Байзақова әйгерім русланқызы бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын қалыптастыру әдістемесі



бет1/7
Дата06.04.2020
өлшемі284,13 Kb.
#61682
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
креативти ойлу
ДИССЕРТАЦИЯ1 . doc, ДИССЕРТАЦИЯ1 . doc, ДИССЕРТАЦИЯ1 . doc, ДИССЕРТАЦИЯ1 . doc, ДИССЕРТАЦИЯ1 . doc, Студентке Жас ерекшелик
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

« Педагогикалық» факультеті

«Педагогика және оқыту әдістемесі» кафедрасы



ӘОЖ 373.3.016:37.025.7:378.245.2 Қолжазба хұқығында

БАЙЗАҚОВА ӘЙГЕРІМ РУСЛАНҚЫЗЫ

Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын қалыптастыру әдістемесі

6М010200 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі

академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация

Ғылыми жетекші: филология ғылымдарының

кандидаты Г.Ш.Ерназарова

Қызылорда, 2019


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

« Педагогикалық» факультеті

«Педагогика және оқыту әдістемесі» кафедрасы


«Қорғауға жіберілсін»

Каф.меңгерушісі__________

«___»__________2019 жыл


Магистрлік диссертация

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КРЕАТИВТІ ОЙЛАУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ

Мамандығы : 6М010200 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»

(ғылыми-педагогикалық бағыт)

Магистрант ______________ Ә.Р.Байзақова


Ғылыми жетекші

фил.ғылымдарының

кандидаты ___________________ Г.Ш.Ерназарова

Педагогикалық

факультетінің деканы,

пед.ғылымдарының



кандидаты ______________ Л.С.Қайыңбаева

Кызылорда, 2019жыл



МАЗМҰНЫ




Кіріспе.................................................................................................7

1

Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын қалыптастыру әдістемесінің ғылыми-теориялық негіздері.........11

1.1

Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын қалыптастыру әдістемесінің тарихи-педагогикалық алғышарттары.....................................................................................11

1.2

1.3
1.4



Ғылымдағы «Шығармашылық», «Дарындылық», «Креативтілік», «Креативті ойлау» түсініктерінің ғылыми-мазмұндық сипаттамасы........................................................................................18

Оқу-тәрбие үдерісінде бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын қалыптастыру мәселесі.....................................28

Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын қалыптастырудың әдіснамасы мен әдістері..................................36














2
2.1
2.1.1

2.1.2


2.2

2.3


Оқу-тәрбие үдерісіндегі креативті ойлау мәселесі мен оны қалыптастыру мүмкіндіктері............................................................39

Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын қалыптастырудың тәжірибелік жұмыстары....................................39

Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабағында оқушылардың креативті ойлауын қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негізі....................................................................................................40

Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі сабағында креативті ойлауын қалыптастыру жолдарының әдістері мен тәсілдері.............................................................................................45

Психологиялық ахуалды талдау - оқушылардың креативті ойлауын қалыптастырудың шарты.................................................57

Оқушылардың креативті ойлауын қалыптастыру бағытындағы тәжірибелік жұмыстардың нәтижелілігі........................................62






Қорытынды........................................................................................69




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................71


НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Осы магистрлік диссертацияда келесі стандарттарға және нормативтік құжаттарға сілтемелер жасалды:



  1. Қазақстандықтардың әл ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру: Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауы http://www.inform.kz

  2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы http://zan.kz

  3. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. –Егемен Қазақстан. -2007. -15 тамыз. Б. 5-8. ҚР МЖМБС 5.04.033-2011 6М010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі». Жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Магистратура.- Астана.

  4. Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» заңы Астана, Ақорда, 2011 жылғы ақпанның 18-і. № 407-IV

  5. Қазақстан Республикасы Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары ҚР Білім және ғылым министрінің 2018жылғы №604 бұйрығы

  6. «2020 жылға дейінгі Жастар саясатының тұжырымдамасы » ҚР Білім және ғылым Министрі Б.Жұмағұловтың «2020 жылға дейінгі Жастар саясатының тұжырымдамасы туралы» Астана, 2013 жылғы 26 ақпан.



БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Осы диссертацияда келесі белгілеулер мен қысқартулар қолданылды




ҚР

- Қазақстан Республикасы

ЖОО

- Жоғары оқу орны

Қорқыт Ата ат.ҚМУ

- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

ҚР МЖМБС

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты

АҚШ

- Америка құрама штаттары

ОҒЗЖ

- оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысы

МҒЗЖ

- магистранттардың ғылыми зерттеу жұмысы

ИӘ

- инновациялық әрекет

ОПҚ

- оқытушы-перофессорлық құрам
ЙЖБ - Йена жоспар мектебі

СБК - сезім, белсенділік, көңіл-күй

СД - Сауаттылық Декадасы

ЮНЕСКО - Біріккен ұлттар ұйымының Білім және

Ғылым, Мәдениет жөнінідегі ұйымы




АНЫҚТАМАЛАР

Білім беру – табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде ти імді етіп қолдана білуі.

Ұғым – заттар мен құбылыстардың мәнді белгілері мен ерекшеліктерін бейнелейтін жалпылаушы ойлау формасы.

Ғылыми болжам (научная гипотеза) - тәжірибеде әзірге белгісіз құбылыстар туралы немесе келешекте белгілі бір жағдайда пайда болатын мүмкіндігі бар оқиғалар мен құбылыстар туралы ғылыми білім, болжам.

Дарындылық (одаренность) – үлкен нышаннан туындайтын қабілеттіліктің түрі. Дарындылық адамның сәби кезінен байқалатын ерекше қабілеттілігі, өнердің бір түріне туа бейімделуі.

Болжам - бұл әлі айқындалмаған, логикалық дәлелденбеген және тәжірибеден өтпеген білім. Болжам шындық та, жалған да болуы мүмкін емес, ол тек қана анықталмаған құбылыс. Егер болжам теорияға айналмаса, жалғанға айналады. Болжамдағы басты талап нақты материалдармен келісілуі тиіс.

Әдіснама – теориялық құрылымның және практикалық іс-әрекетті ұйымдастырудың тәсілдері мен ұстанымдар жүйесі.

Зерттеу университеті - мемлекет пен ұйымдық қаржыландыру қолдап отыратын озат іргелі зерттеулер жүргізілетін орталықтар, оқытушылар мен студенттері белсенді жұмылдырған университет қабырғасындағы шынайы ғылым мен білім. Сонымен қатар, зерттеу университеттері - аймақтық экономикалық дамуға әсер етуші, технопарктерді қалыптастырушы, кәсіпкерлік инкубаторларды қолдау мен кіші бизнесті қолдауға септігін тигізетін орталықтар. Және де, бұл елдің қоғамдық дамуында маңызды рөл атқаруға міндетті ұлттық элитаны қалыптастырушы орын.

Инновация – білім беру жүйесін жаңартудың серпін беру, білім беруді неғұрлым тиімді ете түсудің құралы және әдісі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. «Инновация» ұғымы әр елде әр түрлі түсіндіріліп, ғалымдар әр түрлі анықтама берген, осы ұғымға «жаңалық», «жаңаны енгізу», «өзгеріс», «құрал», «үрдіс», «әдіс тәсілдер» деп түсінік берген.

Инновациялық үрдіс – жаңалықтарды жасау, оқу-тәрбие үрдісінде қолдану.

Магистратураның білім беру (оқыту) бағдарламасы – пәндердің тізбесі, оқу және ғылыми-зерттеу/эксперименттік-зерттеу жұмыстарының, кәсіби практика түрлері мен көлемі және оны бақылау түрлері арқылы айқындалған магистранттарды даярлау мазмұнының жалпы сипаттамасы.

Педагогикалық эксперимент – педагогикалық үдерістерге өзгерістерді әдейі енгізу, терең сапалы анализ және өзгерістердің нәтижесін өлшеу саны.

Іс-әрекет - еңбек, үдеріс, белгілі бір жұмыс.

Креативтілік – бұл жаңа тұғырлар мен жаңа өнімдердің қажеттілігіне бейімді бағытталатын қабілет. Аталған қабілет тұрмыстағы жаңаны, тіпті сол үрдіс саналы және санасыз сипатта болса да сезінуге мүмкіндік береді.

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Креативтілік пен креативті ойлаудың ғылыми әдіснамалық негіздерін шетел ғалымдарының ішінде Е.Р. Торренс жалпы адамдағы креативтілік алдында кездескен қиыншылықтарды жеңіл шешуге көмектеседі десе [1], Ф. Баррон кретивтілік пен интеллект арасындағы байланыстарға тоқталады [2], ал Д. Векслер вербальды емес креативтілікті зерттеу әдістемелерін қолдануға баса назар аударады [3].

М. Вертгеймер креативтіліктегі өнімді ойлаудың маңызы зор екенін ескертеді, ал [4], Дж.Гильфорд тұлға дамуындағы интеллектінің алатын орны мен креативті ойлауды дамытуда ойлаудың оперативтік типтерін бөліп көрсетеді [5], С.Медник кретивті ойлауды әдістемелер арқылы анықтау жолдарын ұсынса [6], ал Л.А.Тейлор креативті ойлаудың пайда болу табиғатына тоқталады [7].

Г.Ю. Айзенк тұлғаның креативтілігін танымдық үрдістерге зерттеулер жүргізу арқылы анықтайтын әдістемелерді қарастырды [8], ал Х. Трик креативті ойлаудың танымдық үрдіс ретіндегі маңызын көрсетсе [9], М. Уоллах креативтілік пен интеллект байланысына тоқталды [10].
Қазіргі уақытта әртүрлі ғылым салаларында креативті мәселесін жан-жақты зерттеп, креативті білім беру парадигмасын жасауға бағытталған зерттеулер: Д.Б.Богоявленская қоғамдағы ғылым мен технологияларды жаңаша жасау креативтілікке әкеледі десе [11], Ч.К.Борисов креативтілік әдіснамасының парадигмалық моделін ұсынады [12], А.В.Брушлинский креативтілікте танымдық үрдістердің маңыздылығына тоқталады [13], ал Н.В. Вишнякова кәсіби акмеологиядағы креативті ойлауды дамытудың психологиялық негіздерін ашып көрсетеді [14], М.С.Каган адамның іс-әрекетін жүйелі талдау креативтілікке жол ашады десе [15], А.М.Матюшкин жоғары мектептердегі психологияның өзекті мәселесі деп түсіндіреді [16], ал Я.А. Пономарев креативтілік психологиясы мәселелерінде шығармашылық үрдістердің кезеңдерін көрсетеді [17].

Креативті ойлауды дамыту мүмкіндіктерін Ресей ғалымдары Т.Н. Галич инновациялық оқыту жағдайында креативтілікті дамытуға болады десе [18], А.В. Морозов жоғары мектепте үздіксіз білім беру үрдісі арқылы оқытушының креативтілігін дамытуға болады деп қарастырады [19].

Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын дамыту – жоғары педагогикалық білім берудің маңызды құрамдас бөлігі. Қазақстанда жоғары педагогикалық білім беру тарихын Қ.Б. Сейталиев [20], мұғалімдерді білім беру мұратына сәйкес даярлау тәжірибесін Г.К. Ахметова [21], жоғары педагогикалық білім беру мазмұнының даму тарихын А.Д. Қайдарова [22], болашақ мамандарды даярлау біртұтас педагогикалық үрдістің теориясы мен тәжірибесін іске асыруды С.Т. Каргин [23], іс-әрекеттің жемістілігін педагогикалық категория ретінде жүзеге асыруды А.Қ. Рысбаева [24], оқыту үрдісінде жеке тұлғаны дамытуды А.С.Мағауова [25], жоғары педагогикалық мектепте болашақ маманның кәсіби дарындылығын дамытуды Л.М. Нәрікбаева [26] жоғары педагогикалық білім берудегі нарықтық экономика тұсындағы өзгерістерін Р.Б. Мұхитова [27], жоғары мектеп дидактикасының дамуы Т.С. Сабыров [28], жоғары мектеп дидактикасының дамуының ғылыми-педагогикалық негіздерін Е.Ө. Жұматаева [29], жоғары оқу орнындағы оқыту мәселелерін Болон үрдісі талаптарына сай басқаруды Н. Асанов [30], С.Ә. Әбдіманапов [31] зерттеді.

Инновациялық білім беру ортасының жаңа типті мектептерде қалыптасу жүйесін Н.А. Әбішев [32], Т.А. Линчевская, Р.Р. Масырова [33], педагогикалық инновациялық білім беру жүйесіндегі жаңалықты ендіру туралы ғылыми білім саласы екендігін негіздеген Н.Р. Юсуфбекова [34], педагогикалық зерттеулердің әдістемесі мен әдіснамасын енгізуді Ш.Т. Таубаева [35], студенттерді инновациялық іс-әрекетке даярлау К.Ж. Ажибеков [36], болашақ мамандардың креативтігін қалыптастыру Б.А. Оспанова [37], А.С. Швайковский [38], студенттің креативтілігін дамыту мақсатында инновациялық технологияларды пайдалану Т.Г. Галиев [39], болашақ мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту Е.И. Бурдина [40], педагогтердің кәсіптік құзіреттілігін дамыту Б.Т. Кенжебеков [41], студенттің педагогикалық мәдениетін қалыптастыру А.А. Молдажанова [42], болашақ мұғалімдерді әлеуметтік-педагогикалық жұмысқа даярлау жүйесі Г.Ж. Меңлібекова [43], педагогтердің зерттеу мәдениетін қалыптастыру З.А. Исаева [44], Р.Ш. Бектұрганова [45], мұғалімдердің ақпараттық мәдениетін дамыту С.Н. Лактионова, Ш.Т. Таубаева [46], мұғалімдерді шығармашылық әрекетке даярлау В.В. Шахгулари [47], Н.А. Гончарова [48], Р.Ш. Сыздықова [49], педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту логикасы Б.А. Тұрғынбаева [50] мәселелерінің түрлі қырлары зерделенеді, акмеологиялық тұғырға А.А. Деркач [51], Н.В. Кузьминаның [52] зерттеулеріне негізделген психологиялық-педагогикалық тұғыр септігін тигізді.

ҚР Бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауының «Өмір сапасы» бөлімінің 2-тарауында білімдендіру ортасына : мобильдік, креативтілік, коммуникативтілік ,нақтылық, динамизм тәрізді ақпараттық қоғамның жаңа талаптарына жауап беретін оқытудың инновациялық технологияларын енгізуге көңіл бөлінді.Сондықтан Елбасы : «Білім беру ісінде 4К моделіне креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылуда» екенін атап көрсетті. Қазақстан Республикасындағы саяси және экономикалық реформалардың жағдайында мамандардың кәсіби дайындығын жүзеге асыруға қажетті білім беру жүйесіне де жаңа талаптар қойылып отыр. Осыған байланысты жоғары мектептерде білім берудің педагогикалық жайлы ортасын тудыру мәселелерін зерттеу, оқытудың ақпараттық-техникалық және коммуникативтік құралдары мен әдістерін дұрыс таңдау, сондай-ақ шығармашылық педагогикалық іс-әрекетті ғылыми ұйымдастыру қарқынды жүргізілуде.

Мәселенің теориялық тұрғыда жеткіліксіз әзірленуі және тәжірибелік мәні, автордың жеке қызығушылығы «Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын қалыптастыру әдістемесі» деген зерттеу тақырыбын таңдауға себеп болды.



Зерттеудің қайшылықтары:

1. Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын қалыптастыру әдістемесінің толық қанды ұйымдастырылмауы; бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық тапсырмаларды орындай алмауы.

2. Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын қалыптастыру әдістемесінің дамымауы; оқу үдерісінде креативтілік ойлаудың дамымауы.

Осы мәселе төңірегінде зерттеу жүргізу магистрлік диссертация жұмысымның негізі болып отыр.



Зерттеудің мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын қалыптастыру әдістемесіне байланысты дағдыларын қалыптастыру, олардың теориялық–әдістемелік негіздемесі мен тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.

Зерттеу міндеттері:

- теориялық, педагогикалық зерттеулерге сүйене отырып «креатив», «шығармашылық», «ойлау», «дарындылық» ұғымының мән-мағынасын анықтау;

- бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын қалыптастыру жолдарын айқындау;

- эксперимент жұмысын ұйымдастырып, оның қорытындысын жинақтау;

- бастауыш сынып оқушыларының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеу нысаны: бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын қалыптастыру әдістемесін ғылыми тұрғыдан жүйелі түрде бастауыш сыныптың оқу-тәрбие ісіне енгізу жолдары.

Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын қалыптастыру әдістемесін қазақ тілін оқыту барысында дамыту жолдары мен барысы.

Зерттеу әдістері:

- бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын қалыптастыру әдістемесі жайындағы ғылыми-теориялық әдебиеттермен танысу, талдау жасау;

- ғылыми, танымдық, зерттеу бағдарламалары, тұжырымдамалары, әдістемелік құралдарды талдап, қорыту;

- бақылау, әңгімелесу, озат тәжірибелерді жинақтау, талдау, қорыту;

- эксперимент материалдарын талдап жинақтау.

Зерттеудің болжамы: егер, бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі сабағында креативті ойлауын тереңдете дамытуға бел байласа, онда оқушылардың пәнге қызығушылығын, өздеріне деген сенімділігін, өз бетімен жұмыс атқарып дербестігін, білім, дағды іскерлік деңгейін одан да тиімді жетілдіруге болар еді; егер де бастауыш мектепте бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық жұмысқа көптеп қатыстырса, онда келешекте бастауыш мектепте ақпараттық оқытудан, белсенді, зерттеушілік оқытуға көшу жүзеге асар еді.

Зерттеу базасы: Қаладағы І.Қабылов атындағы №12 орта мектептің 4- сыныптарында жүргізілді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: магистрлік диссертация шеңберінде ұйымдастырылған ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық зерттеу материалдары негізінен педагогика бойынша белгілі теориялық ұғымдар мен ережелерге негізделіп топтастырылған дайын дидактикалық материал болып табылады. Сондықтан, студент курстық жұмыс жазғанда, педагогикалық практикадан өткенде, бастауыш сынып мұғалімдері өз сабақтарында пайдалануға болады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

- зерттеудің теориялық базасы ретінде «шығармашылық», «ойлау», «дарындылық», «креатив», «креативті ойлау» ұғымдарының мәні ашылды;

- бастауыш мектепте оқытылатын гуманитарлық пәндерінің негізінде интерактивті әдістерді пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларының креативтік ойлауын қалыптастырудың мүмкіндіктері айқындалды.

Зерттеу жұмысының құрылымы: магистрлік диссертация кіріспеден, екі тараудан, тарау бойынша тармақтардан, жалпы қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.


  1. Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын қалыптастыру әдістемесінің ғылыми-теориялық негіздері

    1. Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын қалыптастыру әдістемесінің тарихи-педагогикалық алғы-шарттары

Қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық, техникалық және мәдени дамуында білім беру жүйесінің рөлі өте жоғары екені белгілі. Тек осы білімділік қуаты ғана мемлекетіміздің лайықты бейнесін және әлемдік қауымдастықтағы орнын қамтамасыз етеді, қоғамдағы әрбір адамның және халықтың әлемдегі статусын анықтайды, ал жоғары мектеп интеллекттік, ғылыми және мамандық қуаттың басты қозғаушы күші болып табылады.

Егер білім беру ортасын әлемдік деңгейде талдайтын болсақ, онда оның сыртқы ортаның өзгеруіне бағытталып, өзгеретін қажеттіліктерге бейімделіп, оның қалпына белсенді ықпал етіп және оның қажеттіліктерін алдын-ала анықтай отырып үнемі қозғалыста, даму үстінде екенін айтуға болады.

Әлемдік тәжірибеде білім беру үдерісін ұйымдастыруға жаңа тұғыр нәтижеге бағытталған құзіреттілік білім беру моделі арқылы жүзеге асады. Қазақстанда оны игеру қажеттілігі ұйымдастырушылық, құрылымдық, идеологиялық қайта құру контекстінде, республиканың әлеуметтік-экономикалық және саяси даму кезеңдеріне және әлемдік білім беру кеңістігіндегі жаһандық интеграциялық құбылыстарға сай маман дайындау сапасына талаптарды күшейтуде, білім беру мазмұнын арттыруда қатты білінеді.

Еліміздегі зияткерлік және шығармашылық тұлғаны жасау мәселесі, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату заманауи қазақ қоғамының өзекті міндеттерінің бірі болып отыр. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиялық даму бағдарламасында [53], «2020 жылға дейінгі Жастар саясатының тұжырымдамасы » [54] арқылы жасалған білім беруді модернизациялаудың қажеттілігін Қазақстан Республикасының жаңа мақсаттары мен міндеттеріне сай байланыстырып жүзеге асыру керек. Тұжырымдамада «қоғамдық қатынас жүйесіндегі өзгерістер білім беруге ықпал етеді және одан жаңа тарихи кезеңге икемделу мен дұрыс көзқарасты талап етеді. Нарықтық экономика мен ашық азаматтық қоғам талаптарына жауап бере алмаған білім беру жүйесі, білім беру мазмұнын жаңартуда, жағымсыз құбылыстарды, ұйымдастырушылықтық, құрылымдық қайта жасалуларды жеңуде және республика дамуының заманауи әлеуметтік-экономикалық және саяси шарттарына және ілгері дамыған елдердің даму тәжірибелеріне сай мамандарды дайындау сапасын жетілдіру қажеттілігін көрсетеді» деп ескертеді [55].

Қоғамның білімділігіне, адамдық капитал сапасына арқа сүйеу Қазақстан Республикасын әлемдік аренада жетекші орынға шығарды, ілгері дамушы мемлекеттер қатарына кіруге мүмкіндік берді. Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жедел экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизациялану жолында» атты Қазақстан халқына жолдауында «Білімді дамыта алмаған ел XXI ғасырда құлдырауға ұшырайды» деп ескертеді [56].

Бастауыш білім беру жүйесі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өзгерістеріне жеңіл және қозғалмалы бейімделе отырып, сол уақытта мүмкіндігі бойынша өзінің тұрақты психологиялық-педагогикалық негізіне сай болуы тиіс.

Бірден-бір маңызды міндет әлемдік экономикалық кеңістікте бәсекеге қабілетті ұлт факторы ретінде білім беру деңгейін жоғарылату ұсынылады. Сондықтан нарықтық экономика ұсынатын заманауи талаптарға сәйкес ұлттық білім беру жүйесін құру әр уақытта да өзекті болып қала бермек.

Н.Ә.Назарбаев Парламент палатасының отырысындағы өзінің сөйлеген сөзінде заманауи білім беру жүйесін дамыту және білікті мамандар дайындауға баса назар аударды: «Бұл мәселелер шешімі қабылданған жоғары және орта білім беру бағдарламаларына түзету енгізуді болжайды. Бізге стандарттан тыс тәсілдер мен бітірушілерге ерекше талаптар қоюы мүмкін беделді инженерлік оқыту мекемелер жүйесі керек. Біз жеке ұлттық басқарушылық мектептерімізді қалыптастыруға кірісуіміз керек. Халықаралық қатысушылармен бірге ғылыми орталықтарды дамытуымыз керек» деді [57].

Аталған стратегияға сай ұлттық жоспарлар бойынша БҰҰ мемлекеттерінің СД тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында Сауаттылық Декадасын орындау бойынша әрекеттің өзіндік стратегиясы мен жоспарын, сондай-ақ бұл жұмысты атқаратын жауапты адамдарды анықтайды.

ЮНЕСКО-ның аталған бағдарламасы шеңберінде экономикалық дамуды қамтамасыз ету үшін жастарда дамытуға қажетті өзіндік интеллекттік және тәжірибелік іс-әрекет дағдылары, оның ішінде, дара тұлға ретінде өзбетімен ойлау және әрекет шеберлігі, алған білімін тәжірибеде қолдану, қоршаған ортаның өзгеруіне бейімделу шеберлігі бөліктері анықталды [58].

Әлеуметтік интеграциялық, ашық, күрделі көп деңгейлі жүйені құрайтын заманауи жоғары білім берудің мәнін аша отырып Е.И. Артамонова білім берудің әлеуметтік моделін қарастыруды ұсынады және төмендегідей сипаттарды бөліп көрсетеді:

1. Әлеуметтік-саяси деңгей – бұл жоғары білім беру жүйесін реттейтін әлеуметтік-құқықтық механизмдерді анықтайтын деңгей.

2. Әлеуметтік-экономикалық деңгей әлеуметтік-саяси деңгеймен тығыз байланысты және заманауи жағдайдағы жоғары білім беру жүйесінің экономикалық қалпын көрсетеді.

3. Әлеуметтік-бейімделген деңгей жоғары білім беру жүйесінің өзбетімен қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы өзінің қызметін жүзеге асыру мүмкіндіктерін бейнелейді.

4. Әлеуметтік-өркениетті деңгей халықаралық білім беру кеңістігінде білім беру интеграциясы үрдісін бейнелейді. Білім беру базасы (жоғары –ерекше) - әлемдік және отандық мәдениет болып табылады. Өз халқың және әлемдік халықтың мәдениеті туралы іргелі білім болмай азаматтық қоғам мен гуманист-адам толықтай дамыту мүмкін емес [59].

Сондықтан әлемде болып жатқан жаңа шындықтар қоғам мен мемлекет алдына жаңа пайда болған құндылықтарды ескере отырып білім беру жүйесін қайта құру керектігін қояды.

ХХI ғасырдағы әлеуметтік-мәдени жағдайлар білім беру жүйесінің өзгеруін ғана емес, оның негізінің де ауысуын болжайтын жаңа білім беру кеңістігін жасауды құптайды. Бізге белгілісі, ХХ ғасырдың қоғамдық өмірінің барлық саласында өмірлік әрекеттің негізі мәдени макромодель болды: ғылым – өндіріс – білім. Мәдениет саласы сияқты және сонымен байланысты жаңа білім беру парадигмасы жаңа мәдени макромодель: мәдениет – білім беру - тарихты енгізумен жасалатын білім беруге жаңа қатынас.

Халықтың білімділігін жоғарылату арқылы кез-келген мемлекеттің экономикасы дамушы мемлекет ретінде, әлемнің кез-келген мемлекетімен бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік беретін бірден-бір фактор болып табылады. Сондықтан, алдына қоғам дамуынан шет қалмау үшін дамудың жоғары жоспарын қою қажеттігін уақыт талап етеді.

Қоғам өмірінің әлеуметтік-тарихи үрдісі жеке тұлғаның қалыптасуына, дамуына, жетілуіне ықпал етеді. Ол өзіне белгілі дамытушы жүктемені ала отырып жеке тұлғаны дамытуға қатысады. Бірақ, оның шынайы мәні тек қана оқытуда, тәрбиелеуде, өзіндік бағалауда, өзіндік тәрбиеде, өзіндік жетілуде нақты көрінеді.

Сыртқы жағдайлар, ең алдымен, беделділікте, сондай-ақ, яғни сол қоғамдағы адамның деңгейіне сай білім беретін материалдық құрылымдарда көрінеді: Ішкі қызығушылықтар кез-келген қалыпты адамның терең биоәлеуметтік қажеттіліктерінен, оның білімге шынайы ұмтылысынан шығады. Ішкі мотивтер мен стимулдар кез-келген адам, тіпті қоршаған ортаны саналы түрде әлсіз қабылдайтын адамдарда тап болатын білім беру ортасына лайық, психологиялық-педагогикалық атмосфераға мәнді дәрежеде бағынышты болады. Сонымен бірге адамның бұл әлемді терең тануға және өзгертугешынайы ұмтылысы оқыту мекемелеріндегі білім беру іс-әрекетінің шынайы-бейнелік технологиясының сол немесе басқа түріне әдейі тудырылған педагогикалық ортаның өзара біріккен әрекеті болуы тиіс. Басқаша айтқанда тұлғаның өзін қоршаған ішкі білімге деген қажеттіліктерін көрсететін көлем және бұл қажеттіліктерді қанағаттандыруға деген педагогикалық негізделген бұл амалдар, бағытталуы, өзара күшейту, және бір-бірін құптауы бойынша сәйкес болуы тиіс.

Бұл туралы Б.С.Гершунский, ««білім беру» категориясының құндылығы әрбір адамның шынайы және ажырамас құқығын – тұлғаның дара ерекшелігін ескере отырып білім алуға құқығын толық қанағаттандыруға мүмкіндік беретін білім беру саясатын жүзеге асырумен аяқталады» - дейді [60].

Білім берудің тұлғалық құндылығын талдаумен байланысты, ерекше адамның өзіндік білім алуға даралық-мотивациялық қатынасы, оның деңгейі мен сапасы мәселелері осындай сипатта болады.

Білім беру жүйесі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өзгерістеріне жеңіл және қозғалмалы бейімделе отырып, сол уақытта мүмкіндігі бойынша өзінің тұрақты психологиялық-педагогикалық негізіне сай болуы тиіс. Білім беру жүйесі, бір жағынан дәстүрлі бір-бірін тарихи ауыстыратын білім беру парадигмалары мен доктриналарынан «өсу», ал екіншісі – кез-келген оқу орнын бітірушілердің оқу кезіндегі жағдайынан жақсы уақыт пен кеңістікте өмір сүру және жұмыс істеуі тиіс ол шынайы-болжаушылық, болашаққа «жұмыс жасау» болуы тиіс. С. Смаилов: «Егер базалықтан кейінгі білім беру озушы болса ғана жарқын дамушылық болуы мүмкін, өйткені шаруашылық міндеттер мен жаңа адамды қалыптастыру міндеттерін шешуге біртұтас бағытталуға кепіл болады» деп пікір білдіреді [61].

Осыған байланысты білім беру мекемелерінде догматикалық түсіндірмелі оқытудың орнына негізінде білімді ақпаратты жеткізу бар оқушылардың өздері «қол жеткізетін» өзіндік ұйымдастыруы бар оқыту жүйесі келеді. Физик Макc Лауэ айтқандай, «Оқу қабілетін дамытқандай, білімді игеру маңызды емес. Білім оқығандардың барлығы ұмытылғанда да қалатын білім» [62].

Осы жоғарыда айтылған пікірлердің негізінде тұлғаның креативті ойлау түсінігінің даму тарихын қарастыратын болсақ, антикалық заман философтары (Гераклит, Демокрит, Платон) адамды философиялық зерттеу ортасына қоя отырып, шығармашылық табиғатын түсіндіруге тырысты. Бұл кезеңге тән сипат шығармашылықты Құдайлық (өмірге келу, ғарышты жасау) және адамилық (қолөнер, өнер) деп бөлді. Құдайлық өімі әлемді жасау болып табылатын «Құдайлық шығармашылықта», құдайлық пайымдау сәті бар. Осыған ұқсас адамилық шығармашылық құдайлық ықпалмен жасалатын «ақылды пайымды» адам қол жеткізетін жоғары жетістік сәті [63].

Шығармашылық мәселесімен нақтырақ айналысқан неміс классикалық философиясы өкілдері: ХVІІІ ғасырда И. Кант шығармашылық іс-әрекетті қиялдың өнімді қабілеті деп атай келе, нақты шығармашылық тұжырымдамасын жасады. Ол шығармашылық үрдіс сана құрылымының маңызды компоненті болып табылады және танымдық іс-әрекет негізінде жатады деген қорытынды жасады [67].

Дж. Дьюи шығармашылық ойлауды әлеуметтік іс-әрекеттің интелектуалды көріну формасы ретінде міндеттерді шешуге әкелетін деп қарастырды және «шешімсіздіктің, ауытқудың, күдіктенудің қалпын» саналы ойлау жұмысын бастаудың алғышарттары ретінде, өз бейнесінде адамның шығармашылық белсенділігінің факторын анықтады [73].

Алғаш рет шығармашылық белсенділік негізінде жатқан факторды бөлуге әрекет, шығармашылық ойлауды зерттеуге психоаналитикалық тұғыр шеңберінде жасалынды. З. Фрейд шығармашылық жаншылған жыныстық және агрессиялық энергия нәтижесі болып табылады деп есептеді [74]. А. Адлер оны толық емес кемшінді толықтыру амалы ретінде түсіндірді [75]. К. Юнг шығармашылық феноменінде ұжымдық, санасыз, жанама жеке тәжірибе мен жасаушыны қабылдау архетиптерінің пайда болуын көрді. Бұл жағдайда, психоанализ алғаш рет мотивтер мәселесін және ойлаудағы санасыздық рөлін аталған мәселені зерттеу аспектісі ретінде бөлді [76].

Шығармашылық мотивтері психолог-гуманистермен зерттелді. Шығармашылықтың алғашқы бастауы тұлғалық өсу мотиві немесе, (А. Маслоу бойынша) өзіндік өзектенуге қажеттілік, өзінің қабілеттері мен өмірлік мүмкіндіктерін толық және еркін жүзеге асыру деп аталды [77].

Шығармашылық ойлауды зерттеген танымал Ресейлік ғалымдар қатарында: Б.А. Лезин, өзі жеке, жасаушы тұлғасының сапасын (зейін және қабылдау, қиялдау мен ойдан шығаруға қабілеттілік, шынайылық, бақылампаздық және даралық, интуициясы мен алдын-ала сезгіштік қасиетін) және шығармашылық үрдіс кезеңін: еңбек, санасыз жұмыс, шабыттануды анықтады [78].

А.Н.Леонтьев өзінің «Опыт экспериментального исследования мышления» (1954 ж.) баяндамасында шығармашылық үрдіс кезеңіне назар аударды:

1) шешімнің дұрыс амалын табу,

2) бірақ та, шығармашылық ойлау мәнін құрайтын, жеке іздеу үрдісінің барлық саласында оны еркін қолдану [79, С. 213].

И.В. Сумбаев алғаш рет кеңес психологиясында адам психикасында саналылық және бейсаналықты бөлді және бейсаналықтағы шығармашылық үрдістің рөлін анықтады. Оның шығармашылық үрдіс кезеңіне қатысты көзқарасы:

- шабыттану (қиял іс-әрекеті, идеялардың туындауы),

- идеяларды логикалық өңдеу,

- шығармашылық ниетті орындау. Автор бұлардан басқа, ғылыми шығармашылықтың тмендегідей сипаттамаларын бөліп көрсетті: нақты тақырыпқа зейінін шоғырландыру, материалды жинақтау және жүйелеу, нәтижелерді алу және толықтыру [80 с. 98-102].

Қазіргі уақытта шығармашылықтың интеллектпен қатыстылығының үш негізгі тұғыры бар. Бірінші пікірге сай, А.Танненбаум мұндай шығармашылық қабілет жоқ, ал интеллектуалдық дарындылық – қажет, бірақ тұлғаның креативті белсенділігі жеткіліксіз жағдайда деген тұжырым айтады. Шығармашылық мінез-құлық қозғағыштары мотивация, құндылықтар және кейбір тұлғалық сипаттар (когнитивті дарындылық, мәселені сезгіштік, белгісіз және күрделі жағдайларға тәуелсіздік) болып табылады – деп санайды [81].

Екінші пікірді ұстанушылар, шығармашылық қабілет (креативтілік) фактор интелектісіне тәуелсіз өзінше деп санайды. Яғни интеллект даму деңгейі мен креативтілік деңгейінің арасында өзара байланыс болса, ол өте мәнді емес деген пікірді Дж. Гилфорд [82, Vol.5. р.156-158] ұстанады.

Соңғылары, Д. Векслер интеллект дамуының жоғары деңгейі жоғары деңгейлі креативтілік қабілетті болжайды және керісінше деген тұжырымды ұстанады [83, р 33-37]. Осыған байланысты Р. Стернбергтің шеңберінде интеллектуалдық іс-әрекет үш аспектіде қарастырылатын тұжырымдамасы өте қызық: интеллект құрылымдау механизмдері (шешімнің, когнитивтік стилдің, білімнің көрінуі); интеллектінің тапсырма түрлерімен байланысы (жаңа тапсырмаларды шешуде, және әрекетті іске қосуда интеллект қатысады) және интеллектінің сыртқы әлеммен қарым-қатынасы. Егер жоғары интеллект креативтіліктің жоғары деңгейімен үйлессе, креативті адам ортаға бейімделген, белсенді, эмоциялық салмақты және тәуелсіз болып табылады [84, с.186-210].

Тағы бір ғалым Сунгур Нурай, мектеп оқушыларының шығармашылық ойлауын дамытуға үлкен үлес қосқан, оқу сабақтарында мәселелік тапсырмаларды шығармашылық шешудің тиімділігін көрсеткен. 1995 жылы «Шығармашылық және білім беру» атты еңбегінде білім берудегі шығармашылық ойлауды жан-жақты талқылап, көрсетеді [87, s. 29-31].

Сонымен қатар Aйташ Серпил, [88] Атаман Aйшегул [89, s. 107-112], Өздемир Мохаммад [90] және Koрай Озлем [91] білім беру жүйесіндегі креативті ойлаудың дамуына салмақты үлес қосып отырған ғалымдар. Қазіргі таңда олардың креативті ойлауды дамыту тұжырымдамалары Түркияның білім беру саласында қолданылып отыр.

Отандық креативті зерттеуші ғалымдардың еңбектерін қарастыратын болсақ Қ.М. Нағымжанова: «креативті ойлау полюстерді тепе-теңдікте ұстайды және қарама-қарсы көрінетін бірліктерді қосады. Студенттерді бақылай отырып, біздің аңғаратынымыз, олар көбінесе біз олардан күтетін жауаптар береді. Олар тек өздерінің толық сенімділіктегілерін ғана айтады. Бірақ, барлық жаңа креативтік анықталмаған, «ақылды және тапқыр» мәртебесіндегі бала, креативті болудан қашады, себебі өз беделін жоғалтып алудан қорқады. Ал мұндай жағдай механикалық ойлауға әкеледі. Бұл тұрақтылық, сонымен қатар жалықтыруды туғызады. Механикалық ойлау креативті ойлаудың ең үлкен қатері, яғни ол жаңаны сезініп, ашу мүмкіншілігін жояды. Келесі қатер алдын-ала айтылган сын болуы мүмкін. Көбінесе ерекше, дұрыс келмейтін байланыстыру шығармашылық ойлауға негіз болады, ал ерте айтылған сын жаңа дамуды тұншықтырады» - деп тұжырымдама береді [92, 110 б.].

Ал Б.А. Оспанова өз тұжырымдамасында болашақ мамандардың креативтілігін қалыптастыруда белсенділік тұлғаның, оның тұлғааралық, әлеуметтік-психологиялық кеңістік құндылықтары мен мақсатын құрылымдауға негіз болады. Сонымен бірге белсенділік тұлғаның іс-әрекетін, мінез-құлық стратегиясын және қатынасын жобалайды деген пікір ұстана отырып, кретивтілікте белсенділіктің рөлін ерекше атап кетеді [93].

C. Бердібаева тұлғаның креативтілігін дамытуда айтыс өнерінің рөлін баса айтады. Айтыс өнері арқылы адам креативтілігін дамытуға болады деген пікір ұстанады [94]. Бірақ біз өз зерттеуімізде әскери жарғымен күн тәртібі бекітілген, қарым-қатынасы қатаң тәртіпке негізделген әскери институт курсанттарының креативті ойлауын зерттеуге баса назар аударамыз.

Қоршаған ортаны танудың бастапқы түрі ғылым арқылы көрсетілсе, екіншісі - мәдениетпен көрсетіледі. Бастауыш білім беру жүйесінің маңызды мәселесі ретінде көптеген ғалымдар бастауыш сынып оқушыларының мәдениетін олардың танымдық дайындығы деп санайды. Заманауи педагогика ғылым мен мәдениетті негіз ретінде алып қарастырады, өйткені, арнайы зерттеулер – бастауыш сынып оқушыларының жоғары дәрежедегі іс-әрекетін біріншіден, оның мәдениеті арқылы жүзеге асады деп есептейді.

Екіншіден, ғалымдардың пікірі бойынша, оқу үрдісі, тек арнайы білім алу емес, оның қазіргі мәдениетке сай тіршілік етуіне, тәрбиеленуіне байланысты деп есептейді.

Үшіншіден, қазіргі болашақ маман - ол ойлау жүйесі жетілген, Отан қорғау мәселесіне байланысты өз пікірі бар, қарым-қатынасқа түсе алатын, мәдениеті жоғары тұлға.

Төртіншіден, жаһандану мәселесіне байланысты көптеген ғалымдар адамның рухани сезімін дамыту үшін қазіргі әлем мен отандық мәдениетке бейімделу керек деп санайды.

Бесіншіден, білім беру мақсатында алдымен мәдени оқушылардың танымдық дайындығын көтеру үшін «жалпы мәдениет деген не?» деген сұраққа жауап іздеуіміз керек. Қазіргі ғылымда нақтылы мәдениеттің анықтамасы қалыптасқан жоқ – себебі, мәдениет жан-жақты қарастыруды қажет ететін ілім. Ал, философиялық тұрғыда: мәдениет - тұлғаның іс-әрекетін қалыптастыратын әмбебап механизм - деген анықтама беріледі. Мәдениет - материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы деген пікірді де Д.И. Грядовой [96], П.В. Алексеев [97] білдірген осы авторлар. Мәдениет - қоғамдық өмірдің әлеуметтік және рухани ортасында тұлғаның шығармашылық қырын көрсете білуі деген пікірді А.Л. Никифоров [98] айтқан.

Креативті ойлауды дамытуға бағытталған зерттеулерге жүргізілген талдау жалпы заңдылықтар мен кәсіби андрагогикада өткізу ерекшеліктерін табуға мүмкіндік береді. Креативті ойлайтын тұлғаның жеке интеллектуалдық-эвристикалық қасиеті ретінде рационалистік түсінуден ерекшелігі креативті жүйелі, бағалы тұлғалық, көп деңгейлі бастауыш білім беруден бастау алады. Креативті адамның рухани және тұлғаның шығармашылық өзіндік даму шартының ажырамас бөлігі болатын бағалы, тұлғалық саналы категориясы қалыптасады. Ол оның өзіндік көкейтестілігінің айтарлықтай қоры болып табылады.

Еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі білім саласындағы туындаған қиындықтар ұстаздар қауымын тығырыққа тіреп, дағдарысқа әкелді. Бұл дағдарыстан шығу үшін креативті педагогтер бас қосып, қиыншылықтан шығу мәселелерін біріге қарастырды. Республикамыздағы белсенді, ізденіс үстіндегі оқытушылар өз қолдаушыларымен бір ұйым болып, ынтымақтастық педагогикасының аясында біріге қызмет етуге ынта білдірді. Олардың ерекшеліктері: біріншіден, жаңашылдық жолындағы авторлық курстар мен ғылыми-әдістемелік семинарлар, конференциялар ұйымдастыру арқылы білім беру мазмұнын тереңдетумен айналысатын даму деңгейі жоғары дәрежедегі топ. Екіншіден, креативтілік белгіде өзін-өзі жетілдіруші, қалыптастырушы, басқарушы жаңашыл жүйе. Үшіншіден, әр аймақтан ерікті түрде жаңашылдық ілімін қолдаушы, сыннан өткізуші, таратушы креативті оқытушылар тобы – жаңа үдерісті толық іске асырушы жаңашыл топ. Бұған дәлел:

- жаңашыл-педагог креативтілігінің пайда болуы және дамуы, жаңа идеяның пайда болуы;

- жаңашыл-педагог іс-әрекетінің әртүрлі түрде таратылуы;

- іс-әрекеттік ілімді құптаушылардың пайда болуы;

- құптаушылар қызметінің кең таралуы;

- тұлғааралық қарым-қатынастағы қызметтік байланыстың нығаюы.

Жаңашылдық дегеніміз – жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз – тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновациялық үдерісті мазмұнды қалыптастыруды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал «жаңаша» деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты айтады.

Осы бар мәселелерді зерттеудің жан-жақты болуы үшін біз келесі тарауымызда жалпы «Шығармашылық», «Дарындылық», «Креативтілік», «Креативті ойлау» түсініктерінің мазмұндық сипаттамаларын кеңірек қамтимыз.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет