Бағдарламасы мектеп тренеріне арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет1/163
Дата05.08.2020
өлшемі1,1 Mb.
#76190
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   163
Байланысты:
билеты по истории Казахстана, Презентация, Презентация, Презентация, Презентация, Презентация, Презентация, «Двадцать Вершин Независимости»


Center
of Excellence
«Тәжірибедегі рефлексия»  
жалпы білім беретін мектептердегі педагогика  
кадрларының кәсіби даму бағдарламасы 
МЕКТЕП ТРЕНЕРІНЕ АРНАЛҒАН 
 
НҰСҚАУЛЫҚ


Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығының
Әдістемелік кеңесі ұсынған
© «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016
Барлық  құқықтар  қорғалған.  Осы  басылымды  кез  келген  түрінде  және  кез  келген 
құралдармен,  фотокөшірмені  және  кез  келген  электронды  нысанды  қоса  алғанда,  авторлық 
құқық иесінің жазбаша рұқсатынсыз толық немесе ішінара басып шығаруға немесе таратуға 
тыйым салынады.


| 3 |
Center
of Excellence
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ..............................................................................................................................................4
МҰҒАЛІМДЕРДІ ӨЗГЕРМЕЛІ ӨМІРГЕ ДАЙЫНДАУ.................................................................5
МЕКТЕП ТРЕНЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОҚЫТУ ҚАҒИДАТТАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ  
ТУРАЛЫ НҰСҚАУ.............................................................................................................................7
ОҚУ ЖОСПАРЫ...............................................................................................................................15
САБАҚ ЖОСПАРЛАРЫ..................................................................................................................17
МҰҒАЛІМДЕРДІ БАҒАЛАУ...........................................................................................................50
БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ...............................................................................................................51


| 4 |
КІРІСПЕ
Осы  «Тренерге  арналған  нұсқаулық»  «Тәжірибедегі  рефлексия»  жалпы  білім  беретін 
мектептердегі  педагогика  кадрларының  кәсіби  даму  бағдарламасының  (бұдан  әрі  – 
Бағдарлама) оқу-әдістемелік кешенінің негізгі құжаттарының бірі болып табылады және оның 
басымдықтарының  негізінде  әзірленген.  «Тренерге  арналған  нұсқаулық»  –  Бағдарламаның 
түйінді идеяларын ұғынуға көмектесетін, оның мақсаттарымен, міндеттерімен, инновациялық 
әдіс-тәсілдерімен,  күтілетін  нәтижелерімен  таныстыратын,  сондай-ақ  тренерге  мұғалімнің 
оларды игерудегі жетістіктерін бағалаудың тиімді жүйесін ұсынатын құжат.
Бағдарламаның  өзектілігі  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011–
2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттарымен және міндеттерімен 
үйлеседі,  ал  мемлекеттік  бағдарламаның  басымдықтары,  өз  кезегінде  білім  беру  саласында 
көш  басында  келетін  Финляндия,  Сингапур  және  Ұлыбритания  секілді  прогресшіл  елдерге 
тән  заманауи  мақсаттармен  және  құндылықтар  жүйесімен  барабар  [1].  Бағдарламаның 
жетекші мақсаты әрбір ел үшін маңызды болып табылатын рухани, мәдени және адамгершілік 
құндылықтардың негізінде жастарды өз елінің мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу; екіншіден 
(бұл  да  маңызды  аспект)  –  жастарды  жылдам  өзгеріп  жатқан  әлемде  өзіне  сенімді  және 
табысты болуға мүмкіндік беретін дағдылары мен түсініктерін дамытуға, өмірлік жағдайларда 
өз білімдерін қолдануға ықпалын тигізетін сын тұрғысынан ойлауға үйретуді қамтиды.
Бүгінгі  таңда  алға  қойылған  мақсаттарды  іске  асыруда  басты  рөлді  мұғалімнің 
атқаратындығы туралы тұжырымға ешкім қарсы шыға қоймас. Білім беру саласында жүргізілген 
әлемдік зерттеулердің нәтижелері тиісті кәсіптік қасиеттерге ие, оқыту және оқу үдерістерінің 
қажетті  дағдылары  мен  терең  түсініктерін  игерген  мұғалімдер  жастардың  білімін  сапалық 
тұрғыдан өзгерте алатынын көрсетіп отыр [2].
Тренер ретінде мұғалімдерді оқыту үдерісінде сол мұғалімдердің практикалық тәжірибелерін 
пайдалану осы Бағдарламаның теориялық негіздерін отандық оқыту тәжірибесіне ойдағыдай 
бейімдеуге болатындығының шынайы дәлелдемесі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет