Семинар сабақтарын жүргізу жолдары



Дата11.01.2017
өлшемі80,24 Kb.
#7255
Қожамқұлова Ж.Ж., Нүсіпбекова А.
Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕР АРҚЫЛЫ ДӘРІС, СЕМИНАР САБАҚТАРЫН ЖҮРГІЗУ ЖОЛДАРЫ

Қазіргі таңдағы технологиялардың дамыған кезеңінде инновациялық әдістермен оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану арқылы студенттердің ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамыту өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Интербелсенді оқу/оқыту бірінші мезетте білім игеру процесіне қатысушылардың тиімді қарым-қатынасына негізделеді.Ағылшын тілінен келген «интерактив» сөзі де осы ұғымды білдіреді: «inter» дегеніміз «өзара» мағынасында, ал «akt» -«әрекет жасау» дегенді білдіреді. Басқаша айтқанда, «интербелсенді» дегеніміз біреумен қоян-қолтық қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру.«Интербелсенді» дегеніміз диалог арқылы үйрену/үйрету, яғни «үйретуші – үйренуші», «үйренуші – үйренуші», «үйренуші - өзімен өзі» форматтарында жасаған қарым-қатынас («әңгіме», «сұхбат», «бірлескен әрекеттер»).

Интербелсенді оқыту білім игеру процесін келесідей ұйымдастыруға ынталы:

- барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді арласуға мүмкіндік жасау;

- әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін

ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғануына мүмкіндік жасау;

- үйренушілер білімді өздігімен құрастыратын орта құру;

- терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;

- өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;

- оқу барысында жеке басының құндылықтары мен сенімдерін қалыптастырып, белсенді өмірлік бағытын (көзқарас, дүниетаным) ұстану;

- пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу. Бұл тұлғаның тұрақты қасиеттеріне айналып, тек студенттердің аудиториясында ғана орын алып қана қоймай, сонымен бірге өмірдің басқа да жақтарынан тиянақты түрде көрінеді [1, 63-64бб.]. Бұдан жасайтын қорытынды жоғары оқу орындарында интербелсенді оқу /оқыту білім игеру процесін ұйымдастыруда студенттердің барлығын дәріс, семинар және өзіндік жұмыс сабақтарында бірлескен таным процесіне белсенді араласуға, жеке студенттің өзінің үйренгені мен білімін ортаға салып талқылау,өз ойларын талдауға, пікірталас, өз пікірін дәлелдеу және т.б. негізде ұйымдастыруға болады.

Интерактивті әдістерді қолдану арқылы интербелсенді дәріс, семинар сабақтарында студенттердің белседілігін арттыру тиімді екендігі бәрімізге белгілі.

Қазіргі кезеңдегі технологиялардың дамуы барысында ұстаздардың рөлін түбегейлі өзгерту мүмкіндік туды, ұстаз тек қана білімді алып, жүруші ғана емес, сонымен қатар студенттердің өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі.

Интерактивті әдістерге: топпен жұмыс, пікір–таластар, проблемалық шығарма әдістері, презентациялар, рөльдік ойындар, блиц-сұрақтар әдісі, кейс – стадийлер, миға шабуыл әдісі, викториналар, мини зерттеулер, іскерлік ойындар, инсерт әдісі, анкета алу әдісі және т.б. жатады.

Көрсетілген интербелсенді әдістерді қолдану арқылы жоғарғы оқу орындарындағы дәріс, семинар (практикалық), студенттің өзіндік жұмыстар (СӨЖ) сабағын жаңаша ұйымдастыру, оқытушының рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, ғылыми теориялық, педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, студенттерді елжандылыққа, саналылыққа, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

ЖОО интербелсенді сабақтарын өту жолдарына тоқталмас бұрын дәріс сабағына тоқталсақ, дәріс (лекция) сабағы дегеніміз – жаңа материалдағы негізгі теориялық мәселелердің мазмұны терең, жүйелі, бірізділікпен ашып көрсетіледі. Сондай–ақ дәрісте тың, маңызды жаңалықтар, түрлі көзқарастар мен даулы мәселелер нанымды түрде баяндалады. Дәріс тақырыбы неғұрлым айқын, проблемалы, пікірсайыс түрінде өтілсе, қойылған сұрақтарға дайын жауап болмай, оны студент өздігінен ізденіп, тапса сабақтың тиімділігі жоғары болады [2,10 б.].

Заманауи талаптарға сай соңғы жылдары ақпараттық технологиялардың білім беру үрдісінде кең құлаш жаюы мен жаһандану заманында оқыту әдісі мен тәсілдері едәуір өзгерістерге ұшырап, жаңашыл әдістер көптеп қолданылуда. Дәстүрлі «білім беру» өз мақсаты мен мағынасын нақты белгіленген білім жиынтығын игерумен шектейді. Ал инновациялық көзқарас оқу (үйренудің) негізін тек пәндер ғана емес, ойлау мен рефлексияға негізделген интербелсенді әдістер құрауы керек деп түсінеді. Интербелсенді әдістер педагогикалық тәсілдердің өзгеруіне алып келіп, білім алушылардың өздік және өзіндік дамуына, олардың өз мүмкіншіліктері мен ұстанған құндылықтарын түсінуге және бағалауға жетелейді.

Дәріс сабағын оқытуда қолданылатын әдістерге әңгімелеу әдісі, түсіндіру әдісі, баяндау әдісі, әңгімелесу әдісі, проблемалық баяндау әдісі және тағы басқалар жатады. Жалпы жоғары оқу орындарында «Универ жүйесіндегі» алдын- ала оқу жүктемесі негізінде бөлінген пән бойынша ОӘК-ні, яғни сол пәнінің дәріс, семинар, студенттің өзіндік жұмыс, тест тапсырмалары, емтихан, реферат тақырыптары, пәнге байланысты барлық материалдары сайдқа салынып, онымен топ студенттерінің әрбірі пайдалана алады. Барлық материалдармен таныс студент дәріс сабағында, оқытушының баяндау, әңгімелеу әдістері арқылы олардың пәнге деген қызығушылығын тудырмауы мүмкін, сондықтан оны белсенді, қызықты өту үшін оқытушы дәстүрлі емес әдістерді: топқа бөлу, тақырыпқа байланысты өзекті сұрақтар қою, пікірталас әдістерін қоса қолданса аудиторияның барлығы толық қамтылып, оқытушы мен студент, студент пен студент арасында қатынас болып,әрбір студент өз ойын толық жеткізе алады, бір –бірімен пікір таластыра алады. Сонда ғана дәріс сабағы қарым - қатынас үрдісіне негізделген оқыту – интерактивті әдістер арқылы студенттің белсенділігін арттырып, сабаққа қызығушылығы мен өз бетінше ізденушілігі арқасында жаңа дереккөздерімен жұмыс жасауға және оның белгілі бір тақырыпқа байланысты шығармашылық жұмыс жасауына жол ашады. Ал проблемалық баяндауда аудиторияға проблемалық ситуация жасау арқылы, проблемалық сұрақтар мен тапсырмалар қою, танымдық тапсырмалар беру және оған студенттің жауап беруге немесе шешуге (әрекет жасауы) тырысуы жатады. Бұл арқылы студенттердің танымдық-шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал жасап, проблемалық ситуацияда игерген білімі мен біліктің нәтижесінде ол жаңа әдістерді немесе жаңаны іздеуге, талпыныс жасайды.

Дәріс сабағында оқыту үрдісі тиімді болу үшін 3 жақты қарым –қатынас болуы керек, олар: ақпараттық (ақпараттың берілу және сақталуы), интерактивті (біріккен іс–әрекетте өзара әсердің ұйымдастырылуы), перцентивті оқыту (адамның басқа адамды қабылдауы және түсінуі).

Интербелсенді дәріс сабағында оқытудың интерактивтік тәсілдеріне: ашық сұрақтарды қою іскерлігі (біріккен дұрыс жауапқа алдын-ала бағытталған жауапта емес, мәселе бойынша әртүрлі көзқарастарды айтуы); оқытушы дәріс беріп қана қоймай соныменбірге студенттерге сабақ барысында «дұрыс» және «дұрыс емес» көзқарастарын батыл, қорқынышсыз айтуларына мүмкіндік беретін байтарап ретінде анықтауы,сабақтың қалай және неге жүзеге асатының түсінуге көмек беретін сабақты өзіндік талдауға дайындық, қай жерде өзара әрекеттесу «тоқырап» қалды, бұл қандай жағдаймен байланысты болады; сабақтың өту жағдайын, оның нәтижелігін қадағалауға мүмкіндік беретін ескертулерді тіркеу болып табылады. Дәріс сабағында теориялық білімді игерту мен жаңғырту және жаңа жағдайға іс жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана студенттердің алған білімі мен біліктілігі шынайы да нақтылы қалыптасады. Осындай жолмен қалыптасқан білім мен біліктіліктің танымдық маңызы да зор деген ойдамыз.

Жоғары оқу орындарында интербелсенді семинар (практикалық) сабағын өтуде оқыту әдістерінің интерактивті түрлерін пайдалануға болады. Интерактивті оқыту әдістерінің түрлері: топтармен жұмыс, пікірталас, оқу пікірсайысы; «Сократтық ойындар», ойындық жобалау; ми шабуылы, дөңгелек үстел, конференция сабақ және тағы басқалар жатады [1, 163б.]. Көрсетілген интерактивті әдістердің кейбірінің семинар (практикалық) сабақта қолданылуына тоқталып өтсек. Интербелсенді семинар сабағында интерактивті оқыту әдістерін қолданудың негізгі мақсаты оқытылып отырған курстағы мәселелерді студенттердің меңгеру денгейін, олардың ұстанымдары қаншалықты нық екендігін анықтау және бүгінгі күндегі күрделі, өзекті мәселелерді талдауға, өзіндік пікір айтуға, іздене білу қабілеттерін шындау болып табылады.

Белсенді әдістердің семинар сабақтарында пайдаланылатын тиімді түрлеріне: пікірсайыс семинар, семинар пресс-конференция болып табылады. Пікірсайыс семинардың бірнеше түрі бар, олар: құрылымдық немесе регламенттік пікірсайыс, ойындық модельдеу элементтермен сипатталатын пікірсайыс, жобалық мәселені талқылау болып бөлінеді. Жобалық мәселені талқылау пікірсайыс семинарға қатысатын әрбір студент үшін, топтың алдын–ала және тиянақты дайындығын қажет етеді. Сабақтың нәтижелі, әрі қызықты болып өтуі үшін оқытушы семинардың мәселелері бойынша алдын ала опоненттерді дайындап қояды. Пікірсайыс барысында оппонент студенттердің дайындалған мәселелерді шешу үшін студенттердің тақырыптың мәселелері бойынша толық дайындалуларына тура келеді.

Пікірсайыс семинарында тақырыптың көтеріп отырған мәселелері бойынша алдын–ала дайындалған тезистер ұсынуға болады. Сондықтан студенттердің семинарда жұмыс жасауының белсенділігін арттыру үшін дисскуссиялық мәселе бойынша екі түрлі пікірлерді ұсынатын баяндамалар, яғни біріне–бірі қарама қарсы баяндама жасауы туралы тапсырма берілуі қажет. Пікірсайыс семинарына дайындықтың негізгі кезеңі, басқа да семинар түрлеріне дайындық секілді студенттердің өз бетінше алғашқы дерек көздерімен және семинарға ұсынылатын әдебиеттермен тыңғылықты жұмыс жасауы болып табылады. Пікірсайыс семинар сабағында жоспар бойынша қаралатын сұрақтардан да басқа жақсы құрастырылған және нақты шиеленіс тудыратын мәселеге байланысты қосымша сұрақтар бойынша студенттің ізденуі мен дайындалуына жол салады. Пікірсайыс семинар сабағының өту барысына тоқталсақ, ол алдымен диспут арқылы, яғни диспут дегеніміз - ол ойлардың қақтығысы, яғни белгілі тақырып бойынша топтарға бөлінген студенттер өз көзқарасын қорғап шығу болып табылады. Пікірсайыстың қызықты өтуі баяндамашыға байланысты, егер ол нақты мәселені дәл айтып, қажетті аргументтермен дәлелдей алса, аудиторияда көтеріліп отырған мәселені шешуге байланысты қызығушылықтарын танытады. Ал студент пікірсайыстың барысын бақылап, егер теориялық тұрғыдан қателіктер болса бірден жөндеп отыруға міндетті. Көңіл аударатын мәселе пікірлердің қысқалығына, мазмұндылығына және образдығына мән берілуі керек. Пікірсайыстың дұрыс бағытталуына нақты және уақытында қойылатын қосымша сұрақтарға да байланысты. Пікірсайыс семинар сабағына байланысты оқытушының сұрақтары: нақтылық, мағыналық және сұрақтың мәселеге байланыстылығы сияқты ережелерді ұстануы керек. Оқытушы пікірсайыс семинар кезінде айтылған дәлелдерге және идеяларға қайта орала отырып, қорытынды жасап, балдық жүйемен бағалайды.

Сонымен интербелсенді семинар сабағында оқытушы интерактивті әдістерді қолдану арқылы студенттің еркін ойлануына, ақыл-ойын дамыуға, шығармашылық белсенділігін арттыруға, ұжымдық іс-әрекетке, тіл байлығын жетілдіруге, жан-жақты ізденушілігін арттыруға жағдай жасайды. Ал оқытушы үшін тиімділігі, ол түрлі әдістерді пайдалану арқылы сабақтың мәнін терең ашуға, аудиторияны толық қамтуға, әр студенттің білім деңгейін анықтауға, оларды ізденіске, шығармашылыққа, өз бетінше жұмыс істеуге және барлығын бағалауға болады. Интербелсенді әдістер білім алушылардың өздік және өзіндік дамуына, олардың өз мүмкіншіліктері мен ұстанған құндылықтарын түсінуге және бағалауға жетелейді.

Елбасы, Н.Ә.Назарбаев: «...Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру-бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры-ұстаздардың қолында» деп, атап көрсеткендей, бүгінгі ұстаздар қауымы алдында үлкен міндет жүктелгенін байқаймыз. Егер, өткен уақыттарда таным процесін біз «білім беру», «оқыту», «үйрету» деп түсінсек, бүгінгі уақытта бұл түсініктерді «білім алу/игеру», «оқу», «үйрену» деп өзгерту керек. Мұндай ұстаным бүгінгі күні әлемде жүріп жатқан жоғары оқу жүйесінде Балонья үдерісінің идеяларын толық қамтып, өзінің мазмұнын осы үдеріспен байланыстыруы ЖОО-ның жұмыстарына елеулі өзгерістер енгізуді талап етеді.


Пайдаланған әдебиеттер


1. Әлімов А. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. Алматы -2013. 448 б.

2. Аймухамбетова С.А. Интерактивные методы учебной деятельности. –Қазақстан жоғарғы мектебі, 2010, №1(83).
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет