Бағыттар: Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие



Дата14.12.2021
өлшемі14,45 Kb.
#127200
Байланысты:
Тәрбие жұмысының бағыттары 24.11.20


Тәрбие жұмысының басым бағыттары
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді.
БАҒЫТТАР:

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
2. Рухани-адамгершілік тәрбие

3. Ұлттық тәрбие

4. Отбасы тәрбиесі

5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Бірінші бағыт – Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

Мақсаты:

Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.


Екінші бағыт – Рухани-адамгершілік тәрбие

Мақсаты:

Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру.


Үшінші бағыт – Ұлттық тәрбие

Мақсаты:

Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау.


Төртінші бағыт – Отбасы тәрбиесі

Мақсаты:

Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру.


Бесінші бағыт – Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

Мақсаты:

Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.


Алтыншы бағыт – Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

Мақсаты:

Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру.


Жетінші бағыт – Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

Мақсаты: тұлғаның жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру.
Сегізінші бағыт – Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Мақсаты:


Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет