ЖОСПАР: 1. Психолог-кеңесшіге қойылатын талаптар және психологиялық кеңес беруді ұйымдастыру. 2. Психологиялық кеңес беруге дайындық және өткізілуі. Психолог-кеңесшінің практикалық жұмысына және психологиялық кеңес беруге қойылатын жалпы, кәсіби, моральдық-этикалық талаптар жүйесі практикалық психологтың кәсіптік этикасы кодексінде жазылған. Психолог-кеңесшінің бойында төмендегідей сапалар болуы тиіс және оны клиентпен қарым-қатынаста қолдануы қажет. 1.Эмпатия, сезімталдыққа қабілеттілік. Клиенттің ішкі жан дүниесін терең түсіну, өзіндік бағытын, өмір әлемін оның көзімен көру. 2.Ашықтық. Клиентті түсіну үшін оның ішкі әлеміне үңіле отырып, психолог-кеңесші клиент тарапынан эмпатиялық реакция тудыра отырып, ашық түрде өзіндік сезімін жеткізеді, сөйтіп оның өзімен ашық болуға щақырады.
Достарыңызбен бөлісу: |