Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы № 5 (84) 2011
Б. СЫППОСЫНОВА
ОРТА МЕКТЕПТЕРДЕ “АТМОСФЕРАЛЫҚ ҚЫСЫМ. ТОРРИЧЕЛЛИ ТӘЖІРИБЕСІ»
ТАҚЫРЫБЫН БЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ
The paper gives a method of teaching the topic «The atmospheric pressure. Torricelli experience «in the7th grade.
Қазіргі уақытта орта мектептер бірнеше түрлерге бөлінеді. Оның ішінде гуманитарлық бағытта
жұмыс істейтін орта мектептерде жаратылыстану пәндері, атап айтқанда, физика, математика, информатика, химия тағы да сол сияқты пәндер өте аз көлемде оқытылады. Осыған байланысты ауқымды тараулар мен тақырыптарды қысып, бір сағаттың ішінде беруге тура келеді. Ал бұл, әрине, өз ретінде оқушылардың білім деңгейіне айтарлықтай әсерін тигізеді.
Жылдан-жылға дамып келе жатқан мемлекетімізде техника, жаратылыстану ғылымдары
мамандықтарына қызығушылық артып отырғанын білеміз, сондықтан да физика пәнінің әрбір
тақырыбы маңызды.
Гидро және аэростатика бөлімі орта мектеп курсының тек жетінші сыныбында ғана оқытылады. Сол себепті бұл тақырыпты өткен кезде оқушыларға ескерте отырып анықтамасына, өрнектеріне, физикалық шамалардың өлшем бірлігіне көңіл бөліп, заңдарын, өлшеу құралдарының жұмыс істеу принципін дұрыс түсіне білуге ерекше мән берулеріне көңіл бөлдіру қажет.
Гидро және аэростатика бөлімінің маңызды тақырыптарының бірі «Атмосфералық қысым және Торричелли тәжірибесі» тақырыбын өту барысында оқушыларға атмосфера дегеніміздің не екені туралы түсінік бере отырып, оның жер бетіне, жер бетіндегі денеге қысым түсіретіндігін, оны өлшеген ғалым және оның тәжірибесі туралы түсіндіру мақсат болып табылады.
Сонымен қатар, сабақ барысында оқушылардың тек білім деңгейін ғана дамытып қоймай, ой-
өрісін кеңейту, өз бетімен іздену, шығармашылық дағдыларын, сөйлеу дағдысын және таным белсенділігін дамытуға дағдыландыру қажет.
Белгілі әдістеме бойынша жаңа тақырып беріліп отырғандықтан және бұрын өткен сабақты бекіту мақсатында аралас сабақ түрінде деңгейлеп, саралап өткізіледі.
Физика пәнінің «Атмосфералық қысым және Торричелли тәжірибесі» атты тақырыбы математика, информатика және сызу сабақтарымен тығыз байланысты.
Әрине, кез келген сабақты, оның ішінде құрал-жабдықтарды күнделікті қолданатын физика сабағын өткізер алдында қажеттілерін алдын ала дайындап, тексерістен өткізіп алу маңызды. Қарастырылып отырған тақырыпқа қажетті құралдар мен материалдар фолий, графопректор, электрондық оқулық, слайдтар, шырық (шприц), пипетка, груша, стакан, су, монометр, қатынас ыдыс, көтергіш стол, карточка болып табылады.
Әрбір мұғалім өткізетін сабағына дайын болуымен қатар, оған берілген уақытты тиімді пайдалана білуге міндетті. Сондықтан, алдын ала өткізетін сабағының жоспарын құру қажет. Ол сабақтың түріне, әдісіне байланысты әрқилы болады. Бұл мақалада аталмыш сабақты өткізу барысының бір барысын мысал ретінде беріп отырмыз.
1.Ұйымдастыру кезеңі;
2.Үй тапсырмасын қайталау;
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру;
4. Жаңа тақырыпты бекіту ;
5.Топпен жұмыс;
6. Есеп шығарту;
7. Үйге тапсырма беру;
8. Оқушылар білімін бағалау.
Сабақты ұйымдастыру кезеңі 1-2 мин. уақыт көлемінде жүргізіледі. Онда сыныптағы оқушылар тізім бойынша тексеріліп, олардың назарын сабаққа аудартады.
Үй тапсырмасын қайталау кезеңінде жаңа сабақты түсіндіру үшін алдымен қажетті анықтамалар мен ұғымдарды еске түсіріп алу мақсатында төмендегідей сұрақтар қойылады.
Қайталау сұрақтары:
· Қатынас ыдыс дегеніміз не?
· Үйде қатынас ыдыстардың қандай түрлері кездеседі?
· Қай уақытта сұйықтың еркін беті бір деңгейде болады?
· Қатынас ыдыс формуласын жаз.
· Сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымы қандай шамаларға тәуелді?
Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі қайталау сұрақтарына жауап алған соң, жаңа сабақты беру үшін алдымен таным белсенділігін арттыру мақсатында үш тәжірибе [1] көрсетілумен басталады. Сол тәжірибелердің жүргізуін көрсетейік.
1. Әртүрлі тәсілдермен ыдыс ішіндегі ауа қысымы азайтылып, сыртқы қысым әсерінен сұйықтың ыдыс ішіне енетіндігін көрсететін тәжірибе. Ыдыс ішіндегі ауа қысымын пипетка, грушаларды қысу, ал шырықтың поршенін жоғары көтеру арқылы жүзеге асырамыз. Оған мынандай тәжірибелер көрсетуге болады.
· Шырық (шприц) арқылы сұйықтарды сору.
· Пипетка арқылы сұйықтарды сору.
· Груша арқылы сұйықтарды сору.
2. Құдықтың жұмыс істеу принціпін көрсету.
3. Субұрқақтың жұмыс істеу принціпін көрсету.
Бұл тәжірибелер көзбен көрініп, қолмен ұсталынғандықтан оқушылардың жадыларында жақсы сақталады. Ал сабақ соңында оқушылар алған теориялық білімдерінің негізінде қорытындыны өздері қорытып шығады [2].
Жаңа сабақты түсіндірудің екінші кезеңі электрондық оқулықты пайдалана отырып, Жерді қоршап жатқан ауа қабығын көрсетуден басталады.
Осы көріністен кейін сынып оқушыларына келесі сұрақ қойылады:
Сұрақ: Ауаның Жерге, Жер бетіндегі денелерге әсері бола ма?
Оқушылардың жауабынан соң тақырып баяндау әдісі арқылы, компьютерді пайдалана отырылып түсіндіріледі.
Жаңа тақырыпты беру: Атмосфера гректің «атмос» - «ауа», «сфера» - «шар» деген сөзінен шыққан. Атмосфера Жер бетіне, Жер бетіне таяу тұрған денелерге қысым түсіреді. Оны атмосфералық қысым деп атайды. Атмосфералық қысымды сұйық қысымын анықтаған Pgh формуласымен анықталмайды. Себебі, атмосфераның нақты шекарасы жоқ, жерден бірнеше мың километрден кейін атмосфера болмайды. Тығыздығы біркелкі емес.
Ең бірінші атмосфералық қысымды итальяндық ғалым Торричелли өлшеген. Ол ұзындығы 1 метр шыны түтік және табақша алған. Түтік пен табақшаның ішіне сынап құйған. Түтікшені бармағымен басып тұрып төңкеріп, табақша ішіндегі сынапқа батырған. Бармағын алғаннан кейін түтік ішіндегі сынаптың біразы төгіліп, ал қалған бөлігі қалай қарай қисайтса да төгілмеген. Тәжірибені Торричелли: «Түтіктің ішіндегі сынаптың қысымы табақ ішіндегі сынапқа ауа тарапынан түсетін қысымға теңелгенге дейін төгіледі де, теңелгеннен кейін қалай қарай қисайтса да төгілмейді. Түтік ішіндегі сынап қысымын оңай есептеуге болады. Сынаптың тығыздығы тұрақты, төгілмей қалған бөлігінің биіктігін сызғыш арқылы өлшеп, Pgh формуласы бойынша ауа қысымын анықтайды».
Түтіктің жанына өлшеуіш сызғыш қойып, атмосфералық қысымды өлшейтін сұйықты барометр приборын жасайды. (Бұл тәжірибені тікелей сынап арқылы оқушыларға жасатуға тыйым салынады!)
Тәжірибе компьютер, фолийдегі суреттерді графопроэктор көрсету арқылы түсіндіріледі.
Сұйықты барометр алып жүруге қолайсыз, сондықтан прибор жетілдірілді. Оны барометр деп
атайды.
Атмосфералық қысым күнделікті өмірде, медицина саласында, техникалық тұрмыста қолданылады.
Атмосфералық қысымның әсерін Могдебур шары арқылы көрсеткен.
Жаңа тақырыпты бекіту кезеңінде сынып оқушыларының білімін бекіту мақсатында сұрақтар
қойылады.
Бекіту сұрақтары:
1. Атмосфера дегеніміз не?
2. Атмосфералық қысым әсерлері қандай?
3. Оны алғаш рет кім өлшеді?
4. Өлшеу үшін қандай тәжірибе жасалды?
5. Өмірде атмосфералық қысымның ескерілетін орындары қандай?
Топпен жұмыс кезеңі сабақ 7-сыныпта өтіп жатқандықтан олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ары қарай сабақ жарыс түрінде жалғастырылады. Ол сынып оқушыларының білімдерін бекітіп, есте сақтауын жақсартумен қоса, жауапкершілікке, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелейді.
· Сынып оқушылары тең бес топқа бөлінеді. Әр топқа карточка арқылы тапсырмалар таратыла-
ды. Мысалға бір топқа берілетін тапсырмалар төмендегідей болады:
1. Газдың қысым түсіретіндігін көрсететін құбылысты баяндаңыз.
2. 0,2 м. ауданға 50 Н. күш әсер етеді. Қысымды есептеңіз.
3. Сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін өрнегін жаз.
· Сыныпты сергіту мақсатында «Қызықты сұрақтар» қойылады:
1. Егер кеседегі судың барлығын ішіп қойсақ ішінде не қалады? (Ауа)
2. Қандай ыдысқа су құйылмайды? (Толы)
3. Орнынан қозғалмай не өтіп жатыр? (Уақыт)
4. Қай ыдыстағы судың салқын екендігін қол тигізбей қалай білуге болады? (сыртқы түрінен)
5. Айда неге дыбыс естілмейді? (Ауа жоқ) [3].
Ойын ойнатылып болғаннан кейін слайд арқылы итальяндық ғалым Торричеллидің өмірін, ашқан жаңалықтары мен еңбектерін қысқа айта кету де артық етпейді.
Мысалы, Торричелли Галлилейдің оқушысы болғаны жайлы, оның 39 жасында дүниеден озғандығы жайлы. Және қайтыс боларынан бір жыл бұрын оптикалық приборларға линзаны өзі дайындағаны жайлы мәліметтер беруге болады.
Флоренциядағы ғылым тарихы музейінде оның 83 миллиметрлік линзасы әлі де сақталуда. Ол
қайтыс болғаннан кейін астраномдар оны телескопқа салып, талай таластың себепшісі болып
жүрген Сатурнды көріп қана қоймай, планета сақинасының көлеңкесін де байқай алған. Ал сол ке-
зде дайындаған линзасы жайлы қазіргі заман физигі Мишель Рузе дифракционді тордың көмегімен
жасалған тәжірибелерінен кейін журналистерге ол линзаның сапасы қазіргі линзалардың сапасынан әлдеқайда жоғары екендігін айтқан.
Есеп шығарту кезеңі алған теориялық білімдерін практикада бекіту мақсатында сынып оқушыларына екі немесе үш есептің шығарылуын көрсету қажет. Және де қолданылатын жерлерін барынша ашып беруге тырысамыз. Төменде екі бір-бірінен өзгеше жағдай табиғат пен өндірістегі атмосфералық қысымды есептеу жаттығулары көрсетілген. Сонымен қатар, оқушыларға бұл формулалар алдыңғы сабақтарда (мысалға, атмосфералық қысым күші) қолданылатындығын ескертіп айта кеткен дұрыс.
1. Егер баған биіктігі 10 м., ал тығыздығы 800 кг/м3 болса, цистерна түбіндігі мұнайдың
қысымын табыңыз:
Берілгені:
h 10 м
800к / м 3
p ?
Шешуі:
P gh
g 10 H / к
3
P 800 к / м10 H / к10 м
P 80000 Pa 80 kPa
Жауабы: P 80 kPa .
2. Тереңдігі 11022 м. болатын Мариан қазан шұңқырындағы судың қысымын анықтаңыз. Судың
тығыздығын 1030 кг/м3-ге тең деп есептейміз.
Берілгені:
h 11022 м
1030к / м
Шешуі:
P
g 10H / к
P 1030 к / м3 10 H / к 11022 м 113526600 Па
Жауабы: P 113,5MPa[4].
Артынша сынып оқушыларын тақтаға шақырып, бекіту мақсатында есептерді шығарту қажет (Мысалы, Башарұлы Р., Тоқбергенова У., Қазақбаева Д. Физика және астрономия. -Алматы: Атамұра, 2007., Перельман Я. Қызықты физика. -Алматы: Қазақтың мемл.оқу құралдар баспасы, 1951. т.б. оқулықтарды пайдалана отырып). Сонымен қатар, қосымша оқулықтардан есептер шығартуға болады (Косов Н., Сәметқызы М. Молекулалық физика. Оқулыққа қосымша құрал. - Алматы: Рауан, 1997., Перельман Я. Қызықты физика. -Алматы: Қазақтың мемл.оқу құралдар баспасы, 1951., Рымкевич А. П. Физика есептерiнiң жинағы. -Алматы: Мектеп, 1987., Байтасов У., Қарабеков Н. Кванттық механикадан жаттығу есептері. -Алматы: РБК, 1991. т.б.). Соңында сол оқулықтар бойынша үйге тапсырмалар беріледі. Оқушылардың білімін бағалау кезеңінде үй тапсырмасына жауап берулеріне, сабаққа қатысуларына, сұраққа жауап беруіне қарап оқушылардың әрқайсысының фотосуретін слайдтан көрсете отырып, диаграммаға салып бағаланады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Башарұлы Р., Тоқбергенова У., Қазақбаева Д. Физика және астрономия. -Алматы: Атамұра, 2007.
2. Чеботарева А.В. Оқушылардың 6-7 кластарда физикадан орындайтын өзіндік жұмыстары. Дидакт.мате-
риал: Мұғалімдерге арналған құрал. -Алматы: Мектеп, 1989. -159 б.
3. Лукашик В.И. Физикадан есептер жинағы. 7-8 сынып. –М.: Просвещение, 1994-2001.
4. Косов Н., Сәметқызы М. Молекулалық физика. Оқулыққа қосымша құрал. - Алматы: Рауан, 1997. -92 б.
Редакцияға 20.06.2011 қабылданды.
Достарыңызбен бөлісу: |