Киберқауіпсіздік тұжырымдамасын ("Қазақстанның киберқалқаны") бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 407 қаулысы.
"Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 422 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Киберқауіпсіздік тұжырымдамасы ("Қазақстанның киберқалқаны") (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары:
1) Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын;
2) жарты жылда бір рет, есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі:
1) үш ай мерзімде Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін;
2) жылына екі рет, 25 шілдеге және 25 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.