Банктің есеп айырысу операциялары, кассалық және комиссиялық қызметтері



бет13/13
Дата21.05.2020
өлшемі0.68 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Ағымдағы шотты ашу, жүргізу және жабу және олар бойынша операцияларды жүзеге асыру үшін, егер Шартта және Қосылу туралы өтініште және Өтініште басқасы қарастырылмаса Клиент Банкке Тарифтерде белгіленген мөлшерде комиссиялық сыйақы төлейді. Егер Клиентке Жеке тарифтер белгіленген болса, онда осындай Тарифтерде көрсетілген Банк қызметіне төлемді Жеке тарифтерге сәйкес оларды пайдалану мерзімі ішінде жүзеге асырылады. Комиссиялық сыйақыны төлеу мақсатында Банк бірінші кезекте комиссия жүргізілген Ағымдағы шотты дебеттейді, Банк оны жүргізу бойынша комиссиялық сыйақыны дебеттейді, егер комиссиялық сыйақыны осы Ағымдағы шоттағы валютадан басқа валютада төлеу керек болса, онда егер Клиенттің жазбаша нұсқамасында басқасы қарастырылмаса, Ағымдағы шотты комиссиялық сыйақыны төлеу қажет валютада дебеттеу керек болады. Егер Ақша сомасы жеткіліксіз болған болса немесе Ағымдағы шот бойынша шығын операцияларын жоғарыда аталған тәртіпте шығынға жазу үшін шектеулер болған жағдайда, Банк соманың қажетті эквивалентін басқа банктік шоттардан басқа валютаға айырбастауға және осындай төленуге тиісті сомаларды жабуға құқылы. Айырбастау Банк шығынға жазу күнінде белгіленген ағымдағы курс бойынша жүргізілетін болады.

Қорытынды

Банктік қызмет көрсету жүйесінің алдағы уақытта дамуы жөнінде батыс елінің экономистерінің айтуы бойынша болашақта банк жүйесінің дамуында елеулі өзгерістер болады. Барлық банктік қызметтер интернеттік жүйе арқылы орындалады, яғни миллиондаған қызметкерлер жұмыстарын үйіде орындай алады. Офистердегі орындар босап, әкімшілік мекемелердің қажеттілігі азаяды, осы кезекте еңбек өнімділігі 4 есе өседі, кәсіпорындар шығыны азаяды деген тұжырымдар бар. Жалпы алғанда қазақстандық банктердің қызметі жүйелі түрде дамуда, есеп айырысу-кассалық бөлімінде клиенттерге қызмет көрсету бойынша операциялардың көптеген түрлері жүргізіледі. Егер банк жүйесі дамыса, болашақта зор жетістіктерге жетеміз.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет