БАҒдарламасы семей 2013 Алғы сөз 1 ҚҰрастырылды



бет1/2
Дата06.07.2018
өлшемі287 Kb.
#47814
түріБағдарламасы
  1   2




ОӘК.042-18.38.40/01-2013

№ 1 басылым 11.09.2013 жыл

беттің -ші беті




5В073100 - «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі»

мамандығы үшін

«Физика 1», «Физика 2»
ПӘНДЕРІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей 2013


Алғы сөз
1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

Құрастырушы ___________ «____» ________ 2013 ж. А.Т. Рахимбердина «Физика» кафедрасының аға оқытушысы


2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 «Физика» кафедрасының отырысында

28 тамыз 2013 ж. Хаттама №1
Кафедра меңгерушісі _______ С.С.Маусымбаев
2.2. Физика-математика факультетінің оқу-әдістемелік бюросы кеңесі отырысында

« » 2013 ж. хаттама № 1


Төраға ________ К.А.Батырова
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында құпталып және баспаға ұсынылды

____ ____________2013 ж. хаттама №
ОӘК төрағасы ________ Г.К.Искакова
4 Алғаш рет енгізілді


МАЗМҰНЫ


  1. Қолданылу аумағы

  2. Нормативтік сілтемелер

  3. Жалпы мағлұматтар

  4. Оқу пәнінің мазмұны (модуль бойынша)

  5. Студенттердің өздік жұмысына арналған тақырыптар тізімі

  6. Пәннің оқу-әдістемелік картасы

  7. Оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтылу картасы

  8. Әдебиеттер


1. ҚОЛДАНУ АЙМАҒЫ


«Физика 1», «Физика 2» пәндерінің оқу-әдістемелік кешені 5В073100 - «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы үшін оқитын студенттерге арналған.

2. НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР


Аталған «Физика 1», «Физика 2» пәндерінің оқытушыға арналған оқу жұмыс бағдарламасы төмендегі құжаттарға сүйене отырып жасалынып, осы пән бойынша оқу процесін ұйымдастыру талаптарын тағайындайды:

Білім деңгейіне сәйкес келетін мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты;

- Мамандықтың типтік оқу жоспары 5В073100 – «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі»;

- СТУ 042-ГУ-4-2013 университет стандарты «Пәннің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге және рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар»

- ДП 042-1.01-2013 «Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы мен мазмұны»

3. ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР


3.1 Пәннің мазмұнының қысқаша сипаттамасы.

Физика 1

Механика. Кинематика. Материялық нүктенің және қатты дененің динамикасы. Сақталу заңдары. Арнайы салыстырмалылық теориясының элементтері. Тұтас орталар механикасының элементтері. Тербелістер мен толқындар. Молекулалық физика және термодинамика. Статистикалық физика және термодинамика. Статистикалық үлестірілу. Термодинамика негіздері. Тасымалдау құбылысы. Реал газдар. Электр және магнетизм. Электрстатика. Тұрақты электр тогы. Магниттік өріс. Заттағы магниттік өріс. Электрмагниттік индукция құбылысы. Максвелл теңдеулері. Электрмагниттік тербелістер.



Физика 2

Оптика. Сәулелік (геометриялық) оптика туралы түсінік. Жарық толқындардың қасиеттері. Интерференция, дифракция. Заттағы электрмагниттік толқындар, жарықтың дисперсиясы, поляризациясы. Кванттық физика. Жылулық сәулелену. Фотондар. Фотоэффект. Комптон эффектісі. Кванттық теориялардың негізгі идеяларын тәжірибе жүзінде тұжырымдау. Корпускулалы-толқындық екіжақтылық. Шредингер теңдеуі. Кванттық теориядағы атом және молекула. Өздігінен және ынталандырушы (стимулированное) сәулелену. Лазерлер. Кванттық статистиканың элементтері. Конденсацияланған күй. Төмен өлшемді жүйелер. Атом ядросы және элементар бөлшектер.

3.2. Осы курстың мақсаты физика туралы мағлұматтар алулары керек;

3.3.Осы пәннің негізгі мақсаты қарастыратын негізгі құбылыстар жайлы білімді, олардың өту ерекшеліктерін, негізгі ұғымдарды, физикалық шамаларды, олардың математикалық жазылуларын, өлшем бірліктерін; тәжірибелік әдістердің негіздерін және өлшеу нәтижелерін өңдеу туралы мағлұматтар алулары керек.

3.4. Оқытудың нәтижелері:

Курсты оқығаннан соң студент игеруі қажет:

негізгі құбылыстарды, олардың өту ерекшеліктерін, негізгі ұғымдарды, шамаларды, олардың математикалық жазылуларын, өлшем бірліктерін;тәжірибелік әдістердің негіздерін және өлшеу нәтижелерін өңдеуді; физика заңдарын нақты физикалық есептерге қолдануды, құралдармен жұмыс істеуді;

ұға білуі қажет:

негізгі физикалық заңдылықтарлы, олардың табиғатта байқалуын және техникада қолданылуын, олардың математикалық сипатталуын;

меңгеруі қажет:

физикалық приборлармен жұмыс істеуді, физиканың нақты есептерін шығаруды және оны физика заңдарымен байланыстыра білуді;

Курсты оқығаннан соң студент мынаны істей білуі қажет:

құбылыстың физикалық механизмін аша білуі, белгілі бір нақты процестерде

термодинамикалық параметрлердің өзгерісіне талдау жасай білуі,

- статистикалық әдісті қолдана білуі;

- құралдармен және жүйелердің негізгі параметрлерін өлшеу әдістерімен

жұмыс істей білуі;

- молекулалық жүйелермен істелінетін физикалық эксперименттердің

- техникасын меңгеруі, термодинамилық параметрлерді, тұрақтыларды

- процесс сипаттамаларын өлшей білуі, өлшеу нәтижесін бағалай білуі,

компьютерді қолдана білуі және өлшеу нәтижесінің статистикалық өңдеуінің нәтижесін ала білуі; молекулалық физика және термодинамика есептерін шығара білуі.

3.5. Курс пререквизиттері: математикалық анализ, дифференциалдық және интегралдық теңдеулер, аналитикалық геометрия және жоғарғы математика, векторлық және тензорлық анализ негіздері

3.6. Курс постреквизиттері: Электротехника, жылу техникасы.
Оқу жұмыс жоспарынан көшірме

1 кесте



Курс


Семестр

Кредит

Дәріс

Зерт. (сағ)

Машық

сабағы


СӨЖО (сағ)

ӨЖ

Барлығы (сағ)

Қорытынды бақылау түрі

1

2

3

15

15

15

22,5

67,5

135

Емтихан

2

3

3

15

15

15

22,5

67,5

135

емтихан


4. ОҚУ ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ (модуль бойынша)

2-кесте

Тақырыптын аты және мазмұны


Сағаттар

саны


1

2

Дәрістер

Физика 1

Модуль № 1 Механика. Тербелістер мен толқындар.

Дәріс № 1 Кіріспе. Кинематика. Механикалық қозғалыс материя қозғалысының қарапайым түрі екендігі. Кеңістік және уақыт. Санақ жүйесі. Материялық нүкте түсінігі. Материялық нүкте қозғалысын кинематикалық сипаттау. Қозғалыс заңы. Траектория теңдеуі. Жылдамдық және үдеу радиус-вектордың уақыт бойынша туындысы екендігі. Айналмалы қозғалыс кинематикасының элементтері. Қисық сызықты қозғалыс кезіндегі жылдамдық және үдеу. Бұрыштық жылдамдық және бұрыштық үдеу.

1

Дәріс № 2 Материалық нүкте және қатты дене динамикасы. Ньютон заңдары. Масса. Күш. Механикадағы күштер түрлері. Гравитациялық күштер. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы. Серпімділік күштері. Гук заңы. Үйкеліс күштері. Инерциялық санақ жүйелері. Салыстырмалылықтың механикалық принципі. Галилей түрлендірулері. Инерциялық емес санақ жүйелері. Абсолют қатты дене ұғымы. Қатты дененің күш моменті және инерция моменті. Қатты дененің қозғалмайтын оське қатысты айналмалы қозғалысы динамикасының теңдеуі. Штейнер теоремасы.

1

Дәріс № 3 Сақталу заңдары. Сақталу заңдары кеңістік және уақыттың симметриясының салдары екендігі. Материалдық нүктелер жүйесі. Сыртқы және ішкі күштер. Механикалық жүйенің массалар центрі (инерция центрі) және оның қозғалыс заңы. Импульстің сақталу заңы - табиғаттың іргелі заңы екендігі. Энергия қозғалыстар мен өзара әрекеттесуінің әр түрлерінің әмбебап өлшемі екендігі. Күш жұмысы және оның қисық сызықты интерграл арқылы берілетін өрнегі. Қуат. Механикалық жүйенің кинетикалық энергиясы және оның жүйеге түсірілетін сыртқы және ішкі күштердің жұмысымен байланысы. Сыртқы күш өрісіндегі материалдық нүктенің потен-циалдық энергиясы және оның материалдық нүктеге әсер ететін күшпен байланысы. Консервативті және консервативті емес күштер. Орталық күштер өрісінідегі қозғалыс. Механикадағы энергияның сақталу заңы. Импульс моменті. Импульс моментінің сақталу заңы. Гироскопиялық эффект.

1

Дәріс № 4 Арнайы салыстырмалылық теориясының элементтері. Эйнштейн постулаттары. Лоренц түрлендірулері. Түрленулердің инвариантылығы. Жылдам-дықтарды қосудың релятивстік заңы. Импульс пен энергияны релятивистік түрлендіру.

1

Дәріс № 5 Тұтас орталар механикасының элементтері. Тұтас орта туралы түсінік. Сұйықтар мен газдардың жалпы қасиеттері. Идеаль және тұтқыр сұйық. Бернулли теңдеуі. Сұйықтардың ламинарлық және турбуленттік ағыны. Стокс формуласы. Пуазейля формуласы. Серпімді кернеулер. Серпімді деформацияланған дененің энергиясы.

1

Модуль № 2 Молекулалық физика.

Дәріс № 6 Тербелістер мен толқындар. Гармониялық тербелістердің жалпы сипаттамалары. Серіппедегі жүк тербелістері. Математикалық маятник. Физикалық маятник. Тербелістерді қосу. Векторлық диаграмма. Өшу коэффициенті. Өшудің логарифмдік декременті. Синусоидалық күштің әсерінен болатын еріксіз тербелістер. Еріксіз тербелістер амплитудасы мен фазасы. Резонанс. Автотербелістер. Толқындық процестер. Толқындық қозғалыстың негізгі сипаттамалары. Толқын теңдеуі. Жазық толқын. Қума және тұрғын толқындар. Фазалық жылдамдық. Допплер эффектісі. Дыбыс. Ультрадыбыс.

1

Дәріс № 7 Статистикалық физика және тер-модинамика. Молекула-кинетикалық теория негіздері. Температураның молекула-кинетикалық мағынасы. Идеал газ молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы. Термодинамикалық параметрлер. Тепе-теңдік күйлері мен процестері, оларды термодинамикалық диаграммаларда бейне-леу. Газ заңдары. Идеал газдың күйінің теңдеуі. Статистикалық үлестірулер. Ықтималдық және флуктуациялар. Максвелл үлестіруі. Бөлшектердің жылулық қозғалыстарының жылдамдықтары. Сыртқы потенциалық өрістегі бөлшектер үшін Больцман үлестірілуі. Еркіндік дәрежелерінің саны. Энергияны еркіндік дәрежелері бойынша үлестіру. Идеал газдың ішкі энергиясы. Идеал газдардың жылу сиымдылықтарының молекула-кинетикалық теориясы және оның шектелінуі.

1

Дәріс № 8 Термодинамика негіздері. Термодинамиканың бірінші бастамасы. Изопроцестер. Қайтымды және қайтымсыз процестер. Карно циклі және оның ПӘК-і. Карно теоремасы. Энтропия. Термоди-намиканың екінші бастамасы және оның физикалық мағынасы. Термодинамиканың екінші бастамасын статистикалық түсіндіру. Тасымалдау құбылыстарының жалпы сипаттамасы. Соқтығысулардың орташа саны және еркін жолының орташа ұзындығы. Релаксация уақыты. Тасымалдау құбылыстарының: жылу өткізгіштік, ішкі үйкеліс (тұтқырлық), диффузияның молекула-кинетикалық теориясы. Тасымалдау коэффициенттері.

1

Дәріс № 9 Реал газдар. Молекулалардың эффективті диаметрі. Молекула аралық өзара әрекеттесу күштері. Ван-дер- Ваальс теңдеуі. Ван-дер-Ваальс изотермалары. Бірінші және екінші ретті фазалық ауысулар. Клапейрон-Клаузиус теңдеуі. Кризистік нүкте. Метатұрақты күйлер. Үштік нүкте.

1

Модуль № 3 Электр және магнетизм. Электромагниттік тербелістер.

Дәріс № 10 Электростатика. Электр зарядтарының өзара әсерлесуі. Электр зарядтарының сақталу заңы. Электр өрісі. . Электр өрісінің кернеулігі. Дербестік ұстанымы. Электрлік диполь. Вектор ағыны. Гаусс теоремасы. Электр өрістерінің кернеуліктерін есептеу үшін Гаусс теоремасын қолдану. Электр өрісінің жұмысы. Электр өрісінің айналмалылығы. Потенциал. Потенциалдың электроста-тикалық өріс кернеулігімен байланысы.

1

Дәріс № 11 Электростатикалық өрістегі өткізгіштер. Өткізгіштегі және өткізгіш бетіне жақын жердегі электр өрісі. Диэлектриктердің түрлері. Электрлік ығысу. Екі ортаның шекарасындағы шекаралық шарттар. Электр зарядтарының өзара әрекеттесу энергиясы. Зарядталған конденсатор және өткізгіштер жүйелерінің энергиясы. Электростатикалық өріс энергиясы. Электростатистикалық өріс энергиясының көлемдік тығыздығы.

1

Дәріс № 12Тұрақты электр тоғы. Электр тогы пайда болуының шарттары және жалпы сипаттамалары. Металдардың электр өткізгіштігінің классикалық электрондық теориясы. Дифференциальдық түрдегі Ом және Джоуль-Ленц заңдары. Бөгде күштер. Гальваникалық элементтің ЭҚК-і. Гальваникалық элементі бар тізбек бөлігі үшін жалпыланған Ом заңы. Кирхгоф ережелері. Газдағы электр тогы және плазмадағы электр тогы. Металдардың электр өткіштігінің классикалық электрондық теориясы. Дифференциалдық формадағы Ом және Джоул – Ленц заңдары. Бөгде күштер. Гальвани элементінің ЭҚК. Галвани элементі бар тізбек бөлігі үшін жалпылама Ом заңы. Кирхгоф ережелері.

1

Дәріс № 13 Магнит өрісі. Магнит индукциясы векторы. Суперпозиция принципі. Био-Савар-Лаплас заңы. Қарапайым жүйелердің магнит өрістерін есептеу. Лоренц күші. Магниттік өрістегі зарядталған бөлшектердің қозғалысы. Холл эффектісі. Ампер заңы. Магниттік өрістегі тогы бар орам. Рамкаға әсер етуші күштер моменті. Магниттік ағын. Магниттік өріске арналған Гаусс теоремасы. Тогы бар өткізгіштің магниттік өрісте орын ауыстыруы кезіндегі жұмыс. Магнетиктер. Магнетиктердің түрлері. Диамагнетиктер. Парамагнетиктер. Ферро-магнетиктер. Магниттік гистерезис. Кюри температурасы. Заттағы магнит өрісі үшін толық ток заңы.

1

Дәріс № 14 Электромагниттік индукция құбылысы.

Электромагниттік индукцияның негізгі заңы. Ленц ережесі. Өзара индукция және өздік индукция құбылысы. Ұзын соленоидтың индуктивтігі. Өзара индукиця коэффициенті. Токтың магнит энергиясы. Магниттік энергияның тығыздығы.



Максвелл теңдеулері. Электромагниттік индукция құбылысын Фарадейлік және Максвелдік түсіндіруі. Ығысу тогы. Максвелл теңдеулерінің жүйесі. Электр және магнит өрістерінің салыстырмалылығы. Векторлық және скалярляқ потенциалдар. Толқындық теңдеу. Электромагниттік қозудың таралу жылдамдығы.

1

Дәріс № 15 Электромагниттік тербелістер.

Тербелмелі контур. Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер. Резонанс. Айнымалы электр тогы. Айнымалы ток үшін Ом заңы. Кернеулер мен токтардың резонансы. Электромагниттік өріске арналған толқындық теңдеу. Электромагниттік толқындардың қасиеттері. Умов-Пойнтинг векторы.



1

Машықтану сабақтары

Модуль № 1 Механика. Тербелістер мен толқындар.

Машықтану сабағы № 1 «Материалық нүктенің кинематикасы».

1

Машықтану сабағы № 2 «Материалық нүкте және қатты дене динамикасы»

1

Машықтану сабағы № 3 «Механикадағы сақталу заңдары»

1

Машықтану сабағы № 4 «Арнайы салыстырмалылық теориясы элементтері. Тұтас орталар механикасының элементтері»

1

Машықтану сабағы № 5 «Гармоникалық тербелістер. Толқындық процестер»

1

Модуль № 2 Молекулалық физика.




Машықтану сабағы № 6 «Газ заңдары. Статискалық таралу.»

1

Машықтану сабағы № 7 «Тасымалдау құбылыстары. Термодинамика негіздері. Реал газдар»

1

Модуль № 3 Электр және магнетизм. Электромагниттік тербелістер




Машықтану сабағы № 8 «Вакуумдағы тұрақты электр өрісі. Электростатикалық өрістегі өткізгіштер мен диэлектриктер. Электрсиымдылық.».

1

Машықтану сабағы № 9 «Электр өрісінің энергиясы. Тұрақты электр тоғы»

1

Машықтану сабағы № 10 «Тұрақты электр тоғы»

1

Машықтану сабағы № 11 Электростатикалық өрістегі өткізгіштер

1

Машықтану сабағы № 12 магнит өрісі




Машықтану сабағы № 13 «Электромагниттік индукция. Максвелл теңдеулері»

1

Машықтану сабағы № 14 «Магнит және электр өрістерінде зарядталған бөлшектердің қозғалысы»

1

Машықтану сабағы № 15 «Айнымалы электр өрісі. Электромагниттік толқындар»

1

Зертханалық сабақтар

Модуль № 1 Механика. Тербелістер мен толқындар.

Зертханалық сабақ № 1 «Қателіктер теориясына кіріспе. Геометриялық дұрыс формалы денелердің тығыздықтарын анықтау»

1

Зертханалық сабақ № 2 «Обербек маятнигі көмегімен айналмалы қозғалыс заңдылықтарын зерттеу».

2

Зертханалық сабақ № 3 «Тұтас дөңгелектің инерция моментін және үйкеліс күшін анықтау»

1

Зертханалық сабақ № 4 «Тербелмелі қозғалыс заңдылықтарын зерттеу»

2

Модуль № 2 Молекулалық физика.

Зертханалық жұмыс № 5 «Газдың жылу сиымдылықтарының қатынасын Клеман-Дезорма әдісімен анықтау»

1

Зертханалық жұмыс № 6 «Стокс әдісі көмегімен сұйықтың тұтқырлық коэффициеннтін анықтау»

1

Зертханалық жұмыс № 7 «Құмның жылу өткізгіштік коэффициентін анықтау»

2

Модуль № 3 Электр және магнетизм. Электромагниттік тербелістер

Зертханалық сабақ № 8 «Электростатикалық өрісті зерттеу»

1

Зертханалық сабақ № 9 «Уитстон көпірі арқылы кедергілерді анықтау»

1

Зертханалық сабақ № 10 «Жердің магнит өрісінің кернеулігінің горизонталь құраушысын анықтау»

1

Зертханалық сабақ № 11 « контурды зерттеу»

2



Тақырыптын аты және мазмұны


Сағаттар

саны


1

2

Дәрістер

Физика 2

Модуль № 1 Сәулелік оптика. Толқындық оптика.

Дәріс № 1 Сәулелік (геометриялық) оптика туралы ұғым. Шағылысу және сыну заңдары. Толық шағылысу құбылысы. Фотометрия.

1

Дәріс № 2 Толқын пакеті. Топтық жылдамдық. Жарық толқындарының интерференциясы.

1

Дәріс № 3 Толқындар дифракциясы. Гюйгенс-Френель принципі. Френель аймақтар әдісі. Френель дифракциясы.

1

Дәріс № 4 Фраунгофер дифракциясы. Бір саңылаудағы және көп саңылаудағы дифракция. Спектрлік ыдырау. Голография.

1

Дәріс № 4 Заттағы электромагниттік толқындар. Заттағы жарықтың таралуы. Жарық дисперсиясы. Жарықтың жұтылуы.

1

Дәріс № 5 Жарықтың поляризациясы. Поляризацияланған жарықты алу тәсілдері.

Зертханалық жұмыс № 6 «Малюс заңын тексеру»



1

Модуль № 2 Кванттық оптика

Дәріс № 6 Жылулық сәуле шығару. Абсолют қара дененің сәуле шығару мәселелері. Кванттық гипотеза және Планк формуласы. Фотондар. Жарық кванттарының энергиясы және импульсі.

1

Дәріс № 7 Франк және Герц тәжірибелері. Фотоэффект. Комптон эффектісі.

1

Дәріс № 8 Атомдардың сызықтық спектрлері. Бор постулаттары. Сәйкестік принципі. Де Бройль гипотезасы

1

Дәріс № 9. Микробөлшектердің толқындық қасиеттері және анықталмағандық қатынасы. Толқындық функцияның статистикалық мағынасы. Бір өлшемді тік бұрышты шұңқырдағы бөлшек. Бөлшектің потенциалдық тосқауыл арқылы өтуі.

1

Дәріс № 10 Кванттық теориядағы сутектің атомы және молекуласы. Сутегі атомы үшін Шредингер теңдеуі. Сутегіге ұқсас атомдар. Энергетикалық деңгейлер. Деңгейлердің ені. Кванттық сандар. Паули принципі. Сутегі молекуласы. Атомдық және молекулалық спектрлер. Кванттық электроника элементтері. Тосын және еріксіз сәуле шығару. Лазерлер.

1

Модуль № 3 Кванттық статистика. Атомдық және ядролық физика.

Дәріс № 11 Кванттық статистика элементтері. Фазалық кеңістік. Элементар ұяшық. Күй тығыздығы. Нернст теоремасы және оның салдарлары. Бозе-Эйнштейн және Ферми - Дирактың кванттық статистикалары туралы түсінік. Квазибөлшектрер. Олардың анықтамалары мен түрлері.

1

Дәріс № 12 Конденсацияланған күй. Кристалл тордың жылу сиымдылығы. Фонондық газ. Металдардың жылу өткізгіштігі. Ферми деңгейі.

1

Дәріс № 13 Аймақтық теориядағы металдар, диэлектриктер және жартылай өткізгіштер. Кемтікті өткізгіштік ұғымы.

1

Дәріс № 14 Меншікті және қоспалық өткізгіштер. Асқын өткізгіштік құбылысы. Ферромагнетиктердің магниттелуі.

1

Дәріс № 15Атом ядросы. Атом ядросының құрылысы. Ядролық күштер. Ядролық күштердің ауыспалы сипаты. Ядро моделі. Альфа-бета және гамма сәулеленудің тегі мен заңдылықтары және олардың затпен әсерлесуі.

1

Машықтану сабақтары

Модуль № 1 Сәулелік оптика. Толқындық оптика.

Машықтану сабағы № 1

«Геометриялық оптика. Фотометрия»



1

Машықтану сабағы № 2 «Жарық толқындарынң интерференциясы»

1

Машықтану сабағы № 3 «Толқындардың дифракциясы»

1

Машықтану сабағы № 4 «Заттағы электромагниттік толқындар»

1

Машықтану сабағы № 5 «Жарықтың поляризациясы»




Машықтану сабағы № 6 «Жылулық сәулелену»

1

Модуль № 2 Кванттық оптика

Машықтану сабағы № 7 «Фотондар. Жарық кванттарының импульсі мен энергиясы..Фотоэфект. Комптон эффект»

1

Машықтану сабағы № 8 «Жарықтың корпускулалы-толқындық екіжақталығы»

1

Машықтану сабағы № 9 «Толқындық функция.. Шредингер теңдеуі»

1

Машықтану сабағы № 10 «Кванттық теориядағы атом және молекула»

1

Модуль № 3 Кванттық статистика. Атомдық және ядролық физика.

Машықтану сабағы № 11 «Кванттық статистика элементтері.

1

Машықтану сабағы № 12 «Қатты дене физикасы. Кристаллография элементтері»

1

Машықтану сабағы № 13 «Қатты дененің жылулық, электрлік және магниттік қасиеттері»

1

Машықтану сабағы № 14 «Атомдар және молекулалар физикасы»

1

Машықтану сабағы № 15 «Атом ядросы және элементар бөлшектер»

1

Зертханалық сабақтар

Модуль № 1 Сәулелік оптика. Толқындық оптика.

Зертханалық жұмыс № 1 «Френель бипризмасының көмегімен толқын ұзындығын анықтау»

4

Зертханалық жұмыс № 2 «Дифракциялық тордың көмегімен толқын ұзындығын анықтау»

2

Зертханалық жұмыс № 3 «Малюс заңын тексеру»

2

Модуль № 2 Кванттық оптика

Зертханалық сабақ № 4 «Стефан-Больцман тұрақтысын анықтау»

2

Зертханалық жұмыс № 5 «Сыртқы фотоэффект құбылысын зерттеу. Планк тұрақтысын анықтау»

2

Зертханалық жұмыс № 6 «Жарықтың жұтылуын зерттеу»

2

Модуль № 3 Кванттық статистика. Атомдық және ядролық физика.

Зертханалық жұмыс № 7 Газ лазері көмегімен толқын ұзындығы мен квант энергиясын анықтау»

2

Зертханалық жұмыс № 8 Ридберг тұрақтысын анықтау.

4




Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет