Оқушыларды жергілікті жерде картасыз кең тараған тәсілдермен бағдарлануды және өзінің тұрған жерін көкжиек бойынша анықтауды үйрету.
Сабақтың міндеттері:
Бағдарлану туралы түсінік беру
Оқушыларға компас көмегімен, жергілікті жер бедері бойынша, күнмен, аймен, жұлдыздармен бағдарлану туралы баяндау.
Сұрақтар:
Әскери топография?
Жергілікті жер туралы мәлімет?
Бағдарлану туралы түсінік?
Жергілікті жерде бағдарлану?
Көкжиектерді анықтау тәсілі?
Әскери топография- арнайы әскери пән. Ол жергілікті жерді зерделеу тәсілдерін, ондағы бағдарлауды және ұрыс қимылдары мүддесіндегі жергілікті жерді бағалаумен байланысты басқа да мәселелерді қарастырады. Әскери топография жау тылында жауынгерлік міндетін атқарушы десантшыға, жау аймағында әрекет етуші барлаушыға, қарсылас орналасқан жердегі көпірлерді жарушы саперға, қарсыластың атыс құралдарын белгілейтін бақылаушыға, мотоатқышқа, артиллерия әскерлеріне, танк әскерлеріне және басқа да әскери саладағы жауынгерлерге жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде қажет.
Бағдарлану туралы түсінік Жергілікті жерде бағдарлану – яғни бұл көкжиек тұстарына қарай бағыт табу Бағдар деп жақсы айқындалатын жергілікті заттар мен бедер элементтері қатынасында өз тұрған орнын анықтап, қозғалыс бағыты және нысаналар орындарының көрсетілуін айтамыз.
Ағаш қабығының оңтүстік жағымен салыстырғанда, солтүстік жағы бұжырлау және күңгірттеу болып келеді;
Мүк пен қына ағаш діңі мен тастың солтүстік жағына шоғырланады;
Ауа-райының ыстық кездерінде қылқан жапырақты ағаштардың оңтүстік беткей жағына шайыр көбірек жинақталады;
Құрмырсқалар өз илеуін ағаштың, түбірдің немесе бұтаның оңтүстік жағына салады. Илеудің оңтүстік жағы түйетайлы, солтүстік беткейі одан гөрі қиялау келеді;
Жемістер мен жидектердің оңтүстік жағы қызғылттау болып келеді ;