Баспасөз қызметі



Дата04.07.2018
өлшемі69,5 Kb.
#46313



Еуразия ұлттық университеті

Баспасөз қызметі

Тел.: +7 (7172) 709-548, 709-500 (вн.31-116,)

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

ЮНЕСКО 2014 жылды Украина ақыны Тарас Шевченконың 200 жылдығын атап өтетін халықаралық жыл деп жариялады. Тарас Григорьевич Шевченко әйгілі ақын ғана емес, суретші ретінде де тарихта қалған. Орыс әдебиетіне де қосқан үлесі зор. Бірақ ең бастысы, әрине, украин әдебиетінің "жарық жұлдызы" болғаны, украин халқының санасын оятуының ұлттық нышаны болып саналатыны анық.Тарас Шевченко 1814 жылы наурыздың 9-ында Киев губерниясы Моринцы ауылында дүниеге келген. Қазір бұл ауыл Черкасс облысына қарайды.1838 жылы Петербург қаласында Көркемсурет академиясына қабылданған ол 1845 жылы Киев қаласына келіп, археологиялық комиссияға суретші қызметіне орналасады.1846 жылы Киев қаласындағы Кирилл-Мефодий қоғамына мүше болып еніп, 1847 жылы қамауға алынады.1848 жылы А.И.Бутаковтың басшылығымен Арал теңізін зерттеу экспедициясына қатысқан.

Барсаң, қайтып келмейсің - бұл Барсакелмес аралы. Ол туралы ел аузында небір аңыз айтылады: аждаһа мекені, барған адам жоғалады. 30-жылдары бір экспедиция із-түссіз кетті дейді. Тарас Шевченко - осы аралды тұңғыш зерттегендердің бірі және сонда жүріп 350-ден астам пейжаз, портрет салған. Мысалы, "Атқа мінген қазақ", "Арал теңізінің жағасындағы қазақтың киіз үйлері", "Қосаралдағы қазақтардың қыстаулары", т.б.

Тарас Шевченко 1950 жылы екінші рет қамалып, Маңғыстаудағы Новопетров қамалына (кейіннен Форт-Шевченко) жер аударылғаны тарихтан мәлім. Оның "Киіз үйде отырған қазақтар", "Қазақ баласы от жағып жатыр", "Киіз үйде", "Келі түйіп түрған қазақ қызы", "Қазақ кызы Катя", суреттері осы кезеңде салынған. Шевченко Маңғыстауда 7 жыл болып, 1857 жылы босатылады.1857 жылы Петербургке барып,1860 жылы гравюра саласында академик болып сайланады.Дәл крепостник құқығы жойылған жылы, 1861 жылы наурыздың 10-да Санкт-Петерборда қайтыс болды.

Кеңес үкіметі кезінде төңкерісшіл большевиктерге жақын идеяларының жақтанушы ретінде бағаланған ол қазір тәуелсіз Украинада украин халқының тәуелсіздігі менен ұлттық дамуы үшін күрескен қаһарман ретінде бағаланады. Халық ақыны болғандықтан, оны "ұлы кобзарь" деп атап кеткен. Патша үкіметіне қарсы шыққаны үшін, оны алдыменен Орынбор облысының Ор қамалына отырғызған, кейін сол облысқа қараған Қазақ даласына – Маңғыстауға айдап тастаған. Айдауда Гогольге, Жуковскийге шағым хаттарын жазады. Айдаудан соң, Тургеневпен жиі кездеседі.

Қазақстанда оның есімімен қала, елді мекендер мен көше аттары бар. Алматыда Шевченко атында көше және сол көшеде ескерткіш орнатылған.

2014 жылы 17-18 сәуір аралығында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Тарас Шевченконың 200 жылдығына орай ІІІ Халықаралық «Шевченко оқулары» өтеді.

Шараны Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Украинаның Қазақстандағы елшілігі жанындағы Украина мәдениет және ғылым орталығы, ҚР Білім және ғылым министрлігі М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты, Украина Ұлттық Ғылым Академиясының Т.Г.Шевченко атындағы әдебиет институты, Қазақстан тарихшылар конгресі, «Қазақстандағы украиндықтар радасы» республикалық бірлестігі, Т.Г.Шевченко атындағы ғылыми орталық және М.А.Шолохов атындағы Мәскеу мемлекеттік гуманитарлық университетінің Уфа филиалы, Т.Г.Шевченко атындағы Орынбор облыстық мәдени-ағарту қоғамдық ұйымы, т.б. ұйымдастырып отыр.

Конференцияға Қазақстан, Украина, Ресей секілді ТМД елдерінен 60 қатысушы өтініш білдіруде, олардың ішінде облыстық және аймақтық украин мәдени орталығының төрағалары мен Қазақстандағы ғылыми және мәдени-ағарту орындарының өкілдері бар.

Жиынның ашылу салтанатында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, Қазақстан тарихшылары ұлттық конгресінің басқарма төрағасы Ерлан Сыдықов, Украинаның Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі, филология ғылымдарының докторы Юрий Лазебник және ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Қазақстандағы украиндықтар радасы» республикалық бірлестігінің төрағасы Юрий Тимощенко құттықтау сөз сөйлейді деп күтілуде.

Сондай-ақ Украина Ұлттық Ғылым Академиясының Т.Г.Шевченко атындағы әдебиет институтының директоры, Украина ҰҒА тіл, әдебиет және өнертану бөлімшесінің академик-хатшысы , филология ғылымдарының докторы, профессор Николай Жулинський, Еуразия ұлттық университеті ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі, Ресей Академиясы жаратылыстану ғылымдарының академигі Ғаділбек Шалахметов баяндама жасамақ.

«Шевченко оқулары» ғылыми-теориялық халықаралық конференция Т.Г.Шевченконың өмірі мен шығармашылығының ғылыми зерттелуінен бастап, шевченкотану тәжірибесі, Шевченко және Қазақстан, Шевченко және Украина секілді сан-алуан тақырыпты қамтымақ.

Сондай-ақ шара барысында Тарас Шевченконың өмір жолы, қайраткерлігі мен шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылып, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында Т.Шевченко кабинетін құру, жасақтау жоспарланып отыр.





Ұйымдастырушы:

Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университеті,

Өткізу орны: ЕҰУ, Мирзоян, 2

Бас ғимарат, 259 аудитория



Өткізу күні: 2014 жыл, 17 сәуір: сағат 09:00-18.00;

2014 жыл, 18 сәуір: сағат 10.00-13.00.



Аккредитациядан өту үшін, ЕҰУ баспасөз- қызметіне хабарласыңыздар

+7 (7172) 709 -548



+7(7172) 70-95-00 (31-116,31-118 внутр)

+ 7 702 363 60 05, lyaka-tompi@mail.ru – Ләйлә Рахманова

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет