Бағдарламасы не үшін керек? Және қалай қолдана аламыз?



Дата07.02.2022
өлшемі2,47 Mb.
#91267
түріБағдарламасы
Байланысты:
Sdo.kz


SDO.KZ бағдарламасы не үшін керек? Және қалай қолдана аламыз?

Жалпы Sdo.kz бағдарламасы оқытушылар үшін де, оқушы - студенттер үшін де тиімді болып келеді.


Бағдарламаны қолдану үшін алдымен, Sdo.kz деген сайтқа кіреміз. Төменде көрсетілген бет ашылады. Көрсетілген бетте оқытушылардың осы бағдарламаны қолданып жасаған сабақтарын, тест тапсырмаларын, көре аламыз. Біз, ТІРКЕЛУ бөлімінен бастаймыз.



Тіркелу бөліміне кірген соң төмендегі бет ашылады. Бұл бағдарламаға алдымен, оқытушылар тіркеліп, кейін өзі сабақ беретін оқушы- студенттерге логин парольдерін таратады. Көрсетілген мәліметті дұрыстап толтырып, САҚТАУ дегенді басамыз.



Мысалы, осылай толтырамыз.

Тіркелгеніңізді білу үшін төмендегі жазуға мән бересіз: «СӘТТІ ТІРКЕДІҢІЗ!»


Осы сөз шыққаннан кейін, оң жақ шеттегі «КІРУ» сөзінің үстін басамыз.

Кіру сөзін басқан соң, төмендегі бет ашылады. Осы жерге сіз өзіңіздің ЛОГИН және ҚҰПИЯ СӨЗІҢІЗДІ жазып кіре аласыз.



Міне, кірдік. Бұл жерде, көріп отырғандарыңыздай оқулықты да, тапсырманы да, бейне дәрістерді де, тестті де енгізе аласыз.
ЕСКЕРТУ! Көрсетілген мүмкіндіктерді тек «ТОПТЫ ЕНГІЗУ», «ПӘНДІ ЕНГІЗУ», «ОҚУШЫНЫ ЕНГІЗУ» бөлімдері орындалғаннан кейін ғана қолдана аласыз.

«ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ» бөлімінде осындай кітаптар бар. Өзіңіз де қосымша кітаптарды енгізе аласыз.



Төменде «ТОПТЫ ЕНГІЗУ» бөлімі ашылып тұр. Мұнда, сыныпты енгіземіз және «САҚТАУ» сөзін басамыз.





Көріп отырғаныңыздай, сыныптың енгізілгеніне көз жеткізесіз.





Келесі, «ПӘНДІ ЕНГІЗУ» бөлімінде осылай толтырамыз, және өткізетін пәніңіз қай түрде болатынын таңдайсыз. Егер бір сыныпқа осы көрсетілген сабақ түрінің барлығын қолданғыңыз келсе, онда сол пәнді сабақ түрі үшін енгізе бересіз.




Жоғарыда «ОҚУШЫНЫ ЕНГІЗУ» бөлімі көрсетілген. Атап өткендей, сіз оқушыларыңыз немесе студенттеріңізге өзіңіз парақша ашып бересіз.



«ТАПСЫРМА БЕРУ» бөлімінде файл жүктей аласыз.

Төмендегідей сақталып, экран бетінде тұрады.





«ТЕСТТІ ЕНГІЗУ» бөлімі. Бұл бөлімде алдымен тест нұсқасын енгіземіз. Ол үшін төмендегі мәіметтерді толтырамыз, және «НҰСҚА ЕНГІЗУ» сөзінің үстін басамыз.

Енді, тест құрастыруға болады. Ол үшін көрсетілген мәліметтерді толтырамыз.



Енді, сұрақтарын енгіземіз. Жауап 8 немесе 5 жауаптан құралады. Қалауыңызға қарай.


Сұрақты жазып, кейін жауап нұсқаларын енгізіп, астыңғы жағында «Дұрыс жауап» дегенге сұрақтың тек дұрыс нұсқасын енгіземіз. Келесі сұраққа өтеміз.

Мысалы, төмендегідей етіп толтырылады.



Сұрақтарды енгізіп болған соң, «САҚТАУ» сөзін басасыз.
Тестті оқушылар орындағаннан кейін, «СТАТИСТИКА » бөлімінде оқушылардың қанша сұраққа дұрыс жауап бергені көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет