Бала дарындылығын дамытудың жолдары



Дата22.06.2017
өлшемі112,75 Kb.
#19870
"БАЛА ДАРЫНДЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ"

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.
Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс.

       Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп    түсінеміз. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл,білім,ар,мінез, деген қасиеттерімен озады»деген Абай.Ұлы ақын сөзі еш уақытта өз мәнін жойған емес.Озық ойлы білімдар адамдар заманның дамуына өз үлесін қосады.Дарынды,жас талапты жастар-бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев:«Бізге керегі-шын дарындылар.Нарық қол аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын,тарланбоз жүйріктерін қолдауға,қорғауға міндетті»,-деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген.

      Мұғалім өзінің теориялық білімі арқылы оқушы бойына өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастырады.Мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

     Дарынды балаларға білім беруді ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу ерекше дарынды балалардың интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орын алады.Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты,кәсіби тағдыры жақсы мұғалімге байланысты.

     Баланың бойында күш қуаты жеткілікті,шын дарынды екеніне сендіру-ұстаз бойындағы құдіретті күш,өйткені сенім үлкен жеңіске жетелейді.Дарынды баланың одан әрі жетіле түсуіне ұзтаз тарапынан мейірім мен кішіпейілділік,бала жанын жазбай танушылық қасиеті қажет-ақ. Бала бойындағы дарындылық,ғылымилық қабілетін ашу,жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу,айқындау-ең басты мәселе.Ал оқытудың түпкілікті нәтижесі-өз ойын дәлелдей алатын,жан-жақты білімді,білімін жүзеге асыра алатын,қалыптасқан өзіндік азаматтық көзқарасы бар іскер,ақылды адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру.Ол үшін белгілі бір жоба болуы шарт.Яғни,оқушының  дарындылығын айқындау,шығармашылығын зерттеу,анықтау, белгілі бір бағыт-бағдарлама бойынша жұмыс жүргізуі қажет.

Оқушының дарындылығын анықтауда төмендегідей әдіс-тәсілдері қолданамыз;

баланың отбасы жағдайын зерттеу;

шығармашылық қабілетін анықтау ;

сауалнамалар, психодиагностикалық тренингтерді өткізу;

ата-анасымен әңгімелесу;



пәндік олимпиадаларға, ғылыми жоба жарыстарына, пікір сайыс ойындарына қатыстыру;

оқу жылы басында дарынды балаларға арналған тиімді жоспар жасалуы керек.

Әр сабақ барысында оқушыларға мынадай талаптар қойып жұмыс жасау:

-қоршаған ортаны сезе білу,құбылыс себептерін іздене білу;

-ақыл парасатты игеріп,ойлау,сезім қабілеттерін арттыру;

-алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;

-өзін-өзі талдауды,өзін-өзі бағалай білуді меңгеру;

Басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу,осы заманға сай технологияларды пайдалана білу (интернет, электронды пошта);

Дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу  үшін электронды технологияның мүмкіндігі өте зор болып табылады.

өзіндік тексерудің(өзіндік бақылаудың) тестілік жүйесі;

бақылау формалары:толықтыруды қажет ететін тестілер жүйесі;

балама жауаптары бар тестілер (шешімі дұрыс немесе дұрыс емес);

таңдамалы тесті(бірнеше жауаптардың дұрысы таңдалынады);

диктант ретінде құрастырылған тесті(мәтін арқылы оқытып отырған жағдайда керекті сөз қойылып отырады);

сәкестілік тесті(өзара байланысқан фактілерді табуға құрылған);

Дарынды оқушымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты-олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға  дайындығын қалыптастыру.Бұл жерде мұғалім қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу керек

Дарынды оқушымен үнемі жұмыс жасау,баланы үнемі ізденіске жетелейді. Баланың жетістігін мақтай отырып,өз ісінің нәтижелі болуына және оны талдап анализ жасауына ықпал жасау керек.Жасалған жұмыстарға қарай оқушылардың бейімділік деңгейін анықтап,олимпиадаларға,сайыстарға,ғылыми–практикалық конференцияларға(ізденімпаз-

дық жұмыс,зерттеу жұмысы,рефераттар қорғау,жоба қорғау) оқушылардың аудандық,облыстық республикалық шығармалар,жобалар байқауына қатысуға іріктеу.Осындай дарынды балалармен жұмыс жүргізгенде көптеген нәтижелерге жетуге болады(білім сапасы артады,олимпиада,ғылыми жобалардан орындар ).

Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болуы керек.Ол өмірдің әр тетігіне үңіліп,тығырықтан шығар жолға даяр болуы қажет.Дарынды да қабілетті оқушыларды ғылымға баулу,ғылым арқылы жас ұрпақты дарындылыққа баулу әр ұстаздың міндеті.Ендеше баланы заманына қарай икемдеп,өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу,оларды шығармашылық бағытта жан-жақты бағытта дамыту-бүгінгі күннің басты талабы екенін әр ұстаз естен шығармауы абзал.

      Тарих пәні мұғалімдерінің міндеті – мәдениетті түрде білімді, іскер, жеке тұлғаны дамыту, ұлтымыздың рухын көтеру, осы мақсатқа жететіндей тиімді жол іздеу. Педагогикалық психология бойынша оқушының мәдениетін білім, білік, дағды арқылы дамыту керек. Әр оқушының жеке жұмыс қабілетін ескеру, сынып тапсырмаларын, үй жұмысын баланың ерекшеліктерін ескере отырып беру қажет. Мектептің оқу үрдісіне енгізіліп жүрген технологиялар теориялық тұрғыдан дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже көрсетіп жүр.



Жаңа әрі пайдалы ізденістердің бірі әлемнің 18 елінде сынақтан өткен «оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының стратегияларын сабақта қолдану барысында көрсеткен нәтиже: оқушының оқуға қызығушылығы артады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады, пікір таластыра білуді, ойын жүйелі түрде жеткізуді, эссе, өлең жолдарын  құрастыруды, қиялдауды үйренеді.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту»жобасының оқушы құзіреттілігін дамытуда да  маңызы зор.Бұл бағдарламаның мақсаты:Кез келген аудиторияда,оқушылардың кез келген мазмұнға сын тұрғысынан ойлау арқылы өз көзқарасын білдіруге тәрбиелейді.Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес,шыңдалған ойлау.Бұл бағдарламаның құрылымында ерекшелік бар.Бұл құрылым үш фазадан тұрады.

Олар өз қызметтеріне байланысты аталады:

  1. қызығушылықты ояту;

  2. мағынаны ажырату;

  3. ой толғаныс.

Қызығушылықты ояту оқушылар үшін  сабаққа қатысудағы алғашқы қадам.Бұрынғы білімдері мен сезімдеріне немесе әсерлеріне еніп,жаңа білімге мазмұн қалап,болашақта зерттеу жүргізулеріне күш алуларына және орындалуы керек тапсырмалар жөніндегі жеке және топтық түсініктерді қалыптастыруларына көмектеседі.Сонымен қатар оқушының жаңа идеямен мәліметтерді үйренуге және оны өзіндегі білім негізімен ұштастыруда іштей немесе сырттай белсенді болатын –болмайтындықтарын шешуі де алғашқы кезеңде іске асады.Қызығушылықты ояту ұзақ, әрі мағыналы оқытудың қажетті психологиялық негізін салады.

Мағынаны тану кезеңі оқушылар жаңа мәліметпен,идеямен немесе жаңа мазмұнмен кез келіп қалғанда іске асады.Дәрісті басқаратын талқылау,кітап оқу,бейнетаспа,өнер қойылымдары немесе басқа да нұсқау әдістерінің қайсысы болмасын осы кезде іске асады.

Оқушылар жаңа білімді бұрынғымен біріктіре отырып,белгісіздіктен белгіліге қарай жүретін ақпарат пен идеяның маңыздылығы жөнінде шешім қабылдаулары қажет.

Оқушылар жаңа идеяны қабылдайды,ескімен жаңаны ұштастырады,ойлау қабілетін кеңейтіп,не түсінгенін анықтайды.

Ой толғаныс –үйрену процесінің соңғы кезеңі болады да,бұл кезде оқушылар алған білімдерін сыртқа шығарып,түсінгендерін өз сөздерімен жеткізіп бере бастайды.

Саналы талқылаулар мен білімді тәжірибиеде қолдану,жаңа идеялар мен ұғымдарды жинақтаумен,мазмұн жөніндегі өздерінің ашық ұсыныстарымен немесе бір зерттеуді бастаумен айғақталады.Бұл процес арқылы оқушылар өздерінің ойын нақтылайды,қатарластары мен мұғаліммен кері байланыса отырып мәліметтер жинағы мен құрылым мағынасын сынақтан өткізеді.Яғни іштей ойлануға үйретеді,ой алмасады.Белсенді түрде өз білімін үйрену жолына қайта қарап,өзгерістер енгізеді.Осы кезеңдер әртүрлі стратегиялар,яғни әдіс –тәсілдер арқылы жүзеге асады.

Тұлғалық бағдарлы көзқарас тұрғысынан қарастыратын болса,мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас,түсіндіруден түсінуге,монологтан диалогқа,әлеуметтік бақылаудан дамытуға ,басқарудан өзін-өзі басқаруға көшу болып табылады.Мұғалімнің негізгі міндеті-оқушымен қарым –қатынас,оқушылардың өзара түсінуі,оларға шығармашылық үшін жағдай жасау.

Сыни ойлау философиясындағы басты мақсат:оқушы қандай  да болмасын ақпаратты өздігінше игеріп,өз өміріне жарата алатын әмбебап тәсілдерді үйренуі керек.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасында 100-ге жуық стратегиялар бар.Қазіргі кезде көп қолданылып жүрген стратегиялар:венн диаграммасы,Т кестесі,ой қозғау,түртіп алу,пікір-сайыс,кубизм, дискуссиялық өрнек,кластер т.б.

Бұл бағдарламаны сабақта үнемі қолдану барысында бұрын сәтсіздіктен қашып,оқуға талаптанбайтын,ғылымның маңызын төмен санап,білімнің қажет екенін ескермейтін,

құнды ақпараттарды енжар қабылдайтын оқушылар,әсіресе үлгерімі орташа деңгейдегі оқушылардың сабаққа ынтасы өзгереді.Ал үздіктер мен оқу екпінділерінің көпшілігі не жазаланбау үшін не мадақтау үшін,не өзгелерден жоғарырақ болу үшін оқып келсе,енді қызықты ақпараттарды өз бетінше іздеп тауып,өзгелермен ой бөлісуге асығатын болады Мұның бәрі олардың табысқа жиі жетіп,өз күшіне сенуінің арқасында болып жатқан өзгерістер.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының тиімді жақтары

1.Оқушылардың өздігінен жан-жақты білім алуына жағдай жасалады.

2.Сабақ кезінде уақытты ұтымды пайдалану мүмкіншілігі молаяды.

3.Оқушылардың өзара пікір алмасуына мүмкіндік туғызылады.

4.Мұғалім мен оқушылар арсында ізгілік қарым –қатынастар орнайды.

Сонымен оқушының үлгерімі,дарынды балаларды анықтау, дамыту,білім сапасын жоғарылату мұғалімнің өз міндетіне,шеберлігіне байланысты.

   «Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасы әдістерін халықтық педагогикамен



байланыстыра отырып, 8-сыныпта өткізген «Абылайдың хандығы» тақырыбындағы сабақта қазақтың аты шыққан ханы Абылайдың тарихтағы орнын көрсетуді, Абылай ханның балалық шағын, қоғам қайраткері ретінде қалыптасуын қазақ халқының бастан өткізген ауыр кездерімен байланыстыра отырып түсіндіруді мақсат етіп қойдым. «Абылай кім?» деген сұраққа ассоциация жасау арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында сабақ жоспарын үш тақырыпшаға бөлеміз:

  1. Абылайдың балалық шағы, ата тегі.

  2. Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі батырлар.

  3. Үш жүздің ханы – Абылай.

Оқушылар әр тақырыпшаға тірек сызбасын дайындайды. Бірінші тақырыпша бойынша Әбілмансұр – Сабалақ – Абылай тірек сызбасын құру, балалық шағын, ата тегін айту. Қосымша қазақтың мақал-мәтел, нақыл сөздерін пайдалану арқылы әрбір оқушы ой-толғаныс арқылы жетілдіре түседі. Мысалы, «Тегін білмеген тексіз», «Жеті атасын білмеген жетесіз», «Өлі риза болмай, тірі байымас», т.б. Екінші тақырыпша бойынша тірек сызбасы Абылай – батыр – шешен – қоғам қайраткері секілді үлгіде құрылады. Бұл жерде Абылайдың жоңғарларға тұтқынға түсуі, одан өзінің ақылдылығы, шешендігі арқылы босап шығуы туралы баяндалады. Пайдаланылған мақал-мәтелдің мазмұны айтылады. Үшінші тақырыпша бойынша Абылай – саясаткер – үш жүздің ханы – ұлы тұлға деп құрылады. Мұнда да оқушылар мақалдарды пайдалана отырып, Абылай ханның үш жүзді біріктіру арқылы жоңғарларды жеңуі, хан болып сайлануы баяндалады. Осылайша әр тақырыпша бойынша мақал-мәтелдерді пайдалану арқылы оқушы ойын толықтырады. Осы үш тақырыпшаға арналған көріністер көрсетуге болады. Сонымен қатар оқушыларға проблемалық сұрақтарды қазақтың салт-дәстүрімен байланыстыру арқылы қою оқушылардың қисынды ойлауын дамытады. Жалпы ата-баба дәстүрін сәби шақтан бойға сіңірген, түйсінген, ізденімпаз, шығармашылықпен жұмыс істейтін оқушы халық ұлағатын қанына сіңіре отырып болашақта еліміздің білімді, білікті азаматы болсын десек, халықтық педагогиканы әрбір сабақта жаңа технология әдістерімен байланыстыра білуіміз керек. Өмір бір орында тұрып қалмай, әрдайым жаңалықтармен толықтырылып отырады. Сондықтан өмірдің жаңалықтарына бет бұрып, жаңаша білім беру тәсілдерін ойлап табу – әр пән мұғалімінің негізгі мақсаты. Білім  беру саласының дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру еліміздің мектептерінде оқытудың белсенді және инновациялық әдістері мен педагогикалық технологияларды тиімді пайдалануды қажет етеді.

 Бұл технологияның ерекшелігі – оқушының танымдық белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыра білу. Оқыту үрдісін жаңаша ұйымдастыру мұғалімнің оқушының өзін-өзі



дамытуына қолайлы жағдай жасай отырып, оның шығармашылығының өздігінен іс-әрекет ету даралық қабілеттерінің артуына себін тигізеді. Мұндай жаңа технологияларды пайдаланып оқыту барысында оқытушыға қойылатын негізгі талап оқушының берген жауабын түзету, берілген тапсырманы орындау жолдарын көрсету, оқушыға өз ойын рет-ретімен толық жеткізуді үйрету болып табылады. Балаға өз ойын қысылмастан айтуға мүмкіндік беру, оған пікір еркіндігін сездіру оқушының сол сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар сабақ барысында техникалық жабдықтарға, көрнекіліктерге жүгіну оқытушыға уақытты үнемдеуге, аз уақыттың ішінде бірнеше оқушының білімін бағалауға, бағдарламадағы материалды қай дәрежеде меңгергенін айқындауға мүмкіндік береді, бұл оқушының білім деңгейін қадағалаудың ең тиімді тәсілі. Себебі, оқушының білімін тексеру, оның мүмкіндіктерін айқындау – оқыту кезеңінің ең маңызды бөлігі.

Бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіздік шыңынан орын алып, халық санасы жаңарған мезгілде оқушыға білім беру, соның ішінде тарихты оқыту талаптары түбегейлі өзгерді. Тарих мұғалімінің алдында үлкен жауапкершілік бар. Өйткені тарихты оқыту – отансүйгіш азаматтарды тәрбиелеп өсіру деген сөз. Тәуелсіз Қазақстан тарихын оқушы өзін сол оқиғалар арасында жүргендей қызықты өткізу оқытушыдан ерекше шеберлікті талап етеді. Ал бұл талапты орындау үшін мұғалім көп ізденіп, заман талаптарына сай білімге ие болып, әлем жаңалықтарымен де таныс болуы керек.

Өткен тарих бұрмаланып, тым саясиланып оқытылған болса, 1990 жылдардан бастап тарихты оқыту жаңа бетбұрыс алды. Қазіргі уақытта тәуелсіз Қазақстан тарихын тарихи деректер негізінде оқушыға жеткізу, сабақ барысында жаңа әдістерді тиімді қолдану, жаңа технологияларға жүгініп, оқытудың жаңа тәсілдерін ойлап табу тарих пәні мұғалімдерінің өзекті мәселесіне айналды.

Жаңа технологияны білім беру саласында тиімді пайдалану оқушылардың өзіндік жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі. Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ – ұлттың ұлт болып қалуының кепілі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет