Сабақтың тақырыбы: Киев Русі мемлекетінің құрылуы Сабақтың мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі34,33 Kb.
#30694
түріСабақ
СЕРИКОВ РАСУЛЛА СЕРИКОВИЧ

ТАРИХ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ



Дүниежүзі тарихы 22.10.16 жыл 7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Киев Русі мемлекетінің құрылуы



Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ежелгі орыс мемлекеті «Киев Русі» мемлекетінің құрылуы, Олегтің , мемлекеттілігің негізін салуы Святославтың сыртқы саясаты туралы мағлұмат беру.

Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, оқулық , бейне ролик

Сабақтың әдісі: баяндау, әңгімелеу, сұрақ жауап

Пән аралық байланыс: Қазақстан тарихы, география, орыс тілі, дінтану

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу, түгендеп жұрналға бекіту, назарларын сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасы: Ерте орта ғасырлардағы орталық Азия жеріндегі феодалдық қатынастар

Ерте орта ғасырлардағы Славяндар




  1. Тапсырма: Сұрақ жауап

  1. Эфталит мемлекетінің астанасы қандай?

  2. Ақ ғұндардың Еуропадағы ғұндардан айырмашылығы қандай?

  3. Эфталиттердің казіргі Ауған халқымен қатынасы қандай?

  4. Эфталит мемлекетінің аумағы...

  5. Пероз кім?

  6. Эфталит мемлекетінің жойылу себебі?

  7. Ұлы Морав мемлекеті жайлы мәлімет беріңіз...

  8. Кирилл және Мефодий

  9. Түркілер дала халқы болса славяндар қайда мекен етті?

  10. Батыс,Шығыс,Оңтүстік славяндарды атаңыз...

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

2.Тапсырма: Ойқозғау

Әр қатардағы оқушылар үйге берілген тапсырма бойынша өз қиялындағы түсінікті плакатқа түсіру арқылы жеткізеді



ІҮ. Жаңа сабақ: Киев Русі мемлекетінің құрылуы

Интербелсенді тақтаға қойылған бейнеролик арқылы жаңа сабақты түсіндіру



Жоспары: 1.Киев Русінің құрылуы және Олег

2.Ярослав Мудрый тұсындағы Русь (1019-1054)

3.Ежелгі Орыс мемлекетінің мәдениеті

4.Жылнама және Ежелгі орыс әдебиеті

1. Еуропа 880 жыл шығу тегі Солтүстік Еуропадан болған викингтер көрші елдерге жойқын-жойғын тонаушылық жорықтар жасады,оларды батыста нормандтар десе шығыста варягтар деп таныды.Сол варягтардан шыққан Олег 882 жылы Киевті жаулап алып жаңа Киев Русі мемлекетінің негізін қалады.Ал оның немересі Владимир Христиан дінін қабылдады.

2. Русътің ең танымал кінязі Ярослав Мудрый,ол өзінің билік ету жылдарында даналығы мен «Мудрый» деп аталды.Киев қаласында София соборын салғызды,алғашқы мектертерді ашып мемлекетте мәдениетті көтерді,мемлекет аумағын кеңейтті.Орыс тауарлары бүкіл әлемде танымал болды.Бүкіл Еуропа елдерімен құдалық қатынас орнатты.

3.Казіргі Орыс,украин,белорус мәдениеттері Киев Русіне байланысты ортағасырлық мәдениеті ортақ.Олардың мәдениеті ұрпақтан ұрпаққа өтіп әлі күнге дейін жаолғасып келуде.Киев Русінде 988 жылы христиан дінін қабылдау маңызды оқиға болып дін Русьті басқа еуропа елдерімен жақындастырды.

4.Орыстар оқиғаларды еске қалдыру үшін жылнамалар жасаған оны летописъ деп атаған.Нестор ең алғашқы жылнамашылардың бірі.Орыстың ортағасырлық мәдениеті кінязъдардың ерліктерімен тікелей байланысты. «Игорь жорығы туралы жыр» орыстық көрнекі шығарма.

Ү. Жаңа сабақты бекіту: Қызықты шеңбер тәсілі арқылы бекіту



Киев Русі



Олег кім?

Орыстар Константинополь ді қалай атады?



Христиан дінін қабылдаған Орыс кінязі...

Не себеп орыстар Ислам мен иудаизм ге көңіл бөлмеді

Варяктар қайдан келді?

Жыл сайын Олегтің құрметіне өтетін мерекені атаңыз...


ҮІ. Жаңа сабақты қорыту: Казіргі таңда Ресей мемлекеті әлемдегі орасан зор державаға айналып отыр,бүгін біз казіргі Ресейдің және орыс халқының тарихта қалыптасуын меңгердік.Орыс мемлекеті Олегтің Киевке келуінен бастау алады екен және казіргі Киев Украинаның астанасы славян қалаларының анасы болып саналады.

ҮІІ. Бағалау: Оқушылардың білім деңгейіне және ынта жігеріне байланысты бағалау



ҮІІІ. Үйге тапсырма: Тақырыппен толық танысып мазмұндау,конспекті жасап,қосымша деректер қарастыру.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет