Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәнінен тест тапсырмалары «Филология: қазақ тілі»



Дата29.01.2018
өлшемі414,94 Kb.
#35858
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәнінен тест тапсырмалары

«Филология: қазақ тілі» мамандығы 1-курс студенттеріне арналған

2-межелік бақылау
Модуль 3. Атауыш сөз таптары
Іс-қимылдың бірнеше субъекті арқылы іске асатынын білдіретін етістіктің қай түрі?

  1. Ортақ етіс

  2. Өзгелік етіс

  3. Өздік етіс

  4. Ырықсыз етіс

  5. Туынды түбір

Үстеулерден жасалған туынды түбір зат мағыналы сөздерді көрсетіңіз.

  1. Астырт, үстірт

  2. Даналық, ұлылық, өгейлік

  3. Сыбыс, сыбдыр

  4. Өзімшілдік, меншік, өзімшілік

  5. Өзгешелік, күнделік, естелік

Иран тілінен енген "тұқым, тек, нәсіл" мағынасын беретін кірме қосымшаны атаңыз.

  1. -паз

  2. -хана

  3. -стан

  4. -зада

  5. нама

Бірігу тәсілі арқылы жасалған туынды сын мағыналы сөздер қайсы?

  1. Өркөкірек, есалаң, желаяқ, жансебіл

  2. Кең маңдайлы, қой көзді, ақ көйлекті

  3. Алыпқаш, көріғой, қырыпсал, қақсал

  4. Ірілі-ұсақты, таулы-тасты, із-түссіз

  5. Сүзеген, қабаған, қапсағай, жүдеу

Заттың сандық мөлшерін білдіретін қандай сан есім?

  1. Жинақтық сан есім

  2. Бөлшектік сан есім

  3. Есептік сан есім

  4. Реттік сан есім

  5. Болжалдық сан есім

Туынды түбір етістік қалай жасалады?

  1. Сөзге сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануы арқылы

  2. Негізгі етістік пен көмекші етістіктің тіркесуі арқылы

  3. Есім сөз бен көмекші етістіктің тіркесуі арқылы

  4. Екі сыңары да толық мағыналы етістіктерден

  5. етістік пен еді көмекші етістігінің тіркесуі арқылы

Етістіктің түбірі бұйрық райдың қай жағы, түріне сәйкес келеді?

  1. ІІ-жақ, анайы түрі

  2. ІІ-жақ, көпше түрі

  3. ІІІ-жақ, жекеше түрі

  4. ІІІ-жақ, көпше түрі

  5. І-жақ, көпше түрі

Вербалдану деген не?

  1. етістікке көшу;

  2. сын есімге көшу;

  3. үстеуге көшу;

  4. сын есімге көшу;

  5. есімдікке көшу.

Септеулік шылау қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  1. Алыстан мұнартқан тауларға дейін әлі қаншама жер бар.

  2. Сезім мен сезіктің түйіскен жері сол болды.

  3. Сен әлі де болса тырысуға міндеттісің.

  4. Майраш қой оны істетпеген!

  5. Бұл оқиғаға оның еш қатысы жоқ еді және де ол бұдан мүлдем бейхабар.

Көңіл-күй одағайы қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  1. Шіркін, көктемде ескен самал қандай!

  2. Асан "кә-кә" деп шақырды.

  3. Әй, сен айтқанды тыңдайсың ба!?

  4. Моһ-моһ, келе ғой.

  5. Өй, кірсеңдерші тезірек!

Шақыру одағайы қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  1. Асан "кә-кә" деп шақырды.

  2. Шіркін, көктемде ескен самал қандай!

  3. Қап, мынаның істеп тұрғанын қарашы!

  4. Мәссаған, қонақтар жиналып қалыпты ғой!

  5. Әй, сен айтқанды тыңдайсың ба!?

Зат есімнің пысықтауыш қызметіндегі рөлін көрсетіңіз.

  1. Ақпанда боран соқты.

  2. Антонның ұмытпағанына Асқар қайран қалды.

  3. Ана сендерді шексіз сүйеді.

  4. Білімді жастан сімірдім, халқыма еңбек сіңірдім.

  5. Әсемпаз болма әрнеге.

Анықтауыш қызметінде тұрған сан есімді көрсетіңіз.

  1. Біздің облысымыз 116 мың га егін егіп, 14 млн. пұт астық алды.

  2. Асқар он үште, мен он төрттемін.

  3. Біздер сапқа он-оннан тұрдық.

  4. Оларды ана бөлмеге бес-бестен орналастырдық.

  5. Алты үшке қалдықсыз бөлінеді.

Есімдіктен болып тұрған бастауышты көрсетіңіз.

  1. Сіздер бізге көп үйреттіңіздер.

  2. Біздің қақпан әне.

  3. Сіздің бар шығармаңыз осы үйден табылады.

  4. Шай әлдеқашан жиналған.

  5. Бар оқушы лагерьге жөнелтілді.

Заттанған сын есім сөйлемнің қай мүшесі? Қызғаншақтың іші тар, Болмас онда ұят, ар.

  1. Анықтауыш

  2. Баяндауыш

  3. Толықтауыш

  4. Пысықтауыш

  5. Тура толықтауыш

Бастауыш қай сөз табынан жасалған? Кейбіреулері сәл тоқтап, Абайдың аузына қадалды.

  1. Есімдік

  2. Зат есім

  3. Сын есім

  4. Одағай

  5. Етістік

Қалау рай сөйлемнің қай мүшесін атқарып тұр? Осыдан кейін жаман жаппасын Ақбаланың жерқазбасының жанына тігіп алғысы келді.

  1. Баяндауыш

  2. Анықтауыш

  3. Бастауыш

  4. Толықтауыш

  5. Пысықтауыш

Жинақтық сан есім сөйлемнің қай мүшесі қызметін атқарып тұр? Осыдан кейін екеуінің арасы бұрынғыдан да гөрі кереғарланып қашықтай түсіп еді.

  1. Бастауыш

  2. Баяндауыш

  3. Пысықтауыш

  4. Толықтауыш

  5. Жанама толықтауыш

Анықтауыш қызметіндегі есімшені белгілеңіз.

  1. Айтылған сөз жерде қалмауға тиіс.

  2. Көрмес түйені де көрмес.

  3. Ол қиындықты көріп өсті.

  4. Оқыған озар.

  5. Белгілі ақынға сөз берілді.

-ыңқыра, -іңкіре ненің жұрнағы?

  1. Күшейтпелі етістік

  2. Күрделі етістік тудырушы

  3. Рай

  4. Шақ

  5. Үдемелі етістік

Күрделi сан есiмдi белгiлеңіз.

  1. жиырма бес,төрт-бес

  2. үшеу, бес

  3. оныншы, алты

  4. мың, төртеу

  5. сегiз, он

Есептiк сан есiмдi белгiлеңіз.

  1. төрт салт атты

  2. оныншы қатар

  3. саны бесеу

  4. жүз шақты адам

  5. бес-бестен

Реттiк сан есiмнiң жұрнақтарын белгiлеңіз.

  1. -ыншы,-iншi;

  2. -дай,-дей;

  3. -ау,-еу;

  4. -лау,-леу

  5. -лап, леп.

Топтық сан есiмдi табыңыз.

  1. он-оннан

  2. алтыншы

  3. жүз қаралы

  4. екеу

  5. он бес

Сан есiмнiң сөйлемдегi қызметiн белгiлеңіз.

Бұл арада отбасында үш бұлжымас ереже орын алды.

  1. анықтауыш

  2. толықтауыш

  3. пысықтауыш

  4. бастауыш

  5. баяндауыш

Сөйлемдегi есiмдiктiң мағыналық түрi?

Құнанбай естiмеген сияқты ешбiр белгi бермедi.

  1. болымсыздық

  2. сұрау

  3. өздiк

  4. белгiсiздiк

  5. жiктеу

Жалпылау есiмдiгiн табыңыз.

  1. бәрi, түгел

  2. өзiм, өзi

  3. кiм, ешкiм

  4. ол, сен

  5. қалай, сен

Есiмдiк қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр?

Жидебайдағы қыстаудың ең үлкен бөлмесі - осы.

  1. баяндауыш

  2. толықтауыш

  3. бастауыш

  4. анықтауыш

  5. пысықтауыш

Сiлтеу есiмдiгiн табыңыз.

  1. бұл, сонау

  2. түнде,кеште

  3. егер ,бiрге

  4. жүз,оқы

  5. бiр алтау

Күрделi есiмдiктi табыңыз.

  1. әлдекiм;

  2. өзiм;

  3. қайсы;

  4. бұл;

  5. барлық.

Етiстiктiң лексика-грамматикалық категорияларын белгiлеңіз.

  1. етiс, салт-сабақтылық;

  2. рай, шақ, етiс

  3. есiмше, көсемше

  4. тұйық етiстiк

  5. жақ

Күрделi етiстiктi табыңыз.

  1. барып тұрады

  2. әндеттi

  3. көрмек

  4. ойланды

  5. сөйлеседi

Етiстiктiң аналитикалық форманттарын белгiлеңіз.

  1. айтып салды, көрiп шықты

  2. ән салды, құлақ қойды

  3. әпер, апар

  4. көз салды, жәрдем ет

  5. әңгiме еттi

Қайсысы күрделі тіркесті етістіктерге жатпайды?

  1. аналитикалық етістіктер

  2. тұрақты тiркестi етістіктер

  3. құранды етістіктер.

  4. құрама етістіктер

  5. қосарлы етістіктер

Етістікті зерттеген ғалымдар:

  1. Ы.Маманов, Н.Оралбаева, А.Қалыбаева

  2. Ә.Болғанбаев, Ә.Кеңесбаев

  3. С.Мырзабеков, Ә.Жүнісбеков

  4. Ш.Сарыбаев, С.Аманжолов

  5. К.Аханов, Қ.Жұбанов

Ауыспалы осы шақта тұрған етiстiктi табыңыз.

  1. келедi

  2. келген

  3. келмек

  4. келер

  5. келдi

Болжалды келер шақтағы етiстiк қатысқан сөйлемдi белгiлеңіз.

  1. Шақырған адам күте тұрар.

  2. Күй тiлiн де өзiнен таппақ.

  3. -Ендi кiм бар шығатын ?

  4. Өкiнесiң деп қорқамын.

  5. Дабылдың батпағына баттыңыз.

Бұрынғы өткен шақтағы етiстiктi табыңыз.

  1. жiберген;

  2. айтпақ;

  3. жүгiрiп келдi;

  4. барады;

  5. жазды.

Ырықсыз етiстiктi табыңыз.

  1. айтылды

  2. отыр

  3. жасатты

  4. келе жатыр

  5. барғызды.

Өзгелiк етiс қатысқан сөйлемдi белгiле.

  1. Жамал бар қимылды көзiмен өткiзiп тұр.

  2. Күн арқан бойы көтерiлген екен.

  3. Қабыш қайғының үлкенiн ендi шығарды.

  4. Жүктi алып, арбаға салысты.

  5. Сiз пәтерiңiзге барып, жуынып алыңыз.

Ашық райлы етiстiктi табыңыз.

  1. Бiз ауыр еңбегiмiздi қорғаймыз.

  2. Тырнадан әкем қойсаң, төбеңнен қиқу кетпес.

  3. -Кәне,жол берiңдер,-дедi ойын ағасы.

  4. Амантайдың жiгiтке көмектескiсi келедi.

  5. Сенiң де айтқанын болсын.

II жақ, көпше түрде жiктелген етiстiктi табыңыз.

  1. барасыңдар

  2. тазартады

  3. айтады

  4. тыңдап көр

  5. арнаймыз

Есiмшенiң жiктелуiн табыңыз.

  1. көргенсiң

  2. салып бергенiм

  3. оқығанды

  4. айтты

  5. айтпағы

Көсемшенiң өткен шақ түрiн табыңыз.

  1. қатысты;

  2. қатысыппын;

  3. қатысамын;

  4. қатыспақ;

  5. қатысқанмын.

Мекен үстеулi тiркестi табыңыз.

  1. iлгерi жүрдi.

  2. кеше келдi.

  3. ең әдемi.

  4. қасақана айтты.

  5. жорта сөйледi.

Күшейткiш үстеудi табыңыз.

  1. өте, тым, орасан

  2. жоғары, төмен

  3. сәл,таңертең

  4. шапшаң, тез

  5. бiрталай, соншалық

Көнеру арқылы жасалған үстеудi табыңыз.

  1. Ол менімен төменде кездесті.

  2. Өзеннiң суын жаңбырша шашыратты.

  3. Біз мектепті биыл бiтiрдiк.

  4. Iле басыла қалды.

  5. Соншама қандай қуаныш.

Туынды үстеудi табыңыз.

  1. биылша, балаша

  2. таңертең, күндіз

  3. әрi, қайта;

  4. әдейi, кеше

  5. ертең, бұрын.

Бейнелеушi елiктеу сөз қатысқан сөйлемдi табыңыз.

  1. Сейiт күтпеген сөзге селт еттi.

  2. Аяғында күрс-күрс еткен керзi етiгi бар.

  3. Зiрк-зiрк етедi.

  4. Салдыр-гүлдiр жүрiсiңнен қорқамын.

  5. Аяш қаңқ ете қалды.

Елiктеу сөздiң сөйлемдегi қызметiн белгiле.

Үйдегiлер тегiс есiк жаққа қарап елең ете қалысты.

  1. баяндауыш

  2. пысықтауыш

  3. толықтауыш

  4. анықтауыш

  5. бастауыш

Ыңғайластық жалғаулық шылауды табыңыз.

  1. да, де, және, әрi, мен.

  2. сондықтан,сол себептi.

  3. бiрақ, дегенмен, әйткенмен.

  4. я, яки, не, немесе.

  5. та, те, өйткенi, себебi.

Демеулiк шылаудың мағыналық түрiн табыңыз.

Бетiнде азғантай ғана құрым белгiсi бар.

  1. шектiк

  2. болжалдық

  3. күшейткiш

  4. сұраулық

  5. нақтылық

Туынды одағайды белгiлеңіз.

  1. әттегенай, апырмай

  2. ой, әй, ие

  3. аһ, уа, уау

  4. аһа, ау, беу

  5. ей, е, пай

59. Сөйлемдегі одағай түрін анықтаңыз.

-Моһ! Моһ! - деп кешкі тымық даланы басына көтерді.



  1. Шақыру

  2. Ренжу

  3. Көңіл-күй

  4. Жекіру

  5. Қуану

Көп мағыналы одағайды табыңыз.

  1. Пәлі

  2. Алақай

  3. Уһ

  4. Тәйт

  5. Жә

Шылау сөз табына тән ерекшелік:

  1. лексикалық мағынасы жоқ

  2. сөйлем мүшесі бола алады

  3. заттық мағынаны білдіреді

  4. атауыш сөз

  5. жеке дербес жұмсалады

Сөйлемдегі асты сызылған шылаудың мағыналық түрін анықтаңыз.

Ерінбей еңбек етсең, шыңдап егер,



Тікен де гүлге айналып шыға келер.

  1. Күшейткіш демеулік шылау

  2. Қарсылықты жалғаулық шылау

  3. Көңіл-күй демеулік шылау

  4. Шектік демеулік шылау

  5. Сұраулық демеулік шылау

Салаластырғыш жалғаулықтарды көрсетіңіз.

  1. Ыңғайлас, талғаулықты

  2. Ыңғайлас, салдар

  3. Талғаулық, шартты

  4. Себеп, салдар

  5. Ұштастырғыш, айқындағыш

Демеулік шылаулы сөйлемді көрсетіңіз.

  1. Аты жүйрік-ақ екен.

  2. Ақ пен қараны ажыратады.

  3. Арқаға қарай жылжыды

  4. Ел ерімен мақтанады.

  5. Қар биыл көп түсті.

Сөз тіркесін құрайтын шылау

  1. Септеулік

  2. Жалғаулық

  3. Демеулік

  4. Себептес

  5. Талғаулық

Топтау сан есімін табыңыз.

  1. бес-бестен;

  2. бес;

  3. бесеу;

  4. бестер;

  5. бесінші.

Есімдіктер мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

  1. жетіге;

  2. төртке;

  3. алтыға;

  4. екіге;

  5. беске

Сан есімнің мағыналық топтарын көрсетіңіз

  1. есептік, реттік;

  2. дара, күрделі;

  3. негізгі, туынды;

  4. тура, жанама;

  5. жіктеу, сілтеу

Жинақтық сан есім қалай жасалады?

  1. -ау/-еу;

  2. -ыншы/-інші;

  3. -дап/-деп;

  4. -қосарлану арқылы;

  5. -дан/-ден.

Төмендегі мысалдардан салыстырмалы шырайды табыңыз.

  1. кішілеу;

  2. ең қадірлі;

  3. биік;

  4. сұп-сұр;

  5. аппақ.

Табыс септік тұлғасындағы сілтеу есімдігін көрсетіңіз.

  1. ананы, мұны;

  2. маған, саған;

  3. мені, сені;

  4. күлді, жүрді;

  5. оның, сенің.

Есімдік дегеніміз не?

  1. зат, сын, сан есімдердің орнында жүретін сөз табы;

  2. заттың атын білдіретін сөз табы;

  3. жалпы есім мен жалқы есімнің орнында жүретін сөз табы;

  4. заттың сынын, түр-түсін білдіретін сөз табы;

  5. заттың қимылын білдіретін сөз табы.

Сын есімнің құрамына қарай жіктелуі

  1. дара, күрделі;

  2. сапалық, қатыстық;

  3. негізгі, туынды;

  4. салыстырмалы, жай;

  5. салт, сабақты.

Сөз таптары дегеніміз не?

  1. сөздердің лексика-грамматикалық категориясы;

  2. сөздердің грамматикалық категориясы;

  3. сөздердің лексикалық категориясы;

  4. морфемалар жүйесі;

  5. сөздердің функциональды-грамматикалық категориясы.

Сын есімнің шырайы дегеніміз не?

  1. сындық белгінің басқа бір сындық белгіден артық не кемдігін білдіретін сын есімнің түрі;

  2. сынды білдіретін түбір сөздер;

  3. сапалық, қатыстық сын есімдер;

  4. заттың сынын, түр-түсін білдіретін сөздер;

  5. заттың атын білдіретін сөздер.

Жіктеу есімдіктерінің негізгі қызметі қандай?

  1. сөз бен сөзді жақ жағынан байланыстыру;

  2. нәрсені, құбылысты нұсқап көрсету;

  3. бірнеше нәрсені жалпылама көрсету;

  4. меншіктілікті білдіру;

  5. мекенді білдіру.

Проминалдану дегеніміз не?

  1. есімдікке айналу;

  2. сын есімге айналу;

  3. үстеуге айналу;

  4. етістікке айналу;

  5. зат есімге айналу.

Болжалдық сан есім қайсысы?

  1. он мыңдай

  2. мың

  3. жүз мыңдап

  4. жүзден бір

  5. жүзінші

Мына сөйлемнен салыстырмалы шырайы барын көрсетіңіз.

  1. саған қарағанда ересектеу көрінеді;

  2. біресе жаңбыр жауады, біресе күн ысып кетеді;

  3. кейде кітап оқимын, кейде серуенге шығамын;

  4. қызық көйлегі өзіне жарасып тұр;

  5. айналаның бәрі көкпеңбек.

Деректі зат есім дегеніміз не?

  1. жеке, дара заттарға берілетін атаулар;

  2. адамның сезім мүшелері арқылы білінетін зат атаулары;

  3. тек ақыл-ой арқылы танылатын зат атаулары;

  4. қосымша мағына үстейтін сөздер;

  5. сындық мағынаны білдіретін сөздер.

Кейбір жігіт жүреді мақтан сөйлеп (Абай) – кейбір қай сөз табы?

  1. есімдік;

  2. сын есім;

  3. үстеу;

  4. етістік;

  5. сан есім.

Маған сөзі қай тұлғада тұр?

  1. барыс;

  2. шығыс;

  3. есімше;

  4. көсемше;

  5. жатыс.

Сын есімдер түрлене ме?

  1. түрленеді;

  2. түрленбейді;

  3. белгісіз;

  4. етістік сияқты түрленеді;

  5. көсемше сияқты түрленеді.

Есімдер тобына жататын сөз табын табыңыз.

  1. зат есім, сын есім;

  2. шылау, одағай;

  3. етістік, үстеу;

  4. модаль сөз, еліктеу сөз;

  5. есімше, көсемше.

Белгісіздік есімдіктерін көрсетіңіз.

  1. біреу, кейбіреу, бірдеме;

  2. ешбір, ешкім, ештеңе;

  3. бәрі, барлығы, барша;

  4. мен, сен, ол;

  5. кім, қандай, қай.

Мыңдаған, жүздеген сөздері сан есімнің қай түрі?

  1. болжалдық;

  2. реттік;

  3. есептік;

  4. бөлшектік;

  5. топтау.

Етістіктің грамматикалық категориялары -

  1. рай, шақ, жақ;

  2. сабақты, салт, болымсыз, етіс;

  3. көсемше, есімше, тұйық етістік;

  4. күрделі етістік;

  5. қатыстық, сапалық, туынды.

Етіс категориясының анықтамасы -

  1. қимылдың обьекті мен субьекті арасындағы қарым-қатынасы;

  2. қимылдың болмысқа, шындыққа қатынасы;

  3. қимылдың атауын білдіреді;

  4. қимылдың жүзеге асу шартын білдіреді;

  5. заттың сынын білдіреді.

Әрі етістікше, әрі есімдерше түрленетін етістіктің түрі-

  1. есімше;

  2. көсемше;

  3. тұйық етістік;

  4. қалп етістіктер;

  5. райлар

Жіктеліп шақтың мағынасын білдіретін және есімдерше түрленетін етістікті түрі-

  1. есімше;

  2. есімше;

  3. тұйық етістік;

  4. күрделі етістік;

  5. өздік етіс.

Болжалды келер шақ жасайтын жұрнақты табыңыз.

  1. –с;

  2. –ма,-ме;

  3. –ды,-ді;

  4. –қан,-кен;

  5. –дыр,-дір.

Көрмес түйені де көрмес мақалындағы –с қандай қосымша?

  1. есімшенің жұрнағы;

  2. шартты райдың жұрнағы;

  3. етістік тудыратын жұрнақ;

  4. етіс жұрнақтары;

  5. тұйық етістіктің жұрнағы.

Сен – жаралы жолбарыс ең, Мен – киіктің лағы ем (Абай)

Осы сөйлемдегі ем қай сөз табы?

  1. көмекші етістік;

  2. зат есім;

  3. етістік;

  4. сын есім;

  5. есімдік.

Тікелей жіктелетін етістік -

  1. қалып етістіктер

  2. тұйық етістік;

  3. болымсыз етістік;

  4. есімше;

  5. көсемше.

Нақ осы шақты білдіретін етістік -

  1. қалып етістіктер

  2. тұйық етістік;

  3. болымсыз етістік;

  4. есімше;

  5. көсемше.

Қалау рай формалы етістікті табыңыз.

  1. барса игі еді

  2. барыңдар

  3. күтіп жүрмін

  4. келсе келсін

  5. ойлансын

Етістіктің категориялық мәнге ие бола алмайтын тұлғаларын табыңыз.

  1. көмекші етістік;

  2. райлар;

  3. етістер;

  4. жақ;

  5. шақ.

Шақтық мағына білдірмейтін, жіктелмейтін, есім сөздер секілді түрленетін етістік түрі-

  1. тұйық етістік (қимыл атауы);

  2. есімше;

  3. көсемше;

  4. сабақты етістік;

  5. қалау рай.

Барайын, айтайық етістіктері қай тұлғада тұр?

  1. бұйрық рай;

  2. шартты рай;

  3. көсемше,

  4. сабақты етістік;

  5. есімше.

Етістіктің ерекше тұлғалы түрлері

  1. есімше, тұйық етістік;

  2. рай, шақ;

  3. сабақты, салт етістік;

  4. етістіктің аналитикалық форманттары;

  5. шырай, жіктеу.

Етістіктің түбір тұлғасы жөнінде грамматикада айтылып жүрген жаңсақ пікір

  1. етістіктің түбірі бұйрық райдың ІІ жағы;

  2. етістіктің түбірі бұйрық райдың ІІ жағына сәйкес емес.

  3. етістіктің түбірі етіс жұрнақтары арқылы жасалады;

  4. етістіктің түбірі тікелей жіктеледі

  5. ашық райға барлық етістіктер кірмейді.

Өздік етістерді табыңыз

  1. сүртінді, таранды;

  2. салынды, алынды;

  3. отыру, жүру;

  4. отырмау, бармау;

  5. отырмау, бармау

Болымды мағына білдіретін етістікті табыңыз

  1. келмей қоймайды;

  2. айтпай қойды;

  3. оқып бермеді;

  4. бармады;

  5. барған жоқ.

Етістің неше түрі бар?

  1. төрт;

  2. бір;

  3. екі;

  4. үш;

  5. түрі жоқ.

қ,-к,-м,-ң жіктік жалғауларын қабылдайтын етістік

  1. жедел өткен шақ, шартты рай;

  2. бұйрық рай, көсемше;

  3. есімше;

  4. тұйық етістік;

  5. ырықсыз етіс



Модуль 4. Сөздің түрленуі
Етістік шақ, рай тұлғасында қандай сөйлем мүшесі бола алады?

  1. баяндауыш;

  2. пысықтауыш,

  3. толықтауыш;

  4. анықтауыш;

  5. бастауыш.

Ашық рай тұлғасында тұрған етістікті табыңыз

  1. келемін тау ішінде түнделетіп;

  2. құс та болғым келмейді, қанатым бар;

  3. ән айтылып, жыр төгілсін;

  4. тыңда, дала, Жамбылды;

  5. келіңдер, ән айтайық

Жедел өткен шақ тұлғасындағы етістікті анықтаңыз

  1. қар жауды;

  2. жаңбыр жауады;

  3. қырды жауды батырлар;

  4. барады құстар қайтып;

  5. орманды дала көрінді.

Шартты райлы етістікті табыңыз

  1. көрсем, айтса;

  2. бұрғыла, түрткіле;

  3. төпеле, жетеле;

  4. барайын, жетейік;

  5. барыңқыра, айтыңқыра.

Өзгелік етіс тұлғасындағы етістікті табыңыз

  1. ол шамды сөндіргізді;

  2. ол шамды сөндірді;

  3. шам сөндірілді;

  4. шам сөнді;

  5. шамды сөндірісті.

Есімшенің -с жұрнағы арқылы жасалатын етістік түрі

  1. болжалды келер шақ;

  2. шартты рай тұлғасы;

  3. өткен шақ;

  4. осы шақ;

  5. өзгелік етіс.

Жіктелмейтін, шақтық мағынаны білдірмейтін етістікті көрсетіңіз.

  1. тұйық етістік (қимыл есімі);

  2. есімше;

  3. көсемше;

  4. етіс;

  5. райлар.

Жіктік жалғаулы бұйрық райды көрсетіңіз.

  1. барайын;

  2. ол отыр;

  3. біз барсақ;

  4. барғай еді;

  5. сен бардың.

Тыңда, дала, Жамбылды сөйлеміндегі етістік қай тұлғада тұр?

  1. бұйрық рай тұлғасы;

  2. өткен шақ етістік;

  3. ІІ жақ жіктік жалғаулы етістік;

  4. қалау рай;

  5. шартты рай.

Берілген сөздерден ырықсыз етісті көрсетіңіз.

  1. беріл;

  2. дүріл;

  3. діріл;

  4. гүріл;

  5. гүл

Ырықсыз етіс тұлғасындағы сөзді табыңыз.

  1. салыну, іліну;

  2. сүртіну, тарану;

  3. жуғызу, қайнату;

  4. айту, жуу;

  5. соғысты, атысты.

Көсемшенің қай тұлғасы жіктелмейді?

  1. тұрғалы;

  2. барып;

  3. сөйлей;

  4. көре;

  5. келер.

Айттым сөзіндегі - ты тұлғасы қандай тұлға?

  1. жедел өткен шақ;
  2. табыс септік;


  3. жіктік жалғау;

  4. сөз тудырушы;

  5. барыс септік.

Өзгелік етістіктің жұрнағын көрсетіңіз

  1. –тыр, -тір, -қыз, -ғыз, -т;

  2. –ыңқыра, -іңкіре;

  3. –ыс, -іс;

  4. –та, -те;

  5. -қан, -кен.

Мектептен келді дегенде –ді қандай қосымша?

  1. жедел өткен шақ;

  2. жіктік жалғауының ІІІ жағы;

  3. табыс септік;

  4. сөз туырушы жұрнақ;

  5. шығыс септік.

Жіктік жалғауының қысқа түрімен жіктелетін етістік формалары:

  1. шартты рай, жедел өткен шақ;

  2. есімше, көсемше;

  3. бұйрық рай;

  4. қалау рай;

  5. жалқы есім.

Ауыспалы өткен шақтың жасалуы:

  1. -атын, -етін жұрнағына жіктік жалғауы қосылады.

  2. –ып, -іп, жіктелуі арқылы;

  3. –ты, -ті жұрнағына жіктік жалғауы қосылады.

  4. -ғалы, -гелі, жұрнағымен көмекші етістік тіркеседі;

  5. –ар, -ер, -р жұрнағы арқылы.

Қимылдың өту сипаты категориясы дегеніміз не?

  1. қимылдың ішкі өту шегі, ағымы

  2. қимылға бірнеше субьектінің қатысы

  3. шындықтың болмысқа қатысы

  4. қимылдың болашақта болатындығы

  5. қимылдың атауы

Жеке тұрып тиянақты қимылды білдіре алмайтын, негізгі қимылдың амал, себебін т.б. сипатын көрсетіп, қосымша қимылды білдіретін етістіктің формасы.

  1. көсемше;

  2. етіс;

  3. тұйық етістік;

  4. есімше;

  5. көмекші етістік

Тұйық етістік (қимыл есімі) дегеніміз не?

  1. қимыл, іс-әрекеттің атын білдіретін етістіктің түрі;

  2. түбір етістік;

  3. әрі етістікше, әрі есімдерше түрленетін, оларды” қасиеттерін бойына сақтайтын етістіктің ерекше түрі;

  4. туынды етістіктер;

  5. қимылдың шартын білдіретін түрі.

Табыс септігіндегі сөз қандай етістікпен тіркеседі?

  1. сабақты етістік;

  2. салт етістік;

  3. болымды етістік;

  4. тұйық етістік;

  5. салт етістік.

Болымсыз түрі –с қосымшасын қабылдайтын етістіктің түрін табыңыз.

  1. есімше;

  2. көсемше;

  3. қалау рай;

  4. тұйық етістік;

  5. өзгелік етіс.

Қалып етістікті табыңыз

  1. отыр, жатыр;

  2. келеді, барады;

  3. санаған, берген;

  4. айтқалы, бергелі;

  5. оқымақ, салмақ

Күрделі етістікті табыңыз.

  1. алып кетті, еріп шықты;

  2. наздана қарады, сазарып отырды;

  3. алып денелі, аққұба;

  4. он сегіз, жиырма бес;

  5. әжептәуір, бірталай.

Есімше дегеніміз не?

  1. әрі етістікше, әрі есімдерше түрленетін, олардың қасиеттерін бойына сақтайтын етістіктің ерекше түрі;

  2. қимыл, іс-әрекеттің атын білдіретін етістіктің түрі.

  3. қимылды тікелей орындаушы, агенс;

  4. көмекші қимылды білдіретін етістіктің түрі;

  5. тек етістікке қызмет етеді.

Сөйлеу кезінде болып жатқан қимылды білдіретін етістіктің формасы:

  1. осы шақ;

  2. өткен шақ;

  3. келер шақ;

  4. мақсатты келер шақ;

  5. жедел өткен шақ.

Жаз, ал, бер етістіктің қай түрі?

  1. сабақты етістік;

  2. туынды етістік;

  3. күрделі етістік;

  4. тұйық етістік;

  5. есімше.

Рай категориясы дегеніміз не?

  1. іс-әрекетінің шындыққа қатынасын білдіретін грамматикалық категория;

  2. ашық, шартты, қалау рай;

  3. грамматикалық мағынаны” грамматикалық формаға қатыстылығын білдіретін категория;

  4. қимыл, іс-әрекеттің атын білдіретін сөздер;

  5. әрі есімдерше, әрі етістікше түрленетін сөздер.

Қалу, жіберу етістіктіңңң қай түрі?

  1. сабақты етістік;

  2. туынды етістік;

  3. күрделі етістік;

  4. тұйық етістік;

  5. көсемше.

Есімше шақтық қызмет атқарғанда сөйлемнің қай мүшесі болады?

  1. баяндауыш;

  2. бастауыш;

  3. анықтауыш;

  4. пысықтауыш;

  5. бастауыш.

Ырықсыз етісті көрсетіңіз.

  1. әкелінді;

  2. әкелдір;

  3. әкелісті;

  4. жуынды;

  5. өсірді.

Нақ осы шақтың көрсеткіштерін атаңыз.

  1. қалып етістіктер;

  2. салт, сабақты етістіктер;

  3. болымды, болымсыз етістіктер;

  4. тұйық етістіктер;

  5. есімше.

Сын есімнің шырайының аналитикалық формасы:

  1. өте үлкен

  2. үлкендеу

  3. үлкен

  4. үлкенірек

  5. жақсы

Сабақты етістік жасайтын етістің түрі:

  1. өзгелік;

  2. өздік;

  3. ырықсыз;

  4. ортақ;

  5. сұрау есімдігі.

ІІІ жақта жіктік жалғауының нольдік формада тұратын етістік:

  1. жедел өткен шақ;

  2. бұйрық рай;

  3. көсемше;

  4. ашық рай;

  5. қатыстық сын есім.

Қимылды тікелей орындаушы субьект қай етіс түрінде кездеседі?

  1. өздік;

  2. өзгелік;

  3. ырықсыз;

  4. ортақ;

  5. көсемше.

Көпше түрдегі етістікті табыңыз?

  1. көмектесіңдер;

  2. айтатыным;

  3. көресің;

  4. келетіндер;

  5. жолықпас.

Келер шақтың неше түрі бар?

  1. үш;

  2. екі;

  3. төрт;

  4. бір;

  5. алты

Тұйық етістікті сөзді көрсетіңіз?

  1. ұшу;

  2. айтыс;

  3. болыпты-мыс;

  4. қас.

  5. оқы, жаз.

Септеулік шылауды анықтаңыз?

  1. қарай;

  2. бұрын;

  3. және;

  4. ай, ше;

  5. әйтпесе.

Бесігін деген сөзге жасалған морфологиялық талдаудың дұрысы қайсы?

  1. бесік түбір, і- тәуелдіктің ІІІ ж. н- табыс септігінің жалғауы;

  2. бес- түб. іг-з.е. туд.жұрн. ін- өзд. етіс жұрн.;

  3. бесі-түб. гі-сын е.туд.жұрн. н-сөз туд. жұрн.;

  4. бесік-түб. Зат.е. ін- таб.септ.жалғ.;

  5. бесігі –түбір, н-жалғау.

Бұйрық райды табыңыз?

  1. жетсін;

  2. борасын;

  3. барамын;

  4. оқыды;

  5. жазды.

Туынды үстеуді тап?

  1. бізше;

  2. кеше;

  3. осы;

  4. ортасы;

  5. жаз

Біріккен үстеулерді белгілеңіз

  1. құлантаза, таңертең

  2. үстірт, ертең

  3. таң ата, селсоқ

  4. екеулеп, дем арасында

  5. анда-санда заттанады.

Үстеулердің түрлену жүйесі бар ма?

  1. жоқ;

  2. бар;

  3. кей топтары түрленеді;

  4. бір түрі ғана түрленеді;

  5. анда-санда түрленеді.

Туынды үстеуді көрсетіңіз

  1. қазақша;

  2. әрең;

  3. бірталай;

  4. жоғары;

  5. баяу.

Түлкідейін түн қатып. - асты сызылған қай сөз табы?

  1. үстеу;

  2. зат есім;

  3. етістік;

  4. сын есім;

  5. сан есім.

Сөйлем ішінде басқа сөздермен байланысқа түспейтін, оқшау қолданылатын сөздер:

  1. одағай;

  2. модаль сөз;

  3. шылау;

  4. үстеу;

  5. етістік.

Мезгіл үстеуді табыңыз.

  1. әуел баста, әлі, ала жаздай;

  2. жол-жөнекей, жолшыбай;

  3. жайымен, бірталай;

  4. тез, жоғары, төмен;

  5. баяу, зорға, жылдам.

Әрқашанда осылай ешкім сенбейді” сөйлеміндегі осылай үстеудің қай түрі?

  1. сын-бейне үстеуі;

  2. мөлшер үстеуі;

  3. мекен үстеуі;

  4. мезгіл үстеуі;

  5. күшейткіш үстеуі.

Еліктеу сөздерді табыңыз.

  1. қорбаң-қорбаң, гүрс, бырш

  2. сонша, қанша, анағұрлым

  3. әділет, ауа, үй іші

  4. жақсы-жаман, сымбатты

  5. қандай, сол, мен

Одағай сөз дегеніміз не?

  1. адамның әр түрлі көңіл-күйін білдіретін сөздер;

  2. лексикалық мағынасы жоқ көмекші сөздер;

  3. айналадағы дыбыстарға еліктеуден туған сөздер;

  4. адамныңәр түрлі көзқарасын білдіреді;

  5. сөз бен сөзді байланыстыратын сөздер.

Мақсат үстеуін көрсетіңіз.

  1. әдейі, қасақана;

  2. ылғи, кілең, өңкей;

  3. екеулеп, он-оннан;

  4. жорта, жоғары;

  5. зорға, тез, баяу.

Лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған үстеулерді табыңыз.

  1. қазақша, өлердей, жасырын;

  2. аққудайын, сұңқардай

  3. басқа, артқа, шетінен;

  4. шалқасынан, етпетінен;

  5. қазір, әуелі, таман.

Одағай сөздердің мағыналық топтарын табыңыз.

  1. көңіл-күй, шақыру, жекіру;

  2. демеулік, жалғаулық,септеулік;

  3. дыбыстық, еліктеуіш;

  4. жалқы, жалпы;

  5. қимыл іс-әрекеттің атын білдіретін сөздер.

Үстеудің мағыналық топтарын табыңыз.

  1. мезгіл, мекен, мақсат, себеп-салдар, сын-бейне, топтау, күшейту;

  2. есептік, реттік, жинақтық, болжалдық, бөлшектік;

  3. жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, белгісіздік, жалпылау;

  4. деректі, дерексіз, жалпы, жалқы;

  5. шырай, салт, сабақты, тұйық.

Туынды үстеу жасайтын жұрнақтарды табыңыз:

  1. –ша, -ше, -шалық, -шелік;

  2. -шылық, -шілік, -дық, -дік;

  3. –шы, -ші;

  4. –ма, -ме;

  5. -аған, -еген.

Одағайы бар сөйлемді көрсетіңіз.

  1. -Уф-ф!-деп күрсінді Кенжебек;

  2. Тұз астың дәмін келтіреді;

  3. Қыздың даусында ойнақы бір ырғақ бар-ды;

  4. Ол әрең жүріп келеді;

  5. Олар кешігіп барып келді.

Көңіл-күй одағайы бар сөйлемді белгілеңіз.

  1. Аһ, бір өкініш, бір үміт;

  2. е, оны қайдан білдің?

  3. дүние қалай еді?

  4. мен он төрттемін, ал сен ше?

  5. Менің әкем ауылда тұрады.

Одағайлы сөйлемді көрсетіңіз.

  1. ПаҺ, шіркін, қайран жастық-ай!

  2. Әңгімелері тек қана ауыл жайында;

  3. Соғыста сақау болып қалғандарға не ем жасайды екен?

  4. Тазалық бар жерде шыбын шіркей болмайды;

  5. Бұл адамда қандай шаруаңыз бар;

Шақыру одағайын табыңыз:

  1. шөре-шөре, көс-көс;

  2. аһ, үһ, масқара;

  3. жә, тәк, тәйт;

  4. қызық, мәссаған;

  5. ғой, -ақ, -ды.

Сен де бір кірпіш дүниеге … сөйлеміндегі де қандай сөз табы?

  1. демеулік шылау;

  2. жатыс септік;

  3. көмекші етістік;

  4. зат есім;

  5. етістік.

Талғаулық мағына беретін жалғаулықты атаңыз.

  1. не, немесе, яки;

  2. біресе,бірде;

  3. дегенмен, кейде;

  4. ал, алайда;

  5. әрі, және, мен

Шылау сөздердің мағыналық топтарын табыңыз:

  1. демеулік, жалғаулық, септеулік;

  2. көңіл-күй, шақыру, жекіру;

  3. дыбыстық, еліктеуіш;

  4. салыстырмалы, күшейтпелі;

  5. асырмалы, жай.

Модаль сөздер дегеніміз не?

  1. адамның ойға деген әртүрлі көзқарасын білідіретін сөздер;

  2. айналадағы әр түрлі дыбыстарға еліктеуден туған сөздер;

  3. адамның әр түрлі көңіл-күйін білдіретін сөздер;

  4. затты атын білдіретін сөздер;

  5. заттың сынын сөздер.

ғой, ғана қай сөз табына жатады?

  1. шылау;

  2. модаль сөз;

  3. үстеу;

  4. одағай;

  5. етістік.

Демеулік шылауы бар сөйлемді белгілеңіз.

  1. Ол да тойға барған-ды;

  2. Ақын туралы әңгіме көп;

  3. Кейде қар ,кейде жаңбыр жауады;

  4. Ы.Алтынсариннің Бай баласы мен жарлы баласы әңгімесі;

  5. Отан үшін отқа түс.

Септеулік шылауы барын белгілеңіз.

  1. үйге дейін бару.

  2. ағаш арасымен жүру;

  3. шетелге саяхат жасау;

  4. бұрын келіп кеткен;

  5. еш уақытта сенімнен айрылма;

Шылау бар сөйлемді көрсетіңіз.
  1. Оқы да біл;


  2. Жаз келді;

  3. Еңбек сүйген қор болмас;

  4. Алыстан қара көрінеді;

  5. Ертең бәріміз қонаққа барамыз.

Күшейткіш демеуліктерді табыңыз.

  1. -ау, -ай, -ақ, да;

  2. мен, пен, бен;

  3. -мыс,-міс;

  4. ғой, ғана;

  5. -ма,-ме

Бар, жоқ, аз, көп қандай сөздер тобына жатады?

  1. модаль сөздер;

  2. үстеу;

  3. зат есім;

  4. етістік.

  5. оқшау сөз

Сұраулық шылау бар сөйлемді табыңыз.

  1. А-а, сіз бе едіңіз?

  2. Уа, қандай дауыс?

  3. О, сұлу сезім!

  4. Жоқ бірге барады;

  5. Қашан келесіңдер?

Демеулік шылау бар сөйлемді көрсетіңіз.

  1. Ертең-ақ қуып жетеміз.

  2. Ел аузына қақпақ болып көрші;

  3. Қарапайым жазбаларын естелік кітап етіп шығарды;

  4. Қой, ертерек қозғала берейік;

  5. Бәріміз ойнап жүрміз;

Модаль сөзді белгілеңіз.

  1. керек, мүмкін

  2. уау; аҺ

  3. япырау; бірақ

  4. мынау; ешкім

  5. қайда., соң

Шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.

  1. Қазір радио арқылы орталықпен сөйлеспек;

  2. Тілшіге өлеңдер ұнамады;

  3. Ит ашуын тырнадан алды;

  4. О заман, бұ заманда естімеген оқиға екен;

  5. Бастығымыз бүгін келді.

Қомсыну мәніндегі шылауды табыңыз

  1. Құс екеш құс та балапанын баулиды;

  2. О, дариға, Карашаш өлген екен;

  3. Мына баланың қандай ойы бар?

  4. Қысқасы,көп нәрсенің мәні ашылады;

  5. Мәкен мені апамдікіне жұмсады.

Шылау қандай грамматикалық қызмет атқарады?

  1. сөз бен сөзді байланыстырады, сөзге грамматикалық мағына қосады

  2. жеке сұраққа жауап береді

  3. толыө мағыналы сөз болады

  4. жеке тұрып түрлене алады

  5. заттың санын білдіреді

Модаль сөзді табыңыз

  1. Сайран бүгін жұмысқа шығатын секілді.

  2. Неғұрлым ерте тұрсаң,соғұрлым жұмысың өнеді;

  3. Бүгін алай-түлей боран соқты;

  4. Шыдай алмай Құртқа қыз және де ашты есікті;

  5. Еш уақытта Асқарды іздемейді;

Ыңғайлас жалғаулықты анықтаңыз:

  1. және, мен, бен, да, де

  2. үшін, соң; кейін

  3. біресе, кейде; әлде

  4. әсіресе, да, тағы

  5. егер, егерде, екеш

Шығыс септікті сөзге тіркесетін шылауды белгілеңіз.

  1. соң, бұрын

  2. сондықтан, сол себепті

  3. бірақ, алайда

  4. ма? ме? ба? бе?

  5. я, яки, не

Рай категориясы дегеніміз не?

  1. қимылдың шындыққа қатысын білдіретін категория

  2. ашық, шартты, қалау рай.

  3. грамматикалық мағынаның грамматикалық формаға қатыстылығын білдіретін

  4. модальділікті, іс-әрекеттің субьектіге қатысын білдіретін грамматикалық категория.

  5. қимыл, іс-әрекеттің атын білдіретін сөздер.

Мақсат үстеуін табыңыз:

  1. әдейі, қасақана, жорта.

  2. сонша, қанша, анағұрлым

  3. топ-тобымен,ондап

  4. кеше-бүгін

  5. ішкері, артқа

Еліктеу сөздер деген не?

  1. айналадағы әртүрлі дыбыстарға, құбылыстарға еліктеуден туатын сөздер.

  2. лексикалық мағынасы жоқ белгілі бір сөздердің жетегінде жүретін сөздер.

  3. адамның әр түрлі көңіл-күйін білдіретін сөздер.

  4. қимыл, іс-әрекетті білдіретін сөздер.

  5. көмекші сөздер

Сөзге грамматикалық мағына қосатын көмекші сөзді белгілеңіз.

  1. шылау

  2. есімдік

  3. одағай

  4. үстеу

  5. туынды сөз

Айтушының ойға деген әртүрлі көзқарасын білдіретін сөз тобы:

  1. модаль сөз

  2. одағай

  3. еліктеу сөз табы

  4. шылау сөздер.

  5. үстеу

Салыстырмалы шырайда тұрғанын белгілеңіз.

  1. кішілеу

  2. ең қадірлі

  3. биік

  4. сұп-сұр

  5. аппақ

Қатыстық сын есімді белгілеңіз.

  1. мейрімді

  2. көк

  3. аласа

  4. ащы

  5. семіз

Сапалық сын есімді табыңыз

  1. кең

  2. кеуде

  3. кеңшілік

  4. кеңіту

  5. таулы

Етістіктің салт немесе сабақты болуы немен байланысты?

  1. лексика-грамматикалық мағынасымен

  2. грамматикалық тұлғасымен

  3. жалпы сипатымен

  4. алдындағы сөздердің жалғауларымен

  5. жұрнақтарымен

Мәнсіз көмекші етістіктерді табыңыз

  1. е, еді, екен, жазда

  2. бар, кел, тұр, жүр

  3. ой, қаз, қу

  4. отыр, жатыр

  5. оқы, жаз

Сын-бейне үстеулерді табыңыз

  1. баяу, жоғары, жылдам

  2. жол жөнекй, жолшыбай

  3. жайымен бірталай

  4. тез, жоғары, төмен

  5. әуел баста, ала жаздай

Мезгіл үстеуді көрсетіңіз

  1. кеше

  2. бізше

  3. осы

  4. ортасы

  5. жаз

Туынды түбір еліктеу сөздерді белгілеңіз

  1. көлбең

  2. сопаң

  3. дүрс

  4. дір

  5. жалт-жұлт

Еліктеу сөзді ажыратыңыз.

  1. гүрс

  2. бәсе

  3. әттең

  4. әдемі

  5. ойнақтады

Бейнелеуіш сөзді анықтаңыз.

  1. қорбаң-қорбаң

  2. бала-шаға

  3. сатыр-сұтыр

  4. кеше-бүгін

  5. жер-ана

Демеулік шылауы барын табыңыз

  1. үйге барған-ды

  2. ағаш арасы

  3. шетелге саяхат

  4. еш уақытта сенімнен айрылма

  5. үйге дейін бару

Талғаулық шылауы барын белгілеңіз

  1. Біресе қар, біресе жаңбыр жауады

  2. Ақын туралы әңгіме көп

  3. Ол да тойға барған

  4. «Бай баласы мен жарлы баласы»

  5. Отан үшін отқа түс

Шылауы барын белгілеңіз

  1. Ертең-ақ қуып жетеміз көрші

  2. Жазбаларын кітап етіп шығарды

  3. Қой ертерек қозғала берейік

  4. Бәріміз ойнап жүрміз

  5. Ел аузына қақпақ болып

Шылау сөздердің мағыналық топтары:

  1. демеулік, жалғаулық, септеулік

  2. көңіл-күй, шақыру, жекіру

  3. дыбыстық, еліктеуіш

  4. салыстырмалы, күшейтпелі

  5. асырмалы, жай

Қарсылық мәнді жалғаулықты табыңыз.

  1. Дегенмен, сөйтсе де

  2. Мен, бен

  3. Өйткені, себебі

  4. Егер, егер де

  5. Сондықтан, өйткені

Каталог: ebook
ebook -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
ebook -> Қазақстан Республикасының
ebook -> Қазақстан Республикасының
ebook -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
ebook -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
ebook -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
ebook -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
ebook -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
ebook -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
ebook -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет