«№7 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық
пәнінің мұғалімі
Е.Құламановтың оқушыларға арналған
«Жас Сарбаз» таңдаулы курс бағдарламасына
Пікір
«Жас Сарбаз» таңдаулы курсының бағдарламасында әскери іс негіздерін оқып үйрету процесінде оқушылардың азаматтық көзқарасын қалыптастыру, ҚР егемендігін қорғау қажеттілігіне көз жеткізу, әскери қызметке жауапкершілікпен қарауға саналы түрде даяр болуға үйрету міндеттерін шешеді.
Саптық дайындық, саптан шығу, орнына тұру, бастыққа келіп-кеті іс-қимылдарын біліп, топталып жүгіру, кедергілерден өту кермеге тартылу, жатып алып кеудені көтеру, пневиматикалық мылтықтан атудан алғашқы дайындықтары болады және де медициналық көмек көрсету негіздерін біледі. Әскери топографиямен танысып, ҚР ҚК жөнінде ақпараттарды білетін болады.
Жас сарбаздардың өнерге тән ерекшеліктер айналадағы ортамен, өмірмен, еңбекпен тығыз байланыста деп ойлаймын. Патриоттық тәрбиенің әлеуметтік-тәрбиелік ролі тек оның туындыларының өзіндік көркемдік, эстетикалық құндылығымен ғана бағаланбайды, сонымен қатар адамдардың өз заманына сай талғамын қалыптастырумен, өткендегі мәдениетпен, ұлттық дәстүрлермен сабақтастығынан көрінеді.
Пікір жазған: оқу ісі жөніндегі орынбасарының м.у.а Жаппарова Ж.
Түсінік хат
«Жас Сарбаз» таңдаулы курсының бағдарламасында әскери іс негіздерін оқып үйрету процесінде оқушылардың азаматтық көзқарасын қалыптастыру, ҚР егемендігін қорғау қажеттілігіне көз жеткізу, әскери қызметке жауапкершілікпен қарауға саналы түрде даяр болуға үйрету міндеттерін шешеді.
Тактикалық дайындық бойынша сабақтардың барлық тақырыптары оқушыларды жалпы әскери ұрыс негіздерін оқып үйренуге, ұрыста іс-әрекет жасай алуға бағытталған. Практикалық сабақтарды өткізу үшін автомат макеттері пайдаланылады.
Атыс дайындығы бойынша сабақ өткізу кезінде басты назарды қару-жарақ және оқ дәрілермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шараларға аудару қажет.
Саптық дайындық бойынша барлық сабақтар сап алаңында өтеді. Саптық элементтерді орындауды дағдыға айналдыру АӘТД сыныптан тыс өтетін іс-шаралары кезінде де жалғастырылуы қажет.
Әскери топография бойнша сабақтар, оқушыларды бейтаныс жерде картасыз бағдарлана білуге, өзінің тұрған жерін анықтай алуға және компос көмегімен берілген азимут бойынша нысанаға қарай қозғалу маршрутын таңдай білуге үйретуді қарастырады.
АҚ пен медициналық білім негіздері сабағы үйренушілерді бейбіт және соғыс уақыттарында ҚР халқын табиғи зілзала зардаптардан, ірі апаттардан құтқару және қарсыласқа қазіргі кездегі жою құралдарын пайдалану, алғашқы медициналық көмек көрсетуді жүзеге асыратын іс-шаралармен таныстырады.
Достарыңызбен бөлісу: |