|
Аты-жөні
|
Оқу орны
|
мамандығы
|
курс
|
Байланыс телефоны
|
Мекен-жайы
|
Қабыл Балзия Қайрошқызы
|
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі
|
Бастауыш білім беру
|
І курс
|
87073195964
|
Байзақ ауданы
Диқан ауылы
|
Шерхан атаға арнау
Шерхан ағам сүріпті өмір шерлі болып
Өсіпті жастайынан өрлі болып
Айша анасы жетелеп жеткізіпті
Басын имей батамен төрлі болып
Барысхан болып туылған Шер ағамыз
Есімдері сай өзіне өр ағамыз
Тақтан түспей келдіғой өлгенінше
Қазағым деп ұран сап ер ағамыз
Шерхан туып өскен жер Жуалығой
Жуалыда туғандар дуалығой
Кесек-кесек сөзі мен жырын арнап
Жаралы- жүректерді жуадығой
Тіке сөйлеп айбаты ел сескенген
Тайсалмаған ешкімді ескермеген
Ашық сөйлеп мінбеден орын алған
Шерхан ата өзінде тексермеген
Туып өскен Мыңбұлақтай жері бар
Әліде болсаи сағынатын- елі бар
Қазағымның болмысына жаралған
Қайтпас қайсар ақылды дана ері бар
Шерхан ата өткізген қиын кезең
Жеткізе алмай отырмын сыйын сөзбен
Ол сөйлесе дауыл тұрып кеткендей
Түсіндірген бір ауыз түйін сөзбен
Жақсы- жайсаң інілерін жинады
Кіші демей жан тәнімен сыйлады
Неше түрлі кезіңге жолықса да
Жамандыққа ешкімді де қимады
Жамбыл табиғаты
Өлкемде жаңарған көркейіп
Жастықтың бал әнін шертейік
Оты бар жаңашыл жастарды
Алтынды аймаққа кел дейік
Киінген қалаша ұл-қызы тамаша
Мейірім кең пейіл жастары жаңаша
Толыққан ордасы біліммен
Көк майса көз тояр қараса
Өңірге сән берген бұралып
Ару бел таласым жүр ағып
Айша бибі мазары Қараханға
Күні- түні көрінер шамдай жанып
Көне Тараз аталған Жібек жолы
Көңіл тояр көшесі гүлге толы
Қарсы алатын келгенді құшақ жайып
Келіп кеткен қонақтар ырза болар
Бетпақ дала Мойынқұм айналасы
Алатау мен Қаратау бар қаласы
Ащы бұлақ Тасөткел балығы бар
Алыстан қолын бұлғап жар салады
Ел басқарған Төлебейдей бабамыз
Балуан Шолақ жыршы болған атамыз
Жамбылым бар, Бауыржан мен Әшімов
Мақтан тұтып осыларды жазамыз
Алтынбек пен Беспаев бар тағы да
Үшкемпіров Артаев бар бағыма
Таңатаров күрескері, әншісі
Тыңдағанда әндері жағып тұрады жаныма
Міне осындай менің жаңа Таразым
Әлі де көп дәл осылай жазарым
Қыздары сұлу азаматы ер мінез
Тарқамасың той думаның базарың.
Достарыңызбен бөлісу: |