«Балапан» I кіші тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Күні: Білім беру саласы



Дата06.02.2022
өлшемі30,99 Kb.
#81353
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word
Документ Microsoft Office Word

«Балапан» I кіші тобының ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Күні:
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сурет салу
Тақырыбы: «Қағаз, қарындашпен таныстыру»
Мақсаты: қағазбен майлы қарындашпен таныстырып, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Көлденеңінен, тігінен сызықтар сызуды үйрету. Зейінділікке, қабілетін дамыту.
Үстелде дұрыс отыра білуге және еңбек етуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет салуға арналған ақ қағаз, түрлі түсті майлы қарындаштар.
Қостілділік компонент: қарындаш- карандаш, қағаз-бумага.

Оқу іс-әрекет кезеңдері



Педагогтің
іс-әрекеті

Балалардың
іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғалушылық



Педагог балалардың назарын өзіне аударады.
Ертегі айтып береді.
-Қазір мен сендерге ертегі айтып беремін.
Ерте ерте ертеде...
Бір қорап өмір сүріпті.
Ол, міне, мынадай екен (қорапты көрсетеді).
Сырты қандай әдемі безендірілген (сыртқы суретіне тоқталып өтеді де), оның ішінде не бар екен?

Ертегіні тыңдайды.
Өздерінің көңіл-күйлерін білдіреді.

Ұйымдастырушылық-
ізденістілік

Қорапты қозғалтып, ішіндегі қарындаштарды (тықырлатады).
-Тыңдап көріңдерші, бұл қорап ерекше, сиқырлы қорап болды.
Өйткені, ішіндегі таяқшалар да сиқырлы көрінеді.
Кәне, ашып көрейік, -деп майлы қарындаштарды жартылай ашып көрейік, -деп майлы қарындаштарды жартылай ашып көрсетіп, бұл таяқшалардың түстері де сан алуан екен. (Қызыл және қара түсті қарындаштарды алып, балалардан олардың қандай түсті екенін сұрайды).
(Қағазбен таныстырғанда ақ қағазды көрсете отырып келесі сұрақтарды қойады).
-Мынау не? Түсі қандай?
Ақ қағазға майлы қарындашпен сурет салуға болады, бірақ қарындашты өте қатты бастыру қажет емес. Егер қарындашты қатты бастырсақ, қағаз жыртылып қалады. Сендер қағазды жыртпаңдар, сонда біз көп нәрсенің суретін салып үйренеміз.
-Қарындаштар көңілді би-билей алады. (Қағаз бетіне жоғарыдан төмен қарай бірнеше түзу сызықтар жүргізеді).
-Қандай әдемі түстер. Мынау қандай қарындаштардың ізі, кім айтады?

Қораптағы дыбысты тыңдайды.

Балалар түстерін айтады.


-Ол
-қағаз.
Түсі-ақ.
Балалар «қарындаш»
деген сөзді 1 рет қайталайды.
Ақ қағазға майлы қарындаштар арқылы сызықтар сызады.






Қызыл, көк, қара сызықтарды сызғанда қолды батыл, үзіліс жасамай жүргізіп көрсетіп, балалардың қол, саусақ қимылдарын жетілдіруге көңіл аударады.
Қарындашты қалай ұстау керектігін көрсетіп, 2-3 рет ауада сызық жүргізеді.
-Осы сызықтарды енді алдарыңдағы ақ қағазға түсіріп көріңдер.
-Енді бұдан былай сурет салу бөлімінде қағаз бен майлы қарындаштарды пайдаланып, әртүрлі суреттер салып үйренеміз. Қарындаштарынды жинап орнына қойындар.
Қарындаштарын жинатады.
Қағаздарды педагог жинап алады да, қарындашпен салынған суреттерді балаларға көрсетіп, әрқайсысын бағалап әңгімелейді.
«Өз түсіңді тап!» ойынын ұйымдастырады.

Сызықтарды көбірек сызып, ойын жаттығуларды орындайды. Ауада 2-3 рет саусақтармен сызықтар жүргізеді. Әр бала өзінің қарындашының қандай із түсіргенін түсіндіріп айтады. Сызықтарды батыл, дұрыс түзу сыза білуге жаттығады,бірнеше рет сызықтар жүргізеді.
«Өз түсіңді тап!» ойынын ойнайды.

Рефлексиялық -түзетушілік

Балалар жұмысқа кіріскенде аралап,
іс-әрекетіне басшылық жасап, бағыт беріп, жұмыстарын мадақтап, сабақты аяқтайды.

Балалар бір-бірінің жұмыстарын қарап өздерінің еңбектеріне назар аударады.



Күтілетін нәтиже:
Біледі: майлы қарындашпен сурет салуға болатынын.
Игереді: қағаз,майлы қарындаш туралы және онымен іс-әрекет жасау туралы түсініктерді.
Меңгереді: қағаз, майлы қарындашпен жұмысты, жұмыс істеу дағдыларын, ұқыпты еңбек етуді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет