Білімділік: Оқушыларға PowerPoint бағдарламасын қолдана отырып
слайд-шоу құру жолдарын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушының ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытудың тиімді тәсілдерін қолданып, танымдық қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Өз ойын еркін жеткізе алатын, өз бетінше жұмысты жоғары деңгейде орындай білетін, жауапкершілік қасиеттері қалыптасқан қабілетті тұлға қалыптастыру, адамгершілікке, инабаттылыққа, отан сүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу.
1.PowerPoint бағдарламасының басқа бағдарламалардан ерекшелігі неде?
2.Слайдтар макетін ашу үшін қай команда орындалады?
3.Анимациялық күйге келтіру қандай командалар арқылы орындалады?
4.Жұмыс аймағы неше бөліктен тұрады?
5.Шаблон көмегімен қалай безендіреміз?
6.Слайдқа дайын суретті қалай кірістіреміз?
7.Слайдтар макетінде слайдтар саны неше?
8.Презентация дегенимиз не?
9.Дайын презентацияны көру үшін қай пернені басамыз?
10.PowerPoint бағдарламасын жүктеу жолы.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Информатика жаңа ғылым саласы,
Компьютер ол барлық пәннің панасы.
Программа құруға жүйрік болсаң жасыңнан,
Информатика пәніне орын бергін басыңнан.
дегендей қазір бізде қай сабақ?
- Информатика сабағы.
ИНФОРМАТИКА
Олай болса, «Информатика» деген ұғым нені
білдіреді екен мына тірек сызбадан еске түсірсек.
Ғылыми жұмыс КомпьютерҒылым
Программа құрастыру
Шығармашылық жұмыс
Оқулық
Алдыңғы сабақта біз слайдқа сурет қою тақырыбын өткен болатынбыз. Енді бүгін PowerPoint бағдарламасында слайдқа кесте құру жолдарын өтеміз. Кесте құру үшін ең алдымен Формат Разметка слайды командасын беріп слайд макетін ашып, Кесте құру слайдын таңдаймыз.Ол үшін сол слайдқа тінтуірді апарып оң жақтағы белгішесін басып Применить к выделенным слайдам қатарын таңдаймыз. Өзімізге қажетті кестеге қатар мен бағана сан ретін беріп ОК батырмасын басамыз. Дайын болған кесте ішіне күнтізбе, сабақ кестесі, компьютерлердің шығу тарихын және т.б. көптеген жұмыстар орындауымызға болады.