзбекхан (1312 — 1342 жж.) мен одан кейінгі Жәнібек ханнын (1342 — 1357 жж.) тұсында кұдіреттілігі арта түсті. Ханның дара үстемдігі орнап, құрылтай шакыру аяқсыз калды, билік бір адамның колына жинакталды.
1312 ж. Өзбек хан ісләмді Алтын Ордадағы мемлекеттік дін деп жариялады. Далалык. түркі-монғолдык мәдениет Еділ бойы (бұлғарлар) және Орта Азия (Хорезм) мүсылмандык, салт-дәстүрлерінін әсерімен ісләмді кабылдай бастады.
XIV ғ. екінші жартысында Алтын Орда алауыздықтан әлсірей бастады. 1357 жылдан 1380 жылға дейін такка 20-дан астам хандар отырып, бірін-бірі елтіріп, орнын тартып алып жатты. 1380 ж. Алтын Орданың билеушісі, түменбасы Мамай Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен Куликово даласында тас-талкдн боп женілді. Жошы ұрпағы Токтамыс хан осы жағдайды пайдаланып, Алтын Орданың билігін тартып алды. Өз билігін соғыс жеңістерімен бекіте түспек болған ол 1382 ж. Мәскеуді ертеп жіберді, Мәуереннахр мен Закавказьеге бірнеше рет жорық жасады. Тоқтамыстың соңына түскен Әмір Темір Алтын Ордаға кайта-қайта шабуыл жасап, халқын қырып, байлығын тонап, енді кайта көтеріле алмастай етіп тұралатты.
XV ғ. ортасына карай бірнеше үлкен үлыстар өз алдына хан сайлап, Алтын Орда біржола қүлады. Бүл ұлыстардың ең ірісі XV ғ. 30-жылдары Еділ мен Днепрдің аралығында қүрылған Ақ Орда болды. 20 — 60-жылдары Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қырым, Астрахань хандықтары бөлініп шықты.
Монғол хандарының ұлыс билігі үшін таласы. Қазақстаннын оңтүстік-шығысы үш ірі монғол ұлыстарының түйіскен орталығына айналды. Жетісу аумағы үшеуінің арасында саяси бөлініске түсті: солтүстік бөлігі Жошы ұлысына, оңтүстігі Шағатай үлысына қарады, Солтүстік-Шығыс Жетісу болса Үгедей үлысының маңызды орталығы болып есептелді. Ұлыс хандарының астаналары Жетісуға орнатылды. Шағатай ұлысына жататын Жетісу аумағында билікке таласкан Шағатай және Үгедей ұрпактарының арасында үздіксіз соғыстар жүріп жатты. Шыңғыс әулетініц арасындағы мүндай соғыстарда екі жак та кешпелі феодалдар арасынан жақтас тауып, оларды да күреске тартты.
1251 ж. Үгедей ұлысы жойылды. Жері Мөңке ханның (Шыңғыс ханның кіші ұлы Төленің баласы) жақтастарына таратылып берді. Шағатай үлысында да билік колдан-қолға өтті. Әсіресе Мөңке өлгеннен кейін феодалдар тартысы кушейе түсті. 1260 ж. Арығ-Бұғы мен Күбылай екеуі де өздерін үлы хан деп жариялады. Үздіксіз шайқастардан жергілікті қалалар мен егіс алқаптары зардап шегіп, тозуға айналды. Рашид ад-Диннің айтуынша, XIII ғ. 60-жылдарында «Арығ-Бүғының тағылық әрекеттерінен Іле алқабында аштык болып, қаншама халык кырылып калған».
1269 ж. үлы ханнан тәуелсіз Хайду мемлекетінің күрылуы жергілікті халықтан шыққан феодал билеушілердің бас көтере бастағанынын куәсі еді. Осы жылы Талас бойында шакырылған кұрылтайда олар отырықшы-егінші аудандарды кұрып кетуден қорғау әрекеттерін жасады.
Алайда Шыңғыс әулетінін арасындағы толассыз талас-тартыс пен Хайдудын ұлы хан армиясымен үзакқа созылған соғысы кұрылтай шешімін жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді.
Хайду ізбасарлары арасында басталған өзара тартыстар XV ғ. алғашқы жартысында Жетісудың экономикалык кұлдырауын шегіне жеткізді. Махмуд ибн Уәли Хайду ұлдары мен Шағатайдың шөбересі Доба арасындағы қақтығыстар туралы былай деп жазды: «Біздін аталарымыз өзара соғысып жатқан кезде көптеген адамдар жазыксыз қырылды, аудандар канырап калды, иелігіндегі жерлер сағымға айналды, егістік қурап қалды... кдлалар мен құрылыстар адамдар жылы орнын тастап, кезбе кайыршыға айналды».
Монғолдар келгенге дейін дамудың жоғарғы сатысында тұрға Казакстанның оңтүстік-шығысындағы — Баласағұн, Тараз, Алма«-лық, Алмату, Қаялык, Ілебалық, Екіоғыз, т. б. үлкенді-кішілі калалац мен елді мекендер жер бетінен жоғалып кетті.
Монғол хандарының арасында жергілікті ел басшыларына арқаі сүйей отырып, отырықшы-егінші және калалык мәдениет негізіндегі бір орталыктан баскдрылатын билік жүйесін жактаушылар да болды. Олардын ең көрнектісі жоғарыда айтылған Добаның үлы Кебек хані (1318—1326 жж.) еді. Ол көшпелі тұрмыстан қол үзіп, Жетісудані Мәуереннахрға барып коныстанды, ақша және әкімшілік реформасын жүргізді, Орта Азиядағы кираған калалардың қалпына келтіріліп, жаңадан кала салынуына ықпал жасады. Оның қамқорлығы аркасында Шағатай ұлысындағы онтүстікказақстандықі калалар калпына келтірілді. XV ғ. ортасында Хайду мемлекетінещ Моғолстан бөлініп шыкты.
Монғол шапқыншылығының Қазақстанга тигізген зардаптары.
Монғолдар халыкты жаппай қырып-жою соғысын жүргізді. Қалалар мен елді мекендер, сәулетті сарайлар мен мешіттер, суландыруі жүйелері әдейі киратылды, өңделген егістіктер караусыз калды. Мындаған колөнер шеберлері құлдыкка айдап әкетілді. Халық ашықты. Бұрын болып көрмеген қаталдык, жауыздык әрекеттерге жол берілді.
Монғол шапқыншылығы жаулап алған елдерінің экономикалық және мәдени дамуына тежеу салды. Қазақстанның егіншілік және калалық мәдениеті мешеу қалды. Марко Полонын айтуына қарағанда, монғолдар жаулап алған жерінде калалардың «әскер енгізуге бөгет жасайтын камал-қабырғалары мен кақпалары болуына рұксат етпеді. Осылай ауыздыкталған халық көнбіс келеді, бас көтере алмайды».
Жетісу калалары жаугершілік кезінде киратылған жоқ. Бірақ Жетісудың үстімен еткен қисапсыз көп әскер атының тұяғымен, тонаумен-ақ бұл ауданның шаруашылығына орасан зор зиян келтірілген. Монғол үстемдігі орнағаннан кейінгі он жылдың ішінде калалар қиратылып, егістік жер мал жайылымына айналдырылды.
Осы окиғадан кейіи отыз жыл өткенле Іле анғарын басып өткен Вильгельм Рубрук былай деп жазды: «Бұл анғарда бүрын көптеген калалар болатын, казір олардын көбін татарлар (монғолдар) киратып, мал жаятын жайылымға айналдырған».
Мырза Мухаммед Хайдар Дулати XVI ғасырда: «Моғолстанның кең-байтақ даласында кезге ілінсрлікбіркаланемесеелді мекен қалмады, бұл жерде бұрын калалар болғаны жайлы тек кана кітаптан немесе ауыз екі әңгімеден ғана білуге болады» деп жазды.
Монғол феодалдары үстемдік кұрған бір жарым мың жыл ішінде бұрын қалалық мәдениеті гүлденген, отырыкшы-егіншілік дамыған, халык тығыз қоныстанған Қазақстанның осы бөлігі бүрынғы экономикалық саяси және мәдени маңызынан түгелдей айырылды. Мұның әр түрлі себептері болды.
Өзінің стратегиялық жағдайына байланысты Оңтүстік-Шығыс Қазақстан монғол шапқыншылығы жоспарында маңызды орын алды. ҰЛЫС хандары ездерінің калың нөкерімен және сан мыңдаған әскерімен осы араны астана етті. Мұнда көшіріп әкелінген, көшпелі мал шаруашылығы салтын сақтаған монғол көшпелілеріне (200 мын адам) кең-байтақ жайылымдар кажет болды. Осынын бәрі егістік жерді кыскартуға әкелді. Елді мекендерді қирату, егістік жерді мал тұяғына таптату, бау-бақшалар мен суару жүйелерін жою, қалаларда сауданың тыйылып, олардың көрші калалармен және егінші аймактармен катынасынын үзілуі — осының бәрі Жетісудағы қалалар өмірінің экономикалық және әлеуметтік негізіне зиянын тигізді. Бұл жерде көп жылдар бойы монғол феодал ақсүйектерінін, калалықжәне отырықшы-егіншілік мәдениетке жаны қас, тәуелді елдін халқын жырткыштыкпен пайдаланатын тобы үстемдік етіп келді. Жетісу аумағындағы саяси жағдайдың тұрақсыздығы да бұл жердегі шаруашылық пен мәдениеттің одан әрі құлдырай түсуіне ықпал етті. Жаулаушылар бұл арада мықты билік те, темірдей тәртіп те, бейбіт тұрмыс та орната алмады. Қол астындағы халықты ауыр салыктар мен телемдер төлеуге мәжбүр етті: жер салығы, алым жинау, байланыс міндеткерлігі, тұрақты және өтпелі әскерлердің қажетін қамтамасыз етудің жиырма шакты түрі, оның ішінде әскери міндеткерлік — жергілікті халык монғол әскерінін катарын толықтыру үшін жауынгер беріп отыруға міндетті болды.
Монғол шапкыншылығының бірқатар жағымды әсері де бар. Монғол билеушілері сауданың өркендеуіне, халықаралық каты-настардың жаксаруына үлес косты, байланыс және көлік кызметін жаппай енгізді. Бұрын бір-бірін білмейтін халыктар арасында сауда және мәдени байланыс орнатылды. Үлыстар арасында сауда керуендері, елшілік адамдары жүріп жатты, саяхатшылар жер түбіндегі алыс елдерге барып, Еуропаға бұрын белгісіз болып келген азиялык елдер мен халыктар жайлы мәліметтер таратты.
Монғолдар бір орталықтан баскару идеясымен бұрын бастары бірікпей келген туыстас тайпаларды жакындастырды.
Кешпелі тұрмыс салтын Шыңғыс ханның «Жаса» деп аталатын, жаңа жағдайда бейімделген карапайым күкыктар жиынтығы реттеп отырды. Кейіннен казактың «Жеті жарғы» зандар жинағын жасаганда «Жасаны» да пайдаланған. Мемлекеттіліктің көптеген түрлері де кейіннен Қазакстанда, монғол дәуірінен соңғы кезенде пайда болған мемлекеттерде пайдаланылды. Монғол шапқыншылығы Казақстан аумағындағы этностык процестерге үлкен әсерін тигізді. Дегенмен, Шынғыс хан мен оның ізбасарлары жүргізген соғыстар жаулап алынған елдердің ғана емес, Монғолиянын өзінін де өндіргіш күштерінің кұлдырауына алып келді.
23 Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы: территориясы, этникалық процестер, мәдени симбиоз
Бақытжан уник: 1227 ж. Шыңғысхан қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін 1235 ж. Қарақорымда өткен монғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Монғол әскерлерін Шыңғысханның мұрагер немересі, Жошының екінші ұлы Бату басқаратын болды. Бату әскері 1236 жылы Камадағы бұлғарларды, мордваларды талқандап, 1237 ж. орыс мекендеріне келіп шүйлікті. Рязань, Мәскеу, Владимир түбінде монғол әскерлерімен кескілескен ұрыстар жүрді. 1239 ж. басында монғол әскерлері Еділ өзенінің ту сыртынан орыс жеріне екінші жорыққа аттанды. Қызу ұрыстар жүргізе отырып, монғолдар Перяславль қаласын, онан кейін Чернигов қаласын алып, оны өртеп күлге айналдырды. 1240 ж. күзінде Бату Киевті талқандады, олар Польша, Венгрия, Чехияны және басқа да елдерді басып алды. Батудың екпінді жорығы барысында монғолдар кең байтақ жерге ие болды. Оның шегі батыста - Днестрге, шығыста - Ертіске, Солтүстікте - Батыс Сібір ойпатына, Оңтүстікте - Солтүстік Кавказға дейін жетті. Бату иеліктерінің құрамына оңтүстік-шығыста Солтүстік Хорезм мен Сырдарияның төменгі жағындағы жерлер енді. Оңтүстік орыс княздіктері де Батуға тәуелді болды. Осындай аса зор мемлекет шығыс деректемелерінде Көк Орда, ал орыс жылнамаларында Алтын Орда деп аталды. Астанасы алғашында Еділ бойындағы Сарай Батуда болса, Кейін Сарай Беркеге көшірілді. Алғашында Алтын Орда деген ұғым болмаған. Бұл атау орыс деректерінде тек XVI ғ. аяғында пайда болған. Өтеміс қажының «Шыңғыснама» шежіресінде бұл туралы аңыз бар. Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда - Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, т.б. тайпалар мекендеді. Дешті Қыпшақ төңірегі мен Еділ бойына қоныс аударған монғолдар аз болған жоқ. Олар кейін жергілікті түркі тілдес халықтармен сіңісіп кетті. Жеті жылдық соғыс нәтижесінде (1236-1242 ж.ж.) Батыйдың қол астына Еділдің батысынан Дунайдың төменгі жағына дейінгі жерлер қарайлды. Осыдан кейін Батый Еділдің төменгі жағында Алтын Орда атты моңғол мемлекетін құрды. Территориялық аймағы – Шығыс Дешті Қыпшақ яғни Обь пен Ертістің жоғарғы жағынан, Еділ мен Амударияның төменгі бойларына дейінгі жері, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі, жаңадан жаулап алынған жерлер енді. Бату -1243-1255 жж., Берке -1257-1266 жж., Мөңке-Темір -1266-1280 жж., Төле Мөңке- 1280-1287 жж., Төле-Бұқа -1287-1291 жж., Тоқа-Темір -1291-1312 жж., Өзбек 1312-1342 жж., Жәнібек- 1342-1357 жж., тұсында қуатты кемеліне келіп, билігі мейлінше күшейе түсті. Егер Жошы мен Бату Монғолиядағы ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді. Ол Батыс Еуропамен, Мысырмен, Кіші
Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда-саттық жүргізді, әр түрлі кәсіпшілікпен айналысып, қолөнерді дамытты. Беркенің кезінде Алтын Орда мен Египет сұлтаны Бейбарыс арасында байланыс күшейе түсті. 1262 ж. Бейбарыс Алтын Орда ханы Беркемен өзара достық қарым қатынас орнату үшін өз елшісін жіберді. Мұнан кейін екі ел арасында әскери, сауда, діни, мәдени байланыстар орнады. Берке хан тұсында Алтын Ордаға ене бастаған ислам діні кейін Өзбек хан тұсында үстем дінге айналды. 1312ж. Өзбек хан исламды Алтын Орданың мемлекеттік діні деп жариялады. Алтын Орданың гүлденген мезгілі осы Өзбек хан (1312-1342жж.) мен оның баласы Жәнібек ханның (1342-1357жж.) билік еткен тұстары болды. Өзбек хан қалаларда медресе салдырып, мұсылмен дінінің таралуына септігін тигізді [2; 79 б.]. Зерттеушілір монғол шапқыншылығы қазақ халқының қалыптасуының аяқталуын екі жүз жылға кешеуілдетті деп есептейді. Әрине, кез-келген сырттан таңылған әскери іс-қимыл басқыншылық (агрессивті) соғыс болып саналады. Оны еш сылтаумен ақтауға болмайды. Шыңғысханның батысқа жорықтары да ғылымда өзінің тиісті бағасын алған. Солай бола тұра, тарихтан белгілі мына бір жағдайларды да естен шығармағанымыз жөн. Империялар тарихына шолу мынаны дәлелдеп отыр. Қарудың күшімен құрылған мемлекет жергілікті халықтың топтасуын жеделдетіп, оның өз тәуелсіздігі үшін толассыз күрес жүргізіп, міндетті түрде, ерте ме, кеш пе өз мемлекетін құруына алып келеді. Империя саясаты осыған итермелейді. Шыңғыс хан негізін қалап, ұрпақтары жүзеге асырған Монғол империясының (Алтын Орда) тағдыры да осылай аяқталды. Соның бір көрінісі Қазақстан аумағындағы XІV-XV ғғ. құрылған феодалдық мемлекеттер (Шыңғысхан ұрпақтарының құрған мемлекеттері), Қазақ этносының қалыптасуының аяқталуы мен Қазақ хандығының (қазақ хандары Шыңғыс-Жошы-Орда Ежен ұрпақтары) құрылуы болды
24 Ақ Орда мемлекеті: этносаяси тарих және қазақ мемлекеттілігін қалыптастырудағы рөлі.
Ақ Орда
Қазақ хандығының құрылуы, 1466 ж.
XIII ғасырдың ортасында Шығыс Дешті Қыпшақта құрылған Ақ Орда мемлекеті XV ғасырдың 1 - ширегіне дейін өмір сүрді. Бұл мемлекет Жошы ұлысының шығыс жағында орналасты. Ақ Орда мемлекетінің негізін Жошының үлкен ұлы - Орда Ежен салған еді. Бастапқы кезде Ақ Орданың құрамына Жетісудың солтүстік - шығысы, ұлытау мен Кентау (ұлытау - бүгінгі Жезқазған облысында, Кентау - бүгінгі Оңтүстік Қазақстан, Түркістан қаласы маңында), сондай - ақ Ертіс өзені бойы кірді. ұзақ уақыт Ақ Орданың саяси орталығы Ертіс өзені мен Алакөл маңында болды. Кейіннен хан ордасы Қазақстанның оңтүстігіне Сығанақ қаласына көшірілді.Бертін келе монғол билеушілері - ақ сүйек ("төре") тұқымы біртіндеп қазақтарға (түріктерге) сіңісіп, қазақ (түрік) рулары мен тайпаларының рөлі өсе түсті. Ал, Алтын Орда ыдырағаннан кейін, Ақ Орда тәуелсіз, егеменді елге айналды. Алайда Ақ Орда бөлінгенге дейін Алтын Орда билеушілері тарапынан кез келген саяси бостандыққа деген талпыныстарға тосқауыл жасалып келді.Ақ Орда хандары мынандай ретпен билік құрды: Орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасы Бұқа, Ерзен Мүбарак, Шымтай, Орыс, Қойыршық және Барақ. XIV ғасырдың басында Сыр өзені бойындағы қалалар мен Жетісу аймағы үшін Орда Ежен мен Шағатайлықтар арасында күрес басталды. Біртіндеп Оңтүстік Қазақстан аймағын бағындырған Ақ Орда хандары Сырдарияның орта ағысындағы отырықшы - егіншілік оазистерінде Талас, Шу өзендері мен ұлытау далаларында шаруашылық - мәдени өмірді қалпына келтіре бастады. Мысалы, Ерзен хан Сығанақ қаласын "гүлдендіріп", Отырар, Сауран, Жент және Баршынкент қалаларында бірқатар құрылыстарды қайтадан салдырды. XIV ғасырдағы Ақ Орда хандары теңгелерді тек өздерінің аттарымен шығарды.Орталығын Оңтүстік Қазақстанға көшіріп, Сығанақ қаласын астана еткен Ақ Орда мемлекеті - Орта Азия мен Хорезмнің отырықшы аудандарымен байланысты кеңейтті. XIV ғасырдың екінші жартысында Алтын Орда билеушілерінің арасында қайшылықтар туып, өзара билік үшін күрес жүргізіп "дүрбелең жылдарды" бастарынан өткізді. Тақ үшін күреске Ақ Орда хандары белсене араласты. Әсіресе, 1361 жылы билікке келген Орыс хан Алтын Орда тағы үшін күрес жүргізіп, 1368 жылы Еділ өзені маңына бірқатар жорықтар жасады. Ол 1374 - 1375 жылдарда Алтын Орданың астанасы Сарай қаласын жаулап алып, Хаджы - Тархан (Астрахань) қаласын қоршауға алды. Біраз уақытта Кама болғарларын өзіне бағындырды. Алайда Орыс ханның жетістіктері уақытша сипат алды. өйткені, ол Алтын Орданы уақытша билеуші Мамайды биліктен кетіре алмады, сонымен қатар 1376 жылы Ақ Орданың оңтүстік шекараларында Орта Азия билеушісі Әмір Темірдің (қаталдығы жағынан аты шыққан Темірлан) агрессиялық әрекеті белең ала бастады. Осындай жағдайларға байланысты Орыс хан Еділ өзені маңынан Дешті Қыпшаққа қайтуға мәжбүр болды.Ақ Орда хандары Жошы ұлысы (шығыс және батыс бөлігі) жерлерін бір тудың астына жинастыруды алдарына мақсат етіп қойды. Бұл істі Әмір Темірдің көмегімен билікке келген Тоқтамыс одан әрі жалғастырды. Жошы ұлысының батыс бөлігі үшін Мамаймен күреске түскен Тоқтамыс Куликов даласында (1380 ж.) Дмитрий Донскойдың көмегімен шыңғыстық емес ханды(Шыңғыс ұрпағы емес) жеңді. Жеңілген Мамай Польшаға кетуге мәжбүр болды. Алайда Алтын Орда уақытша ғана қалпына келтірілген еді. Мауераннахр билеушісі Әмір Темір өз ықпалына көнгісі келмеген Тоқтамысқа қарсы күресті бастады. 1395 жылы Әмір Темірден жеңілген Тоқтамыс Сібірді паналады.XV ғасырдың басында, бір жағы Әмір Темірмен күресте, екінші жағы ішкі күресте Ақ Орда мемлекеті әлсіреді. Тек 1423 - 1424 жылдары билікке келген Орыс ханның немересі Барақ сұлтан аз уақытқа жағдайды жақсарта алды. Ол өз қарсыластарын құрту арқылы біртұтас билік орната алды. Алайда Әмір Темірдің жорығынан кейін Сыр бойы Ақ Орда астанасы Сығанақ қаласымен қоса Темір әулеті мемлекеті құрамына өткен еді.Барақ ханның билік еткен кезі Әмір Темірдің өлімінен кейін, Мауереннахрда билікке келген ұлықбек басқарған уақытқа сай келді. Қытайға жорыққа дайындалып жатқан Әмір Темір аяқ астынан 1405 жылы Отырар қаласында қайтыс болады. Күшті, әрі абырой сүйгіш Барақ ұлықбекпен болған шайқаста оны жеңіп, Сыр бойындағы ата - бабасының жерін кері қайтарып алды. 1428 жылы Барақ қайтыс болғаннан кейін Дешті Қыпшақта билік Шейбан әулетінің өкілі Әбілқайырға көшті.Соған қарамастан Ақ Орда мемлекетінің этникалық құрамына кіретін рулар мен тайпалар, кейіннен құрылған Қазақ хандығының этникалық ядросын құрады. Бұл жайлы белгілі башқұрт ғалымы Ахмед Зәки Уәли былай деп жазады: "Барақ хан өлтірілгеннен кейін (1428 ж.) Көк Орда мен Ақ Ордада шейбани әулетінен шыққан Мақмұдқожа хан мен Әбілқайыр күшейіп, Барақ ұрпақтарын қуғындай бастады. Әбілқайыр оларға тиеселі жерлерді тартып ала бастады, бұл әрекет Есен Бұғаға ұнамады. Әбілқайырдан зорлық көрген Керей мен Жәнібек сұлтандар қарамағындағы халықтармен моғол ханы Есен Бұғаның қарамағына көшіп барды. Осында көшіп келген Ақ Орда халқының өкілдері "қазақтар" деп атала бастады. Сөйтіп, олар күшті Қазақ хандығының негізін қалады. Хандықтың басында Керей хан мен Жәнібек сұлтандар тұрған еді".Жоғарыда айтылған жайттардан Ақ Орданың тайпалары мен рулары XV ғасырда Қазақ хандығы құрылуы мен халқының қалыптасуына әсер етті деген түйін жасауға болады.
25. Моғолстан мемлекеті: білімі, аумағы, этникалық құрамы және саяси тарихы
ХІҮ ғ. ортасы – ХҮІ ғ. басында Оңтүстік-Шығыс Қазақстан аумағы Моғолстан мемлекетіне кірді. Бұл мемлекет ХІҮ ғ. ортасында Орта Азияның солтүстік-шығыс бөлігі, Жетісу мен Шығыс Түркістан жерінде Шағатай ұлысы ыдырағаннан кейін құрылды. Моғолстан мемлекетінің негізін салушы – дулат тайпасының көсемі Әмір Болатшы. Алғашқы ханы – Тоғылық Темір (1348-1362 жж.), ол Моғолстан билеушілері әулетінің негізін салды. Астанасы – Іле алқабындағы Алмалық қаласы болды. Территориясы: Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан, Шығыс Түркістан. Орталық аймағы – Жетісу. «Моғолстан» атауы «монғол» сөзінен шыққан. Өйткені түрік және парсы деректерінде монғолдарды осылай атаған. Халқы: дулаттар, қаңлылар, керейттер, арғындар, үйсіндер, барластар т.б. түрік және түріктенген монғол тайпалары. Олар мемлекет атауына сай моғолдар деп аталды. Осынау тайпалардың Жетісуды жайлайтын едәуір бөлігі кейін қазақ халқының құрамына енеді, ал оның Тянь-Шань өңірі мен Шығыс Түркістанды мекендейтін екінші бөлегі қырғыздар мен ұйғырлар құрамына кетеді. Осылардың ішінде дулаттар ең қуатты тайпа болды.Билеушінің дәрежесі – хан. Моғолстанда мемлекеттің саяси басшысы және жер-судың жоғарғы иесі хан болған. Дулат тайпасы әмірлерінен ханның көмекшілері - ұлысбектер тағайындалды. Хандық кеңес мемлекеттің ішкі және сыртқы істері, әскери жорық және жайылымдық жерлерді бөлумен айналысты. Ақсүйектер жерді шартты түрде иеленудің икта, инджу, сойырғал сияқты түрлерін пайдаланған. Көшпелі аудандарда жер қауымның қарауында болған. Бірақ мал ақсүйектер қолында шоғырланғандығы себепті көшпелі аудандарда қоныс-өрістердің көпшілігі солардың меншігінде болды. Салықтың бірнеше түрі жиналды. Қала мен ауыл тұрғындарынан, егіншілер мен көшпелі халықтан алынатын салықтар, деректерде көрсетілгендей, қалан, күпшір, зекет, тағар, баж және қарадж деп аталған. Сондай-ақ халық әскери, кірешілік, еңбек, пошта т.б. әртүрлі міндеттерді атқарған. Иеліктерді қайта бөлуге бағытталған соғыстар мен өзара қырқыстар халық бұқарасының халін ауырлатты. Моғолстанның алғашқы ханы Тоғылық Темір өз билігін нығайту үшін ислам дінін тірек етті.Моғолстанның саяси тарихында феодалдық соғыстар мен ішкі қырқыс, көрші мемлекеттер тарапынан жасаған шапқыншылықтарды тойтару жағы өте көп болған. Тоғылық Темір 1361 жылы Мәуереннахрды түгел басып алып, баласы Ілияс Қожаны билеуші етіп қойды. Кейін ол әкесінің орнына 1362-1385 жж. Моғолстанның билеушісі болды. Оның тұсында өзара қырқысу соғыстары басталып, Моғолстан бірнеше бөлікке бөлінді: Дулат әмірі Қамар ад-Дин – Жетісуды, Енке төре – Іле мен Тарбағатайды биледі

26. Көшпелі өзбек мемлекеті (1428-1468жж.) немесе Әбілхайыр хандығы: аумағы және этникалық құрамы


Ақ Орданың ыдырауына байланысты Әбілхайыр хандығы құрылды. Әбілхайыр-Жошы ханнаң бесінші ұлы Шайбани ұрпағы, 1428-1468 жылдар аралығында хан болды.Хандықтың алып жатқан аумағы: батысында – Жайық, шығысында - Балқаш, оңтүстігінде – Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысы, солтүстігінде – Тобыл және Ертіс өзендерінің орта саласы. Халықтың этникалық құрамы: қият, маңғыт, өкіреш найман, үйсін, қоңырат, т.б. тайпалардан, негізгі үш халықтан – шайбаниліктерден, қарақалпақтардан, қазақтардан тұрды. Барлығы Әбілхайыр ханығы 92 ру-тайпадан тұрды. Түркітілдес тайпалар болды. Деректер: тарихшы Рузбиханның жазбалары арқылы қалды. Әбілхайырдың жорықтары: 1430 жылы Әбілхайыр Тобыл өзенінің бойында Шайбани әулеті Махмұд Қожаны талқандады. Отызыншы жылдың басында Махмұд хан мен Ахмет ханды жеңіп, Орда – Базарды өзіне қосып алды. Бұл жеңіс үшін өз атынан ақша шығарды. Астананы Орда-Базарға көшіреді. 1446 жылы Атбасар маңында Мұстафа ханды жеңіп Сырдария мен Қаратау аймағындағы Сығанақ, Аркөк, Созақ, Аққорған, Үзкектті басын алады. Бұл жолы Сығанақ қаласын орталық етті.1446 жылы Самарқанды алды. 1456-1457 жылдары Сығанақ түбінде Үз-Темір тайшы бастаған ойраттармен соғыста жеңілді. Жеңілісін ішкі алауыздықтардан көрген Әбілхайыр қатал заң орнатып, мемлекетті нығайтуға тырысты. Өзіне бағынбай Жетісу жеріне ауып кеткен Керей мен Жәнібек сұлтандарды жазалау үшін жорыққа аттанды. Жорық кезінде Алматы маңындағы Аққыстау деген жерде 1468 жылы қайтыс болды. Қазақ хандығының құрылуымен Әбілхайыр ұлысы немесе «көшпелі өзбек» деп аталған хандық тарих сахынасынан жойылды.
27. Ноғай Ордасы: территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы
3 ғасырда Қазақстанның солтүстік-батысында Ноғай Ордасы мемлекеттік бірлестігі құрылды. Аумағы – Еділ мен Жайық өзендерінің аралығы. Орталығы – Сарайшық қаласы. Ноғай – жорықты Батыймен бірге бастап, Алтын Орданың бес ханы тұсында қолбасшы болған адам. Ноғай әскерінің көпшілігі түрік тілдес маңғыт тайпасы болғандықтан “маңғыт елі” деп те аталған. Ноғай Ордасының негізін қалаған – Ноғайдан кейінгі Едіге. Орда Едігенің баласы Нұрад-дин (1426-1440) тұсында өз алдына жеке мемлекет болып, Алтын Ордадан бөлініп шықты. Ноғайлар 15 ғасырдың ортасында Сырдарияның орта ағысына дейін жетіп, бекініс қалаларды жаулап алды.Орда билігі мұрагерлік жолмен берілді. Ұлысты билеушілер – мырзалар өз жерінде шексіз үстемдік етті. 16 ғасырда Ноғай Ордасы ыдырай бастады. Халқының кейбір бөліктері Кіші жүзге қосылды.Батыс Сібір жерінде туысқан түрік тілдес тайпалардың бірлестігі болды. Бірлестікте керейіттер басты рөл атқарған. Батыс Сібір Жошы ұлысы құрамына кіріп, Шайбани әулетінің жері саналған. Бірақ елді басқару Тайбұға заманындағы түрік шонжарлары әулетінің қолында болды. Сібір хандығының негізгі жерлері Тобыл, Тура өзендерінің аңғарлары болды. Астанасы – Чимги-Тура (Қызыл-Тура). 1428 жылы Әбілхайыр хан Батыс Сібірге жорыққа аттанады. Ол Махмуд Қожаны жеңіп, Батыс Сібір Әбілхайыр ханның қарамағына өтеді. Шайбани ұрпағы Ибақ хан өз билігін Чимги-Тура, Тобыл, Ертіске жақын жерлерге жүргізеді. Ибақ хан орыс патшасы III Иванмен сауда қарым-қатынасын орнату мақсатындағы достық одақ құруға шарт жасасты. 1495 жылы Мұхаммедтің басшылығымен Чимги-Турада Ибақ хан өлтірілді. Тайбұғалық Мұхаммед билеуші болып жарияланды.Қазақстан аумағында Шыңғыс әулетінің үш ғасырға жуық билік жүргізуіне қарамастан, қоғамдық қатынастардың өрістеуі, тілдік қатынастың дамуы, шаруашылық салаларының өсуі жергілікті этникалық ортада дамыды. Қазақстандағы феодалдық мемлекеттердің негізгі этникалық құрамы біртұтас ел болып қалыптасқан қазақ халқының негізін құрады.
28.Сібір хандығының құрылуы, оның ішкі және сыртқы саяси тарихы?
Сібір хандығы 1468 жылы құрылған феодалдық мемлекет. Алтын Орданың құлдырауынан және одан Шайбани ұлысының бөлініп шығуынан пайда болган хандық.XIII-XV ғ-дағы Батыс Сібір алдымен Жошы ұлысына,киіннен Шайбани хандығына қарайды. Батыс Сібірдің орталығы Тұрар қаласы . Ішкі және сыртқы қайшылықтардың шиеленісуі, бітпейтін феодалдық соғыстар мемлекетінің шаңырағын шайқалтып, Әбілқайыр хандығының ыдырап тарауына ұрындырады. Сөйтіп Шайбан әулетінің Шығыс Дешті Қыпшақтағы билігі тоқтады.Көшпелі Өзбек тайпаларының бір бөлігі XVI ғ бас кезінде Мәуренахрға көшіп кетті Қазақстан жерінде қалып қойған ру тайпалар қазақ хандарының қол астына кірді Темір ұрпақтары өкіметінің әлсірегенін пайдаланып, Шайбанилер Орта Азиядағы өкімет билігін басып алды.
29.Алтын орданың мәдени-өркениеттік мұрасы. Қала құрылысының гүлденуі?
Алтын Орда кезеңіндегі қала мәдениетінің ерекше өркендеуінің себебін бір орталыққа бағынған күшті мемлекеттің болуынан деп түсіндіреді. Таңбасы тасқа түскен тарихи кезеңнен қаламмен қағазға өрнектеген заман келбетіне ауысқан Алтын Орда жаңа дәуірі. Ғылым-білім кеңінен жайылып, әдебиет пен мәдениет көтеріле түскен, өркениеттің қоғамға негізі осы дәуірде қалана бастады. Көшпелі ғұмыр салтынан жартылай отырықшы қалыпқа бейімделу қала мәдениетін қалыптастырып, дала өркениетін өсіре түсті. Сәні мен Салтанаты келіскен Сарай-Берке, Сарай-Бату сынды астаналардың қалануы Ұлытауда Жошы ханның кесенесінің салынуы, шығыстық шайырлардың қалдырған мұралары бәрі де Алтын Орда дәуіріне тән.
Берке хан тұсында Алтын Ордаға ене бастаған ислам Дінін Өзбек хан 1312 інші жылы Алтын Орданың мемлекеттік діні деп жариялады. Алтын Орданың гүлденген мезгілі осы Өзбек хан мен оның баласы Жәнібек ханның билік еткен тұстары болды. Өзбек хан қалаларында медреселер салдырып, мұсылман дінінің таралуына септігін тигізді.

30.Қазақстан аумағындағы этникалық процестер. Қазақ халқының қалыптасуы (этникалық территория, біртұтас тіл, ортақ шаруашылық, материалдық және рухани мәдениет)?


Қазақ халқының шығу тегіне жағдай жасаған этногенетикалық процесстердің негізі алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Бастапқы кезде бұл процесстер автохтонды тұрғындармен байланысты болды. Бірақ та келесі даму барысында олар Орталық Азияның этникалық процестеріне тікелей тәуелді болды. Қазақстан территориясындағы этникалық тарихтың қозғалысы, ірі этникалық және Этносаяси қауымдастықтардың құралуы, түптеп келгенде қазақ халқының қалыптасуы шаруашылықтың, көшпелі мал шаруашылығының, жер шаруашылығы мен қала мәдениетінің өзара байланысты дамуына тікелей байланысты болды.XVI-XVII ғ-да Қазақ хандығы нығайып, этникалық аумағының негізгі бөлігін қамтитын шекаралары кеңейе түсті. Қазақ тілі қазақ этносының негізімен бірге Қыпшақ конфедерациясы заманында қалыптасты.Халықтың этностық, аумақтық, саяси жағынан біртұтас құрылымға айналуы үшін қажетті алғышарттың бірі — оның дербес мемлекеттілігінің болуы.XV-XVII ғ Қазақ хандығы дәуірінде қазақ этносының материалдық және рухани мәдениетінің негізгі сипаттары қалып тасты.Қазақ хандығының пайда болу фактісі Жетісудың Батыс бөлігінде өтті. Дәл осы жерге Керей мен Жәнібектің қарамағындағы, Орталық және Оңтұстік Қазақстан аумағында тұратын Орта жүздің қазақтары қоныс аударды.
31) Қазақ жүздерінің қалыптасуының этносаяси жәнешаруашылық факторлары.
Бүгінгі біздің қозғағалы отырған қазақ жүздерінің қалыптасуының мәселелері тақырыбы да осы қатарда. Әр бір халықтың тарихында маңызды проблемалар бар, солардың бірі этникалық тарих. Соған байланысты біздің халқымыздың этникалық тарихын зерттеуде, оның бірден бір ерекшелігі болып табылатын, жүздерге бөліну мәселелерін анықтау маңызды. Өзге халықтардың алдында қазақтардың болмысы, этникалық құрамы туралы да мағлұмат беретін де осы жүздер тарихы. Орта Азия халықтарының арасында жүзге бөлінушілік біздің халқымыздың сипатына тән болғандықтан бұл тақырыпты толыққанды зерттеп қана қоймай, оның нәтижелерін шығарудың рөлі өте жоғары. Қазақ тарихында егемендікке қол жеткізу жаңа кезеңге жол ашты. Қазақтардың жүзге бөлінушілігін жабайылық пен трайбализмге балау кезеңі өтіп, оның негізгі себептерін ашық айтуға болатын күн туғанда, осы мәселенің тоқ етерін айту замандас тарихшыларымыздың борышы. Сол себептен де біз бүгінгі таңда «Қазақ жүздерінің зерттелу тарихы» проблемасын қозғамақпыз. Тақырыптың тарихнамасын негізінен дәстүрлі формада кезеңдерге бөлуге болады, бұл: төңкеріске дейінгі, кеңестік және тәуелсіз Қазақстан кезеңдері. Алғашқы кезең зерттеушілерінің еңбектерінде қазақ жүздері тек халқымыздың саяси және этникалық ерекшелігі ретінде ғана бейнеленген. Мысалға, А. И. Тевкелев, П. И. Рычков, Ш. Ш. Уәлиханов, А. Н. Левшиннің еңбектерінде қазақ хандығының үшке: Үлкен, Орта және Кіші ордалар болып бөлінгендігі және олардың рулық құрамы туралы айтылып қана қояды /1/. Я. П. Гавердовский болса қазақ жүздері бір атадан тараған балалардың ұрпақтарынан тарамаған, олар күші жағынан кішіден үлкенге қарай жоғары және текті болып табылады дейді /2/. Төңкеріске дейінгі зерттеушілердің еңбектерінде қазақтың жүздерге бөлінуін халық арасында тараған аңыздар мен түсіндіретіндер де кездеседі. Оларға Н.И. Гродеков, Г. Н. Потанин, М. Көпейұлы /3/жатады. Бұл ғалымдардың алғашқы екеуі жүздерді бір атадан таратады, мұнда тек аңыз кейіпкерлерінің есімдері ғана өзгеше. Ал үшінші ғалым болса үш басшысы бар үш жүз сарбаз Алаша ханға билік құруға жәрдемші болған және соның негізінде қазақ жүздері қалыптасқан деседі. Сонымен бірге бұл кезеңде жүздердің пайда болу уақытын анықтауға тырысқан ғалымдар да бар. Қазақтың этникалық тарихын зерттеуші ғалым Н. Аристов қазақтар ХVІІІ ғасырдың басында үш ордаға бөліне бастады деп тұжырымдайды /4/. Ал атақты «Исследования о Касимовских царях и царевичах» атты еңбектің авторы В.В. Вельяминов-Зернов қазақ жүздерінің құрылу кезеңін, ХVІ ғасырдың екінші жартысында Хақназар ханның тұсында деп қорытады/5/. Осы тұжырымды қолдайтын, яғни қазақ жүздерінің құрылу уақытына байланысты сәйкес пікір айтқан орыстың көрнекті тарихшысы М. Красовский. Ол қазақ жүздері ХV-ХVІ ғасырлар шегінде Қазақ хандығының іргетасын қалаған үш ұлыстың негізінде пайда болды деген болжамды ұстанады /6/.
Қазақ жүздерінің тарихын зерттеумен кеңестік кезеңде айналысқан ғалымдар баршылық. Дегенмен бұл кезеңнің зерттеушілері де арнайы бұл мәселені кәсіп қылмаған. Олар көп жағдайда қазақ халқының қалыптасу тарихымен зерттеп, жүз мәселесін тек шолып өткен. Дегенмен қазақ жүздерінің пайда болу тарихының негізгі заңдылықтары алғаш осы кезең авторларының еңбегінде кездеседі. Мәселемен кәсіби тарихшылар айналысқандықтан айтарлықтай маңызды тарихи болжамдардың алғашқы легі де осы кезден басталады. Олай болса тікелей еңбектерді талқылауға кірісейік. Атақты шығыстанушы В.В. Бартольд қазақ жүздерінің қалыптасуын көшпелі шаруашылықтың салдарынан болған құбылыс деп түсіндіреді. Себебі Қазақстан территориясында көшуге арналған үш табиғи облыстың бар екенін айтады: Батыс бөлігі─Орал жағасында қыстақ, ал жайлаулары солтүстік-шығыста (қазіргі Ақтөбе облысы); Орта бөлігі қыстақтары Сары-су, Шу және Сырдарияның төменгі ағысында, жайлаулары Есіл, Тобыл, Ертіс бойында; Шығысы Жетісу жері мен Сырдарияның шығыс бөлігі /7/. Аталмыш авторды қазақ тарихшысы С. Асфеньдьяров толығымен қолдайтындығын оның История Қазахстана атты еңбегінен көре аламыз. Сонымен бірге автор қазақ жүздері−феодалдыққа негізделген мемлекеттің бастапқы формасы дейді /8/.
М. Тынышбаев қазақ жүздері Бату ханның тұсында қалыптасты дейді. Оның үлкен ұлы Орда Еженнің Ақ ордасының негізінде қазақтың Ұлы жүзі құрылса, Батудың кенжесі Тоқай Темірдің жерінде Кіші жүз, ал осы екі ұлыстың арасындағы территорияда Батый мен Шейбактың ортаңғы ұлдарының иелігінің орнында Орта жүз құрылған деген өзінің тұжырымын алға тартады. Ал «жүз» терминіне қатысты автор зерттеушілердің келтірген уәждерімен келіспейтіндігін білдіріп, «жүз» сөзінің мағынасы ежелгі түрік тілінен аударғанда «доз», яғни «бекініс», «Орда» деген мағынаны білдіреді дейді /9/.
ХХ ғасырдың орта шенінде қазақ тарихының очерктерін жазумен айналысқан В.В. Вяткиннің пікірінше қазақ ордаларының қалыптасуында негізгі рөлді ойнаған тек жайылым жерлері ғана емес, себебі саяси бірліктің пайда болуына бұл жағдай аздық етеді. Бірақ, дейді автор, натуралды шаруашылықтың басым болған жерінде және бұл аймақтар өздігінен экономикалық және саяси байланыстар орнатқандықтан бұл жағдайдың, орын алуы заңды құбылыс. Сонымен бірге В.В. Вяткин қазақ жүздерінің ішінде ең бірінші болып, ұлы жүз қалыптасқанын және оның себебі ол территория қазақ хандығының алғаш мекендеген жері болғандықтан, сонымен бірге бұл жүздің құрамындағы рулар Қазақстан территориясындағы ең ежелгі тайпалар болуы әбден мүмкін екенін айтады. Ал одан кейін ретімен сәйкесінше Орта жүз бен Кіші жүз тарих сахнасынан орын алған болса керек. Денгенмен бұл оқиғалардың шынайылығы мен орын алған уақыты туралы еш мәлімет жоқ дейді /10/.
32) XV ғасырдың ортасында Қазақ хандығының құрылуы. Керей мен Жәнібек хандардың қазақ мемлекеттілігінқұрудағы рөлі.
Қазақ жерінде ежелгі дәуірден бастап сақ, ғұн, үйсін, қаңлы сияқты мемлекеттер, орта ғасырларда Түркі, Батыс Түркі, Түргеш, Қарлұқ, Қимақ, Қыпшақ т.б., моңғол шапқыншылығынан кейінгі кезеңдерде Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы сияқты мемлекеттер болды.
Ал Қазақ хандығының құрылуы «жаңа мемлекеттік жүйенің» басталуы болды. Қазақ халқы қалыптасуға бет бұрған кезеңде халықтың тұрақты өмірі мен тіршілігін, атамекеннің тұтастығын, дамуға деген талпынысын қамтамасыз ете алатын жалғыз фактор – мемлекет тұтастығының болуы еді.
Мұндай қоғамдық сұранысты дер кезінде түсінген Керей мен Жәнібек болды.
Қазақ хандығы шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан бері ұлан-байтақ Орта Азияны мекендеген көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ құраған қазақ халқының бірігуі арқылы XV ғасырдың орта шенінде құрылды.
1457 жылы Әбілқайыр хан Үз-Темір тайшы бастаған ойраттардан Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілқайыр өз ұлысында қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халықтың оған деген өшпенділігін күшейтті. Оған қарсы күресті Жәнібек пен Керей басқарды.
Қазақ хандығының құрылуына 1457 жылдан кейін Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап Шығыс Дешті Қыпшақтан Батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударуы мұрындық болды.
Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434-1462 жж.) қоныс аударған қазақтарды Әбілқайырға қарсы пайдалану үшін оларды құшақ жая қарсы алып, қоныс берді. Осы оқиға жөнінде тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң Әбілқайыр хан дүние салды да, Өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан мен Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер «қазақтар» деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465-1466 жж.) билік жүргізе бастады...».
Алғашында Қазақ хандығының территориясы Жетісу жерінің батысы, Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді. Ежелден осы алапты мекендеген тайпалар Дешті Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетті. Әбілқайыр хандығындағы аласапыран соғыс салдарынан күйзелген қазақ тайпалары бұл араға келіп ес жинап, етек жауып, тұрмыстарын түзей бастады. Олардың қоныс аударуына Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қызметтері ықпал етті.
Жетісу рулар мен тайпалар және мемлекет бірлестігінің орталығына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы еді. Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.).
Алайда жаңадан құрылған Қазақ хандығының экономикалық негізі әлсіз еді және бірсыпыра қазақ тайпалары Әбілқайыр хандығының, Моғолстанның, Ноғай Ордасының және Батыс Сібір хандығының қол астында төрт хандыққа бөлшектеніп отырған болатын.
Жаңа кұрылған Қазақ хандығы құрамына, яғни батыс Жетісу өңіріне он шақты жыл айналасында екі жүз мыңдай адамнан құралған көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс пен қонысты керек етті. Сонымен қатар көшпелі ел үшін отырықшы, егіншілігі көркейген аудандармен, әсіресе, қолөнері мен саудасы дамыған экономикалық орталық – Сырдария жағалауыңдағы қалалармен сауда-саттық жасау маңызды мәселеге айналды. Бұл қарым-қатынастың оңалуына тек көшпелі ел ғана емес отырықшы аймақтардағы халық та мүдделі болды. 
Осы жағдайларға байланысты Қазақ хандығының алдында үлкен тарихи міндеттер тұрды: 1. Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі тәртібін қалпына келтіру. 2. Шығыс пен батыс сауда керуен жолдары өтетін Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Яса (Түркістан) т.б. қалаларды Қазақ хандығына қарату. Себебі Сырдария бойындағы қалаларды экономикалық және әскери тірекке айналдыру Дешті Қыпшақ даласын билеудің басты шарты болып келген. 3. Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территориясын біріктіру.
XV ғасырдың 70 жылдарында қазақтар Сырдария бойы және оған жалғас Қаратау өңірінің бірсыпыра территориясын басып алды. Сөйтіп қазақ хандығының территориясы әлдеқайда кеңейді, оған жан-жақтан қазақ тайпалары келіп қосылып жатты.
Алайда Сырдария жағасындағы қалалар үшін Әбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбани ханмен күрес отыз жылдан астам уақытқа созылды.
1470 жылы қыста Қазақ ханы Керей қол бастап Түркістанға шабуыл жасады. Сауран түбінде қазақтардан соққы жеген Мұхаммед Шайбани Бұхараға қашты. Сөйтіп Сырдария жағасындағы Созақ және Сауран қалалары Қазақ хандығының құрамына кірді.
Оңтүстік Қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін Қазақ хандығын билеген Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да тоқтамады. Батыс Жетісудағы иеліктеріне, оңтүстіктегі өздеріне қараған қалаларға (Созақ, Сығанақ, Сауран) сүйене отырып, алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақтағы өкімет билігінен дәмеленуші барлық хандарды жеңіп, өз иеліктерін ұлғайтты.
Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейінгі территорияны, Сырдария мен Әмудария өзендерінің аралығын, Хорасан жерін қамтыды.
Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымы дала демократиясына негізделген монархия болды. Мемлекет басшысы – хандар саяси билік жүргізді. Олар төре тұқымынан шыққан сұлтандар арасындағы таңдау негізінде сайланып отырды.
33) XVI ғасырдың басындағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы: ру-тайпалық құрамы, шаруашылығы. Қасым хан тұсында хандықтың аумағынкеңейту.

Қазақ хандығы өзінің ең жоғарғы қуаттылығына ХVІ ғ. бірінші ширегінде, әсіресе Қасым хан (1511-1523 жж.) тұсында жетті. Хандықтың шекарасы Жайық өзені алабына дейін кеңейді. Оңтүстікте Қасым ханның иеліктері Сайрам уәлаятын қоса Сырдарияға дейін жетті. Солтүстік пен солтүстік-шығыста Қасымның иеліктері Ұлытау мен Балхаш көлінен ары аса алысқа созылып жатты. Біршама жетістіктерге қарамастан, Қасым хан тұсында Қазақ хандығы толық бір орталыққа бағынған мемлекет бола алмады. Қасым хан қайтыс болғаннан кейін, 20-жылдары Жошы әулеті сұлтандарының өзара талас-тартыстары Қазақ хандығын уақытша әлсіретіп тастады.


ХVІ ғасырдың 20-жылдарының екінші жартысы мен 30-жылдары біршама әлсіреген қазақ хандығының қайтадан бой көтеріп, қуатты елге айналуы Хақназар есімімен байланысты. Хақназар өзінің әкесі Қасымның тұсындағы қазақ хандығының аумағын қалпына келтіруге тырысады. Ол Ноғай Ордасының Қасым хан тұсында қазақ елінің құрамында болған жерлерін қайта қосып алады. Бұл туралы 1557 жылы Ноғай билеушісі Ысмайл Иван Грозныйға «менің немерелес туыстарым Жайықтың арғы бетінде қалып қазақ ханына қосылып кетті» деп хабарлайды. Хақназардың даңқты есімі туралы халық аңызында көп айтылады. Оның тұсында Қазақ хандығы Қасым хан заманындағы деңгейіне жетіп, қуатты да күшті мемлекетке айналды. Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа дейін, Солтүстікте Есіл мен Нұра өзендеріне дейін созылса, шығыста Балқаш пен Шу өзендері және оңтүстікте Ташкентке дейін созылды. Хақназарға сонымен бірге қырғыздар мен башқұрттардың да бір бөлігі бағынды.
Хақназар хан қаза болғаннан соң, оның орнына Жәдік сұлтанның баласы Әз Жәнібек немересі Шығай (1580-1582) хан болды. 
Ол билік құрған кезінде Хақназарды өлтірген Бұхар ханы Абдолла II (1557-98) тұсында Ташкент маңын билеген Норазахмет (Барақ) ханның баласы Баба сұлтаннан өш алумен болды. Сол жорық кезінде қайтыс болды. 
Шығай ханның орнына отырған Тәуекел хан (1586-1598) тұсында Ресей мемлекеті мен қазақ хандығы арасында дипломатиялық қатынас күшейе түсті. Ресейдің мұндағы мақсаты: Қазақ хандығымен одақтасып, Сібір ханы Көшімге қарсы күресу, осы одақтасты пайдаланып, Орта Азия хандарымен келіссөз жүргізу еді. Тәуекел хан Орта Азияның сауда орталықтарына шығу үшін белсене күресті. 
1583 жылы ол бұрынырақ Бұқарамен жасалған шартты бұзып, Сырдария бойындағы қалаларды алып, Ташкент, Андижано, Акси, Самарқанд сияқты қалаларды қазақ хандығына қаратты. Бұқара қаласын қоршауға алған кезде Тәуекел хан жараланып қайтыс болды. Тәуекел алғаш рет 1594 жылы Мәскеуге достық қарым-қатынас орнату мақсатында Құлмұхаммед бастаған қазақ елшілігін жіберді.
Одан соң хандыққа Есім хан Шығайұлы (1598-1628) билік етті. Ол 1598 жылы Бұқарамен бітім шарттын жасасты, - шарт бойынша өзбектер бұрын тартып алған Сыр бойындағы қалалар мен Ташкент қазақ хандығына бектіп берілді. Ол қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді. Есім ханның бұл саясатына қарсы болған сұлтандар Қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты.
Ташкент қаласы қазақ хандығына қараған соң, оны Жәнібек ханның немересі, Жалым сұлтанның баласы Тұрсын Мұхаммед сұлтан басқарған еді.
Екеуінің арасында билік үшін саяси күрес болды. Есім хан елді жуасытып бағындыру саясатын жүргізді. Сондықтан ол қанға-қан, кек алу, құн төлеу, әмеңгерлікті сақтау, зекет, ұшыр жинау, айып салу, діни патриархалдық екі салтқа арқа тіреу және т.б. уағыздады. Халық Есім хан заңдарын «Есім хан салған ескі жол» деп атады.
Ол ел арасында Еңсегей бойлы – Ер Есім деген атпен белгілі болды. XVI ғасырда қазақ хандығы солтүстікте құрылған Сібір хандығымен (орталығы Түмен ) шектесті. 1563 жылы Шайбани әулеті мен Тайбұғы руы арасындағы ұзақ жылғы күрестен кейін Сібір хандығы Шайбани әулеті Көшім ханның қолына көшті.
Сібір хандығының халқы түркі тілдес қырық рудан құрылған және угар тайпаларының ала-құла жиынтығынан тұратын еді. Хандықтың негізгі халқы Батыс Сібірдің орманды далалық бөлігінде, Есіл, Тобыл және Тура өзендерінің орта ағысын, Ертіс пен Обь өзендерінің алқаптарында қоныстанған түркі тілдес «Сібір тайпалары» деген атпен белгілі. 
1628 жылы Есім хан қайтыс болғаннан кейін орнына Жәңгір хан болған. Ол басы үлкен, кеудесі кең, аласа адам болған екен. Сол себепті халық арасында оны «Салқам Жәңгір» деп атаған. 
Оның тұсында ойрат-жоңғарларының көсемі батыр Хұнтайшының күшейген кезі еді. Олар қазақ хандығына бірнеше рет жорық жасады. Жәңгір хан Бұхара хандығымен одақтасып, Жоңғар феодалдарының шабуылына қарсы күресті. 
«Қазақ-ойрат қарулы күресінің тууына мынадай жағдайлар себеп болған еді.
Біріншіден көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан екі жақтың билеушілері үшін көшіп-қонатын жерді кеңейту керек болды;
Екіншіден Жоңғар феодалдары Сырдария бойындағы сауда орталықтарын басып алғысы келді.
Жәңгір хан тұсында ойрат жоңғарлары арасында үш ірі шайқас – бірін- шісі 1635 ж., екіншісі 1643 ж., үшіншісі 1652 ж. болған.
1643 жылы екінші шайқаста қазақтар жеңіп шықты. Осы жылдың қысында батыр Хұнтайшы қазақ жерлеріне шабуыл жасайды, ол сәтсіздікпен аяқталады. Бұл шабуылға Жәңгір 600 адаммен аттанады. 
Жәңгір хан екі таудың арасындағы тар жырауда ор қазып, бекініс жасайды. Өзі екінші бөлігімен таудың екінші бетіне жасырынады. Хұнтайшы ор қазып алып, ерлікпен қорғанып жатқандарға қарсы күрес жасайды. Осы кезде Жәңгір жаудың ту сыртынан соққы береді. Сөйтіп, жоңғарларды қатты жеңіліске ұшыратып, 10 мыңдай адам қырылады. Ұрыс бітуге жақындағанда 20 мыңдай әскермен Самарқан билеушісі атақты Жалаңтөс батыр Жәңгірге көмекке келеді. Хұнтайшы шегінуге мәжбүр болады. Одан кейін ол жан-жақты дайындалып 1652 жылы қайтадан қазақ даласына аттанады. Осы шайқаста Жәңгір қаза табады. 
Бұл дәуірде қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы ауыр еді. Феодал шонжарлардың арасында алауыздықтар мен бақталастық өршіді.
34. XVI ғасырдың екінші жартысындағы қазақ хандығы: Қазақ хандығының этникалық аумағының қалыптасуының аяқталуы. Хакназар мен Тауекел хандардың сыртқы саясаты
XVI ғасырдың 20-жылдарының екінші жартысы мен 30-жылдары біршама әлсіреген қазақ хаңдығының қайтадан бой көтеріп, іргелі, қуатты елге айналуы Хақназар ханның есімімен байланысты. Хақназар өзінің әкесі Қасымның тұсыңдағы қазақ хаңдығының аумағын қалпына келтіруге тырысады. Ол алдымен Ноғай Ордасындағы өзара топтардың күресін пайдалана отырып, Ноғай Ордасының Қасым хан тұсында қазақ елінің кұрамыңда болған жерлерін қайта қосып алады. Бұл туралы 1557 жылы Ноғай билеушісі Ысмайл Иван Грозныйға «менің немерелес туыстарым Жайықтың арғы бетінде қалып қазақ ханына қосылып кетті» деп хабарлайды.
Хақназар хан 50—60 жылдары Шығыс Түркістандағы әскери жорықтарын одан әрі жалғастырып, қазақ пен қырғыз жерін ойрандап келген Әбді Рәшид ханды бірнеше рет күйрете жеңеді. Осыңдай шайқастардың бірінде Әбді Рәшидтің ұлы Әбді Латиф қаза табады. Осы кезде басталған ойраттардың шапқыншылықтарына қарамастан Хақназар хан Жетісудың көп бөлегін өзіне қосады. Моғолстан мемлекеті қазақ хаңдығы үшін қатер болудан қалады.
Қасым хан тұсындағы аумақты едәуір қалпына келтірген Хақназар 70-жылдары өзбек-бұқар хандығына қарсы күресін бастайды. Бұл кезде Бұқар хаңдығын Орта Азиядағы ұлы әміршілердің бірі болып саналатын Абдолла хан басқаратын еді. Сырдария бойындағы қалалар Түркістан мен Сауранды қайтарған Хақназар хан сол кездегі саяси жағдайды тиімді пайдаланып саяси-дипломатиялық күрес тәсілдерін де кеңінен қолданады. Сырдария бойындағы қалаларға орнығып алуға ұмтылған Хакңазар Абдолла ханның Ташкенттің әміршісі Бұқара хандығынан бөлінгісі келген Барақ ханның баласы Баба сұлтанға қарсы күресін өз мүлдесі үшін пайдаланып қалуға тырысады. Ол екі жақтың да сөзін тауып, бірде бір жағын, бірде екінші жағын қолдап отырады. Бірақ Хакназардың ойластырған әрекеті көтпеген қастандыктың нәтижесінде жүзеге аспай қалады. Баба сұлтан өзіне келіссөз жүргізу үшін келген Хақназардың інісі Жалым сұлтанды, оның екі ұлын, және Хақназардың екі баласын опасыздықпен өлтіреді. Бұл 1579 жылы болған еді. Көп кешікпей 1580 жылы тыңшы ретіңде жіберілген жаудың қолынан Хақназар хан да қаза табады.
Хақназардың даңқты есімі туралы халық аңызында көп айтылады. Қырық жылдан астам ел билеген Хақназар тұсында Қазақ хаңдығы Қасым хан заманыңдағы деңгейіне жетіп, қуатты да күшті мемлекетке айналды. Хандыктың шекарасы батыста Жайыққа дейін, Солтүстікте Есіл мен Нұра өзендеріне дейін созылса, шығыста Балқаш пен Шу өзендері және оңтүстікте Ташкентке дейін созылды. Хақназарға сонымен бірге қазақтар-мен бірге қырғыздар мен башқұртгардың да бір бөлігі бағынды.
Хақназар хан мен оның ұлдарының опасыздықпен өлтірілуінен кейін тайпа ақ сүйектерінің жалпы жиынында әз-Жәнібек ханның тоғызыншы ұлы Жәдік сұлтанның баласы сексен жастағы Шығай ақ киізге оранып, хантағына отырады. Жасы сексенге келседе кәрілікке мойынсұнбаған, тәжірибелі саясатшы, маңғыттармен соғыста өзін даңққа бөлеген, қазақтар арасында беделге ие болған Шығай екі майданда бірдей соғысудың қатерлі болатынын жақсы түсінеді. Сондықтан да ол Баба сұлтанға қарсы күресу үшін Абдолла хан мен одақтасады. Атап айтқанда, ол Абдолланың Сауран, Түркістан, Сайрам бекіністерін алуына көмек береді және 1582 жылы Түркістан арқылы жасаған жорығына қатысады. Қазақ әскерлерін басқарған Шығайдың ұлы Тәуекел Түркістан түбінде Баба сұлтан әскерлерін талқандайды және Баба сұлтанның басын алып Абдолла ханның алдына тастайды. Баба сұлтанды талқандауда көмегі үшін Абдолла хан қазақ сұлтандарына Соғды мен Самарқан маңынан үлестік жерлер береді. Баба сұлтан өлтірілгеннен кейін көп кешікпей Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам қалалары Абдолла ханға беріледі. Өзбек хандығындағы өзара тартыстар мен оған қазақ хандығының қатысуы еңбекші халыққа жеңіл тимеді, өйткені бұл соғыс әрекеттері қазақ хандығының аумағында да жүрді.
1582 жылы Шығай ханның өлімінен кейін билік басына келген Тәуекел хан Абдолла ханмен жасасқан «ант беріскен» шартты бұзады. 1586 жылы Тәуекел Түркістандағы бірнеше қалаларды басып алады және Ташкентті алуға әрекеттенеді. Бірақ бұл әрекеті сәтсіз аяқталып Ташкент түбінен кетуге мәжбүр болады.
1598 жылы Шайбани әулеті мемлекетіндегі күрделі саяси жағдайды тиімді пайдаланған Тәуекел Ташкент түбінде Абдолла әскерлерін талқандайды. Осы жылы қазақ мемлекетінің солтүстік-батыс шекарасындағы жағдайды және Орта Азиядағы шайбаниліктердің өзара күресін, бұл әулеттің аштраханиліктердің жаңа әулетімен ауыстырылғанын пайдаланып, Тәуекел хан Сырдария бойындағы қалалар үшін ұзаққа созылған күресті табыспен аяқтайды. Әндіжан, Ташкент, Самарқан қалаларын басып алған Тәуекел Бұқараны қоршайды, бірақ сондағы шайқастардың біріңде ауыр жараланып Ташкентте дүние салады. Тақ мұрагері болған Есім хан (Тәуекел ханның інісі) Бұқара хандығымен «Самарқан әскерлері Ташкентке қарсы ешқандай жаулық әрекеттер жасамайды» деген бітім шартын жасайды. Бұл шарт бойынша Самарқан Бұқар билеушілеріне қайтарылады, ал Ташкент, Сайрам және Андижан казақ хандығының құрамына қосылады.
Сырдария бойындағы қалалар үшін ұзакқа созылған соғыстар еңбекші халықты күйзелтіп, қала шаруашылығының құлдырауына, суландыру жүйелерінің тозуына, егіншілік орталықтарының азып-тозуына әкеліп соқты. Соғыс қимылдары мен тонаушылық шапқыншылықтар сауда байланысына және мал шаруашылығымен айналысатын далалық аудандардың жағдайына кері әсерін тигізді. Ұзаққа созылған соғыстың аяқталуы және бұл аймақтың біртұтас мемлекет құрамына кіруі шаруашылығы мен мөдениеті дамыған аймақ ретінде Оңтүстік Қазақстанда соғыс зардаптарын жоюға мүмкіндік берді.

бытыраңқылығын күшейте түсті. Жекелеген ірі сұлтандар іс жүзінде хан билігінен тәуелсіз болды, олардың өзара қырқысуы мен бақталасы елді барған сайын кеулеп ыдырата түсті. Түрлі әулетті топтар өзара бақталас болып билік үшін, жақсы жайылым-дарды басып алу үшін және өздерінің билігін нығайту үшін өзара күресті. Олардың өзара тартысы мен қырқысуларын бұқар және жоңғар билеушілері де үнемі ушықтырып отырды.Тәуке хан (1680—1715) билік еткен алғашқы он жылдарда қазақ хандығы біршама нығайды. Қазақтардың қырғыздармен және қарақалпақтармен одақтасуы жоңғарлардың қазақ жерлеріне шабуылын біршама бәсендетті. Бірақ 1697 жылы билік басына Цеван Рабтан келгеннен кейін жоңғарлардың шапқыншылығы жойқын күшпен қайта басталды. Крңтайшы Цеван Рабтан орыс елшісі И.Унковскийге «өз билігі басталғаннан бері қарақал-пақтармен одақтасқан қазақ еліне толассыз соғыс жүргізіп жатырмын» деген мәлімет береді.XVII ғасырдың аяғыңдағы қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісуі екі ел арасындағы соғыс жан-жалдарының жаңа кезеңін бастап қазақ хандығына елеулі қатер төндірді. Тәуке ханның өзара тартыстарды тыйып, жүздер арасындағы тыныштықты қалпына келтіруі ұзаққа созылмады. Бір жерден екінші жерге үнемі көшіп-қонып жүру жекелеген тайпалар мен рулардың арасыңдағы тұрақты байланыстардың дамуын тежеді. Көшпелі өмір салты және патриархаттық - рулық тұрмыс елдің саяси жағынан бытыраңқы болуын тездетті, қазақ қоғамы өз алдына оқшауланған және бытыраңқы рулар тобына ыдырады, бұлардың басшылары басқалардың үстемдігін мойындағысы келмеді. Олардың өзара тартысы мен алауыздығын сыртқы жаулар одан әрі өршітіп, өздерінің тонаушылық, шапқыншылық әрекеттерін жүзеге асыруда тиімді пайдалана білді. Осылардың салдарынан елдің бірігу мүмкіндігі шектеле түсті. Жоңғарлардың батысқа, қазақ жеріне қарай жасаған жорықтарының басты себептерінің бірі жайылымдар үшін тартыс еді. Экстенсивті мал шаруашылығы мен айналысатын көшпелілер мал өсіру өндірісі үшін қажет аумақты үнемі кеңейтіп отыруға мәжбүр болды. Жоңғар билеушілерін қазақ елінің ұлан-байтақ құнарлы жерлерімен бірге оңтүстік Қазақстандағы сауда, қолөнер орталықтары да қызықтырды. Бүл аймақты жоңғар қоң тайшылары сауда-қолөнер орталықтары ғана емес, сонымен бірге маңызды стратегиялық аймақ, Қазақстанды Ресеймен және Шығыс елдерімен қосатын сауда жолдары өтетін аумақ ретіңде де қарастырды.XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында қазақ хандықтары мен жоңғар қоң тайшылары арасыңдағы қақтығыс бірте-бірте шиеленіскен және қан төгісті күреске айналды. Қазақтар жиі-жиі жеңіліске ұшырап, жоңғар әскерлерінің тонауына душар болды. Адамдары мен мал-мүлкін айдап әкеткен жоңғарлар кейде түгелдей бір рулар мен ауылдарды қырып кетіп отырды. Қазақтардың осы кездегі ауыр жағдайын Ш.Уәлиханов былай деп сипаттады: «XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығы қазақ халқының өміріндегі сұмдық уақыт болды. Жоңғарлар, Волга қалмақтары, Жайық қазақтары мен башқұрттар жан-жақтан олардың ұлыстарын талқандап, малын айдап әкетіп, тұтас үйлерін тұтқынға әкетіп отырды».Жоңғарлардың қазақ жеріне бағытталған ірі жорықтарының бірі 1710— 1711 жылдары жасалды. Осы кезде 1710 жылы Тәуке хан Қарақұмда бүкіл қазақ жүздері өкілдерінің жиналысына шақырды. Үш жүздің басы қосылған бұл жиыңда елді біріктіру, жоңғарларға қарсы батыл тойтарыс беру мәселесі қаралды. Жиынға қатысушылар қасық қаны қалғанша бірін-бірі қорғауда күш біріктіруге ұйғарды. Ант беріскеннен кейін «жұрттың бәрі дұға оқып, құрбандыққа шалынған ақбоз аттың етін жеп өз одақтарының бұзылмайтындығына сендірді». Жиында қазақ жасақтарының қолбасшылығына Бөгенбай батыр сайлаңды.Қара құм жиынында бас қосып, күш біріктірген қазақ әскерлері біршама уақыт табысқа жетеді. Ата қоныстарын қайтарған қазақ жасақшылары жоңғар жеріне де басып кіріп, көптеген олжа тауып, тұтқын айдап әкеледі. Бірақ бұл табыстар ұзаққа созылмайды, 1713 жылдың өзінде-ақ жоңғарлар жаңа шапқыншылық әрекеттер жасай бастайды. 1715 жылы Тәуке хан қайтыс болады. Өзара келісімге келеалмаған сұлтаңдар. Тәуке ханның інісі Қайып сұлтанды хан көтереді. Хандықтан бірден-бір үміткер Әбілқайыр қазақ сұлтандарының кіші бұтағынан тарайды деген желеумен хандыққа сайланбай қалады. Осы хан сайлауынан бастап Әбілқайыр өзін тәуелсіз санап, хан билігін мойындағысы келмейді. Оның бұл дербес әрекеті 1717 жылы Аягөз маңында болған жоңғар-қазақ әскерлерінің шайқасында айқын көрінеді. Шешуші сәтте Қайып ханмен өзара ымыраға келе алмай, ұрыс даласын тастап шығады. Қазақтар ауыр жеңіліске ұшырайды.1718 жылы жоңғарлар жаңа жорық жасап, қазак әскерлерін Арыс, Беген, Шаян өзендерінің бойында тағы да жеңіп, бүкіл Оңтүстік өңірді тонайды. Осы жылы Қайып хан да дүние салады. Хан сайлауыңда ірі сұлтандар және жүздер арасыңда ірі алауыздықтың бар екеңдігі айқын аңғарылады. Әбілқайырдың хан билігіне келуін жақтырмаған ірі сұлтандар тобы Тәуке ханның ел билеуге қабілеті жоқ дарынсыз ұлы Болатты хан тағына көтереді. Елдегі ауыр жағдайды бағалай білмеген Болат хан елді біріктіре алмайды. Ташкентте Жолбарыс ақ киізге отырып хан тағына келсе, Кіші Жүзде Әбілқайыр, Орта Жүзде Сәмеке хан болып сайланып, елдің бытыраңкылығы одан әрі күшейе түседі.
35. Қазақ хандығы XVII-XVIII ғғ. басында хандықтың әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. «Жеті Жарғы»заңдар жинағы. XVII ғ. қазақ-жоңғар қатынастары.
Есім хан (1598—1628) билігі кезіндегі қазақ хандығының тарихы өте күрделі жағдайда өтті. Шайбан әулетінің орнын басқан Бұқар хандығының жаңа әміршілері Ташкентті қайтарып алуға тырысты. Шығыста ойрат тайпалары бой көтере бастады. Қазақ хандығының ішкі жағдайында да алауыздықтар көбейіп жекелеген ірі қазақ сұлтандары іс жүзінде Есім ханға тәуелсіз болды. Солардың ішіңде әсіресе, Жалым сұлтанның ұлы Тұрсын ханның дәмесі зор еді. Ол Ташкентте отырш өзін хан деп жариялады. Ол билігінің дербестігін көрсету мақсатыңда өз ақшасын да шығарды, халықтан алым мен жер салығын жинады. Бұқар ханы Иманқұл Тұрсын ханның қазақ хандығынан бөлініп шығу саясатын қолдап оған көмек де көрсетті.
1603 жылы Бұқар хандығының әскерлері Ташкентті қайтарып алуға тырысты. Бірақ олар қазақ жасақтарынан Айғыр-Жар деген жерде болған шайқаста ауыр жеңіліске ұшырап, Самарқанға шегінеді. Бұқар әскерлерін Самарқанға дейін өкшелей қуған қазақ әскерлері қаланы бірнеше күн қоршап кейін қайтады. 1607 жылы бұқарлықтар Ташкентті аз ғана уақытқа алады және көп ұзамай Есім хан Ташкентті өзіне қайтарады. Бірақ Бұқар хандығымен болған соғыс мұнымен тоқтамайды. 1612 жылы Иманқұл хан Сырдария бойындағы бірнеше қалаларды тонап Қаратауға дейін жетеді және Ташкентке өзінің ұлын билеуші етіп қояды. Иманқұл хан Ташкенттен кетісімен қала халқы көтеріліс жасап, оның ұлы Ескендірді өлтіреді. Бұған жауап ретінде Иманқұл хан қанды қырғын жасайды. Бұл кезде қазақтың екі ханы Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы қатынастар бірте-бірте шиеленісіп, әскери қақтығысқа дейін барады. Тұрсын хан Бұқар ханымен одақтасып Ташкентке берік орнығады және Әндижан, Түркістан, Сауран қалаларын басып алады. Күшейіп алған Тұрсын хан енді Бұқар хандығына қарсы соғыс жариялайды, бірақ түпкі нәтижеге жете алмайды.1627 жылы Есім хан ойраттарға қарсы жорыққа аттанғанда Тұрсын хан бар әскерімен Түркістанды жаулайды. Қарусыз халықты қырғынға ұшыратып Есім ханның үй-ішін, әйелдері мен жас балаларын тұтқындап Ташкентке әкетеді. Жорықтан қайтып келе жатқан Есім ханның алдын Сайрам маңында торуылдайды. Уақытылы хабар тиген Есім хан Тұрсын хан әскерлерін талқандайды. Қашып Ташкентті паналаған Тұрсын ханды өзінің жақтастары тұтқындап, Есім ханның қолына береді. 1628 жылдың күзіңде Есім хан да қайтыс болады, сүйегі Түркістандағы Қожа –Ахмет- Йассауи ғимаратына қойылады.Есім ханнан кейін хан тағына оның ұлы Жәңгір отырады. Бұл кезде қазак хандығының ішкі және сыртқы жағдайы нашарлай түседі. Бұқар хандығы Ташкент пен Сыр бойындағы қалалар үшін күресін тоқтатпайды, шығыстан күшейіп келе жатқан ойраттар маза бермейді. Бар билігін ойраттармен күресте өткізген Жәңгір ханға ішкі жағдайды тұрақтандыру да оңай тимейді.1635 жылы жаңа мемлекет болып құрылған жоңғар хандығы қазақ хандығының шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарына үлкен қауіп төндіреді. Цинь империясының ығыстыруынан жаңа жайылымдар мен қоныстар іздеген олар қазақ жеріне жорықтар ұйымдастыруын күшейте түседі. XVII ғасырдың 20-жыддарында ақ ойраттардың үлкен тобы Тобыл, Есіл, Ертіс бойында көшіп қонып жүрді және Іле, Талас бойында малдарын қыстатуға қалып отырды. Осы жылдары Бұқар хандығының әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды Сырдарияның төменгі бойынан ығыстыра бастайды. Дұшпандық әрекетте болса да Бұқар әміршісін Жәңгір хан жоңғарларға қарсы күресте одақтасу қажеттігіне көзін жеткізеді.
Жәңгірдің жоңғарларға қарсы алғашқы шайқасы 1635 жылы болады, бірақ бұл шайқас қазақтар үшін сәтсіз аяқталып, жеңіліске ұшырайды, Жәнгір ханның өзі тұтқынға түсіп қалады. Жәңгір ханның тұтқыннан қалай босанғандығы туралы деректер жоқ. 1643 жылы Жәңгір хан бастаған қазактың 600 ер жүрек сарбазы жоңғарлардың елу мындық әскеріне тойтарыс береді. Алғаш рет отты қаруды пайдаланған қазақтар Орбұлақ маңыңдағы тар шатқалда ойраттардың екпіңді шабуылына төтеп беріп, мыңдаған жау сарбазын жер жастандырады. Осы кезде Самарқаннан шыққан Жалаңтөс батыр бастаған қазақ әскерлері де көмекке келіп жетеді. Он мыңдай әскерінен айырылған Батыр қоңтайшы ауыр жеңілістен есеңгіреп кейін қайтады.Ресейден отты қару сатып алған жоңғарлар 1652 жылы Жетісу жеріне тағы да басып кіреді. Осы шайқастардың бірінде Жәңгір хан қаза табады. 60-жыддары қазақ-жоңғар қақтығыстары біршама азайғанымен Ғалдан-Бошақтық оңтайшы кезінде ол қайтадан күшейе түседі. 1681,1683-84 жылдары жоңғарлар Шу өзенінен бері өтіп Сайрамды алады, Ферғана алқабын тонайды. 1697 жылы Цеван Рабтан билік басына келгеннен кейін қазақ-жоңғар қатынастары күрт шиеленіседі. 1698 жылы Цеван Рабтан қалың қолымен қазақ жеріне басып кіріп, бүкіл Оңтүстік Қазакстанды жаулайды. Жоңғарлардың салған ойраны Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалар тіршілігінің бірте-бірте өшуінің басты себептерінің бірі болды, сауда жолдарының байланысы үзілді, шаруашылыққа зор зиянын тигізді. Күшейіп келе жатқан жоңғар шапқыншылығы елді біріктірудің кажеттігін түсіндірді.
«Жеті жарғы» туралы жеті дерек
1.Заман талабынан туындаған
ХҮІІ-ғасырда қазақ хандығына жан-жақтан қаупіп төніп, елдің ауызбірлігі әлсірей бастайды. Осы тұста Тәуке хан хандықты нығайтуға күш салды. Бұл үшін мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесі қажет болды. Тәуке хан қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі әдеп-ғұрыптары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолын» негізге алып, жаңа заң жүйесін жарыққа шығарды. Күлтөбенің басында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бас қосып, «Тәуке ханның Жеті жарғысы» деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады.
2.Жарғы жеті жаңа тармағымен ерекшеленген
«Жеті жарғының» толық нұсқасы сақталмаған. Оның үзінділерін К.Шүкірәлиевтің (1804), Я.Гавердовскийдің (1806), А.Левшиннің (1832) жазбаларынан оқуға болады. Сондай-ақ, Н.Гродеков, Л. А. Словохотов, А. П. Чулошников тәрізді орыс ғалымдарының зерттеулері шежіреші Ә.Қайнарбайұлынан алынған нұсқаға жақын келеді. Аталған нұсқада Жеті жарғының аталуы Тәуке хан енгізген жеті өзгеріске байланысты деген тұжырым жасалынған. Бұл өзгерістерде төрелер мен қожаларға ерекше құқық беру арқылы билікті нығайту мақсаты көзделгені айқын байқалады.
3. Сайлауға қару асынып келу міндеттелген
«Жеті жарғы» заңдар жинағы негізінде қазақтың тайпа, ру басылары жылына бір рет жиналған. Бұл жиындарда мемлекеттің сыртқы және ішкі жағдайына байланысты мәселелер дауыс беру негізінде шешілді. Жиынға қару асынып келген азаматтардың ғана дауыс беру құқықтары болды. Сонымен бірге қару ұстап келген азамат жылына өз байлығының жиырмадан бір бөлігін салық ретінде мемлекетке беруге міндеттелді. Жиынға қатысушы әр рудың өз таңбасы болды. Бұл таңбалар құрылтайда мемлекеттік рәміз дәрежесінде бекітілді.
4. Төрт түлік малмен құн төлеген
Жазалаудың ең көп таралған түрі — құн төлеу болған. Қылмыскердің және өлген адамның әлеуметтік жағдайына байланысты құн мөлшері өзгеріп отырған. Мысалы, өлген ер адамның құны 1000 қой болса, әйел адамның құны 500 қой болған. Өлген адамның әлеуметтік жағдайы ескерілген, ақсүйек болса құн мөлшері жеті есе өскен, яғни сұлтан немесе қожа тұқымынан өлтірілгендерге жеті адамның құнын төлеген. «Сұлтан» немесе «қожаға» тіл тигізгені үшін 9 мал, қол жұмсағаны үшін 27 мал төленетін болды. Құлдың құны бүркіттің немесе тазы иттің құнымен теңескен. Дене мүшелеріне зақым келтірген қылмыскер-де белгілі мөлшерде құн төлеген. Атап айтқанда, бас бармақ — 100 қой, шынашақ 20 қой болған. Ұрлық жасалған кезде ұрланған заттың құны иесіне «үш тоғыз» етіп қайтарылған. Мысалы, ұрланған 100 түйе 300 жылқыға немесе 1000 қойға теңелген. Бұл баптардан біз «Жеті жарғыға» сай қылмыс істеген әр әлеуметтік таптың құқықтары заңдастырылғанын көреміз.
5. Ауыр қылмыс жасаған адам өлім жазасына кесілген
«Жеті жарғыда» қылмысты іс-құқық нормаларына үлкен орын бөлінген. Қылмыс ретіне: кісі өлтіру, мертіктіру, әйелді зорлау, соққыға жығу, қорлау, ұрлық істеу және тағы басқалары жатқан. Кінәлілер жасаған қылмыс-деңгейіне сай әртүрлі жазаға кесілген. Бұл жинақта «қанға қан» заңы сақталды. Өлім жазасының екі түрі болған: дарға асу және тас атып өлтіру. Сондай-ақ, мемлекет ішіндегі бүлікшілер мен сатқындар өлім жазасына кесілген.
6. Қылмыстық істерді билер соты қараған
Билер соты барысында екі жақ келісуі бойынша өлім жазасын құн төлеумен алмастыруға мүмкіндік болған. Құн төлеу төрт жағдайда рәсімденген. Олар: егер әйелі күйеуін өлтірсе және күйеуінің туыстары оны кешірмеген жағдайда; егер әйел некесіз туған баласын өлтірген жағдайда; жұбайлар арасындағы «көзге шөп салушылық» дәлелденген жағдайда; «құдайға тіл тигізгені анықталған жағдайда». Ал, әкесіне қол жұмсаған ұл баланы қара сиырға теріс отырғызып масқаралаған. Ата-анасына дауыс көтерген қыз баланың жазасын шешесі шешкен.
7. «Жеті жарғы» ХІХ ғасырдың ортасына дейін қолданылған
«Жеті жарғыны» қазақ халқы ХІХ ғасырдың ортасына дейін пайдаланып келді. Ал кейбір заңдар Қазан төңкерісіне дейін қолданылды. Жоғарыда атап өткеніміздей, біздің заманымызға «Жеті жарғының» түпнұсқасы жеткен жоқ. Алғаш рет орыс ғалымы Г. Спасский жаппас руының старшыны Күбек Шүкіралиевтің мәліметтері негізінде «Жеті жарғының»11 үзіндісін 1820-шы жылы «Сибирский вестник» баспасөзінің бетінде жариялады. «Жеті жарғының» екінші нұсқасы (34 үзінді) А.Левшиннің зерттеулерінде беріледі. Бұл нұсқалар «Жеті жарғы» жарыққа шыққаннан кейін 100 жылдан соң халық ауыз әдебиеті жанрында жарияланған.
XVII ғасырдың екінші жартысы мен XVIII ғасырдың басыңда Қазақстан саяси жағынан бытыраңқы елге айналды. Оның ең басты себебі қазақ жүздері арасыңда тұрақты экономикалық және саяси байланыстар нашар болды. Әсіресе, Ұлы Жүздің, Кіші Жүзбен және Орта Жүзбен байланысы бұл кезде әлі дұрыс қалыптаспаған еді. Басқа елдермен сауда - экономикалык байланыстардың нашар болуы, натуралды шаруашылықтың үстемдігі, ішкі рыноктың дұрыс жолға қойылмауы, онтүстіктегі қалалардың кұлдырауы осының бәрі қазақ жерлерін бір орталыққа бағынатын мемлекетке біріктіруге және елдің бытыраңқылығын жоюға мүмкіндік бермеді. Сыртқы жағдайдың ауыр болуы да елдің бытыраңқылығын күшейте түсті. Жекелеген ірі сұлтандар іс жүзінде хан билігінен тәуелсіз болды, олардың өзара қырқысуы мен бақталасы елді барған сайын кеулеп ыдырата түсті. Түрлі әулетті топтар өзара бақталас болып билік үшін, жақсы жайылым-дарды басып алу үшін және өздерінің билігін нығайту үшін өзара күресті. Олардың өзара тартысы мен қырқысуларын бұқар және жоңғар билеушілері де үнемі ушықтырып отырды.

Тәуке хан (1680—1715) билік еткен алғашқы он жылдарда қазақ хандығы біршама нығайды. Қазақтардың қырғыздармен және қарақалпақтармен одақтасуы жоңғарлардың қазақ жерлеріне шабуылын біршама бәсендетті. Бірақ 1697 жылы билік басына Цеван Рабтан келгеннен кейін жоңғарлардың шапқыншылығы жойқын күшпен қайта басталды. Крңтайшы Цеван Рабтан орыс елшісі И.Унковскийге «өз билігі басталғаннан бері қарақал-пақтармен одақтасқан қазақ еліне толассыз соғыс жүргізіп жатырмын» деген мәлімет береді.XVII ғасырдың аяғыңдағы қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісуі екі ел арасындағы соғыс жан-жалдарының жаңа кезеңін бастап қазақ хандығына елеулі қатер төндірді. Тәуке ханның өзара тартыстарды тыйып, жүздер арасындағы тыныштықты қалпына келтіруі ұзаққа созылмады. Бір жерден екінші жерге үнемі көшіп-қонып жүру жекелеген тайпалар мен рулардың арасыңдағы тұрақты байланыстардың дамуын тежеді. Көшпелі өмір салты және патриархаттық - рулық тұрмыс елдің саяси жағынан бытыраңқы болуын тездетті, қазақ қоғамы өз алдына оқшауланған және бытыраңқы рулар тобына ыдырады, бұлардың басшылары басқалардың үстемдігін мойындағысы келмеді. Олардың өзара тартысы мен алауыздығын сыртқы жаулар одан әрі өршітіп, өздерінің тонаушылық, шапқыншылық әрекеттерін жүзеге асыруда тиімді пайдалана білді. Осылардың салдарынан елдің бірігу мүмкіндігі шектеле түсті. Жоңғарлардың батысқа, қазақ жеріне қарай жасаған жорықтарының басты себептерінің бірі жайылымдар үшін тартыс еді. Экстенсивті мал шаруашылығы мен айналысатын көшпелілер мал өсіру өндірісі үшін қажет аумақты үнемі кеңейтіп отыруға мәжбүр болды. Жоңғар билеушілерін қазақ елінің ұлан-байтақ құнарлы жерлерімен бірге оңтүстік Қазақстандағы сауда, қолөнер орталықтары да қызықтырды. Бүл аймақты жоңғар қоң тайшылары сауда-қолөнер орталықтары ғана емес, сонымен бірге маңызды стратегиялық аймақ, Қазақстанды Ресеймен және Шығыс елдерімен қосатын сауда жолдары өтетін аумақ ретіңде де қарастырды.XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында қазақ хандықтары мен жоңғар қоң тайшылары арасыңдағы қақтығыс бірте-бірте шиеленіскен және қан төгісті күреске айналды. Қазақтар жиі-жиі жеңіліске ұшырап, жоңғар әскерлерінің тонауына душар болды. Адамдары мен мал-мүлкін айдап әкеткен жоңғарлар кейде түгелдей бір рулар мен ауылдарды қырып кетіп отырды. Қазақтардың осы кездегі ауыр жағдайын Ш.Уәлиханов былай деп сипаттады: «XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығы қазақ халқының өміріндегі сұмдық уақыт болды. Жоңғарлар, Волга қалмақтары, Жайық қазақтары мен башқұрттар жан-жақтан олардың ұлыстарын талқандап, малын айдап әкетіп, тұтас үйлерін тұтқынға әкетіп отырды».Жоңғарлардың қазақ жеріне бағытталған ірі жорықтарының бірі 1710— 1711 жылдары жасалды. Осы кезде 1710 жылы Тәуке хан Қарақұмда бүкіл қазақ жүздері өкілдерінің жиналысына шақырды. Үш жүздің басы қосылған бұл жиыңда елді біріктіру, жоңғарларға қарсы батыл тойтарыс беру мәселесі қаралды. Жиынға қатысушылар қасық қаны қалғанша бірін-бірі қорғауда күш біріктіруге ұйғарды. Ант беріскеннен кейін «жұрттың бәрі дұға оқып, құрбандыққа шалынған ақбоз аттың етін жеп өз одақтарының бұзылмайтындығына сендірді». Жиында қазақ жасақтарының қолбасшылығына Бөгенбай батыр сайлаңды.Қара құм жиынында бас қосып, күш біріктірген қазақ әскерлері біршама уақыт табысқа жетеді. Ата қоныстарын қайтарған қазақ жасақшылары жоңғар жеріне де басып кіріп, көптеген олжа тауып, тұтқын айдап әкеледі. Бірақ бұл табыстар ұзаққа созылмайды, 1713 жылдың өзінде-ақ жоңғарлар жаңа шапқыншылық әрекеттер жасай бастайды. 1715 жылы Тәуке хан қайтыс болады. Өзара келісімге келеалмаған сұлтаңдар. Тәуке ханның інісі Қайып сұлтанды хан көтереді. Хандықтан бірден-бір үміткер Әбілқайыр қазақ сұлтандарының кіші бұтағынан тарайды деген желеумен хандыққа сайланбай қалады. Осы хан сайлауынан бастап Әбілқайыр өзін тәуелсіз санап, хан билігін мойындағысы келмейді. Оның бұл дербес әрекеті 1717 жылы Аягөз маңында болған жоңғар-қазақ әскерлерінің шайқасында айқын көрінеді. Шешуші сәтте Қайып ханмен өзара ымыраға келе алмай, ұрыс даласын тастап шығады. Қазақтар ауыр жеңіліске ұшырайды.

1718 жылы жоңғарлар жаңа жорық жасап, қазак әскерлерін Арыс, Беген, Шаян өзендерінің бойында тағы да жеңіп, бүкіл Оңтүстік өңірді тонайды. Осы жылы Қайып хан да дүние салады. Хан сайлауыңда ірі сұлтандар және жүздер арасыңда ірі алауыздықтың бар екеңдігі айқын аңғарылады. Әбілқайырдың хан билігіне келуін жақтырмаған ірі сұлтандар тобы Тәуке ханның ел билеуге қабілеті жоқ дарынсыз ұлы Болатты хан тағына көтереді. Елдегі ауыр жағдайды бағалай білмеген Болат хан елді біріктіре алмайды. Ташкентте Жолбарыс ақ киізге отырып хан тағына келсе, Кіші Жүзде Әбілқайыр, Орта Жүзде Сәмеке хан болып сайланып, елдің бытыраңкылығы одан әрі күшейе түседі.


36 XIV-XVIII ғғ. басындағы қазақтардың материалдық мәдениеті: қару-жарақ, қолөнер және үй кәсіпшілігі, сауда және сауда жолдары
.Қазақтардың көшпелі өмір салты шаруашылық қалай жүргізілгенін, тұрмыс қалай ұйымдастырылғанын, Мәдениет қалай дамығанын анықтады. Олардың ең маңызды кәсібі мал өсіру және егіншілік болды. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы Қазақ халқының өміріндегі басты сала болды. Жануарлар келесідей пайдаланылды: негізгі көлік құралы; сүт пен ет көзі, киімге арналған жүн. Сондықтан 18 ғасырда түйе, қой және жылқысыз Қазақстанның мәдениеті ойға келмейтін еді. Жылқылардың екі түрі болды-жылқылар мен жылқылар. Түйелер де әртүрлі болды: бір өркешті ("нар туйе") және қарапайым екі өркешті. Жануарлар, әдетте, көшеде орналастырылды, жайылыммен қоректенді. Қыста олар көрпемен жылытылды. Жыл мезгілдері бойынша жайылым орындары өзгерді. Қамыс тоғандары бар су қоймаларының жанында қысқы жайылымдар болды ("қыстау"). Сондай-ақ, жылдың осы уақытында олар ойықтарды, төбелерді, ормандардың шеттерін немесе құмды шөлдердің таулы жерлерін пайдаланды; көктемгі ("көктеу") және күзгі ("күзеу") жерлер қарсыз жайылымдар болды, олар тез қызып кетті; жазғы жайылымдар ("жайлау") салқын өзен аңғарларында, көлеңкелі жерлерде болды. Су қазылған құдықтардан немесе таяз арықтардан алынды. Қазақтар мерекеден кейін қыстауларынан кетіп қалды, олар үшін көктемгі табиғаттың оянуымен қиын жұмыс кезеңі басталды. Барлық күштер төлдегеннен кейін жас жануарларды күтуге, түйелерді кесуге кетті. Жаздың келуімен олар қой қырқуға, қозыларды зарарсыздандыруға, сүт өнімдерін жасауға көшті. Күзгі күндері мал қыста сойыла бастады. Сондықтан жайлауға апаратын жол баяу болды, ал қыстауға оралу жылдам болды. Әр қауымдастықтың өз жайылымдары мен оларға апаратын жолдары болды. Қазақтар былғары, киіз тоқып, тігін тігетін. Бұл қолөнердің барлығы оларға жақсы таныс болды. Елдің оңтүстігі мен батысындағы егіншіліктің ерекшеліктері сұлы, бидай, күріш, мақта, қарасора өсірумен белсенді айналысты. Аймақтың климаттық жағдайлары олар үшін өте қолайлы болды. АҚ ("Ақ бидай") және қызыл ("қызыл бидай") бидай танымал болды. Тары кез-келген ауа-райында жоғары өнім берді. Сондай — ақ, Қазақтар бақша дақылдарын-қарбыз мен қауын өсірді. Егінге су жеткізу үшін ауылшаруашылық дақылдары өсірілген аумақты ескере отырып жабдықталған күрделі суару жүйелері қолданылды. Тұрақты емес және тұрақты суармалы егіншілік пайдаланылды. Су тасқынына бейім өзен аңғарларында тұрғындар Жайылма егіншілікке жүгінді. Оның мәні келесідей болды: су басқан аңғар қоршалған; жаз, күз және қыс бойы онда су ұсталды; көктемде жер жыртылып, егіліп, жиналған ылғал дақылдарды суарды. Қазақтар тұрақты суармалы егіншілікті белсенді пайдаланды. Олар өзендер мен бұлақтардан шығатын арықтар салды. Суару арналарының жүйесі алынды, ол арқылы су егістіктерге жетті. ХІХ ғасырдың басында даланың біртіндеп кебуіне және ел шекарасының өзгеруіне байланысты суармалы жерлердің ауданы азая бастады. Материалдық мәдениет байлық пен әртүрлілікпен ерекшеленеді. Халықтың дүниетанымы, оның рухани мәдениеті туралы тұрғын үйді жайластыру, киім-кешек, зергерлік бұйымдар мен қару-жарақ жасау тәсілдері баяндалады: көшпенділердің негізгі тұрғын үйі: дәстүрлі киіз үй қазақ тұрғын үйі киіз үй болды. Бір киіз үй 120м² жетуі мүмкін. Бұл әсерлі ағаш құрылым бөлшектеліп, күмбездер мен тіректер вагонға жиналып, тасымалданатын. Киіз үйлердің үш түрі ажыратылды: салтанатты; тұрғын үй; заттар, азық-түлік және қару-жарақ сақталатын "қоймалар". Киіз үйдің орталығы ошақ ("ошақ") болды, оның жанында олар жылынып, тамақ дайындады. Үйдің кіреберісіне (төр) қарама-қарсы ошақтың артындағы орын құрметті отбасы мүшелері мен қонақтарға ұсынылды. Киіз үйдегі кілемдер туралы бөлек айту керек. Олар екі түрлі болды: түксіз ("тақыр кілем") және түкпен ("түкті кілем"). Бай өрнектері бар сәнді кілемдер мақтан тұтты. Кілем қаптарында ыдыс-аяқ пен ас үй ыдыстары сақталған. Киім мен тұрмыстық заттар сандықтарда сақталды. Ағаш интерьер бұйымдарында әрқашан шебер оюлар болған. Еліміздің оңтүстігінде қазақтар стационарлық саз, тас және ағаш үйлерде тұрды. Иесі неғұрлым бай болса, соғұрлым оның баспанасы көп болады. Қазақтардың мәдениеті: ұлттық киімдер мен әшекейлер киім тұрмыс ерекшеліктерімен тығыз байланысты болды: сыртқы киімдер жанаттардаң, бұлғындардың ("Ішік") жүнінен, ешкі мен қойдың жүнінен ("Қыл жарғақ") тігілген; шалбар күдеріден жасалған, кестеленген; ақ киіз әйелдер мен мужчин арналған халаттар мен шапандарға қолданылған. Жазда ер адамдар көйлек, шалбар және халат киіп, шұлықтары бүгілген етік ("бір тақа"), ("кебіс") киген. Әйелдер көйлектерге ұқсайтын ұзын тоник киген. Аяқ киім талғампаздығымен ерекшеленді, әсіресе бай ұрпақ өкілдері: Етік әшекейлермен безендірілген, аяқ киім күміспен қапталған. Гардеробтың маңызды бөлігі түрлі бас киімдер болды: киізден жасалған дәстүрлі казах арналған қалпақ "қалпақ" деп аталды. Жазда олар қарапайым шляпалар киетін. Көктем мен күзде ерлер де, әйелдер де жүнмен қапталған дөңгелек конус тәрізді қалпақшалардан көрінді ("бөрік"). Үйлену шляпалары жүн мен қауырсындармен әшекейленген. Қазақтың мәртебесі мен материалдық жағдайын кестеленген былғары, барқыт немесе жібек белдіктер ("белдік") бойынша да бағалауға болады. Гравюра, монета және құюды қолдана отырып, қазақтар асыл тастармен күміс және алтын зергерлік бұйымдар жасады. Қолөнершілер мақтана алды: біртүрлі пішінді сақиналар; күмістен құйылған, алтынмен және зергерлік бұйымдармен безендірілген үлкен білезіктер ("білезік"); Кулондар мен медальондар ("шашбау"); алтын немесе күмістен жасалған сырғалар. Қару-жарақ мәдениеттің тағы бір маңызды бөлігі болды: "қылыш" қисық қылыштары арнайы болаттан соғылды; қылыштар, қылыштар, ұзын қисық пышақтары бар пышақтар да қолданылды, көбінесе "садақ" — Садақшылар жиынтығы қолданылды; қазақтарда қорғаныс үшін болат қорғаныс латтары ("сауыт"), ағаш және былғары қалқандар болды. Мылтықтар күнделікті өмірде тек XVIII ғасырда пайда болды. Оларды Орта Азияда сатып ала бастады, кейінірек қазақтар қару, мылтық пен оқ өндірісін игерді. Қазақ халқының материалдық мәдениеті азық-түлік, ыдыс-аяқ, тұрмыстық ыдыс-аяқ болды. Аймақтың климаттық және табиғи ерекшеліктері өмірге, адамдардың не жегеніне, тағамды қалай дайындағанына және ол үшін не қолданғанына әсер етті. Рацион келесідей болды: оның негізі ет, негізінен жылқы еті мен қой еті болды. Одан кептірілген ет, шұжық жасалды. Және де майды, ішектерді, қабырғаларды қолдандық. Қой еті қуыру мен сорпаларды дайындауға кетті; олар сонымен қатар сүт өнімдерімен, соның ішінде ірімшіктермен қоректенді; қыста олар тары, ірімшік және кептірілген сүзбеге ("құрт") көшті. Мұның бәрі жаз мезгілінде жиналды; сусындардан қымыз, шұбат, айран дайындалды. Қазақтар ұлттық ыдыстарды былғарыдан жасады. Ыдыс-аяқ үшін мал терісі қолданылған. Етті жинау кезінде теріні бөлек өңдеді: түзетілді, қышқыл сүтте жуылды, тұздалды және кептірілді. Ағаш ыдыстар да қолданылды. Әр үйде металл қазан болды. Отырықшы тайпалар қыш ыдыстарды қолданды. Өмірдің осы элементтерінің әрқайсысы көшпелі тайпалардың өмір салтына байланысты болды. Барлық заттар қол жетімді материалдардан жасалған, оларды тасымалдау оңай болды.
37) XIV–XVIII ғғ. басындағы қазақ халқының рухани мәдениеті.
Қазақ халқының мәдениеті – қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ ұлтын құраған рулар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы, өзіндік сипаты бар дәстүрлі мәдениет. Қазақ халқының қалыптасуына байланысты, қазақ халқына тән материалдық және рухани мәдениеттің сипатты белгілері орнықты. Бұл қалыптасқан мәдениет қазақ халқының өз ата – бабаларының мәдени қазыналарын қамтыған мәдениет болды. Қазақ халқының мифтік аңыздары, салт-дәстүрлері, аспан әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақ күнтізбесі, бай әдеби мұралар, көркемөнердің сан алуан түрлері, шежірелік шығармалар, халық емшілігі және материалдық мәдениет мұралары т.б. ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне мәдениет куәліктері екені анық. Халық бұқарасы материалдық мәдениет, рухани мәдениет жетістіктерінің жасаушылары болды. Соның ішінде кейбір салт-дәстүрлер,ғұрыптар жайлы айта кетсек.
Ислам дініне дейінгі,ертедегі әр түрлі ғұрыптар мен салттарға байланысты- отқа табыну салты болды. Отпен тазарту аластау түріндегі ертедегі отқа табыну қазақтар өмірінің әр түрлі қырларынан байқалады.Отқа табыну отбасы өмірінде де байқалады, мысалы адамдардың кейбір аурулары өткен кездерде отпен емделеді.Әрбір отбасында ошақты құрметтеу дәстүрі сақталды.Қазақтарда отқа түкіруге, отқа қарап дәретке отыруға, оттан аттап өтуге,тіпті бір кездері от жағылған орында басып өтуге тыйым салынған.
Жазғы көші-қон кезінде әрбір ауыл көш керуенді салтанатты түрде рәсімдеуге ерекше көңіл бөлді. Бұл үшін көш басындағы түйеге қырғауылдың ұзын қанаттарынан төрт айыр қарқара орнатты.Халықтың түсінігі бойынша,қырғауылдың әдемі қауырсындары бөгде адамдардың назарын аударып,көш керуенді көз тиюден және жол бойындағы әр түрлі қолайсыз жағдайлардан сақтайтын болған.
38) Қазақтың ауызша тарихнамасы мен жазбаша тарихнамасы, Мұхаммед Хайдар Дулатидың, Қадырғали Қасым-ұлы Жалайырдың аса көрнекті еңбектерінің маңызы.
Халық арасында ауыздан ауызға тараған халық ауыз əдебиетінің бір саласы – шежіре ғылыми тұрғыда талданған. Шежіренің жанрлық ерекшеліктері сараланып, бұған дейінгізерттелу жайы айтылған. Қазақ шежіресінің зерттелу тарихын айта келе, Х. Досмұхамедұлы, Қ. Халид, Ш. Құдайбердіұлы, М. Көпеев, С. Мұқанов, Х. Арғынбаев, М. Мұқанов, В. Востровтың еңбектеріне тоқталған. Қазақтың ауызша тарихының ұлт руханиятына қосар үлесі ерекше, осы тұрғыдан алғанда ғалым А. Сейдімбектің зерттеулерінің алар орны айрықша. Ол қазақ халқының əдеби шығармашылығындағы осы бағытқа баса назар аударған болатын. Мақалада А. Сейдімбектің ауызша тарихқа арналған зерттеу еңбегі жан-жақты қарастырылды.
Қазақ ертеден өз ата-тегіне, ру шежіресіне айрықша мəн берген. Өз ұрпағына ру шежіресі туралы аңыз-əңгімелерді жаттатып отырған. «Шежіре – халықтың құрамына кіретін тайпа-рулардың тегін таратып, бір-бірімен туыстық дəрежесін айыратын тізбе. Шежіре негізінен қарасөзбен, кейде өлеңмен жазылады, көлемі əрқалай болып келеді. Арғы ата- бабалардың, тайпа-рулардың басталуы, таралуын көрсететін тізбе шежіренің жəне бір мағынасы, ол – тарихи жазба ескерткіш» [1; 691, 692]. Шежіре арқылы қазақ этносының тарихын, ерекше бітімін тануға болады. Шежіреде аңыз бен шындық та, ертегі мен əпсана да бар, əдебиет пен тарихты бір-бірімен сабақтастыратын дүние де осы шежіре.Х.Досмұхамедұлының «Аламан» еңбегінің қазақ халық əдебиеті туралы бөлімінде шежіреге қатысты мынадай сөздер бар: «Рулар мен жекелеген тұлғалар туралы аңыздар халық əдебиетінің шежіре (родословная) аталатын үлкен бір бөліміне кіріспе қызметін атқара алады. Əрбір қазақ өз руын, атасын 7-10 буынға дейін таратып айтып бере алады. Ақсақалдардың ішіндегі ерекше зеректері көптеген рулардың, тіптен бір жүздің немесе үш жүздің, басқа да туыстас түрік жұрттарының шежіресін тарқата алады. Дəл осындай хандар шежіресі де бар. Өлеңмен жазылған, поэма түріндегі шежірелер де ұшырасады» [2; 26]. Қ.Халидтің «Тауарих хамса» еңбегінде: «Қазақ халқы кітап көрмей, оқып, жазбай- ақ, тек ауыздан ауызға айтылып келген естіген сөздерін ұмытпай келе жатқандарына дəлелдер көп. Сол үшін бұлардың көне хабарларына қашан да құлақ асу керек.

Тарихын, нəсілін білмек болғандар олардың хикаяларына, аңыз-əңгімелеріне сүйенуі керек» [3; 90], — дейді.


39) XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ жүздерінің сыртқы саяси жағдайы: қазақ-орыс, қазақ-башқұрт, қазақ-қалмақ қатынастары
Қазақ-орыс қатынастарының ертеден келе жатқан тарихы бар. Ресей, Қазан (1552 ж.), Астрахан (1556 ж.) хандықтары және Еділ бойы халықтардың қосылуымен орыс мемлекеті мен Қазақ хандығының арасындағы қатынастар күшейе түсті. Ресейдің басты мақсаттарының бірі Орта Азия және Үндістанмен сауда қатынасы жолдарының қауіпсіздігін күшейту, Шығыс елдерімен байланысын бекіту болды. Қазақ даласы толық азиялық елдерге апаратын жол саналды.
Қазақ хандығы Ресеймен байланыс жасап, жоңғрарлармен және азиялық хандықтарымен күресте одақтас болуға тырысты.
XVIII ғасырдың басында Ресей империясы оңтүстіккешығатын жерлерді іздеуге арнайы әскери экспедициялар жасады. Бірақ бұл экспедициялар сәтсіз аяқталып Ресей үкіметі бейбіт дипломатиялық жолмен байланыс жасауға көшеді.
Ресей дипломатиясы қазақ-орыс қатынастарының жандануына жағдай жасады. Ресей тарапынан Тәуке ханның атына хат жіберді онда негізінен даулы мәселелерді келісім арқылы шешу жолдары қарастырылды. XVIII ғасырдың басындағы Бекболат Өкешев және лентинент Буриевтің басшылығымен Ресейге барған Қайып ханның 1716 жылдың казанындағы Никита Белоусовтың елшілігі, 1717 жылдың аяғындағы Б. Брянцевтің елшілігі, 1718 жылдың қазанындағы Шабу және Бағадур елшіліктері қазақ-орыс қатынастарын жақсартты.
XVIII ғасырдың 20-жылдарында казақ-орыс қатынастары белсенді түрде жүре бастады. Әбілқайыр ханның бастауымен Кіші жүздің көптеген тайпалары Жайыққа жақындап, одан әрі оң жақ жағаға шығуға тырысты. Бұл жағдай орыс бодандығындағы башқұрттар және қалмақтармен жаугершілікке әкеп соқты. Шекаралық келіспеушіліктерді реттеу мақсатында Кіші жүз басшылары 1726 жылы Ресейге елшілік жібереді.

1748 жылы Әбілқайыр ханның ұлы Нұралы Кіші жүздің ханы болды. Жаңа билеуші патша әкімшілігі бұл лауазымға ресми түрде бірінші рет бекіткен қазақ ханы еді. Оған жылына 600 сом мөлшерінде жалақы тағайындалды. Ол өзінің ұлдарын аманат ретінде Орынборға тапсыруға міндеттенді.


Нұралы ханның патша үкіметіне тәуелділігі, оның қазақтар арасында абыройын түсірді. Бірақ Нұралыны хан ретінде барлық рубасылары түгелдей дерлік мойындай коймады. Шекті руы ықпалы күшті Батыр сұлтанды өз билеушіміз деп таныды. Нұралының інілері Айшуақ пен Ералы Ермұхамет баһадүр хан да өз беттерінше тәуелсіз болуға тырысты. Сондықтан да патша үкіметі шекара шептерін нығайта түсуге көп күш-жігерін жұмсауға кірісті.
Оның үстіне, патша үкіметі қазақтардың Жайық өзенінің оң жақ бетінде көшіп-қонып жүруге бұрынғыдан да бетер қатаң тыйым салды. Қазақтарды өзеннің оң жағалауына өткізбеу мақсатымен оның сол жағалауындағы жайылымның шөбін күзге қарай өртеп жіберуді әдетке айналдырып алды.
Мұндай тыйым салулардың бірқатар себептері болды. Патша үкіметінің өз тылында бақылау жасау қиын тиетін көшпелілердің қарулы қалың тобын жақын ұстағысы келмеді. Алғашқыда Ресейдің шекаралық ішкі аумағына орыс халқын — бірінші кезекте казактарды, содан кейін қоныс аударатын шаруаларды орналастыру көзделген болатын. Акырында бір жағынан қазақтардың, екінші жағынан башқұрттар мен қалмақтардың арасында бұрыннан орын алып, созылып келе жаткан қарама-қайшылықтар болды. Қазақтардың Жайық пен Еділ өзендерінің аралығына келуі ол қарама-қайшылықтарды ушықтырып жіберетін еді.
40. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдары. Бұланты өзені мен Аңырақай шайқасындағы қазақтардың жеңісінің мәні
Жоңғар шабуылының салдарынан қазақтардың басына түскен аса ауыр жағдай оларды қалайда күш біріктіруге мәжбүр етті. Осылай ету қажеттігін үш жүздің өкілдері түгел түсінді.Жауға соққы беруді ұйымдастыру жөнінде бастама көтерген Кіші жүздің ханы Әбілқайыр болды. Ол 1723 жылы 20 мың жауынгері бар жасақты бастап, жоңғарлардың қандас одақтасы Еділ бойындағы қалмақтарға қарсы бірнеше жеңісті жорық жасады. Өз тылын осылайша қауіпсіз еткен ол қалың қолын бастап, Сырдария бойына қарай бет алды. 1724 жылдың көктемінде Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласына жетіп, оны тікелей шабуылмен азат етті. Қаланы бір жыл бойы өз қолында ұстап тұрды. Бірақ жаудың еселенген көп күшінің тегеурінді қысымымен Түркістанды және сол аймақтағы басқа да қалаларды тастап шықты.
1725 жылы құрамында 50 мың жауынгері бар бірлескен қазақ-карақалпақ әскерінің қолбасшысы болды. Сөйтіп жоңғарларға қарсы бірнеше сәтті жорық жасады. Осы кезде оның ұйымдастырушылық таланты, ірі әскери қолбасшы ретіндегі қабілеті, жеке өз басының қаһарман ерлігі айқын танылды. Жауға неғұрлым жылдам әрі күйрете соққы беруді ұйымдастыру қажеттігі бүкіл қазақтың күш-жігерін біріктіруді талап етті. Осы мақсатпен 1726 жылдың күзінде Ордабасы тауында (қазіргі Шымкент қаласының батыс жағында) Бүкілқазақтық Құрылтай болып өтті. Оған қазақтың хандары, үш жүздің сұлтандары, билері, батырлары келді. Қазақ халқының ең таңдаулы өкілдерінің бас қосқан бұл жиынында жауға күйрете соққы беруді, орталықтандырылған күшті басшылықты қалай ұйымдастыруды шешу керек болды.
Қазақтар бір-біріне барынша берілген, адал болуға осы Ордабасыда ант берісті. Құрылтайға қатысушылардың бірауыздан ұйғаруымен Әбілқайыр хан бүкілқазақтық әскери жасақтың бас қолбасшысы болып сайланды. Бүкілхалықтық әскери жасақтың бас сардарбегі болып батырлар арасынан Қанжығалы Бөгенбай бекітілді. Ордабасыдағы осы Құрылтай жиналысының шешімдері қазақ халқының жоңғар басқыншылығына карсы азаттық күресінде өте маңызды рөл аткарды. Қазақ қоғамының бүкіл күш-жігерін нақты іс жүзінде біріктіру қолға алынды. Әрбір ру өзінің жауынгерлік жасақтарын құрып, бүкілқазақтық үлкен жасаққа алып келіп қосуды қасиетті міндетіміз деп білді.Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама — қазақ халқының тарихындағы ащы қасірет, Отан басына күн туған аса қайғылы кезең (1723 – 25).[1] Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін Үш жүздің дербестеніп, бір-бірінен алшақтануы Қазақ хандығының әскери-саяси қуатын әлсіретті. Құба қалмақтар 18 ғасырдың басында өздерінің ішкі қайшылықтарын реттеп, әскерін жарақтады. Орыс елімен қатынасын жақсартып, көрші мемлекеттерден қару, оқ-дәріні көптеп сатып алды. 1715 ж. орыстарда тұтқында жүрген швед шебері Ренатты қолдарына түсіріп, зеңбірек құю технологиясын меңгерді.[2]

1723 жылдың көктемінде жайлауға көшуге қамданған бейқам қазақ еліне жоңғарлардың қалың қолы тұтқиылдан шабуыл жасады. Тарихшы Алексей Левшиннің жазуынша және қазақ жырауларының куәлігіне қарағанда Жоңғария қалмақтары әрқайсысы 10 мың жауынгері бар 7 қолмен қазақтарды шапқан. Олар Балқаш, Қаратау бағытымен жылжып (қолбасшысы Қалдан Серен), Алтай асып, Көктал өзені бойымен өрледі (қонтайшы Құлан Батур), Нұра өңірін қанға батырып (Әмірсана), Шелек өзені (Доржы), Есік көлі (Лама Доржы), Шу өңірін таптап (Дода Доржы), тоқтаусыз Іледен өтіп (Севан Рабдан) қарудың күшімен, найзаның ұшымен қазақ жерлерін иемденді. Екпіні қатты шапқыншылар Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы бейбіт елді аяусыз қырғынға ұшыратып, Түркістан, Сайрам, Ташкент қалаларын басып алды. Жоңғарлардың жойқын шабуылының нәтижесінде қазақтар шайқас даласында 100 мыңға жуық жауынгерлерінен айырылды, ал қорғансыз халықтың шығыны одан әлде қайда көп болды.Жоңғар хандығына қарсы ұзаққа созылған күресте 1728 жылы Ұлытаудағы Бұланты өзенінің бойында, Қарасиыр деген жерде қазақ жасақтары тұңғыш рет ірі жеңіске жетті. Бұл шайқасқа қазақтар мен қырғыздар да белсене қатысты. Біріккен күштердің құрамындағы жауынгерлердің жалпы саны 60 мың адамға жеткен еді. Қанды шайқас болған жердің аты «Қалмаққырылған» деген атаумен де қазақ халқының есінде тарихи атау ретінде мәңгі сақталып қалды. Сол шайқаста жоңғарлардың он мыңға жуық жауынгері қаза тапты. Бұланты өзенінің бойындағы жеңістің баға жетпес зор маңызы болды. Ол Қазақ жауынгерлерінің моральдық рухын әлдеқайда күшейтті. Жоңғарлардың жер қайысқан қалың қолы жеңілістің не екенін білмейді деген жалған аңыздың күлін көкке үшырды. Оның есесіне қазақ жауынгерлерін жігерлендіре түсті. Бұланты шайқасындағы жеңіс жалпы халықтың жүрекжарды қуанышына ұласты, қаһарлы жауға қарсы күресте бүкіл халықтың күш-жігерін өлі де біріктіре түсіп, нығайта беруге деген ұмтылысына тың серпін берді.


Қазақ жауынгерлерінің Бұланты өзені бойындағы жеңісінің стратегиялық маңызы да зор болды. Ол алдағы Аңырақай шайқасында жауға есінен тандыра, ойсырата соққы берудің сенімді кепіліне айналды.

Аңырақай шайқасы


Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресі барысындағы өте елеулі оқиға — Аңырақай шайқасы. Бұл шайқас 1730 жылғы көктемде Балқаш көлінің оңтүстік-батыс жағындағы Итішпес Алакөл деген жерде болды. Шайқасқа Кіші жүздің ханы Әбілқайыр тікелей басшылық етті. Оған қазақтың үш жүзінің жасақтары қатысты.
Аңырақай шайқасы дәстүрлі жекпе-жек ұрысқа шығудан басталды. Оған жоңғар жағынан әскербасы Шарыш, қазақ жағынан жас батыр Сабалақ (болашақ Абылай хан атанған Әбілмансұрдың жасырын аты) шықты. Сабалақ қарсыласына «Абылай! Абылай!» деген жауынгерлік ұранмен атой сала ұмтылды. Жекпе-жекте қазақ батыры жеңіп шықты. Мұның өзі қазақ жауынгерлерін арқаландырып, олардың жігеріне жігер қосты. Жау жағының берекесі қашып, қатты абыржыды.
Жоңғарлардың рухы төмен түсіп кетті. Осы жекпе-жек шайқастан кейін Сабалақ Абылай атанып кетті. Аңырақай шайкасында қазақтар жоңғарларға естерінен тандыра күшті соққы берді. Шайқас даласында жоңғарлардың есеңгіреген, жеңіліске ұшырап, аңырап қалған жері Аңырақай деп аталып кеткен кәрінеді.
Үш жүздің хандары мен сұлтандары бұрынғы алтыбақан алауыздықты қойып, күш біріктірудің арқасында қаһарлы жауға жұмыла күресіп, тамаша жеңіске жетті. Бұл жеңіс үш жүздің күш-жігер біріктіруінің әбден қисынды әрі заңды нәтижесі болды. Жүз жылдан астам уақытқа созылған қазақ-жоңғар соғысында түбірлі өзгеріс жасалды, енді біржола түбегейлі жеңіске жететін күн де жақын қалды. Жоңғарлар қазақтардан тартып алған жерлерін алды-артына қарай алмай, тастай қашты. Олар бұдан былай қазақ жеріне шапқыншылық жасамауға ант ішті.
Қазақ жасақтарының кезекті тамаша жеңіске жеткеніне қарамай, жау жағы әлі де күшті, әлі де қауіпті еді. Сондықтан да бүкіл қазақ халқының ұзақ уақыт бойы жоңғарларға қарсы жанқиярлықпен күрес жүргізе беруіне тура келді.

Билік үшін бақталас күрес және біртұтас халық майданының ыдырай бастауы


Аңырақай шайқасынан кейін жауды түбегейлі біржола жеңудің ауылы алыс қалған жоқ еді. Бірақ тап осы кезде Жоғары мәртебелі Ұлы хан Болат кенеттен қайтыс болды. Ол орыннан үміткерлер арасында тақ таласы басталды. Бүкіл қазақтың Ұлы ханы болудан Әбілқайыр мен Сәмеке дәмелі болатын. Бірақ қазақ ақсүйектерінің тобы бұл ең жоғары лауазымды орынға іс жүзінде ешқандай айтулы қызметімен көзге түспеген Әбілмәмбетті сайлауды лайық деп тапты. Өйткені аймақтық билеушілерге билік басында күшті тұлғаның отыруы керек емес болатын. Сондықтан қазақтың біріккен әскери күштерінің бас қолбасшысы, Кіші жүздің ханы Әбілқайыр мен Орта жүздің ықпалды ханы Сәмеке әлгі шешімге риза болмай, өздерін қорлағандық санады да, әлі соғыс қимылдары жүріп жатқан аумақтан өз әскерлерін алып кетті. Сөйтіп Қазақстанның Ресеймен шекаралас жақтарына — бірі солтүстікке, бірі — солтүстік-батыс жаққа қарай көшті.
Өкінішке қарай, зор қиындықпен құрылған жалпықазақтық әскери жасақ аяқ астынан ыдырап шыға келді. Қалыптасқан қиын жағдайдан шығудың ендігі жолын әр жүз өздерінше жеке-жеке іздестіруге көшті. Мәселен, Ұлы жүз жоңғарларға әлі де уақытша бағына тұруға мәжбүр болды. Оларға аманат беріп, жыл сайын алым-салық төлеп тұрды. Жоңғар шапқыншылығының зардабын бәрінен де көп тартқан Орта жүздің жауға қарсы күресті одан әрі жалғастыра беруіне тура келді. Ал Кіші жүз үшін мүлде басқаша жағдай қалыптасты. Ол жан-жағындағы халықтардың қатерлі тығыз қоршауында қалып қойды. Олар хиуалықтар, түрікмендер, Еділ қалмақтары, Жайық Қазақтары және башқұрттар еді. Өйткені бұл кезде олардың қай-қайсысымен де қарым-қатынас нашарлап, шиеленісіп тұрған болатын.

Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінің тарихи маңызы


Сонымен XVIII ғасырдың екінші ширегінің бас кезінде қазақ халқы өз азаттығы жолындағы Отан соғысын жүргізді. Жалпы-қазақтық біріккен әскери жасақ жоңғар басқыншыларына ұйымдасқан түрде үсті-үстіне соққы бере бастады. Мұның өзі көбінесе қазақтың үш жүзінің, бүкіл қазақ халқының күш-жігер біріктіруінің арқасында мүмкін болды. Қазақ халқын түгелдей қырып жіберу қаупі ел билеушілерін бұрын болған алтыбақан алауыз ырың-жырынды ұмытуға, бас қоса бірігіа, жоңғар әскерлеріне үсті-үстіне соққы беруге мәжбүрлікпен жұмылдырды.
Қазақтың билеушілері, билері мен батырлары қазақ мемлекеттілігін қалай да сақтап қалуға күш-жігерін барынша аямай жұмсады. Бұланты және Аңырақай шайқастары қазақ сарбаздарының жауынгерлік рухын күшейтіп, аспандата биікке көтерді. Ол шайқастардағы жеңіс халық болып топтасқанда кез келген күшті жауды жеңіп шығуға болатынын айқын көрсетіп берді. Оның үстіне, қазақ сарбаздары жоңғар әскерлерінің жеңіліс атаулыны білмейтіні жөніндеп жалған аңыздың күлін көкке ұшырды.
Бұл соғыста қазақ халқының туыскан қарақалпақ және кырғыз халықтарымен жауынгерлік одағын құрудың негізі қаланды. Соны-мен қатар бұл кезде, XVIII ғасырдың 30-жылдарының бас кезінде, билік жолындағы тақ таласы қазақтардың күшін ыдыратуға тағы да алып барып соқты, олар ақыр аяғында елдің тәуелсіздігінен айырылып тынды.
41. Абылай хан. 1739-1741 жылдардағы қазақ-жоңғар соғысы. Абылайдың Жоңғариямен, Қытаймен және Ресей мен сыртқы саясаты.
Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) — 1771 – 1781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18-ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалаған Орда Ежен ханнан бастау алады. Абылай онымен қоса Ұрыс хан, Барақ хан, Әз-Жәнібек хан сияқты билеушілердің тікелей ұрпағы. Абылай хан қазақ тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы.Абылайдың әскери қайраткерлігі, қолбасылық қабілеті 30-40 жылдардағы шайқастарда ерекше көрінді. Осындай жан алысып жан беріскен соғыстардың бірін Бұқар жырау «Қалданменен ұрысып, Жеті күндей сүрісіп...» деп суреттейді. Ол соғысқа Абылайдың қанды көйлек жолдастары: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай т.б. қазақтың белгілі батырлары тізе қоса қатысады. Бұл да Абылайдың жауға қарсы қазақ халқының басын біріктіре білгендігінің дәлелі болып табылады. Бірте-бірте ұлыстағы бар өкім Әз-Тәуке ханның немересі Әбілмәмбет ханнан өтіп, Абылайдың қолына көшеді. Абылайдың ерлігі мен ақыл-парасатына бас ұрған Әбілмәмбет ақылшы аға болып қалып, кеңесші хан дәрежесімен шектеледі. XVIII ғасырдың 30-жылдарының аяғында Абылай есімі бізге белгілі құжаттарда Әбілмәмбет ханмен қатар аталады. Орыс тарихшысы А.И.Левшин: «1739 ж. Орта жүзде Сәмеке ханның орнына хан сайлаудан бұрын Әбілмәмбет пен Абылай екеуі бірдей хандық билік жүргізген»,- деп жазды. Ш.Уәлиханов та осы пікірді қолдайды.15 жасар Әбілмансҧрдың (Абылайдың) жауға “Абылайлап” шапқаны осы шайқас деп кӛрсетіледі. «Ит ішпестің Алакӛлі» маңындағы соққыдан есін жия алмай қалған қалмақтар сусыз сортаң жерде шӛлге ұшырап, одан әрі соғыса алмай Аягӛз, Шарға қарай жӛңкіле қашты. Бірақ қазақтар бұл жеңісті одан әрі дамыта алмады. Оған шайқастың соңғы жағында Болат хан жараланып, қайтыс болғаннан кейін басталған тақ үшін талас кедергі келтірді. Кӛпшілік Болат ханның баласы жас Әбілмәмбетті қолдады. Бұған наразы болған Әбілқайыр майдан даласын тастап, Кіші жүздің қолын Ырғыз арқылы батысқа алып кетті. Бірақ Аңырақай шайқасындағы жеңіс қазақ халқының рухын кӛтеріп, болашаққа деген сенімін бекітті. Бұл жеңіс кӛршілеріне қазақ хандығының қуатты ел екендігін паш етіп, Орта Азиядағы саяси ахуалды күрт ӛзгертті. Аңырақай шайқасын қазақ тарихшылары орыстардың Бородин даласындағы, Ұлы Отан соғысындағы, Сталинград түбіндегі жеңістермен қатар бағалады. Жоңғарлардың қазақ жеріне жасаған соңғы ірі шапқыншылығының бірі 1739-1741 жылдар арасында болды. Бұл соғыс Орта жүз қазақтарын тез арада жаулап алу үшін болған соғыс еді. Ӛйткені, бұл уақытта Ұлы жүз қазақтары тұтастай жоңғарлардың қолында, Кіші жүз Хива хандығымен соғысып жатты. Ойраттар Орта жүзге қарсы қолбасшы Сары Манжан 30-35 мың қолымен 116 1739 жылы шабуылын бастады. ЖоңғарлардыңОрта жүз жерін жаулап алу қаупі туды. Ортажүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтанамалсыздан Ресей мемлекетінің бодандығынқабылдауға тура келді.“Церемония подписания акта о принятииказахами Среднего жуза российского подданства,состоявшаяся 28 августа 1740 г., была пышно иторжественно обставлена, был парад войск сартиллерийскими залпами. Перед собравшимисябыли зачитаны заранее подготовленные текстыречей хана Абулмамбета и султана Абылая. В тотденьдокументыо принятии Российского подданства подписали 128 старшин Среднего жуза”, - деп жазды тарих ғылымының докторы Қадыржан Абуев (“Хан Абылай и его время”.) 1741 жылдың февраль айында Жоңғарлардың әскер басшысы Септень және Галден Цэреннің үлкен Лама Доржи бастаған Орта жүзге жорығы май айында аяқталды. Жоңғар ханы бұл соғысты тоқтатқаны үшін екі түрлі талап қойды. Біріншісі – Жоңғар хандығына кепілдікке Барақ сұлтанның не болмаса, Жәнібек батырдың баласын кепілдікке берсін. Екіншісі – қазақ жерінде жүрген башқұрттың Россияға қарсы кӛтеріліс басшысыҚарасақалды ұстап беруін талап етті. Қазақ жағы бірінші талабын орындағанмен екінші талабын“Қарасақал қазақ жерінде жоқ” деп орындамады.
Абылайдың сыртқы саясаты оның алыстан болжайтын көрегендігімен ерекшеленді. Абылайдың сыртқы саяси қызметі Қазақстан аумағының ешкім қол сұға алмайтын тұтастығын қамтамасыз етуге бағытталды. Мәселен, Абылай Ресеймен өзара қарым-қатынасында тату-тәтті көршілік саясат ұстануға тырысты. Ресей мемлекетімен дипломатиялық және сауда байланыстарын орнатты. Қол астындағы халықты Ресей әскери қызметкерлерінің орынсыз талаптары мен әрекеттерінен батыл қорғай білді.

Абылай күш-жігерін жоңғар шапқыншылығын әлсіретуге бағыттады. Бірақ бұл ретте Ресейдің ықпалды әскери көмегі бола ма деген үміті ақталмады. Жоңғарлар Цинь империясымен бейбіт келісім жасағаннан кейін барлық күшін батысқа қарай бұрды. Сөйтіп 1741 жылы қазақтарға қарсы тағы бір ірі жорыққа шықты. Тұтқиылдан баса-көктеп кірген жоңғарларға Абылай тұтқынға түсіп қалады. Абылайды тұтқыннан босатып алудың сәті Жоңғар мемлекетімен бейбіт келісім жасалғаннан кейін ғана түсті.

Жоңғар билеушілерінің билік үшін қырқыстарын қазақ сұлтандары оңтайлы пайдалана білді. Бұндай жағдайлар қазақтарға оларды әлсіретуге және Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарын жоңғарлардан қайтарып алуға мүмкіндік туғызды. Абылай жоңғарлардың тақтан үміткер мұрагерлеріне қолдау көрсету арқылы олардан қазақ жерлерін қайтарып алды.

Абылай хан Қазақ хандығының қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін сыртқы саясатты асқан көрегендікпен жүргізді. Ресейдің қол астына сырт көзге ғана формальды түрде қарап, 1756 жылы Қытай үкіметімен дипломатиялық қатынас орната бастады. Бұл шара оған Ресейдің Қазақстан аумағындағы отаршылдық әрекеттерін тоқтатуға, сонымен қатар Қытай тарапынан туындайтын қауіпке жол бермеуге мүмкіндік берді.

Абылай хан 1781 жылы дүние салып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленді.

Абылай хан қазақ халқының тарихында ерекше маңызды орын алады. Абылайдың күш-жігері ең алдымен мықты және тәуелсіз Қазақ мемлекетін құруға жұмсалды. Орыс ғалымы И. Крафттың сөзімен айтқанда «Ол қалыптасқан жағдайларға қарай бірде Ресейге, бірде Қытайға, енді бірде Жоңғарияға шын берілген болып көріне білді, ал шын мәнінде ешкімге де бас иген жоқ».



Абылай хан қазақтардың басын қосып біріктіру процесіне басшылық етті және ұланбайтақ далада бір орталыққа бағынатын мемлекет құруға зор ықпал жасады. Жоңғар және Еділ қалмақтарын тас-талқан етіп, жеңіп шығуда аса маңызды рөл атқарды. Қытай әскерінің Қазақстан аумағымен ілгері қарай ішкі аймақтарға жылжуын тоқтатып қана қойған жоқ, сонымен қатар қазақтардың Тарбағатайдағы және Іле өзені өңіріндегі байырғы дәстүрлі мал жайылымдарын қайтарып алуға қол жеткізді. Алатау қырғыздарының қазақтарға шабуыл жасауын да тоқтатты.
42. Әбілқайыр хан және Кіші жүздің Ресей протекторатын қабылдауы. Орынбор экспедициясын ұйымдастыру және оның қызметі
Жоңғариямен ұзаққа созылған аса ауыр соғыста қазақ жасақтары тамаша жеңіске жеткенімен ол табыс баянды бола қоймады. Қазақ хандары мен сұлтандарының тақ таласына байланысты алауыздығы салдарынан бұл күреске Ресей империясы да тартылды.
Ресей қалайда Қазақстанды өзіне қосып алуды көксеп, қолайлы кезеңді күтумен болды. Әбілқайыр қазақ хандығында жеке өз билігін нығайту жолдарын жатпай-тұрмай тынымсыз іздестіре бастады. Кіші жүздің ханы Ресей мемлекетінің қолдауына сүйенуге бел буды. Бұл ретте оның жеке басының қадір-қасиеті де шешуші рөл атқарды.
Әбілқайыр Жоңғариямен соғыс қызу жүріп жатқан 1726 жылдың өзінде-ақ Ресейге елші жіберіп, оның қол астына өту туралы өтініш білдіру арқылы әрекет жасап көрген болатын. Бұл өтінішті елші Қойбағар жеткізген еді. Алайда ханның өтініші ол жылы жауапсыз қалдырылды.
1730 жылы Кіші жүздің билері ханға Ресеймен әскери одақ жасасуды ұсынды. Алайда Әбілқайыр өз уәдесінде тұрмай, Ресеймен келіссөз мүлде басқаша сипат алды. Ресейдің өкімет билігімен неғұрлым жақын бола түсу мақсатымен 1730 жылғы қыркүйек айында Әбілкайырдың батыр Сейітқұл Қойдағұлұлы мен би Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілігі Кіші жүзді Ресейдің қарамағына алу туралы императрица Анна Иоанновнаның атына жазылған өтінішті табыс ету үшін Санкт-Петербургке келді.
Бұл жолы Әбілқайырдың елшілігіне зор құрмет көрсетіліп, ол үлкен ықыласпен қарсы алынды. Ресей үшін Кіші жүзді империяның құрамына қосып алудың ең қолайлы сәті туды. Бұған дейін Ресейдің құрамына Еділ қалмақтары, Кабардин князьдігі косылған болатын.
1731 жылы императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға (ресми құжатқа) қол қойды. Бұл грамотаға қол қою кезінде бірқатар шарттар қойылатыны ескерілді.біріншіден, Кіші жүз қазақтары Ресейге адал қызмет етуге және башқұрттардың үлгісі бойынша мұқият жасақ төлеп тұруға міндетті болды.
Екішіден, Ресейдің қол астындағы өзге халықтардың тарапынан қазақтарға шабуыл жасауға тыйым салынуы тиіс болды.
Үшіншіден, қазақтарға олардың жаулары шабуыл жасай қалған жағдайда Ресей қазақтарды қорғауға міндеттенді.
Төртіншіден, Әбілқайыр Ресейдің қол астындағы халықтардан алынған тұтқындарды
қайтаруы, ал қалмақтармен және башқұрттармен тату-тәтті бейбіт жағдайда өмір сүруі тиіс болды.
Алайда содан көп кейінгі оқиғалар ол шарттардың бірде-біреуін екі жақтың да орындамағанын көрсетті. Екі жақ та өздерінің пайдаларын көздеумен болды. Империяның қол астына қараудың жалған сипаттары ғана орын алды.Орынбор («Қырғыз-қайсақ») экспедициясының қызметі
Кіші жүз қазақтарының шекара аймағындағы жерінде патша үкіметінің жағдайын нығайтып, бекіте түсу үшін 1734 жылы Қырғыз-қайсақ экспедициясы құрылды. Оны I Петрдің сыбайлас жақын серіктерінің бірі И.К. Кириллов басқарды. Ал оның көмекшісі қазақтардың дәстүрлі әдет-ғұрыптары мен заңдарын жақсы білетін тілмаш А. Тевкелев болды. Кейінірек қырғыз-қайсақ экспедициясы Орынбор экспедициясы деп аталды. Оның құрамындағы 2700 адамның 2500-і әскери қызметшілер еді. Экспедицияға үкіметтің берген тапсырмасы Кіші жүздің жағдайын жан-жақты зерттеу болды. Атап айтқанда, олар табиғи ресурстарды зерттеумен, жер бетінің картасын түсірумен айналысты.

1735 жылы Әбілқайыр ханның өтініші бойынша Орынбор қаласының негізі қаланды. Қазақ ханы дала төсінде әлдебір бүліншілік оқиғалары бола қалса, сол бекініс-қамалда бой тасалауды көздеген болатын. Қамал Ор өзенінің Жайыққа қүяр жерінде салынды.

Кейін ол Ор бекінісі деп аталды. Орынбор бекінісі Ресей аумағының ішкі жағына ауыстырылды. Орынбор Батыс Қазақстан аумағын отарлаудың стратегиялық орталықтарының біріне айналды. Ол Ресейдің еуропалық бөлігі мен қазақ даласынын, Орта Азияның аралығындағы ірі сауда орталығы қызметін де атқарды.Кириллов қайтыс болғаннан кейін Орынбор экспедициясының бастығы болып В.И. Татищев тағайындалды.Кіші жүз қазақтарының Ресейдің қол астына өтуінің салдарлары
Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының бір бөлігінің Ресейдің қол астына өтуінің, негізінен алғанда, ұзаққа созылған келеңсіз салдарлары болды. Қазақ халқы бірте-бірте өз тәуелсіздігінен айырыла бастады. Патша үкіметі хандар мен сұлтандарды уақыт өткен сайын өзінің бір айтқанды екі етпейтін тәртіпті шенеуніктерге айналдырып алды.

Патша үкіметі жалпықазақтық хандықтың болуын танудан саналы түрде қасақана бас тарту арқылы Қазақ мемлекетінің аумақтық тұтастығын бұзып, бірлігін ыдырата бастады. Іс жүзінде қазақтардың билеушілерімен ешқандай келісіп алмай-ақ, қазақ-орыс шекарасының бүкіл өн бойына әскери бекіністер, қамалдар, далалық шағын бекіністер салуды үсті-үстіне үдете берді.

Жайылымдық жерлердің тарыла түсуі мал өсірумен айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі қазақтардың шаруашылық негізін елеулі түрде шайқалтты. Жұт болған жылдары қазақтардың мал басын аман сақтап қалуы үшін шекара шебіндегі аймақтарға көшіп баруына рұқсат етілмеді.

Қазақстанның Ресейдің ықпалына енуі кейінгі жылдары қазақтардың Орта Азия мемлекеттерімен қарым-қатынасының едәуір нашарлап кетуіне әкеп соқтырды. Хиуа мен Бұхардың әскерлері Оңтүстік Қазақстанның қазақтарына оқтын-оқтын жорық жасап тұрды, алым-салық төлетті. Сонымен қатар Ресей мен Қазақстанның екі арасындағы сауда қатынастарының күшейе түсуі едәуір оңды сипат алды.


43. Қазақтардың Қоқан үстемдігіне қарсы көтерілісі (1858 ж.).
Қоқан билеушілеріне қарсы көтерілістердің ішіндегі ең ірісі 1858 жылы болып өтті. Бұл көтеріліс Оңтүстік Қазақстанның едәуір бөлігін қамтыды. Оған негізі себеп болған қоқандық салық жинаушылардың шектен тыс салықты көбейтуі және балалар мен әйелдерді кепілдік құлдыққа алуы еді. Көтерлістің негізгі ошақтары Әулиеата, Шымкент және Жетісу аймақтарын қамтыды. Көтеріліске кішкене шекті, дулат, бестамғалы, қоңырат және қыпшақ, арғын, найман руларының бір бөлігі қатынасты.
44. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіруі. XIX ғ. 60-шы жылдарындағы Жетісудағы әскери операциялар және Іле өлкесін отарлау.

Ресейдің шығысқа қарай жылжуына оңтүстік Қазақстанның жерінде Қоқан өкіметі кедергі келтірді. Қоқанның одақтасы, Ресейдің шығыстағы басты қарсыласы – Англия болды. Қоқан өкіметі өзінің Пішкектегі, Меркедегі, Әулиеатадағы және Шымкенттегі аван-посттарын күшейту шараларын қарастыра бастады. Олар жазалаумен қорқытып шеттегі қазақтар мен қырғыздардың малдарын тартып алды, сауда керуендерінің жүруіне кедергі келтірді. Осы себептерден әбден үрейленіп қалған Жетісу мен Оңтүстік қазақтарының Ресей қол астына өтуіне бастама болып саналды. Қазақтарға осы кезде Орта азия мемлекеттері мен Қоқан, Хиуа хандықтары жиі шабуылдар жасады. Аймақта біртұтас биліктің болмауы, ел басын біріктіретін, өз іштеріндегі алауыздықты тоқтататын, сонымен қоса сыртқы агрессияға төтеп беретін күш жоқ еді. Осылардың бәрі патша үкіметінің Қазақстанның Оңтүстік өлкесін отарлауға қолайлы жағдай туғызды. Дәл осы кезеңде қазақтардың бір бөлігі Ресеге қосылуға әзір тұрса, екіншіден патша үкіметі де белсенді түрде іс-қимылдар жасауға кірісті. Онымен қатар қоқандықтардың елдің берекесін алған шабуылдары 1818- жылы Ұлы жүз қазақтарын патша үкіметінен өздерін Ресей қол астына алуын өтінді. Сөйтіп,1819 – жылы патша үкіметі Сүйік сұлтанның өтінішін қанағаттандырды - 55500 қазақ патша үкіметі қол астына өтті. 1824 – жылы Ұлы жүздің 14 сұлтаны – Абылай немерелері мен Әділ төренің балалары басқарған 165 мыңға тарта ер адам Ресей қол астына өтті. Дегенмен, Ресей ұкіметі өздерінің ішкі жағдайларына орай Ұлы жүзбен байланыс жасауды тоқтату қажет болды. Себебі, (І-Александрдің өлімі, Сенат алаңындағы декабристер көтерілісі), сонымен қатар сыртқы проблемалары (1826-1828 жылдардағы орыс-иран соғысы, 1828-1829 жылдардағы орыс-түрік соғысы, 1830-1831 жылдардағы поляк көтерілісі) империя құрамына Ұлы жүз қазақтарын қосып, алуды уақытша тоқтатты. Қазақ билеушілері өзінің саяси мүддесіне пайдаланды. Бұл тұтастай алғанда Оңтүстік Қазақстанның экономикалық саяси және халықаралық жағдайына әсер етті. Орталық Аиялық хандардың бағыныштылығында бола отырып Оңтүстік Қазақстан мен Жет ісу өлкесі, онда тұратын Ұлы жүз қазақтары Ресейдің шекаралық аудандарымен сауда және саяси байланысты ұстап тұрды. Осы аудандарға Ресейден келетін астық және өнеркәсіп тауарлары жылдам және ұлғая түсті.


Бұл тайпалардың көшпелілері Ресейдің қосып алу қаупінен сескеніп Қоқан хандығының билігіне қарай ығыстыҰлы жүз қазақтарын басқару жөніндегі нұсқауға сәйкес бұл өлке 1848 жылы Ресей империясы Ұлы жүз үшін пристав (кішігірім әкім) лауазымы қызметін белгіледі. Ол Ұлы жүздің жаулап алған аудандарын басқаруды жүзеге асырды. Қоқан хандығының тірегі болған Қаскелең өзенінің сағасындағы бекінісін алу Ресей үшін маңызды болды.1851 жылы шілдеде Тайшүбек бекінісі алынды.Ресей империясының Қазақстанның оңтүстігіне қарай жылжуы.Қазақстанның негізгі аумағына бекініп алған Ресей империясы ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанның Оңтүстігі мен Орталық Азияға көз тіге бастады. Ол өз алдына екі мақсат қойды: біріншіден орыс билігін мойындамайтын қазақтарды бағындыру; екіншіден, орыс әскерінің Орталық Азия хандықтар шекарасына жақындауын тездету. Үшіншіден патша үкіметінің Ұлы жүз жерінде бекіністі күшейтіп, одан соң Орта Азия мемлекеттерінің аймағына қарай әскери күштерін енгізуді көздеді.1850 жылы Ресей Іле сыртындағы өлкеде бекініп қалуға тырысты. Қазақтар патша империясы әскеріне ілгері жылжытпау мақсатымен қатты қарсылық көрсетті.Ресей әскерінің Сырдарияның құйылысына келіуіне байланысты жергілікті қазақтар Қоқан және Хиуа әскерінің шабуылдарына жиі ұшырады. Ол кезде Сырдарияның төменгі ағысы Ақмешітке дейін Кіші жүздің бір бөлігі болып табылатындықтан Ресейдің аумағы саналады. Бірақ іс жүзінде бұл аумақ Хиуа өкіметінің билігінде еді. Бұл жерде Хиуа ханының шабармандары жергілікті халықты тонап, рубасыларын басып сатып алып жүрді. Осындай жағдайда Сырдария құйылысының тұрғындары Ресейдің Раиым,Қазалы 1848 ж. бекіністерін және басқа да форпостарын салу ісіне белсене ат салысты,сондай-ақ Арал теңізін зерттеу мен игеру жұмыстарына қара жұмысшы жол көрсетуші ретінде қатысты.Соған қарамастан,отарлаушылар өздерінің озбыр әрекеттерімен Арал маңы тұрғындарын өздеріне қарсы қойып алды.Жаңа форпостар орыс гарнизондарына Сырдарияның бойымен жоғары жылжып, Қоқанның ірі бекінісі Ақмешітке жақындауға мүмкіндік туғызды. 20 күндік қоршаудан соң 1853 жылы 28 маусым күні орыс әскері Ақмешітті алады және Сырдарияның төменгі сағасында Сырдария желілері құрылды,ол ауданға Раиымнан бастап Ақмешітке дейін кірді. сөйтіп, Ресейдің Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудағы екінші әскери-стратегиялық міндеті жүзеге асырылды. Патшалық үкімет Хиуа мен Қоқан хандықтарына дипломатиялық арна бойынша саяси қысымды күшейтудің мүмкіндігіне ие болды.
45. Ресей империясының Қазақстанды әскери-казактық отарлауы. Шекара желілерін салу, жерлерді алу.
Әскери-казактық отарлау
Қазақстанның көп ұлтты құрамы өлкені үнемі әрі жүйелі түрде отарлау саясаты нәтижесінде қалыптасты. Қазақстанға басқа ұлт өкілдерінің келіп қоныстануы патшалық билік тұсында басталып, кейіннен кеңестік жүйе тұсында жалғасын тапты. Қоныстану түрлі жағдайларға байланысты мемлекет тарапынан қолдау арқылы ұйымдасқан түрде немесе шашыранды, өз күштерімен жүйесіз түрде, қоныс аударушылардың өз еркімен немесе оларды зорлап жер аудару арқылы жүргізді. Қазақстанның көп ұлтты құрамы жер аударылған кулактармен, сталиндік қуғын-сүргінге ұшыраған және тарихи мекенінен қуылған халықтармен, тың және тыңайған жерлерді игеруге келгендермен, одақтық ведомствоаралық биліктің ұйғаруымен және басқа келушілермен толығып отырды. Қазақстан жеріне басқа этникалық топтардың алғаш келіп қоныстануы XVI ғасырдан бастау алды. Бұған дейін де Алтын Орда мен Орыс мемлекетінің арасында болып тұрған екі жақты барыс-келістердің болғаны белгілі. Ал орыс-казактық отарлау Украинадан, Ресейдегі басыбайлылық қанаудан қашқан шаруалардың казак еркін жұртына қосылып, Жайық пен Ертіс өңіріне келуінен басталады. Бұл басыбайлылық құлдықтан қашқан «еркін адамдар» (казактар мен татарлар) жаңа жерлерді игеру мақсатында келіп, біртіндеп дербес қауым ретінде қалыптаса бастайды.
Қазақстан аумағында құрылған Орал, Орынбор, Сібір және Жетісу шептерінің казактарына Оралдың, Солтүстік Қазақстанның, Ертістің және Жетісудың ең құнарлы, шұрайлы жерлері бөлініп берілді. Қазақтар осы аймақтағы қыстауларынан, жайылымдық, шабындық алқаптарынан айырылды.Ермақтың Сібір хандығын жаулап алуы қазақ жеріне шаруа, саудагер, кәсіпкерлердің ағылуына жол ашты. Қазақстанға жалпы саны 200 мыңдай казактар келіп қоныстанды.
Казактық отарлаудан кейінгі әскери-әкімшілік отарлау кезінде тірек пункттері есебінде әскери қоныстар бой көтерді. Бұл қоныстар әскери шептерге ұласты. Бастапқы кезде әскери қоныстар Орал, Ертіс сияқты өзен арналарын қамтыды. Осындай қозғалыстың үдере жүргізілгендіғін қала бекіністерінің тез өскендігі дәлелдейді. Мәселен, бекініс есебінде 1640 жылыГурьев қалашығы, 1613 жылы Орал бекінісінің, 1716 жылы Омбы қаласының, 1718 жылы Семей, 1720 жылы Өскемен, 1752 жылы Петропавл қалаларының, 1735 жылы Орынбордыңнегізі салынды. Осылайша XVIII ғасырдың орта тұсына қарай әскери бекіністердің ұзын дәлізі қалыптасты. Содан кейін де өлкенің ішкі аудандарында тұрақты әскери бекінісқұрылыстары жүргізілді. Орта және Ұлы жүз аумағындағы XIX ғасырдың бірінші жартысында ашылған округтік приказдардың орталығы есебіндегі бекіністерге әскери адамдармен қатарқоныс аударушы казактар мен шаруалардың келуі үздіксіз жүріп жатты. XIX ғасырдың ортасына дейін әскери әкімшілік отарлау кезінде 100 мыңдай адам қоныс аударып келді.
46 Билік институттарын реформалау мен Кіші және Орта жүздердің аумағында аумақтық-әкімшілік басқару жүйесін енгізу. 1822 және 1824 жарғылар.

XIX ғасырдың жиырмасыншы жылдарына қарай патша үкіметі Қазақстандағы хан билігін жоятын уақыт келіп жетті деген қорытынды жасады. Бұған салмақты негіздер де, қажетті бірқатар алғышарттар да жеткілікті деп санады.


* Біріншіден, қазақ хандары дала тұрғындарының басым көпшілігінің алдында өздерінің беделінен айырылып қалды. Жергілікті байырғы халық патша үкіметі тағайындаған хандарды баяғыдай дербес ел басқарушылар деп емес, көбінесе Ресей империясының кәдімгі көп шенеуніктерінің бірі ғана деп қабылдады. Оның үстіне, тап сондай дәрменсіз билеушілердің саны да көбейіп бара жатты. Патша үкіметі әр жүздің (Кіші жүз бен Орта жүздің) бұрыннан бар хандарының қатарына жаңа хандарды қосып отырды. Мәселен, 1812 жылы Кіші жүздің Жайықтың оң жақ бетіндегі қазақтарға Бөкей сұлтан өз алдына жеке хан болып шыға келсе, 1815 жылы Орта жүзде Уәли ханмен қатар және Бөкей сұлтан да хан болып тағайындалды.
* Екіншіден, бұл кезде патша үкіметі Кіші жүзді де, Орта жүзді де бірнеше әкімшілікке бөлшектеген еді. Мұның өзі патша үкіметінің көшпелі қазақтарды басқаруына өте қолайлы болып шықты. 1788 жылы Ертіс бойындағы қазақтардың сұлтан Сұлтанбек басқарған бір бөлігі Ертіс өзенінің оң жағында «мәңгілік көшіп-қонып жүру» құқығына ие болды. Сөйтіп Орта жүз бірі Ертістің оң жағалауы, екіншісі Ертістің сол жағалауы болып екіге жарылды. 1801 жылы Жайықтың оң жағалауында Кіші жүзден бөлінген Ішкі Орда құрылғанын айттық. Оның үстіне, 1808 жылғы ашаршылық кезінде Кіші жүздің 20 мыңға жуық қазағы башқұрт кантондарының аумағына уақытша көшірілді. Бір кездегі біртұтас жүздердің арасында ендігі жерде ешқандай да еркін байланыс жасау мүмкіндігі қалмады, өйткені ондай байланыс жасауға қатаң тыйым салынды.
* Үшіншіден, XIX ғасырдың бас кезінде Шыңғыс ұрпағы бірқатарының патша үкіметінің әкімшілігіне белсенді қарсылық білдірген оқиғалары көбейіп кетті. Ал ақыр соңында, патша үкіметі Франциямен соғыс аяқталғаннан кейін жеткілікті әскер күші мен адам ресурстарына ие болды. Мұның өзі оның тәуелсіз қазақтардың заңды билігін — хан билігін біржолата жоюға итермеледі. Өйткені хан билігінің сақталуы патша үкіметінің өлкені шаруашылық тұрғысынан кең көлемде отарлауына кедергі келтірген еді.
*
* Орта жүзде 1817 жылы Бөкей хан, 1819 жылы Уәли хан қайтыс болғаннан кейін патша үкіметі жаңадан хан тағайындап жатуды қажет деп таппады. 1822 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторы М.М. Сперанский жасаған және Ресей императоры I Александрдің жарлығымен бекітілген «Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы жарғы» күшіне енді. Қазақстандағы жаңа реформаның ең басты мақсаттарының бірі Орта жүздегі хан билігін біржолата жою болатын. «Жарғы» өзінің мазмұны мен мақсаты жағынан Қазақстанның солтүстік-шығыс аймақтарын іс жүзінде Ресей империясына қосып алып отарлауға бағытталған болатын. Сөйтіп Орта жүздегі әкімшілік, сот және аумақтық басқару жүйесі түбірімен өзгертілді.
*
* Орта жүздегі хан билігінің жойылуы Кіші жүзде тап осылай әрекет жасауды әлдеқайда жеңілдетті. Бұл кезде Кіші жүз сұлтандарының арасындағы алауыздық әлі тоқтаған жоқ еді. Хан билігі әлсіреп, қол астындағы халық арасында беделінен айырылып тынған болатын. 1822 жылы Орынбор өлкесінің губернаторы П.К. Эссен Ресей астанасына «Орынбор қырғыздары (қазақтары) жөніндегі жарғының» жобасын жөнелтті. Бұл кезде Кіші жүзде Шерғазы әлі де хан болып тұрған еді. Қазақтардың шекара шебіне және Орынбор өлкесінің ішкі округтарына шабуыл жасауы жиі-жиі қайталанумен болды. Орынбор өлкесінің бастығы ұсынған жобатолықтыра түсу үшін Азия комитетіне қайтадан жіберілді. Жарғының түпкілікті жобасын Ресей патшасы I Александр 1824 жылы көктемде біржолата бекітті. Шерғазы хан Орынборға шақыртып алынды. Оған ғұмырының ақырына дейін ай сайын жалақы төленіп тұратын болды. Сөйтіп Кіші жүздегі хан билігі де жойылды. Бұл реформа бойынша Кіші жүз аумағы Жайықтың сырт жағындағы үш округқа бөлінді. 1828 жылы ондағы әкімшілік бірліктерінің аттары өзгертіліп, Батыс, Орта және Шығыс округтары деп аталды. Кіші жүздегі өкімет билігі Орынбор губернаторына тікелей бағынатын басқарушы-сұлтандардың қолына көшті. Басқарушы-сұлтандарға казактардың жасақтары да бағындырылды. Ондай жасақтардың әрқайсысында 100-ден 200-ге дейін адам болды. Басқарушы-сұлтандар казак станицаларында және шекара шебіндегі бекіністерде тұратын болып белгіленді. Мұның өзі олардың патша үкіметіне тәуелді болуын күшейте түсті. Басқарушы-сұлтандардың атқаратын негізгі қызметі өздеріне қарайтын халықты «тәртіп сақтайтын және патша үкіметіне әрқаиіан адал әрі айтқанын екі етпейтін бағыныста» болатындай етіп ұстау еді. Кіші жүздегі ауыл старшындарынан бастап, баскарушы сұлтандарға дейінгі барлық лауазымды тұлғаларды Орынбор губернаторының өзі тағайындайтын болды. Сайлау жүйесі жойылды.
47 ХІХғ. 60-90 жылдардағы әкімшілік-аумақтық реформалар. Дала комиссиясының қызметі. Сот жүйесі мен салық салудағы өзгерістер

Ресей империясы үкіметі 1867—1868 жылдары Қазақстан аумағында әкімшілік реформа жүргізді. Оның негізгі мақсаты сұлтандар тобын өкімет бөлігінен біржолата ығыстырып, жалпы империялық басқару тәртібін енгізу еді. Жаңадан енгізілген шаралар өлкені шаруашылық жағынан отарлауға ықпал етуге және оған Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударатын шаруаларды одан сайын қаптатуды қамтамасыз етуге тиіс болды.


1867—1868 жылдардағы патша үкіметі реформасының негізгі мақсаты — қазақ өлкесінде отаршылдық тәртіпті нығайтуға бағытталды. XIX ғасырдың екінші жартысындағы әзгерістер де бұған едәуір ықпалын тигізді. Капитализмнің кеңінен дамуы үшін де Қазақстандағы бұрынғы басқару жүйесін өзгерту қажет болды.
Осы міндетті жүзеге асыру үшін XIX ғасырдың 60-жылдары басында қазақтардың саяси өкімшілік, сот ісін басқару жүйесін қайта құрудың жобасын әзірлеуге арнаулы комиссия құрылды.
Комиссия Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторы қазақтарын екі түрлі басқаруды жойып, бүкіл қазақ даласын екі — Батыс және Шығыс облыстарға беліп басқаруды ұсынды.
1864 жылы 12 желтоқсанда Әскери және Ішкі істер министрлігінің бас қосқан комитеті мәжілісінде жоба мақұлданбады. Қазақтарды болашақтағы басқару құрылымы мәселесін енді үкімет Дала комиссиясына беру қажет деген шешім қабылдады. Комиссияға ішкі істер министрінің статс-кеңесшісі, полковник Гирс төрағалық етті. Бұл Дала комиссиясының құрамына аталған министрліктердің әрқайсысынан екі өкіл және Орынбор өлкесі мен Батыс Сібір өлкелері әкімшіліктерінің мүшелері енді. Комиссияға қазақ даласын аралап, жергілікті көшпенділер өмірімен танысып, болашақтағы өкімшілік басқару негіздері туралы жоба жасау міндеті жүктелді.
Гирс комиссиясы 1865 жылы 27 маусымда Орынбор, Батыс Сібір және Түркістан өлкесін аралауға шықты. "Халықтың жағдайын жақсартатын, оларды сұлтандардың үстемдігінен босататын ізгілікті реформаның" жасалу барысы құпия түрде жүргізілді.

1867—1868 жылдары "Ереже" бойынша Сот билігінің органдарына мыналар жатты:


* уездік соттар,
* әскери-сот комиссиялары,
* облыстық басқарма және үкімет сенаты.
Уездік сот, әскери сот комиссиялары қылмыстық істерді қарады, ал облыстық басқармада азаматтық істер қаралды. Бұл сот мекемелерінің барлығы жалпы империялық заң негізінде жұмыс істеді.
Билер соты сақталды. Сырдария облысында ол қазыларсоты деп аталды. Бірақ билерді де болыс бастықтары сияқты 3 жылға сайлайтын болды. Қазақтардың арасындағы істерді шешуге әрбір болыстан 4-тен 8-ге дейін билер сайланды. Сайланған билерді губернатор бекітті, алайда оларға жалақы төленбеді.
Дегенмен әрбір шешілген істен билік деп аталған кесімнің 1/10 бөлігін алуына рұқсат етілді. Билер соты 300 сомға дейінгі істерді шеше алды, бірақ олардың шешімі 30 сомға дейінгі істер үшін ғана түпкілікті бола алды. Сырдария облысында қазылар соты 100 сомға дейінгі істі түпкілікті шешті. Құны 300 сомнан асатын істер үшін билердің болыстық және төтенше съездері шақырылды.
Олар құны 500 сомға дейінгі істерді түпкілікті шеше алды. Ал 500 сомнан асатын істерді бекітуге уезд бастығы облыстық басқармаға жіберіп отырды. Облыстық басқарманың жалпы жиналысында құны 2 мың сомға дейінгі істер түпкілікті шетттілді. Облыстық басқармаға келіп түскен әр түрлі уездерге жататын болыстарға қатысты істер женінде болыстық билердің төтенше съездері шақырылды.
Түркістан өлкесін басқару туралы 1886 жылғы "Ереже" бойынша қазақ даласында империялық тұрпаттағы соттар құрылды:
1. бітістіруші судьялар;
2. облыстық соттар;
3. жоғарғы сот инстанциясы — Үкіметтік сенат болды.
1867 жылы Ережеден айырмашылығы — әскери соттар алынып тасталды. Халық соты (билер соты) сақталып қалды. Облыс шеңберінде облыстық соттар құрылды, ал уездерде және ірі қалаларда бітістіруші судьялар тағайындалды. Оларды Әділет министрі тағайындады.
Жергілікті халық арасындағы қылмыстар мен қылмыстық әрекеттер халық сотының қарамағында қалдырылды. Әдетте, қылмыстық және азаматтық істерді қарау билердің қарауынан басталды. Әскери губернаторлар бекіткен халық соттары (қазылар соты) Қазақстандағы отаршылдық сот жүйесінің ең соңғы буыны болды (Халық соты → бітістіруші сот → облыстық сот → Сенат).
48 Бөкей хандығының (Ішкі орда) құрылуы: басқару жүйесінің ерекшеліктері, аумағы.
Бөкей хандығының құрылуы – 1801 жылы Еділ мен Жайық аралығына Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі көшіп барды. 1812 жылы онда Бөкей хандығы құрылды. Ол 1845 жылға дейін өмір сүрді.
Басқару жүйесінің ерекшеліктері.
Билер сотының өкілдігіне едәуір шек қойды. Жер өз туыстарының арасында бөлінді. Жер жалға берілді. Халық отырықшылыққа көше бастады. Сауда-саттық дамыды. Саудагерлерді тарту үшін баж салығының ең төменгі мөлшері белгіленді. Іс қағаздарын жүргізу тәртібін енгізді, аурухана және дәріхана ашылды. Мал тұқымын асылдандырды, ағаш егу ісіне көңіл бөлді. Жәңгір хан 1845 жылы қайтыс болды. Шығайдың заманында елдің қонысы едәуір тарылды. Қазақ шаруалары жайылым, өзендер бойындағы бос жерлерді жайлауға,не суаттарды офицерлерден жалдап алуға мәжбүр болды және оған байлардың ғана мүмкіндігі болатын. Шаруа арыздарын жергілікті патша әкімшілігі тыңдамады, дау-жанжалды ылғи өз пайдасына шешіп отырды. Қыста бекініс тұрғындары шаруаларға сатып,әрбір шана шөпті 6-20 сомға дейін қымбат бағамен өткізді. Сол кездегі патша офицерлерінң мойындауынша, қазақ шаруалары екі оттың ортасында қалды. Отарлық әкімшіліктің өз үстемдігін іске асырып,бұратана елге қысым-зорлық, озбырлық күш көрсетуі тоқталмады. Жайылым,суат, орман,қыстауға қолайлы өңір мәселесі қазақ шаруалары үшін шешілмес іс болып, олардың шаруашылық, тұрмыс жағдайын күйзелтіп,қайыршылыққа әкелді. Мұнымен шектелмей,орал әскерінің атаманы қазақ шаруаларына егін салуға, үй салуға, ағаш шабуға, балық алауға, сордан тұз алуға да тыйым салды. Осы тұста патша үкіметі Ішкі Орданы Ресейдің отаршылық басқару жүйесіне беру саясвтын жүргізген болатын. 1846 жылы Ішкі Орданы басқару үшін Әділ сұлтан (Бөкейдің ұлы) төрағасы болып бекіткен Уақытша Кеңес құрылды. Құрамында сұлтандар тобынан екі өкіл, мемлекеттік мүлік министрлігінен бір кеңесші кірді. Соңынан Уақытша кеңесті басқару үшін Ресей шенеулігі бекітілді. 1872 жылы Ішкі Орда Астрахан губерниясы құрамына берілді.
Аумағы.
1799 жылы Бөкей сұлтан Ресей императорының атына хат жазып, өзінің қол астыңдағы қазақтардың бір бөлігінің Жайықтың оң жақ бетіне көшіп баруына рұқсат сұрап, өтініш жасады. Сөйтіп 1801 жылғы 11 наурызда Ресей монархы I Павелдің жарлығы шығып, Бөкей сұлтан мен оның қол астындағы қазақтардың Жайықтың оң жақ бетіне көшуіне рұқсат етілді.
Бөкейдің өзіне Ресей императорының суреті бар алтын медаль тапсырылды. Көшіп барған қазақтардың қоныстанған аумағы 70 мың шаршы шақырым шамасында болды. Бөкей сұлтанның қол астындағы қазақтар орналасқан бұл аймақ Ішкі Орда деп аталды. Ішкі Орда батысында Астрахан, солтүстігі мен шығысында Саратов және Орынбор губернияларымен шектесті, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Каспий теңізі мен Жайық шекара шебіне барып тірелді.
Әкімшілік тұрғысынан алғанда Ішкі Орда Орынбор шекара комиссиясына бағынышты болды. Бірақ оның орналасқан аумағы Астрахан губерниясына қарайтын. 1801 жылы Жайықтың оң жағасына 5 мыңға жуық отбасы көшіп барды. Олардың басым көпшілігі таяуда ғана болып өткен көтеріліске қатысқандар еді және қазақ қоғамының ең кедей бөлігі болып табылатын
49. Қазақстандағы автократияның аграрлық саясаты (XIX ғ. екінші жартысы- ХХ ғ. басы). Столыпин модернизациясы және орыс шаруаларының қоныс аударуы. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы. Қазақстанда полиэтникалық қоғамның қалыптасуы.
ХХ ғасырдың басында патша өкіметі шаруалардың ішкі губернияларынан Сібір мен Қазақстанға қоныс аудару процесін жандандыруға кірісті. Шаруаларды Ресейден шет аймақтарға көшіру саясаты помещиктер мәселесін шешуі керек еді. Шаруа реформасын жүргізгеннен кейін крепостнойлықтан босатылған шаруаларға жер бөлу мәселесін шешу қажеттілігі туындады. Ресей шаруаларын Қазақстан халқының есебінен жермен қамтамасыз етуге шешім қабылданады. Шаруаларды жаңа жерлерге көшіруге байланысты мәселелерді шешу мақсатында 1904 жылы қоныс аудару басқармасы құрылды.
Министрлер Кеңесінің төрағасы және Ішкі істер министрі П. А. Столыпин шаруаны жер иесі етуді ұсынды. П.А. Столыпиннің аграрлық саясатына 1906 жылғы 9 қарашада шыққан «О дополнении некоторых постановлении действующего закона, касающихся крестьянского землевладения и землепользования» Жарлық негіз болды, бұл Жарлық ІІ мемлекеттік Думада толықтырылып, қайта өңделіп 1910 жылғы 14 шілдеде «Об изменении и дополнении некоторых постановлений о крестьянском землевладении» деген Заң болып жарық көреді.
Аграрлық реформа 1906 жылы басталды. Столыпин мықты дербес шаруа қожалықтарын құрғысы келді, бұл ретте ол ірі жер иелерін қозғамай, жердің жетіспеушілігін қазақ даласындағы жерлер есебінен толтыруға шешім қабылдады.
Ол ХХ ғасырдың басында, 1910 жылдың тамыз айының аяғында-қыркүйектің басында, инспекторлық сапар жасап, оның нәтижелері бойынша Министрлер кеңесінің төрағасы П.А. Столыпин Санкт-Петербургте жарияланған «Записка Председателя Совета Министров и главноуправляющего землеустройством и земледелием о поездке в Сибирь и Поволжье в 1910 году» жазбасын дайындады. Сібір мен Еділ аймағына сапар барысында Сібірдегі қоныс аудару ісінің жағдайы және Еділ аймағындағы жерге орналастыру жұмыстары зерттелді. Жазбада Төраға шаруалардың қоныс аударуын ұйымдастыру тәжірибесін талдауға тырысты және қоныс аудару саясатын жетілдіруге, Сібірдегі жер қатынастарын реформалауға және аймақты дамытуға бағытталған ауқымды бағдарлама ұсынды.
Сібір үшін қоныс аударудың маңызы
Ресей империясы үшін шаруалардың Сібірге қоныс аударуы өте маңызды болды. Қоныс аударушылар онда өмірлік белсенділік әкелді, тың жерлерді көтерді, ауыл шаруашылығы айналымына миллиондаған десятинаны тартты. Комиссия Томск губерниясының Құлынды даласына барып, қоныс аударудың маңыздылығына көз жеткізді.
Құлынды даласының үлгісі
913 мың десятина жерді қамтыған Құлынды даласы Барнаул уезінің батыс бөлігінің шетін құрады, ол жердің бір бөлігін Павлодар қаласының мещандарына қайта жалға берген қырғыздар жалға алып, жылына бар-жоғы 3 мың рубль табыс көретін. 1907 жылға қарай мұндай қырғыз-жалгерлердің саны Құлынды даласында 1 089 түтін болды; оларды қамтамасыз ету үшін қоныстандырушы ұйым 167 мың десятинаны (бір киіз үйге 150 десятинадан астам) қалдырып, 746 мың десятинаны қонысаударушы учаскелерге берді. Сапа жағынан топырақтың екінші сапалы болуына және су тапшылығына қарамастан, бұл далаға қоныстанушылар көбейе берді. 2 жылдың ішінде мұнда 200-ге жуық кент пайда болды және 55 мың шаруа (малоростар және неміс – менониттер) қоныстанды; Секачи тұщы көлінің жанында сауда орталығы - Славгород селосы пайда болды. Селода шіркеу, болыстық басқарма, механикалық қозғалтқыштары бар екі диірмен, базарлар мен жәрмеңкелер, ауылшаруашылық құралдарының қоймасы, ағаш материалдарының қоймалары, кірпіш зауыты, аурухана, дәріхана, медициналық қызметкерлерге арналған ғимарат, әйелдердің шіркеу-приход және Халық Ағарту министрлігінің ерлерге арналған екі сыныпты мектептері пайда болды. Славгород Құлынды даласының экономикалық өміріне әсер етті: Славгородқа қоныстанушылар ағылады, мұнда Ключи, Камень ауылдарынан, Павлодар қаласынан және басқа жерлерден тауарлар әкелінеді. Славгородта осында түпкілікті қоныс аударғысы келетін сауда- өнеркәсіптік таптың 150-ден астам отбасы (саудагерлер, қолөнершілер, қолөнершілер) болды; олар үшін қалалық тұрғын үйлер және т.б. салынды.
Осыған дейін тыныш жатқан шөл далада орыс өмірінің тіршілігі басталады. Комиссия мүшелері барған Құлынды даласының 14 кентінде шаруашылықтың оянуы сезіледі. Басқа кенттер нығайып-ақ алған: Архангельск кентінде (187 үй) қонысаударушыларда 1000-ға жуық, көбіне ірі қара мал басы болған, Кресты кентінде 600-ден астам мал басы болған. Далада құдықтар қаптаған: олардың біз барған кенттердегі жүзге жуығын қонысаударушылардың өздері қазып алған. Бұл жаңа өмір терең әсер қалдырды: сәтті қоныс аударудың халық байлығының өсуіне мүмкіндік беретініне көз жеткізуге болады.
Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу аумағына қоныс аудару себептері
XIX ғасырдың 70—80-жылдары патша үкіметінің бастамасы бойынша ұйғырлар мен дүнгендер Жетісу жеріне қоныс аудара бастады. Бұған дейін олар Қытайдың Іле өлкесінің аумағында тұрып келген еді.
Онда тұрған ұйғырлар мен дүнгендер XVIII ғасырда және XIX ғасырдың бірінші жартысында Қытай үкіметіне қарсы бірнеше рет көтеріліс жасады. Олар өздерінің ұлттық тәуелсіздігі жолында күресті. Алайда Қытай әскерлері ол көтерілістерді аяусыз басып-жаныштады. Ұйғырлар мен дүнгендердің күресі барысында Іле өлкесінде Іле сұлтандығы құрылған болатын. Бұл мемлекеттік бірлестіктің құрылуы ондағы ішкі қарама-қайшылықтарды асқындырып жіберді. 1871 жылы Ресей әскерлері ол аймақты жаулап алды. Патша үкіметі өлке тұрғындарының отбасылық істеріне және мүліктің қарым-қатынастарына араласпау саясатын ұстанды. Олардың жергілікті өкімет органдары құрылды. Бірақ оларды патша әкімшілігі өз бақылауында ұстады. Жалпы жағдай едәуір тұрақтандырылғандай болды.
Алайда дүние жүзі жұртшылығының қысым жасауымен ол өлкені Қытайға қайтару жөнінде келіссөздер жүргізіле бастады. Міне, осы кезде ұйғырлар мен дүнгендердің бұдан былайғы тағдыры туралы мәселе көтерілді. 1881 жылы екі империя арасында Санкт-Петербург бейбіт келісімшарты жасалды. Ұйғырлар мен дүнгендер бір жылдың ішінде Жетісу облысының аумағына қоныс аударуы жөнінде өздері нақты шешім қабылдауға құқықты болды. Бұл мәселе бойынша жергілікті халықтың арасында пікірі сұрастырылды. Сөйтіп 100 мыңға жуық ұйғыр мен дүнген Қазақстан аумағына өтуге тілек білдірді.[1]
Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аудара бастауы
Дүнгендердің Қазақстан аумағына алғашқы қоныс аударуы 1877 жылдың желтоқсан айында басталды. Сол жылы Қытай жазалаушыларынан құтылу үшін қашқан 4 мыңға жуық дүнген Жетісу жеріне жетіп жығылды. Қоныс аударушы дүнгендердің алғашқы толқынын Бый Янь Ху басқарды. Екінші толқын 1884 жылы өтті. Ал ұйғырлардың Жетісу жеріне қоныс аударуы 1881 жылғы күзде басталып, 1884 жылға дейін жалғасты. Олардың бір бөлігі көршілес Қырғызстанға барып жайғасты.
Ұйғырлар мен дүнгендерді Қазақстан мен Орта Азияға қоныстандыру арқылы патша үкіметі екі түрлі мақсат көздеді: біріншіден, Қытайдың Құлжа өңіріндегі экономикалық базасын осалдата түспек болды; екіншіден, әскери-саяси жағдай шиеленісіп кете қалған жағдайда оларды Қытайға қарсы әскери күш ретінде пайдалануды мақсат етті. Алайда патша үкіметі бұл жөнінде жергілікті қазақ халқының пікірімен санаспады. Бұл кезде Жетісу жері мемлекеттік меншік деп жарияланып койған болатын.
Ұйғырлар мен дүнгендер белгілі бір аумақта өз алдарына жеке қоныстануды қалады. Сөйтіп қоныс аударушылар негізінен Жетісу жеріндегі Верный және Жаркент уездеріне орналастырылды.
Қазақстан аумағындағы ұйғырлар мен дүнгендердің саны бірте-бірте арта түсті. Мәселен, 1897 жылы Қазақстанда 56 мың ұйғыр, 14 мың дүнген болса, 1907 жылы ұйғырлар 64 мыңға, ал дүнгендер 20 мың адамға жетті.
Қоныс аударушылардың ауыр жағдайы
Ұйғырлар мен дүнгендер бұрынғы отырған жерлеріндегі өңделіп бапталған жерлерін, жеміс беріп тұрған бау-бақшаларын, үй-жайларын түгел тастап кеткен болатын. Сондықтан да алғашқы жылдары едәуір қиындықты бастарынан қешірді. Жер кепелер мен күркелерде тұрды. Үй салып алуға Жетісуда ағаш өте қымбат болатын. Себетін тұқым, бағатын мал, құрылыс материалдары да жетіспеді. Ұйғырлардың шағын бір бөлігі Қытайдың Іле өлкесіне қайта көшіп кетті.
Қоныс аударып келгендерге шағын жер телімдері берілді. Егер коныс аударушы орыс шаруаларының әрбір ер азаматына 20-25 десятинадан жер берілсе, ұйғырлар мен дүнгендер 5-7 десятинадан ғана жер алды.
Алғашқы кезде еңбек құралдары да, оларды сатып алуға қаржы да жетіспеді. Дүнгендерге арық қазып, егінді қолдан суаратын жерлер бөлінді. Ол жерлер құнарсыз еді, әрі олар тастақты болатын. Сондықтан да олардың үштен бірі ғана игерілді. Дүнген халқының бір бөлігі қайыршылық халге ұшырады. 1914 жылы барлық дүнген шаруашылықтарының 42 пайызы егін сала алған жоқ. Қайыршыланып, қалаға көшіп кеткен дүнгендер өздерінің алғашқы орналасқан жеріндегі болыстарға алым-салық төлеп тұруға міндетті болды.
Кеңестік кезеңде Қазақстанда полиэтникалық қоғамның қалыптасуы.
ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы Қазақстан халқы. 1917 жылы халық санағы жүргізілді. Санақ бойынша өлке халқының саны 6 млн адамнан асты. 1897 жылғы санақпен салыстырғанда халықтың саны біршама өскендігі байқалды. Республикада жыл өткен сайын этностық топ өкілдерінің құрамы да өсе түсті. Славян текті этнос өкілдері, негізінен, солтүстік, солтүстік-шығыс облыстарда өмір сүрді. Осы жылдардағы демографиялық ахуал көрсеткіші бойынша елімізде жергілікті қазақ ұлтының құрамы басым еді. Дегенмен олардың жалпы халық құрамындағы үлес салмағы айтарлықтай азайған. Оның себебі, ең алдымен, балалар өлімінің өсуі мен халықтың табиғи өсімінің төмендігі және соғыс салдарынан орын алған ауыр зардаптардың әсері болды.
1920 жылы тамызда Қазақ (Қырғыз – авт.) АКСР-і құрылды. Жаңа автономияның астанасы ретінде Орынбор қаласы бекітілді. Қазақ АКСР-і құрамына Семей, Ақмола, Торғай және Орал губерниялары, Маңғышлақ уезі, Красноводск уезінің, Каспий сырты облысының және Астрахан губерниясының, соның ішінде Бөкей Ордасының бір бөліктері енді. 1920 жылы қыркүйекте қазақ автономиясына Орынбор губерниясының бір бөлігі қосылды
Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты
Қазақстанның көші-қон саясаты нормативтік-құқықтық құжаттар жиынтығы, бірінші кезекте бұл Қазақстан Республикасының Конституциясы, сондай-ақ «Халықтың көші-қон туралы» және «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңдар, бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы», «Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру тәртібі туралы» Жарлықтары мен басқа да нормативтік-құқықтық актілер негізінде қалыптастырылады.
Көші-қон процестерін реттеу үшін Қазақстан Республикасы ТМД елдерімен де, басқа мемлекеттермен де белсенді өзара іс-қимыл жүргізеді. Қазақстанның көші-қон саясаты мынадай қағидаттарда іске асырылады: көшіп-қонушылардың құқықтарын сақтау және қорғау, кемсітушіліктің кез келген нысандарына жол бермеу; көшіп-қонушылардың да, ел азаматтарының да құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету; ұлттық заңнама ережелері мен халықаралық міндеттемелерді орындау.
Көші-қон процестерінің әсерінен халықтың экономикалық белсенді бөлігінің сандық және сапалық құрамы өзгереді, бұл өз кезегінде республиканың экономикалық өсуіне әсер етеді.
Тәуелсіздік жылдарында ТМД кеңістігінде негізгі көші-қон ағындары Қазақстан мен Ресей, Украина және Орталық Азия елдері арасында қалыптасты. Достастықтан тыс жерлерде Қытай, Моңғолия, Түркия, Иран елдерімен халық миграциясының оң сальдосы, ал Германия, Канада, АҚШ, Израильмен теріс сальдо қалыптасты. Халық санының өсуі, ең алдымен, табиғи өсімнің арқасында жүреді.
Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша 2019 жылы Қазақстанға әлемнің 200 елінен 5,6 млн шетелдік азамат келіп, 5,3 млн шетелдік азамат елден шыққан. Қазақстанда 2 200-ден астам кәсіпорында 21 мыңнан астам шетелдік маман жұмыс істейді. 2020 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны бөлу туралы бұйрыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, 2021 жылы Қазақстанға жұмыс үшін 255 мың шетелдікті тарту жоспарланған. Шетелдік мигранттардың көпшілігі, шамамен 40 мың адам, Алматы облысына тартылатын болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет