Ойын-сайыс «Менің отбасым және математика»
Мақсаты: Ата-аналарды балаларымен бірге мектепішілік іс-шараларға қатыстыру, отбасы мүшелерін алдарына қойған мақсаттарына жетуге ынталандыру.Ойынға қатысушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру.Математикалық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Команда құрамында: Әкесі, анасы, баласы
Команда жанкүйерлері: Сынып оқушылары, ата-аналар, сынып жетекшілері.
Әділқазылар алқасы: мектеп әкімшілігі және мұғалімдер
Сайыс барысы:
1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ата-аналар мен оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар
Естігенін есте тұтып
Оқығанын миға тоқушылар.
2-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар
Сіз оқытқан оқушылардың
Және олардың отбасының
Сәті келді сыналар.
1-жүргізуші: Есепті түрлі-түрлі шығарамыз
Арасында ойын ойнап жарысамыз
Ойламды сұрақ , қиын сұрақ бәрі де бар.
Әзіл есепке де отырамыз.
2- жүргізуші: Олай болса бұл не тұрыс
Кешімізді біз бастайық
Әділ бағаға қалтасы толы
Әділқазыларды шақырамыз.
1- жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын
Әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс шарттары әділқазылар алқасының алдына дайындалып қойылған.
1. Мектеп басшысы Толқын Қабдырахманқызы
2. Оқу ісінің меңгерушісі Гүлзағила Ерманқызы
3.
2- жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан табылады.
Нақты білім , терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпене қол соғылады.
1- жүргізуші: Біреуінің жүрегінің түгі бар
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар
Әр команданы ортаға шақырамыз.
2 сынып- «Жарқынбаевтар» отбасы
3 сынып- «Ибраевтар» отбасы
4 сынып – «Есімсеитовтар» отбасы
Жоспары:
І. Таныстыру.
ІІ. «Бәрі бір әріптен»
ІІІ. Шығарма жазу. «Менің отбасым және математика»
IV. Жұмбақ шешу. «Тапқыр болсаң, шешіп көр»
V. Команда мүшелерінің сайысы «Көңілді тапқырлар»
VІ. Жанкүйерлермен ойын. «Жылдам әрі шапшаң»
VІІ. Отбасылық викторина
VІІІ.Қорытындылау.
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, қымбатты оқушылар! Бүгінгі кешіміз қызықты өтіп және тек қана оқушыларға емес, ата-аналарға да әсері мен пайдасы тиеді деген сенімдемін. Расында да математика- барлық ғылымдардың патшасы демекші, күнделікті өмірде математикасыз күніміз жоқ. Бұл туралы бүгінгі «Менің отбасым және математика» атты кешімізде әңгіме жүргізілуі себебі балалар математика туралы алғашқы мәліметтерді отбасынан алады. Неге? Өйткені, баласын дүкенге азық-түлік алуға анасы жұмсайды, әкесі баласын ұсталық жұмыстарды үстеуге үйретеді, анасы қызымен бірге киім тігеді , рецепт бойынша ас әзірлейді. Міне осының бәрі математикаға келіп соғады.
Сонымен сайысымызды бастаймыз. Сіздерге сәттілік тілеймін!
І. Таныстыру.
Әр топ жеребе арқылы өз топтарының аттарын таңдап алып, ұран құрастыру және хормен айту
ІІ. «Бәрі бір әріптен»
Командалар «П» әрпінен басталатын математикалық терминдер жазады. Ең көп термин жазған команда- 50 ұпай, келесі- 40 ұпай , үшінші- 30 ұпай ,
т. с . с.
ІІІ. Шығарма жазу.
Шығарма белгілі уақытта жазылу. Команда капитандары «Менің отбасым және математика» атты шығармаларын оқиды. Шығарманың мазмұндылығы, қызықтылығы бағаланады.
IV. Жұмбақ шешу
Әр сөзге үш анықтама беріледі. Егер бірінші сөзден шешілсе - 60 ұпай, екінші сөзден – 50 ұпай, үшінші сөзден – 30 ұпай
1.Бұл саған ... дейді шешесі
Үзіліс арасында ыңғайсыз жағдай
Тынымсыз оның аяқталғанын тосасың
( сабақ )
2. Өзі қарбызға ұқсас
Геометриялық дене
Біз онда өмір сүреміз
( шар)
3. Үлкендер сөзімен , өмір- ол ...
1 сынып сонымен басталады
11 сынып сонымен аяқталады
(емтихан)
4. Нөл болып жазылып, нөлге бөлінеді
Онымен банк несие береді
Санның жүзден бірі.
( процент)
5.Бөлмеде ол төртеу
Бұзықтарды сонда қояды
Транспортирмен өлшенеді.
(бұрыш)
6. Бір, бес, он
Жиырма, елу
Жүз, екі жүз, мың бар,
Әрқайсысының құны бар.
( теңгелер)
7. Сабақ арасындағы
Мектептегі ең жағымды сәт
Өзі тез аяқталады.
(үзіліс)
8. Үздіктер оны сирек жасайды
Содан сабақ алады
Ол үшін баға кемітіледі
( Қате)
9. Әр есепте бар
Оны тауып алуға немесе қарап алуға болады
Шешесі баласына: «Бұзақылық жасасаң .... бере біл.
(жауап)
V. Команда мүшелерінің сайысы
Команда мүшелері жеке-жеке тасаырмалар алады.
1. Отбасының балалары. Адам суретін салу.
( геометриялық фигуралар, цифрлар, математикалық символдар, таңбаларды пайдалану керек)
2. Аналарға тапсырма. 6 тоқитын сымнан сегіз үшбұрыш шығару.
3. Әкелерге тапсырма. 24 шырпыдан 9 шаршы құрау. 8 шырпыны алғанда, 2 шаршы шығуы керек.
1-сынып оқушыларының орындауындағы «Біз өмірдің гүліміз» әнін қабыл алыңыздар.
VІ. Жанкүйерлермен ойын.
1. 5 жыл бұрын ағасы мен қарындасы бірге 8 жаста болды. Тағы 5 жылдан кейін олар қанша жаста болады? (18)
2. Әкесі 30 жаста , баласы 5 жаста. Неше жылдан кейін әкесі баласынан 27 жас үлкен болады. ( ешқашан)
3. Ағасы 12 жасқа толғанда қарындасы неше жаста болады, егер ағасы қазір 8-де, ал қарындасы 3 жас кіші болса? ( 9)
4. Бір адамнан , қанша балаң бар деп сұрағанда, ол мысқылдап:
«Менде қанша қызым болса,сонша ұлым бар.Әр ұлымда 3 қарындасы бар». Бұл отбасында неше бала? (6)
5. Алты ағайынды туралы, (Мальчик-с-пальчик) Перро ертегісінде автор не себептен екені белгісіз, бір отынкесуші (дровосек) отбасында жеті ағайын және әрқайсысында жеті қарындастан болғанын айтпапты.Сонда бұл ертегідегі отбасында неше бала болған ? (14)
6. Бір отбасында екі әкесі және екі ұлы бар. Отбасында неше адам бар? (3) ата , әке , немере
7. Әйел адам сыныптағы балалардың біреуіне: «Мен сенің анаңмын , бірақ сен маған ұлым емессің »-дейді . Ол не дегені?(қызымсың дегені)
8 . Бір азаматтаың әкесі Николай Петрович, ал оның ұлы – Алексей Владимирович .Ол азаматтың аты-жөні кім? (Владимир Николаевич)
9 . Отбасында өмір бойы мен өзім жалғыз өстім. Бұл шындық , басынан аяғына дейін. Бірақ суреттегінің ұлы, менің әкемнің ұлы.Суреттегі кім? (Менің әкем)
10 . Күйеуі мен әйелі және ағасы мен қарындасы 3 алма алып, бірдей бөліп алды. Әрқайсысы қанша алмадан алды?(1) күйеуі, әйелі, ағасы (қарындасы)
11.Таяқтың екі басы бар.Егер оның бір жағын кессе, таяқтың неше басы қалады? (2)
12. 20 метр матаны 10 бөлікке 2 м-ден бөлу үшін , неше рет кесу керек? (9)
13. Әкесі мен ұлы ағашты 12 рет кесті. Қанша бөрене шықты?(13)
14. Ойыншылар шахматты 4 сағат ойнады.Әрқайсысы неше сағат ойнады? (4)
15.Ұлы, әкесі, атасы дойбы ойнады. Барлығы 3 партия ойналды..Әрқайсысы неше партиядан ойнады? (2)
VІІ. Отбасылық викторина
1. Қандай бөшкеге су құюға болмайды? (тесік)
2. Қосарланып жегілген ат-арбамен Қайрат 25 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жүрді? (25)
3. Бір тонна темірмен, бір тонна мақтаның қайсысы ауыр? ( бірдей )
4. Тауық бір аяқпен тұрғандағы салмағы 5 кг, ал екі аяқпен тұрғандағы салмағы қанша? ( 5 кг )
5. Бес бұтақты теректе
Бұтақ сайын 5 алма
Біреуін бер берікке
Қалады сонда қанша алма? ( Теректе алма өспейді )
6.Ағасында 12 кәмпит, ал інісінде екеу .
Екеуінде бірдей болу үшін ағасы інісіне неше кәмпит беру керек? ( 5)
7. Қонақ келер алдында Марал ыдысқа бүтін алма, екі жарты алма және ¼-ден 4 алма салды. Маралда неше алма болды? ( 3 )
1-сынып оқушыларының орындауындағы әсем әнді қабыл алыңыздар.
VІІІ. Қорытындылау.
Әділқазыларға сөз беріледі. Марапаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |