Қазақстандағы іс жүргізу XIX ғасырдағы Ресейдегі



Дата13.01.2022
өлшемі20,03 Kb.
#111559
Байланысты:
Абдразах Мадина 8 апта СРС


XIX ғасырдағы Қазақстандағы іс жүргізу

XIX ғасырдағы Ресейдегі іс жүргізу

Бұл кезеңде қазақ даласында іс жүргізудің, сот билігінің 3 түрі болды:

  1. Тәуке ханның “Жеті жарғысы” негізінде соттап, жазалайтын билер соты;

  2. Ірі қылмыстар мен саяси қылмыстарды қарайтын Ресей империялық сот системасы;

  3. Шариғаттық жолмен сот билігін жүргізу.


Жеті жарғы – Тәуке хан тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді. «Жеті жарғыда» қылмыстық іс - құқық нормаларына үлкен орын бөлінген. Қылмыс ретіне: кісі өлтіру, мертіктіру, әйелді зорлау, соққыға жығу, қорлау, ұрлық істеу және тағы басқалары жатқан. Кінәлілер жасаған қылмыс деңгейіне сай әртүрлі жазаға кесілген. Ресей Қазақстан аумағына азаматтық және әскери сот жүйесін енгізгенге дейін мұнда дәстүрлі билер соты болатын. Ол қылмыстық, мүліктік, ішкі отбасылық тәртіп бұзушылықтар мен қылмыс түрлерін қарап, қоғамның құқықтық өмірін ретке келтіріп отыратын. Сот процесі шағымданушының тілегі немесе хан мен сұлтан, старшындардың тапсыруы бойынша басталды. Билер соты ауызекі сөз жарыстыру түрінде өтетін. Куәлардан жауап алу да қарастырылатын. Билер сотының бір артықшылығы ол халықтың көз алдында ашық өткізілетін, оған кез келген адам өзінің қалауынша қатыса алатын. 

Би сотының шешімін сұлтандар мен старшындар жүзеге асыратын. Қазақтарда жазаның түрлері жер аудару, айып салу, құн төлету, дүре соғу және өлім жазасына кесу болатын. Бірақ өлім жазасы сирек қолданылатын. Түрме және еркінен айыру орындары мүлде болған емес.

Қазақ жеріне империялық соттың келуімен байланысты закон, сот, статья, іс, арыз, абақты, қараңғы үй, тұтқын сөздері пайда болды.

Билер соты ашық және барынша әділ жүргізілген. Сондықтан да оны қазақтар ғана емес, орыстар да қазақтар да құрметтейді. Олардың көпшілігі билер сотына барып шағымданады.


Ресейде іс жүргізудің 3 түрі болды:

  1. Приказдық;

  2. Коллегиялық;

  3. Министрлік

Коллегиялық іс жүргізу приказдық іс жүргізуге қарағанда әлде қайда дамыған деп сипаттауға болады. Олар Ресейде тұңғыш рет заңнамалық тұғырнамаға сүйенді. Министрлік іс жүргізу алдындағылармен салыстырғанда қазіргі іс жүргізуге жақынырақ, ұқсас болып келді.


Приказдық іс жүргізу бұл бірінші сатыдағы сотта оңайтылған тәртіппен іс жүргізусіз және тараптарды шақырусыз жүзеге асырылатын сот ісін жүргізудің түрі.

Коллегиялық іс жүргізу бұл бірнеше судьялардың қатысуын көздейтін іс жүргізу түрі. Олардың жиынтығын “сот құрамы” деп атайды. 

Ресейде кеңсе жұмысының дамуы министрлердің құрылуымен байланысты  болды. Содан бастап, министрлік іс жүргізу басталды.




ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы және Ресейдегі іс жүргізудің ұқсастығы

ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы және Ресейдегі іс жүргізудің айырмашылығы

1860 жылдардағы, атап айтқанда 1867-68 жылдардағы реформа уақытында Ресей қазақ халқына өз үстемдіктерін жүргізгендіктен, осы уақыттарда екі жақтың іс жүргізілуі бірдей болды деуге болады. Осы уақытта:

  1. бітістіруші судьялар;

  2. облыстық соттар;

  3. жоғарғы сот инстанциясы — Үкіметтік сенат болды. Әскери сот коммисиялары мен уездік соттар екі жақта да болды. Облыстық басқарма істері нқадағалау вице-губернаторларға тапсырылды. Облыстық басқарма төрағасының жанында арнайы кеңесшілер тағайындалған.




Империялық сот келгенге дейін қазақ жерінде түрме және еркінен айыру орындары болмаған. Қазақ жеріне империялық соттың келуімен байланысты закон, сот, статья, іс, арыз, абақты, қараңғы үй, тұтқын сөздері пайда болды. Және қазақ жерінде шариғаттық жолмен, билер соты болған. Кімде кім басқа дін қабылдаса, оның туған туыстарының бүкілінің мүлкін таражға салған. Қазақ жеріндегі билер сотының тағы бір артықшылығы: ант су ішу. Ант ішкізу сот ісінде өтірік айтпауы, жалған куә болмауы үшін жүзеге асырылатын.

Құн төлеу: қазақтар құнды көбіне мал арқылы төлеген.



Жазалаудың тағы бір ерекше түрі- қара сиырға теріс отырғызып масқаралау. Құдайға тіл тигізгендерді жеті адамның куәлігі арқылы таспен атып өлтірген.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет