Балалардың орманда өздерін дұрыс ұстау ережелері Құрастырған: Б. А. Шынгожина



бет1/14
Дата05.02.2022
өлшемі4,58 Mb.
#17216
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Балалардың орманда өздерін дұрыс ұстау ережелері




Құрастырған: Б.А. Шынгожина

1.Құстардың ұясын бұзбаңдар!
Құс ұясын бұзбаңдар,
Балапанын алмаңдар.
Құстар- біздің досымыз,
Обалына қалмаңдар!



2. Орман жәндіктерін жәбірлеме!
Бұтақтан бұтаққа шапқылап,
Қызғылт- сары жәндіктер.
Қорқыныш жоқ, үрей жоқ,
Сақтану үшін әрекет,
Жасап жүр бұлар бәлекет.

3. Көбелектерді аулама!
Қызыл-жасыл көбелек,
Көп екен ғой, не керек!
Ұстап алсаң – не қалар
Қызыл ала көркемнен?

4. Құмырсқаның илеуіне тиіспе!
Кіп- кішкентай құмырсқа,
Бейім барлық жұмысқа.
Түні- бойы ұйықтамай,
Илеуін пана етеді
Еңбекшіл, жоқ зияны,
Қиянат етпе сен босқа.

5. Гүлерді жұлма!
Жайнасын гүл далада,
Жайнасын гүл қалада,
Өзің жұлма, жұлғызба
Қасындағы балаға!



6. Орманда шулауға болмайды!
Жайдары жаз келгенде,
Бүлдірген теріп жүргенде,
Қыдыра барсаң орманға,
Айғай- шуды көтерме!

8. Сирек кездесетін
гүлдерді жұлмаңдар!
Гүлдің де жаны, тәні бар,
Өзіндік әсем сәні бар.
Қастерле, оны бағала,
Біздерге берер нәрі бар.


9. Орманда сіріңке ұстама!
От жақпа, күйерсің,
Өртеніп жүрерсің.
Сіріңкені ұстасаң
Бәлеге сен түсерсің.


10. Орманды қоқыстан қорғайық!
Көк орманда ауа таза, бой таза
Көк орманда адам таза, ой таза.
Орман өзін күнде таза ұстайды
Көк орманда шаң бұрқырап ұшпайды.



11. Жеуге жарамайтын
саңырауқұлақты жұлма!
Қыдыра барсаң орманға
Саңырауқұлақ көргенде
Абай бол,есіңе жөн сақтаған!
Саңырауқұлақтың кейбіреуі де
Жеуге жарамсыз болады!


12. Орманда шыны сындырма!
Алыңдар ұғып, балалар,
Істері кейде шалалар.
Жүргенде сен орманда

Шыны, әйнек сындырма



13. Өсімдіктерді тамырымен жұлма!
Гүлдің де жаны, тәні бар
Өзіндік әсем сәні бар
Қастерле, оны бағала,
Біздерге берер нәрі бар.




14. Ағашты бүлдірме!
Отырғыз ағаш көктемде,
Жөн болар еңбек еткенің.
Жетпесе шамаң еккенге,
Сындырма жұрттың еккенін!




Құрастырған
А.Т.Боранбаева


Балалардың ұсақ қол моторикасын ойын арқылы дамыту
әдіс құрал

Көкшетау 2016






ӘОЖ 373.24
КБЖ74.100.58
Б 76

Б76 Балалардың ұсақ қол моторикасын ойын арқылы дамыту: әдіс құрал/А.Т.Боранбаева–Көкшетау 2016ж.–56 бет.


ISBN978-601-231-999-6

Бұл әдістемелік нұсқаулық мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалардың ойын арқылы ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған құрал. Нұсқаулық ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына негізделген. Балабақша балаларына арналған ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған жаттығулар мен педагогтың іс – тәжірибелері жинақталған. Әдістемелік нұсқаулық мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиешілеріне арналады.


ӘОЖ 373.24
КБЖ74.100.58

ISBN978-601-231-999-6

©Боранбаева А.Т., 2016
Түсінік хат
Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс.Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек.Баланың саусақтарының қимылы немесе ұсақ моториканың жақсы жетіліп дамуы, ол мидың және тілдің жетілуімен тікелей байланысты.Ұсақ және жалпы моториканы дамыта отырып, біз баланы мұқияттылыққа тәрбиелейміз. 
Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғауларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету-тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.
Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Баланың тілі негізінен мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Бұл кезеңде ағзаның барлық бөліктері және жүйелері қарқынды дамып, баланың дене және ой дамуына қажетті қозғалыстағы таным іскерлігі қалыптасады. Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл-қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды болып табылады.
Тақпақты саусақтар жаттығулары ырғаққа ілесіп қимылдауына және баланың сөйлеу ырғағының қалыптасуына көмектеседі. Сондықтан баланы ерте жастан бастап шынықтырған жөн. Саусақ ойындары сөйлеу лексикасының, сөздердің өзара байланысының (диалогты дұрыс жүргізуге, түсінік айтуға,т.б.) шыңдалуына себепші.
Әдістемелік құралда берілген материалдарды жапсыру, құрастыру, мүсіндеу, құрастыру сабақтарында қолдануға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет