«Балбөбек» бала бақшасы. «Қарлығаш» І кіші тобы. Тәрбиеші: Сарманова. С. Е. Білім беру саласы: Таным Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі



бет1/2
Дата25.01.2017
өлшемі0,59 Mb.
#7649
  1   2
«Балбөбек» бала бақшасы. «Қарлығаш» І кіші тобы.

Тәрбиеші: Сарманова. С. Е.

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Экология негіздері

Тақырыбы: Қысқы ағаштар. Шыршы ағашы

Мақсаты: ағаштардың түрлерімен таныстыру, оның ішінде шыршаның әдемі болып өсуі үшін адамдардың көмегінің қажет екендігін балаларға түсіндіру. Шыршаны суару, түбін тазалау сияқты жұмыстар туралы түсіндіріп, қарапайым еңбек іс-әрекетіне дағдыландыру.

Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап әңгімелесу.

Көрнекіліктер: ағаштың түрлері емен, шырша, қайың, теректің суреттері, үлестірмелі материалдар.

Іс-әрекет

бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастырушылық-қозғаушылық

Дөңгеленіп тұрып, балалар бір-бірлеріне допты беру арқылы тілектер тілейді.


Допты бір-біріне беріп тұрып, тілек тілейді.

-Аспаның ашық болсын!

-Анаң қасыңда болсын!


Ұйымдастырушылық – ізденістік

1 Суретпен жұмыс.

-Балалар, мына суретте не бейнеленген?

- Иә, балалар, ағаштар. Ағаштың түрлері өте көп. Олар –емен, қайың үйеңкі, терек, шырша, жеміс ағаштары. Ағаштардың көп болғаны пайдалы, олар ауаны тазартады, жазда көлеңке болады.

2 Әңгіме жүргізу.

-Ағаштардың бірі –шырша мен жақын танысайық. Шырша –биік, діңі түзу, қысы-жазы бір түсте болатын сымбатты ағаш. Қалың шыршы орманында аюлар апанын, тиіндар індерін, құстар ұяларын салады. Шыршаның бүршіктері көп болса, тиіндер қыстап та қалады. Шыршаның емдік қасиеті зор. Шырша ағашы жасыл болып тұрады.

4.Сергіту сәт:

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар

Біп-биік болып өседі.


-Ағаштар

Балалар да ағаш аттарын бірге қайталап айтады.

Балалар тақтадағы шырша ағашына назарларын аударады.


Балалар тербеліп, өлең жолдарын қайталап айтады.




Рефлексиялық - түзетушілік

5 Үлестірмелі материалмен жұмыс;

Шыршаны безендіру.

Сұрақтар:

-Балалар, қандай ағашпен таныстық?

- шыршаның түсі қандай екен?


Балалар бірге орындайды.
Балалар сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Ағаштарды, оның ішінде шыршаны біледі;

Шырша ағашын безендіре білу дағдысын игереді;

Шырша ағашы және оның маңызы туралы меңгереді.









Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет