Қазақстандағы тарихи-мәдени ескерткіштер Арыстан баб кесенесі. Көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші.
Кесене Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Ол дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған.
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі.
Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. .
Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі, көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Яссауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған.
Тамғалы петроглифтері немесе Таңбалы — петроглиф тас кешені, Жетісудың ең көне ескерткіштерінің бірі.
Тас кешені 2004 жылдан бері Қазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандары тізіміне енген.
Есік қорғаны.
Есік обасы (б.з.б. 5 — 4 ғ) - сақ дәуірінен сақталған ескерткіш.
Қорған Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының орталығы Есік қаласының маңында орналасқан. Оны 1969 -1970 жылдар Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.Ақышев, мүшелері Б.Нұрмұханбетов, А.Г. Максимовалар) зерттеген.
Берел қорымы.
Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданында Берел ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7 – 8 км жерде орналасқан.
Айша бибі кесенесі.
Айша бибі кесенесі — ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші Кесене Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі ауылында орналасқан. Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты мен сан түрлілігі жағынан Қазақстандағы басқа мемориалдық-дәстүрлік ескерткіштер ішінде оған тең келетіні жоқ
Жошы хан кесенесі.
Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде, Қаракеңгір өзенінің жағасында орналасқан көне архитектуралық ескерткіш.
Жошы хан күмбезі порталды-күмбезді құрылыстар қатарына жатады. Жобасы тік бұрышты. Күмбез республикалық маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштерінің мемлекет тізіміне енгізілген.
Қарахан кесенесі. Қазақстанда 11 ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші.
Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Ша-Махмуд Бұғра Қарахан қабірінің басына орнатылған.