Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктері



бет1/4
Дата19.07.2017
өлшемі1,03 Mb.
#21308
  1   2   3   4
Жоспар

Кіріспе ..........4-5

I. Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктері.

1.1. Бастауыш мектеп оқушыларының физиологиялық,
психологиялық ерекшеліктері ..........6-12

1.2. Ойлау туралы жалпы ұғым және ойлау саласындағы дара


айырмашылықтар ...........13-27

II. Логикалық есептерді шығару барысында оқушыларды


ойлауға үйрету жолдары.

II.1. Бастауыш мектеп оқушыларының логикалық ойлау тәсілдерін дамыту.......................................................................................................................28-40



И.2. Логикалық есептер жүйесі мен шығару жолдары…………………………...41-54

ІІ.З. Педагогикалық іс-тәжірибе нәтижелері ...........55-58

  1. Қорытынды...........................................................................................59

  2. Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................60-61

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Халқына жолдауында «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз кажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» - делінген.

Ал мектеп бағдарламасы анықтайтын математикалық білімін, іскерлік пен машықтың барлық жүйесін оқушылардың терең және саналы меңгеруін қамтамасыз ету; математикалық тілді меңгеруге үйрету; оқушылардың нәрселер мен құбылыстардың арасындагы қатынастарды өздігінен орнату, іскерліктерін шыңдау, стандарт емес есептерді шығаруға , проблемалық ахуалдарға бағдарлануды үйрету; оқушылардың нақтылы шындықты математикалық әдістермен меңгеруіне көмектесу екенін ескерер болсақ, онда оқушыларды ойлауға үйрету маңызды мәселе.

Қазақстан Республикасы білім стандартында анықталғандай математиканы оқыту төмендегідей мақсаттармен анықталады:

  1. Ақиқатты танудың математикалық әдістері туралы оқушыларға
    мағлұмат беру.

  2. Логикалық ойлау қабілетін және кеңістікті елестете білуге қажетті элементтерді құрастыра білу.

  3. Жалпылау, синтездеу, сұрыптау, салыстыру сияқты ойлана білуіне
    қабілеттілігін қалыптастыру.

  4. Мектептегі математика курсының негізгі мазмұны бойынша
    математикалық білім мен іскерлігінің белгілі бір жүйесін оқушыларға
    жеткізе білу.

5. Өмірде күнделікті кездесетін оңай есептерді шешу үшін және басқа да пәндерде қолдану мақсатында қажетті математикалық біліктілік пен дағдыларды оқушыларда қалыптастыру

Оқушылардың шығармашылық іс-әрекеті мен ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру, жүйелі қорытынды жасай білу, іскерлігін арттыру, жалпылай алу, дедуктивті ойлау, логикалық икемділіктерін салыстыру, талдау, жинақтау, жүйеге келтіру математика пәнін оқытудың өн бойында жүзеге асыруга болатындай мүмкіндіктер өте көп.

Жұмыстың мақсаты - бастауыш сынып математика сабағында логикалық есептерді шығару арқылы оқушыларды ойлауға үйрету.

Жұмыстың болжамы — бастауыш сынып математика сабағында логикалық есептерді шығару арқылы оқушылардың ойлауы дамытылатын болса, онда олардың математикадан білім деңгейі жоғарылайды, өйткені пәнге деген ынтасы оянып, қызығушылығы нәтижелі қалыптасады.

Зерттеу объектісі - бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқыту процесі.

Зерттеу пәні - бастауыш сынып математика сабағында логикалық есептерді қолдану арқылы оқушылардың ойлауын дамыту жолдары мен әдістері.

Зерттеу жұмысының мақсатына және болжамына сәйкес зерттеудің төмендегідей міндеттері анықталды:

1. Зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттермен танысып, оларға әдістемелік тұрғыдан шолу жасау.



  1. Бастауыш сынып математика сабағында логикалық есептерді шығару
    арқылы оқушылардың ойлауын дамыту мүмкіндіктерін анықтау;

  2. Бастауыш сынып математика сабағында логикалық есептерді шығару
    арқылы оқушылардың ойлауын дамытудың әдістемесін және оның
    тиімділігін тексеру;

Жұмыстың практикалық құндылығы - логикалық есептер мен жаттығуларының кейбір мұғалімдер мен әдіскерлердің іс-тәжірибеде

қолданылуында және орта мектептерді бастауыш сыныптарында пайдалануға болатындығында.



І. Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктері.

1.1. Бастауыш мектеп оқушыларының физиологиялық, психологиялық ерекшеліктері.

Бастауыш мектеп өскелең ұрпаққа білім берудің бастамасы. Қазіргі қоғам талаптарының өзгеруіне байланысты, еліміздің көркейіп-өркендеуіне, ел талап-тілектерінің бет бұрыстарына байланысты болады. Осыған байланысты олардың психологиясы да өзгеріске ұшырап, оны неғұрлым өмір талабына қарай өрістету міндеттері койылды. Бала психологиясын жан-жақты зерттеп, оны терең білу, оның даралық ерекшеліктерімен үнемі санасып отыру мектеп пен мұғалімдерге жауапты да құрметті міндетгер жүктейді.



Бастауыш мектеп оқушысының психологиясы тек жас ерекшелігіне ғана байланысты емес, сонымем қатар тұрған, өскен ортасына (қала, ауыл), балабақшада болу болмауына, тұрмыстық жағдайына, табиғи ортаға , әлеуметтік ортаға т.б. жағдайларға байланысты.

Бастауыш мектеп кезеңіне 7-10 жас аралығындағы балалар барады.

Мектепке барарда бала дене жағынан алға карай едәуір өріс алып, бұлшықеттері мен шеміршектері және сүйектері едәуір нығайып қалады. Қол бармағының нығаюы (сүйектенуі) 9-10 қалыптасады да, табаны 10-11 жаста сүйектеніп бітеді. Бала 10-11 жасқа толғанша жазуға тез болдырып, қиналады. Сондықтан, бастауыш мектеп жасындағыларды жазба жұмысымен көп айналыстыруға, әсіресе, бірдеңені көшіріп жазуға көп уақытын жіберуге болмайды. 8-9 жастың аралығында бала жылына 2,5кг-дай қосады. Биіктігі жылына 5см өседі. Бұл кезде, әсіресе, кеудесі көтеріліп, жүрегі мен тыныс орғандары едәуір қалыптасып қалады. Қан айналыс, тыныс алу диаметр көлемі ересектерден 2 есе артық. Осының нәтижесінде бас миына түтіктер арқылы қан көп құйылады да, көп жұмыс істссе де шаршамайтын болады.

Бас миының салмағы (7 жастан 11 жасқа дейін) 1 000 гр-нан 14ОО гр-ға дейін өседі.

Физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда, ми клеткаларындағы қозу мен тежелудің өзара мөлшерлері (оң және теріс индукцияларының өзара көлемі, иррадиация мен шоғырлану заңдылықтары) күрделі болып қызмет атқарады.

«Бастауыш мектеп жасы» немесе «Кіші жастың» (7-11 жас) өзінше жас кезеңіне бөлінуі оқудың, (әсіресе, орта оқу мектебінің) көп елдерде жаппай оқу ұстем алып дамып келуінен. Осы жас кезеңін өзінше бөліп алып қараудың себебі, бұларда өтетін оқу материалдары ұқсас келуінен. Бұл жастағылардың оқу әрекетінің ұксастығы, көпшілігіне тән ұқсас психикалық қасиеттер тудырады.



Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға недәуір мүмкіншілігі бар. Себебі, олардың интеллектісі қарапайым ой операциясы дәрежесі кездеседі дейтін. Ж.Пиаженнің пікірі дұрыс болғанымен, казірде бұрын аңғарып көрмеген қабілеті бар екені анықталып отыр. Осыған сүйеніп психолог В.В.Давыдов қазіргі күнде беріліп жүрген оқу тапсырмалары оқушылар үшін жеткіліксіз дейді. Олар мүмкіншілігін толық тауыса алмайды. Сондықтан бұлардың оқуға мүмкіншілігін толық пайдалану үшін тапсырманы онан әрі қиындату қажет дейді.

Кіші оқушылар көпке дейін тапсырманы қалай орындаудың тәсілін жақсы білмейді. Мысалы: бұлар берліген тапсырманы жаттап алғысы келеді.

Бұл жас ой қызметіне ерекше ынтамен ұмтылып тұратын кезең; алғырлығы, шапшаңдығы, сезімталдығы басым кезең. Ештеңені жасырып, іркіп калмайды, ішіне сақтап тұра алмайды, нені болса да ашық, еркін айтады, мақтауды сүйгіш.

Дегенмен қайшылығы мол: бала бойындағы қасиеттердің шығармашылық үшін тиімді-тиімсіз жақтары үнемі қатар келіп, бірін-бірі жоққа шығарып отырады. Мысалы;



  • бастауыш сынып оқушылары небір дүниені қиялында қиыстыра
    алғанмен, олардың қиялы тұрақтап бір образды, сюжетті ұстап тұра
    алмайды, алдын-ала ой, идея, мақсат тумайды. Ой-қиял тұрақсыз
    болғандықтан, оны әлдебір тапсырма міндет төңірегінде тұрақтандыру
    өте қиын (мұғалімнің міндеті: баланың қиялын, ойын белгілі мақсатқа
    бағыттай білу. Сонда ғана керемет образдар тууы мүмкін).

  • бастауыш сынып оқушылары шығармашылыққа өте белсенділік

көрсеткенмен, оны тек ойын ретінде қабылдайды. Сондықтан әдеби

жаттығу, тапсырмалар ойын үлгісінде берілуі керек және олардың қиялы нақты заттарды көріп, қолға ұстап, ойынға қосу арқылы дамитынын ескерту;



  • бастауыш сынып оқушылары бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге
    шыдамсыз. Сондықтан мұғалім міндеті, үзік-созық фантазия
    элементтерін емес, көлемі шағын, мазмұны жеңіл болса да, тұтас
    композициялық туынды әкелуге жетектеу.

  • бастауыш сынып оқушыларында өзіндік сын мүлдем жоқтың қасы.
    Олар үлкендердің ой-пікіріне қатты сүйенеді. Бұл құбылыстың екі
    жағы бар.




  1. Бала жазған шығармаларынан шұқшиып кінәрат іздей алатын болса,
    онда 7-10 жастағы бала бірде-бір туындыны өмірге әкелмес еді.

  2. Өзіндік сынның әлсіздігі баланың болмашыға мәз болуына әкеп
    соғады. Өлеңге ұқсаған нәрсенің бәрін «өлең жаздым» деп
    канағаттануы мүмкін;

- бұл жаста оқушылар орта буынға қарағанда сөзді құбылтып
қолданудан гөрі сурет салуға құмар келеді;

бастауыш сынып оқушылары өздері шығарған ертегі не өлеңді емес, өздерін жеке басын мақтағанды тәуір көреді;

- бұл жастағы балалар сюжеттік-рольдік ойындарға құмар (мысалы,
шофер болу) болады.

Егер бұл жастағылардың негізгі әрекеті бұрын ойын болып келсе, оқуға келгеннен кейін оқу қызметі шешуші роль атқарады. Осыған орай баланың психикалық дамуы ірі өзгерістерге ұшырайды. Өзгерістерге ұшырауының себебі, ойынға қарағанда оқу талабының бала үшін қиындығында.

Дегенмен, әуелгі уақытта мектептегі жаңа жағдайға бала әлі бейімделе алмағандықтан, оқу үстінде мына сияқты қиыншылықтар кездеседі: Біріншіден, бала мектептің жағдайына бейімделе алмай (мысалы, белгілі уақытта тұрып, мезгілінде жатуға, сабақтан қалмауға, сабақ үстінде үнсіз тыныш отыруға үйрене алмағандықтан) қиналады. Осының нәтижесінде тез болдырып шаршауы да ықтимал. Екіншіден, мұғалімнің өзіне тән мінезіне және құрбыларымен қалай қарым-қатынас жасауға үйрене алмағандыктан бала киналады, сыныптың мұғалімі қанша жақсы болғанымен, бала оған бата алмай, бірдеңені сұрау үшін сескенеді. Бірақ көп ұзамай бала үйреніп жатырқауын тоқтатады. Сонымен қатар, бала оқуға кіргеніне мәз болып, әке-шешелеріне еркелеп, кейде бір үлкен міндет атқарып жатқан сияқты болып, өзіне ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Осы кезде әке-шешелері оны көп еркелетпесе, осының өзі қиыншылықтардан бас тартпауға, қиыншылықтарды жеңуге пайдасын тигізеді. Үшіншіден, 1-сыныпта оқушыларға койылатын талаптар тым жеңіл келеді. Тапсырмалардың жеңіл болуы баланы қиыншылықпен күресуге жетелемейді, дегенмен бала оқиды. Оқығысы келуі мектептегі жағдайдың оған қызық көрінуінен. Мектепке келу қызық болып көрінгенімен, оқуға арналған баланың қажеттілігін жөнді дамыта алмайды. Осының нәтижесінде мектептің жағдайына қызығу балада бірте-бірте сөнеді де, оқуға немқұрайлы қарайтын болады. Немқұрайлықпен күресу үшін баланың оқуға ықыласын тудырып, тапсырмаларды бірте-бірте қиындату қажет. Әдетте, оқу материалы жеңіл келсе, әлі жете алмағандықтан үлгерем деуден күдер үзіп, одан бас тартатын болады. Осы екі жағдайдың екеуі де қолайсыз, сондықтан тапсырманың қиындығы оқушы үшін қолайлы дәрежеде құрылуы тиіс. Егер қолайлы етіп ықшамдау киын келсе, тапсырманың жеңіл болғанынан гөрі - қиынырақ келуі әлде қайда ұтымды.

Себебі азды-көпті қиындығы бар тапсырмалар баланың қиналуына. акыл-ойының алға қарай өрістеуіне жағдай туғызады. Осы үш түрлі қиыншылықтардың кездесетінін 1-сыныптың бас кезінен бастап еске алу қажет. Ал алдағы (2-3) сыныптарға келсек, мұндағы оқушылардың жағдайы бірінші сыныпта қалай оқығанына байланысты. Әдетте, баланың бәлендей объектіге кызығуы мен оның ықыласының барлығын ажырату керек. Қызығу деп - бір объектінің бір жағы сырттай біреуге ұнайтынын айтады. Қызығу көбіне аз уақытта кездеседі де, кейін сөніп кетуі ықтимал. Ал ықылас балада іштей ұмытылып іске берілуінен пайда болады. Сондықтан, осы мәселеге I-сыныптан мән беру қажст. Жалпы алғанда 2-3 сыныптағы бапалаплын көпшілігі ойдағыдай оқып кетеді. Мұның себебі, біріншіден, кіші оқушының ниеті таза, ішіндегісі тілінің ұшында болып тұрады. Екіншіден, бұлар үшін мұғалім үлкен абырой және бедел. Сондықтан, оның сөзін мүдіртпей орындайтын болады.

Оқуға «тоюды» болдырмаудың ең сенімді әдісі балалардың сабақтарда жеткілікті дәрежеде күрделі оқу-танымдық тапсырмалар алуында, тиісті ұғымдарды игеруді талап ететін проблемалық ситуациялармен ұшырасуында жатыр. Бұл шамамен былайша болады. Математика курсында сандар ұғымының маңызы зор. Ол балаларға 1-сыныпта берілсді. Олармен танысу тәсілі мынадай. Балаларға бірнеше затты көлемі немесе саны жағынан салыстыру тапсырмасы беріледі, бірақ есептің шартында мұны тура және тікелей орындауға болмайды. Қалай істеу керек? Бірінші сынып оқушылары бұған ұқсас есептерді шығарудың жалпы тәсілін іздеуге мәжбүр болады. Бірқатар азды-көпті сәтті әрекеттер жасап көрген соң, балалар мұғалімнің көмегімен мұндай жағдайларда өлшеу, есептеу және сан қажет екендігін анықтайды. Осылардың көмегімен шамаларды жанама түрде салыстыруды орындауға болады. Сонан кейін балалар өлшеуді және санауды үйренеді, сандар ұғымының мазмұнын түсінеді. Сондай арнаулы анықтаулар (тиісті ұғымдар қаншалықты қажет және олардың шығу тегі кандай), тәжірибе көрсетіп отырғандай, өмірлік міндеттерді шешудің өзіндік математикалық әдістеріне, осы оқу пәні сабақтарына балалардың танымдық ынтасын қалыптастыруға көмектеседі.

Балалар алдына шешілу жолдары мен құралдарын белсенді анықтауды талап ететін тапсырмалар жүйесін беру бірінші сынып оқушыларын әуел бастан-ақ ақыл-ой ізденісі саласына жетелейді, олардың алдына жан-жақты пікірлер мен тұжырымдар негізінде іс-әрекеттің табылған әдістерін негіздеу қажеттігін ашады. Осындай белсенді ойлау іс-әрекетінің арқасында балалар қажетті білім мен іскерлікті саналы түрде меңгереді. Бұл жұмыс балаларды қызықтырады және мұғалім тарапынан дұрыс басшылық жасалса, олардың шамасы толық жетеді. Сондықтан оқытудың алғашқы айларында балалардан қайсыбір мәліметтерді олардың қажеттілігі мен қолданылу жағдайларын тиісті дәрежеде түсінбсй тұрып жай жай есте ұстауды талап ету ерекше қауіпті. Әрине, бірінші сынып оқушылары көп нәрсені берік есте сақтай да алады.

Оқудың тікелей және сырттай тиімділігіне мүнла қол жетелі. біпак манызды сәті - оқу материалдарына балалардың танымдық ынтасын қалыптастырудың

бастамасы - назардан тыс қалады. Мұндай ынтаның болмауы алдағы бүкіл оқу ісіне зиянын тигізеді.

Сонымен, бала мектеп өміріне алғаш ене бастағанда онда мәнді психологиялық қайта өзгеріс болады. Ол жаңа режимнің бірқатар маңызды әдеттерін бойына сіңіреді, мұғаліммен және жолдастарымен сенімді қарым-қатынас орнатады. Оқу материалының мазмұнына ынтаның пайда болуының негізінде оның оқуға деген жақсы көзқарасы қалыптасады. Бұл ынталардың одан әрі дамуы және төменгі сынып оқушыларының оқуға деген көзқарасының жайы олардың оқу әрекетінің қалыптасу процесіне байланысты. Сондықтан педагогикалық психология үшін осы іс-әрекетті кұру және оның жекелеген бөліктерінің ерекшеліктері туралы мәселе ерекше маңызды болып табылады.

Бастауыш сынып оқушылары психологиясының дамуы басты жағдайда олар үшін жетекші оқу іс-әрекетінің негізінде өтеді. Оқу ісіне араласа отырып, балалар біртіндеп оның талаптарына бағынады, ал бұл талаптарды орындау мектеп жасына дейінгі балаларды жоқ жаңа қасиеттердің пайда болуын жорамалдайды. Бастауыш сынып оқушыларының жаңа қасиеттері оқу қызметінің қалыптасу шамасына карай туып, дамиды.

Егер балалар бәрі бірдей мұғалімді тыңдаса және оның айтқандарын істесе ғана сыныпта жалпылама сабақтарды ұйымдастыру мүмкін болады. Сондықтан әрбір оқушы осындай сабақтардың талаптарына сәйкес өз зейінін басқаруды үйренеді. Бала көгершіндер тынымсыз құрқылдап жатқан терезеге қарағысы келеді, бірақ есепті шығарудың жаңа әдісін түсіндіруді тыңдау қажет жай ғана тыңдау емес, ертеңгі бакылау жұмысын дұрыс орындау үшін бр әдістің барлық егжей-тегжейін жақсы есте сақтау керек. Осындай «қажеттігі» әрдайым ілесу, берілген үлгі негізінде өз мінез-құлқын басқару балалардың психикалық процестердің ерекше қасиеті ретіндегі еркіндікті дамытуға көмектеседі. Ол іс-әрскет мақсатын саналы түрде қойып оларға жетудің қиындықтары мен бөгеттерін жеңудің құралдарын алдын-ала ойластыра іздеп таба білуден көрінеді.

Әр түрлі пәндерден қандай да бір тапсырманы орындауда әдетте балалар оларды шешудің ең жақсы жолдарын іздеп табады, іс-әрекеттер варианттарын таңдап алады да салыстырады, оларды іске асырудың реттілігі мен құралдарын жоспарлайды. Бала өз іс-әрекеттерінің «қадамдарын» неғұрлым көбірек жорамалдай алатын болса . және олардың әр алуан варианттарын неғұрлым мұқият салыстыра алатын болса, ол есептің нақты шығарылуын соғұрлым ойдағыдай бақылайтын болды.

Оқу іс-әрекетінің маңызды талаптарының бірі - балалар өздерінің айтқандары мен іс-әрекеттерінің әділдігін кең көлемде негіздеуде. Мұндай негіздеудің көптеген тәсілдерін мұғалім көрсетіп береді. Пайымдау үлгілерін ажырата білу қажеттігі мен ол үлгілерді жасауға өздігінен іс-әрекет жасау бастауыш сынып оқушыларының өзінің ойы мен іс-әрекетін бейне бір сырттан қарап, багалау іскерлігін қалыптастыруды кездейді. Бұл іскерлік рефлекция негізінде маңызды қасиет ретінде жатады, ол өз пайымдаулары мен қылықтарын олардың түпкі ойлауы және іс-әрекет шарттарына сәйкес келуі тұрғысынан ақылды да әділетті талдауға мүмкіндік береді.

Еркіндік іс-әрекеттердің ішкі жоспары және рефлексия - бастауыш мектеп маңындағы баланың негізгі жаңа құрылымдары. Солардың арқасында бастауыш сынып оқушысының психикасы орта мектепте одан әрі оқыту үшін ерекше мүмкіндіктерімен және талаптарымен қоса алғанда жасөспірім кезеңіне қалыпты өту үшін қажетті даму деңгейіне жетеді. Кейбір бастауыш сынып оқушыларының орта мектепке даяр болмауы көбінесе жеке адамның психикалық процестер мен оқу іс-әрекетінің өзінің деңгейін анықтайтын осы жалпы қасиеттері мен қабілеттерінің қалыптасуымен байланысты.



1.2. Ойлау туралы жалпы ұғым және ойлау саласындағы дара

айырмашылықтар.

Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз.



Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен кұбылыстарының байланыс - қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.

Ойлау қабылдау елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.

Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес.

Ой сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғары формасы, сөз ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал.

Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бр түрі оның танымын онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін болады.

Сөйлеумен тығыз байланысты жүріп отыратын ойлау процесі тек адам баласының психикасына ғана тән процесс болып табылады. Кейбір психологтардың (Л.Леви-Брюль т.б.) айтатынындай, мәдени дамудан артта қалған халықтардың ойлауы төмен, логикасы шорқақ дейтін теориялар ғылыми жағынан дәйексіз болып есептелінеді. Адам ойлауының эволюциялық даму жолы өте ұзақ. Ойлаудың ішкі мазмұны қоғам дамуымен бірге өзгеріп отырады. Қоғам ілгері дамып, оның ғылымы мен техникасы өскен сайын жаңа ұғымдар пайда болып қалыптасады, бұрынғылары ескіріп қатардан шығады. Мысалы: атом бөлінбейді деген ұғым болса, қазіргі ғылым атом ядроларын сансыз бөліктерге бөліп отыр.

Адам сыртқы дүние құбылыстарының сырын көбірек білген сайын оның ойлауы да жетіле түседі, қазір ойлаудың практикалық әрекетпен байланысқан сан-салалы түрлері пайда болды. Адам өз ойлауының ақиқаттығын, яғни шындығы мен құдіреттілігін, өмірге жарасымдылығын практика жүзінде дәлелдеуге тиіс. Ойлау заңдылықтары мен ережелері сансыз қайталаудың және тәжірибеде тексерілудің нәтижесінде адам санасында бекіп, зор шындыққа айналды.

Ойлау адамның сыртқы дүниемен карым-қатынас жасау процесінде туындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін - объективтік шындық. Адамға алдына мақсат койып, оны шешуге ұмтылдыратын оның қажеттері.

Ойлау - өзіндік қарама қарсы қайшылықтарға толы процесс. Бұл оның дамуының және іске асуының қозғаушы күштері болып табылады. Ойлаудың пайда болуында жаңа, белгісіз нәрселерге зер салып, қызығудың да маңызы зор. Әлде де белгісіз, түсініксіз нәрсені білуге деген ынтызарлық, түрлі сұрақтарға жауап іздеп, ой-әрекетімен шұғылдануға адамды итермелейді. Ойлау - сұраққа жауап қайтарудан, мәселені шешуден, оның мән-мағынасына түсіне білуден жақсы байқалады. Затты не құбылысты тұспалдап айтатын жұмбақтардан, айтыс өнерінен ой процесінің небір көріністерін байқауға болады.

Адам әркез өзінің алдына мақсат, міндет қоя білуі қажет. Бұларды басқа адам да қоюы мүмкін, өмір тәжірибесі мен білімі жеткілікті кісі алда тұрған міндетті тез аңғарады да, мәселе коя біледі, ой процесінің бағытын айқындайды. Бұдан соң мәселені шешу, яғни ойдың негізгі кезеңі басталады. Бұл адам психологиясына ерекше әсер ететін өзекті, аса мәнді кезең болып есептеледі. Ойдың кейде шындықтан ауытқитын кездері де болады. Бұл адамды шындықтағы құбылыстар жөнінде қате көзқарасқа, теріс пікірлерге де алып келеді. Қоғамдық тәжірибенің адам танымының тарихи дамуының барысында ғана бұлар біртіндеп, түзетіліп отырады. Түйсік пен кабылдауға қарағанда ойлауда қателесуге мүмкіндік бар, әйтсе де, ойлау құбылыстарының мәнін екі жақтан (теория меп тәжірибе) бірдей қарастырылып, тереңірек біліп отыратындыктан, қабылдау мен елестерге карағанда әлдеқайда жоғары түрады. Сөйтіп, ойлау сырткы дүниені мида бейнелеудің ең жоғары формасы.

Ойлау аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ылым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Осы екі ғылымның ойды зерттеудегі әдіс-тәсілдерінде де өзіндік шығармашылықтар бар. Мысалы, психология түрлі жас мөлшеріндегі адам ойының пайда болу, даму, қалыптасу жолын, яғни жеке адамның ойлау ерекіге.тіктеріп, зацдылықтарып қарастырса, логика - бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінің заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді. Кей жағдайда бұл екеуі бірін-бірі толықтырып, ой мәдениетінің арта түсуіне көп пайдасын тигізеді.

Ойлаудың физиологиялық негіздері И.П.Павловтың бірінші және екінші сигнал жүйесіндегі іліміне байланысты түсіндіріледі. Ойлау ми қабығының күрделі формадағы анализдік-синтездік қызметінің нәтижесі, екінші сигнал жүйесінің уақытша жүйке байланыстары жетекші роль атқарады.

Ой тәсілдері.

Ойлау әрқашан анализ және синтез процесгерінен басталады. Ойлау -түйсік пен қабылдаудағы анализ бен синтездің жаңа мазмұнға ие болған түрі. Анализ дегеніміз ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Синтезде ой арқылы заттың құбылыстың |лық элементтері біріктіріледі. Анализ бен синтез — бірімен-бірі тығыз байланысты, бірінсіз-бірі болмайтын құбылыс. Бұл екеуі - бірінен-бірі ажырамайтын ой процесінің негізгі компоненттерінің бірі. Кез келген сұраққа жауап табу, қандай болмасын бір мәселені шеше алу, анализ бен синтездің түрлі қиысуларын кажет етеді. Мысалы, мылтықты жеке бөліктерге ажыратсақ, бұл - анализ (талдау) болады да, кейіннен осы бөліктерді белгілі тәртіппен құрастырсақ синтез (топтастыру) болады. Балаларда оқу, жазу, есептеу, т.б. дағдылардьщ қалыптасу жолы да осы анализ, синтез операцияларының принциптеріне негізделген. Адам ойлауына анализ бен синтездің дәрежесі түрлі жағдайларға байланысты (жас, білім, тәжірибе т.б.) әр қилы көрініп отырады. Мысалы, бөбектің қағазды екіге бөлуі де, Эйнштейннің салыстырмалы теориясы да анализге жатады. Бірақ бірінен екіншісінің айырмашылығы жер мен көктей. Бөбектің кағазды екіге бөлуінде анализ практикалық амал ретінде көрінсе. Эйнштейннің салыстырмалы теориясында анализ теориялық ой тәсілі ретінде көршеді.

Анализ бен синтездің негізінде салыстыру деп аталатын ой операциясы пайда болады. Салыстыруда заттардың ұқсастық, айырмашылық қасиеттері анықталады. Бұл операция салыстыратын заттардың бір түрлі белгілерін көрсетумен қатар, басқа белгілеріндегі айырмашылықтарын да айырып көрсетеді. Мысалы, заттарды оның түсіне, түріне, кұрылысына, атқаратын қызметіне қарай салыстыруға болады.

Ойлау операциясының күрделі түрі - абстракциямен жалпылау. Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция дейді. Мысалы, квадрат, трапеция, паралеллограмм деген сөздерді «төртбұрыш» деген сөзбен белгілісек, соңғысы абстракция болады.

Абстракцияға қарама-қарсы процесті нақтылау деп атайды. Нақтылау - абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру, яғни жеке заттар мен нәрселер туралы ой. Мысалы, жылқы деген жалпы ұғымды құлын, тай, құнан, дөнен, айғыр, бие деп білетін болсак, мұндағы жылқының жеке түрлері нақтылауга мысал бола алады. Нақтылау абстракцияға қарағанда, ұғымды көрнекі етіп түсіндіруге мүмкіндік береді.

Жалпылау - дегеніміз бір текті заттардың, құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру. Жалпылау үшін заттардың ерекше маңызды белгілерін таба білуі керек. Мысалы, алма, алмұрт, шабдалы, өрік т.б. ұқсас белгілері жиналып келіп, «жеміс» деген жалпы ұғымды береді. Жалпылау тәсілі бізге сыртқы дүние заттарының мәнді белгілерін ажырата алуға жәрдем береді, өйткені ең қарапайым корытынды жасалуы, ұғымдардың (пікірлердің, қорытындылардың) бастапкы және ен карапайым пайда болуы -дүниенің барған сайын неғұрлым терең объективтік байланысын адамның тануы деғен сөз.



Ойлау формалары

Ойлау ой операцияларымен қоса ой формаларынан да тұрады. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледі. ¥ғым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы ой. ¥ғымда заттардың жалпы және негізгі касиеттері бейнеленеді. (Мысалы, мұғалім, оқушы, мектеп т.б. әр текті ұғымдар). Ұғымдар арқылы адам танымының ұзак процесінің нәтижесі қорытылады. Адамның ұғымдары қозғалмайды емес, кайта мәңгі козғалып тұрады, бірі екіншісіне құйылып отырады, мұнысыз олар нағыз өмірді көрсетпейтін болады.



Ұғымдар дара және жалпы болып бөлінеді. Мысалы, «Шымкент қаласы», «Ғ.Мұратбаев» дара ұғым болса, «кітап», «адам», «жұлдыз» т.б. жалпы ұғым болады. Бала мектепке келгесін ғылыми ұғымдарды меңгере бастайды, оның білім, дағдыларының түсуі ғылыми ұғымдардың негізін меңгере білуге қолайлы жағдай туғызады. Әрбір ұғымда белгілі мазмұн болғандықтан, ол ұғымды бірден меңгеру оңай емес. Бұл үшін ойлау тәсілін меңгере білу кажет. Баланың логикасын дамыту, ұғымдарын өсіру науқандық жұмыс емес. Ол әрбір сабақ үстінде мектептегі барлық тәлім-тәрбие процесінің барысында ұдайы жүргізілетін жұмыс. Мұнда оқушылардың жас ерекшелігі деқатты ескеріледі. Мысалы, математика сабағында «бөлінгіш», «бөлгіш» сияқты ұғымдарды бірінен-бірі олардың өзіндік белгілеріне карай ажыраткызса, бала ұғымының қалыптасуы ойдағыдай жүріп отырады. Кез келген ұғым - жалпылай алудың нәтижесі. Бастауыш сынып оқушылары құбылыстардың сырттай ұқсастықтарына көбірек мән беретіндіктен, жалпылау көбінесе олардың сыртқы белгілеріне Вреаладьі. Мысалы, оқушыларға «күн», «өсімдік», «жануар» ұғымдарын сіңдіргенде, «күн жарқырайды» немесе «жылытады», «өсімдік өседі», «шөпті мал жейді», «сиыр үй жануары», «ол сүт береді», «кұс ұшады, ұшпайды» т.б. деп келеді де аталған нәрселердің тек сыртқы белгілерін келтіріп, оның ішкі мәніне бармайды. Бала өзі көрмеген нәрселерді жалпылауға келгенде қиналады. Мысалы, төменгі сынып оқушылары китті көбінесе балық деп санайды. өйткені киттің суда жүзетіндігі, суда жүзетіндігі, сыртқы түрі балыққа ұқсас екендігі рас. Мұғалім киттің ауамен дем алатынын, балаларын сүтпен қоректендіретінш айтып түсіндіргенде де бала оны балықтың бір түріне жатады деп ойлайды.

Төртінші сыныптагылардың жалпылауларымен заттың ішкі мәнін, оның негізгі ерекшелігін, байланыстарын бейнелей алушылықты байқауға болады. Мысалы, олар су, ауа, металл т.б. денелердің қысым ұлғаюшылық секілді жалпы белгілеріне қарап, бұларды «өлі табиғат» ұғымына, ал өсімдіктерді өсіп отырғандығына байланысты «тірі табиғат» ұғымына жатқызады.

Ұғымда заттардың өзіндік касиеттері ғана көрінбсйді, олардың бір-бірімен байланыстары мен қарым-қатынастары (себеп-салдарлық, кеңістік пен уақыт, функционалдық) бейнеленіп отырады. Мысалы, жоғары-төмен, жақын-алыс, көп-аз секілді жеке, нақтылы заттардың өзара байланысын оқушылар қиналмай ұғады. Бірінші, екінші сынып оқушыларына заттың кеңістікке қалайша орналасатындығы жайлы ұғымдарды меңгеру қиынырақ соғады. Өйткені бұл оқушылар кеңістіктің негізгі өлшемі-ұзындық екенін бірден ажыратпайды. Мысалы, «метр» ұғымын көбінесе «бұл сызғыш» деп заттың түрімен шатастырады. Балаға түрлі өлшемдер туралы ұғымдарды метр, километр) меңгертуді тәжірибемен (балалардың өздеріне өлшетіп үйрету) ұштастырып отырған абзал. Мысалы, бала ұзынды-қысқалы заттардың түрлі бөліктерін көзімен көріп, қолымен ұстап, бұлардың белгілі Ві:рқы бар екенін аңгарады. Үшінші, төртінші сынып оқушыларының кеңістік жөніндегі ұғымдары жоспар, масштаб, шартты белгілер сияқты ұғымдармен толыға түседі.

Шындықтағы заттардың қарапайым байланысы пікірлерден көрінеді. Пікір - бұл бір зат туралы мақұлдау не оны бекерге шығаруда көрінетін ойлаудың формасы. Мысалы, «Астана - Қазақстан Республикасының орталығы» десек, бұл шындыққа сай ақикат пікір болады да, ал «атом -заттың бөлінбейтін және өзгермейтін бөлшегі» десек, бұл жалған пікір болып табылады. Пікір де ұғым сияқты тек тілдік материал негізінде, тілдік терминдер мен сөйлемдердің негізінде ғана туып, өмір сүре алады. пікірлердің түрлері көп. Оны логика ғылымы жан-жакты қарастырады.

Төменгі сынып оқушыларын дұрыс пікір айта білуге тәрбиелеу зор педагогикалық мәні бар іс. Сөйлеудің грамматикалық формаларын меңгеру балалардың пікір қабілетін өсіре түседі. Бірінші сыныптагыларлын пікірлері кесімді болып келеді. Өйткені ол құбылысты жан-жағынан қарастырмайды. Мысалы, «Асан бүгін неге сабақка келмей қалды?» деп кезекшіден сұрайтын болса, «ауырып қалды» деп бірден жауап береді. Ал екінші сынып оқушылары жорамалды пікірлер айтуға талаптанады. Мысалы, сабақка келмеген Асан жөнінде олар: «мүмкін ол ауырып қалған шығар», «сабағын қылмады ма екен, кім білсін» деп түрлі жорамалдар жасайды. Бірақ олар өз пікірлерін дәлелдеп жатуды мақсат етпейді. Өйткені мұнадай қабілет тек үшінші, төртінші сынып оқушыларында ғана қалыптаса бастайды. Бұған оқушыларда білім көлемінің өсуі жәие онын жүйслене түсуі үлкен себеп болады. Осы жастағы балалар өз пікірлерін жап-жақсы дәлелдей алады, түрлі нәрсенің себебін тауып қана коймай, оған тиісті жауапты өзінше бере алатын болады. Математика сабағында мәселе есептерді шығару, грамматикада сөйлемдердің күрделі түрлерін меңгеру - олардың пікірлерін дамытады.

Ойлаудың күрделі формаларының бірі - ой қорытындылары. Ой қорытындылары дегеніміз бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығару тәсілі. Қорытынды шығару үшін оны белгілі тәртіпке бір-бірімен байланыстыруымыз қажет. Қатар тұрған кездейсоқ пікірлерден қорытынды шықпайды. Мысалы, «Барлық дельфиндер - жануар», «Барлық металдар электр өткізеді» деген екі пікірдің арасында ешбір логикалық байланыс жоқ. Сондықтан бұл екеуінен үшінші жаңа бір пікірдің тууы мүмкін емес. Ой қорытындыларының үш түрі болады. Біріншісі дедукциялық, екінші индукциялық, ал үшіншісі аналогиялық ой қорытындысы деп аталады.дедукция - дегеніміз жалпыдан жекеге қарай жүретін ой корытындысы. Мысалы, біз тірі орғанизмдер оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды, ал рралық тірі орғанизмнің бірі десек, олай болса, балық оттегі жоқ жерде іршілік ете алмайды деген қорытындыға келеміз.

Индукция - жекеден жалпыға қарай жасалатын ой корытындысы. индукцияда жеке жағдайлардан жшшы ереже, фактілерден қорыіындылар асалады.

Аналогия дегеніміз - ұқсастық бойынша ой корытындыларын жасау. Оқушыларда ұғымдар мен пікірлердің біртіндеп қалыптасуы, соған сәйкес ой қорытындыларының дамуына мүмкіндік туғызады. Өйткені ршлаудың формалары бір-бірімен байланыса дамып отырады. Түсіну - ойлаудың негізгі белгісі.

Адамның ойлау әрекетінде шындықтағы заттар мен құбылыстардың негізгі қасиеттеріне, ерекше белгілеріне, мәніне түсіне білудің маңызы зор. Түсіну арқылы ғана біз айналамыздағы заттардың себеп- салдарлы байланыстарын, бір-біріне тәуелділігінің шығу тегі мен даму жолын ажыратамыз. Түсінудің басы - шындықтағы заттар мен кұбылыстарға танысудан, көріп білуден басталады. Өйткені қандай нәрсені болмасын «ұғыну үшін, ұғынуды, зерттеуді эмпирикалық жолмен бастау» кажет.

Түсіну сөз арқылы берілетіндіктен түрліше формаларда тұжырымдалады. (түсіну қысқаша. жалпы. кең. дстальды т.б. болып келуі мүмкін). Түсінудің бұлай түрліше болып келуі адамның алдына қойған мақсатына, жеке психологиялық ерекшеліктеріне, ана тілінің ішкі заңдылықтарын білуіне, сол адамның сөзі мен ісіне байланысты болады. Бір нәрсеге дұрыс түсінгендіктің көрінісі - сол материалды өз сөзімен түрлендіріп айтып, іс жүзінде орындап көрсету болып табылады.

Түсіну екіге бөлінеді: оның бірінші түрі - тікелей түсіну. Тікелей түсіну жанама түрде ой операцияларын керек етпейтін, қабылдау ұқсас ;процесс. Мысалы, бізге жақсы таныс сөздер, сөйлемдер, белгілі құбылыстар адамдардың қылықтары т.б.

Түсінудің екінші түрі - жанама түсіну. Жанама түсіну бірнеше аралық басқыштардан тұратын, ой операцияларын керек ететін, көмескі нәрсені айқын етіп бейнелеуде бірнеше ой түйіндерін талап ететін процесс. Жанама түсіну де сұрақ қоюдан басталатындығын, сұрақ пен жауап табудың арасында аралық түйіндер бар екендігін, осы аралық түйіндерді табу жаңа мәселені шешудің кілті екендігін атап өтуіміз қажет. Тіпті қарапайым есептің өзінде де осы жолды көруге болады. Мысалы, Ахметте үш алмұрт, Хасенде екі алмұрт бар. Екі балада барлығы қанша алмұрт бар? деген мәселе есепті шешуде де белгілі шығару амалынсыз (яғни бұл екі санды бір-біріне қоспайынша) оның жауабы шықпайды. Бұл жерде қосу аралық амалдың қызметін атқарып отыр.

Ойлау дегеніміздің өзі мәселені шешу, оның мәнісін түсіне білу деген сөз. Мысалы, «Сырдария Арал теңізіне кұяды» деген сөйлемде ой тууға негіз боларлықтай себеп жоқ. Өйткені бұл бұрыннан бізге белгілі нәрсені білдіретін хабарлы сөйлем ғана. Ойлау қашан да белгілі қажетке байланысты цамға казірше белгісіз жайтты іздестіруден туындайды. Проблемалық ситуация (жағдай) адам ойлауының түрткі қазығы. Бізге әзірше белгісіз, ойланып-толғануды қажет ететін құбылыстың бірі проблемалық жағдайға салды.

Адам сұрақ қою арқылы алдындағы кедергіні сезеді, оны біртіндеп кояды, сөйтіп өзінің әртүрлі тану қызығуларына жауап алады. Сұрақ қою, оны дәл тұжырымдау, мәселені «ойда ұстай білу» сұракты талдай білу және жинақтау, шығару тәсілі мен амалдың орталық түйінін табу, жорамалдар жасай білу т.б. Ойлау процесіне мәселелерді шешу үшін аса кажетті жағдайлар болып табылады,

Төменгі сынып оқушыларында тануға негізделген тікелей түсінулер байқалады. Бұл тікелей түсінулер запарды пкелеи қабылдаудан туған түсінулер. Егер зат баланың өткен тәжірибесінде болмаған болса, оны бірден түсіну қиынға соғады. Түсіну үшін оны алдымен жан-жағынан жақсылап қабылдап алу қажет. Жанама түсіну - жаңа затты, құбылысты белгілі ұғымға жанастыра барып түсіну деген сөз. Баланың сыртқы дүниенің сан килы сырларын түсіне алуы жанама түсінулер арқылы ғана жузеге асады. Бір нәрсенің мәніне түсіну үшін жай тану жеткіліксіз, оған қоса, оның себебін, яғни неліктен осылай болып тұрғанын білу керек. Мектеп жағдайында кейбір оқушылардың оқыған әңгімесін, математикалық ережелерді дұрыс түсіне алмайтын фактілері жиі кездеседі. Мұғалімдер, көбінесе, оаланың әр жаңа материалды не себептен түсінбей қалатынын, кезінде талдау жасап отырмайды. Бала ойлауы үнемі кедергісіз жүріп отыратын процесс емес, ол кейде құбылыстарды толық бейнелей алмайды, тіпті қателіктер де жібереді, бірде білмегенін екіншіде біледі. Міне, осы жайларды мұғалім асқан байсалдылықпен ескеріп отыруы тиіс. Сондықтан жаңа сабақты бірден түсіне алмай қалған оқушыларды ұғымы төмен кінәлаудың өзі педагогикалық тұрғыдан дұрыс болмайды.

Төменгі сынып оқушыларының ойлауы негізінде нақтылы келетіндіктен, олар көп нәрселерді өз калпында түсінуге бой ұрады. Мысалы, бір зерттеуден үшінші сыныптағылардың аллегориялық ұғымдардың мәнін жете түсінбейтіндігі анықталған. Олар: «білімді» деген ұғымды тек «оқитын адам»; «дүние» ұғымын «байлық», «ақша»; «жақсылық» ұғымын «жақсы нәрсе»; «ер» ұғымын «аттың ері» деп олардың заттық, бейнелік жақтарына көбірек көңіл аударады да, осы ұғымларлын мәнін салыетыру теместіру рқылы түсіндіріп бере алмайды.

Балалардың құбылыстарды түсіне алуында олардың сөз байлығын, сөздік қорының өсіп отыруын қадағалау зор маңыз алады. Мұғалімнің жаңа сабақты түсіндірудегі әдістемелік шеберлігінің (әр ұғымды өз мәнінде толық түсіндіру, сөйлемдердің қысқа, ықшам болып келуі, екі ұшты сөйлемеу т.б) жоғары болуы бала түсінігінің жақсы дамуына қатысы бар басты факторлардың бірі.



Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар.

Адам ойлауына тән жалпы заңдылықтар болғанмен, жеке адамның Сойлау әрекеті даралық ерекшеліктерге толы. Әрбір адам бірінен-бірі ойының ісеңдігі немесе тарлығы, орамдылығы, ұшқырлығы, дербестілігі, оның ргикалық жүиеліп, сыншылдығы т.б. сапаларымен ажыратылады.

Ойының кеңдігі бар адам еркін ойлайды, мәселені ескі әдетпен, Іреншікті жолмен шешпейді. Ой-парасаты кең адам мәселені түрліше Ьдістермен шешеді, бұрын сыналып қате деп табылған әдіске жоламайды. й-өрісінің кендігіне қарама-қарсы қасиет ойды тарлығы. Мұндай адам мәселені шешуге шорқақ, ойға шабан, ол баста ойына келген бір әдісті шырқ шалдырады да жүреді. Тіпті оның жарамсыз әдіс екенін байқаса да, басқаша пікірмен келуге батылы жетпейді. Мұндай адам ой әрекетін өз ажетіне жарата білмейтін, енжар адам. Халық ерте замандардың кезінде ақыл-ойдың кеңдігін ерекше қастерлеген. Мысалы, «Ой ойласаң тек ойла, тең ойласаң кең ойла» деген мақалда қандай мәселені болмасын тұтас, барлық жағынан қамти ойлау керектігі, ойлаудың кең, тиянақты болуы оның белгілі логикалық талаптарға сәйкес құралуына қарай болатындығы айтылған.



Ойлаудың ұшқырлығы, Кейбір адамдар мәселенің барлық жақтарын көре біледі, оны тез шеше алады, ойы аса сергек және белсенді келеді. Мұндай адамдар орынсыз асып-саспайды, жағдаймен санасады, осындай қасиетті ойдың ұшқырлығы дейді. Бұған қарама-қарсы қасиет-ойдың асығыстық түрі. Мұндай адам ой жұмысымен онша басын ауыртпай ауырдың ұстімен, жеңілдің астымен» жүреді. Бұл адамдар енжар ойлылыққа әдеттенген, дайын тұжырымға жармасқыш, жеңіл ойлауға, мәселені ұстіртін шешуге бейім келеді.

Басқалардан көмек күтпей, мәселені өз бетімен шешу - адамның жақсы қасиеттерінің бірі. Мұндай адам алдынжағы мәселені шешуде басқа біреудің әдісін қайталамайды, оны қалай да өзі шешуге тырысады. Бұл нағыз шығармашылық ойдың иесі. Кейбіреулер бұған қарама-карсы өз бетімен ештеңе айта алмай, көбінесе басқа кісіге сүйеніп, ойсыз өмір кешеді. Абай осындай адамның психологиясын тамаша көрсеткен:

«Басында ми жоқ, Көп айтса көнді,

Өзінде ой жоқ Журт айтса болды

Күлкілшілкерден наданның. Әдеті надан адамның».

Жеке адамның білім көлемі, өмір тәжірибесі, оның айналасындағылар, жүйке жүйесінің типтік ерекшеліктері, денсаулық жағдайы, жас ерекшеліктері т.б. осы секілді ақыл-ойдың дара ерекшеліктерінің қалыптасуына себеп болатын факторлардың бір тобы.

Ойлау мәдениеті. Жаңа туған балада ешқандай ойлау болмайды. Ойлау баланың сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынас жасауының нәтижесінде, оның өмір тәжірибесімен қосақталып дамып отырады. Мысалы, бір жасар бала апасының саусағындағы жараға жағылған иод ерітіндісінс көз сал ады.

Тілдің шығуы бала ойлауының дамуында елеулі кезең болып табылады. Мектепке түскенге дейінгі бала ойлауы дамудың ұзақ жолынан жүреді. Ойлау бұл кезеңде нақтылы - бейнелі болып, әрекетпен әлде де тығыз байланысып жатады.

Балалардың ойлауын дамытуда мектептегі оқу-тәрбие процесі шешуші роль атқарады. Бастауыш мектеп жағдайында бала ойлауы қалайша дамып отырады?. Бала ойлауын дамыту үшін мұғалім тиісті жұмыстар жүргізіп отыруы тиіс. Осындай ойлау тәрбиесіне қатысты шараларлын кейбірі мыналар:

1. Балаларды белгілі ережелер (грамматикалық, математикалық) жөнінде өз беттерінше қорытынды жасай алуға үйрету үшін мұғалім сабақта мүмкіндігінше эвристикалық әдісті пайдаланып отыруы қажет. Оқу материалдарын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас өзгешеліктерін ескере отырып ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мумкіндіктер туады.



  1. Балалардың сөйлеу қабілетін дамытып отыру олардың ойлауын
    дамытуға үлкен әсерін тигізеді.

  2. Ойлау қабылдаулар мен елестердің негізінде жасалады. Сондықтан
    оқушының сабақты мүмкіндігінше жақсы кабылдай алуына, елестердің
    тиянақты қалыптасуына мұғалім айрықша қамқорлық жасамаса болмайды.

  3. Мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс. Бұған оқу
    процесін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дамытып алатын
    мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.

  1. Оқушылардың өз беттерінше жасаған ой операииясынын дұрыс-
    бұрыстығын тексерткізу, олардың бір мәселенің өзін түрлі жолдармен
    шешуге үнемі бағыттап отыру (тапқыштық пен зеректік) ойлауды кажет
    ететін мысалдар құрастырту, есептер шығару, шығармалар жаздыру бала
    ойлауын тәрбиелеудің тиімді жолдары.

  2. Ойлауды тәрбиелеу бала психологиясьш жап-жақты дамыумен тығыз ұштасып жатады. Бұл оның білуге қүмарлығын, тану кызығуларын көзқарасымен сенімін тәрбиелеумен қоса жүргізілуі тиіс. Мысалы, қораш сөз, солғын сезім ойдың айқын болуына бөгет жасайды, ал ақылға конымды жақсы сөз жанға жылы тиіп, адамды небір тамаша сезімдерге жетелснлі. қысқасы ой тәрбиесі адамның психологиясын жан-жақты етіп тәрбиелеумен рштасып жатады деген пікірді жақсы дәлелдейді.

Оқушының ойлауына бағыт бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген Мағжан Жұмабаев болатын. М.Жұмабаев өзінің «Педагогика»деген еңбегінде ойлаудың жан тұрмысы үшін керектігі және оны өрксндеіудің тиістілігін атап өтеді: «Ойлау адам өмірінде аса кымбат орын алады. Ойлау болмаса, адам басқа жануар сыкылды, заттарды, көріністерді құр жадында, есіне ғана алып, жат бір көршіс ұшыраса, оны шеше алмаитын, оған түсіне алмайтын бір жан иесі ғана болар еді. Келешекте не болатынын. Тұрмысы қалай өзгеретінін білмейтін бір саңылаусыз соқыр болар еді. Адам ойлау арқасында ғана заңдардың, көріністердің араларындағы байламды белгілеп, оларды бар себептерді табады. Келешекте оларға не болатынын ойлап шығарады. Келешекті болжап алады. Қысқасы ийлай иілетін адам - шын магынасында адам».

Ойлау түрлерінің ерекшеліктері адам есеп шығарғанда ерекше байқалады.

В.А.Крутецкий оқушының математикалық қабілетін зертттегенде олардың көпшілігі белгілі бір есептер класының құрылу принципін ұзақ уақыт бойы дербес жағдайларда түрлендіру арқылы түсінетіндігін айткан болатын. Олардың ойлауы сыртқы ұқсастығы мен бірдейлігін іздеуде бірінен ікейін бірін қарастыратын эмпирикалық дәрежеде өтеді. Егер мұндай нрқушыларға сырттай айырмашылығы бap, иірақ шьиару жолы оірдеи есеп рерілсе, онда ол есепті жаңа жолмен шығарады. Математикаға қабілетті оқушылар бір класты мың есептің тек біреуін шығарып, оның шығару шартын анықтайды да, басқаларын шығармай-ақ жалпы түрге келтіреді. Бұл, әрине, математикага ғана емес, басқа пәнгс де қатысты. Дсрбсс есептер шығарудан бұрын олардың ортак идеясын тауып, берілген есепті шығарудың жолын табу керек.

Кіші жастағы оқушылар үшін басты мәселе - олардың интеллектісін дамыту. Белгілі психолог Л.С.Выготский жеті жасар оқушыда есте сактау мен түйсіктің орасан зор мумкіндіктері оола түра ергежейлі интеллект болатындығын айтқан. Интеллект әуел бастан-ақ ойлау қабілетінің қуатты да басым моменті бола алмайды, өткен жастағы функцияларымен салыстырғанда өте нашар болады. Интеллектің ең шарықтап дамуы бастауыш сынып балаларыпың жасында болады. Барлық танылатын процестер ойлаумен тығыз байланыста дамиды. Мұғалімнің басшылығымен іжасалатын жұмыс, өз мінез-құлқын белгілі бір талаптарға сай бағындыру ражеттігі баладағы еркіндіктің психикалық процестердің ерекше сапасы қасиеті ретінде дамуына саяды. Назарлары да еркін бола түседі. Егер бұрын балалар назары тек өздеріне қызық, айқын, нәрселерге аударса, енді мектеп жағдайының алғашқы күндерінен-ақ, дэл сол сәтте, өзін қызыктырмайтын пәндерге зейін қоюы және айтылған әңгімелерді зердесінде устап калуы талап етіледі.

Балалар мектепке жеткілікті түрде жетілген қабылдау процестерімен келеді, бірақ олардың сабақтағы кабылдауы тек түрлер мен формаларды біліп, аттарын атаумен ғана шектеледі. Бірінші сынып оқушыларында көптеген заттардың қасиеттері мен сапасын жүйелі талдау болмайды. Әсіресе, мектептегі оқу процесінде интенсивті қалыптасатын баладағы көргенін талдау мүмкіндігі ондағы күрделі бақылау қызметінің қалыптасуымен байланысты. Бақылаудың дамуы нәтижесінде түйсіну мақсатты болады.

Балаларда материалды еркін қабылдауі пайда болады. Мектепке дейінгі жастағы балалар негізінен еріксіз есте сақтап қалады. Бірақ мектеп табалдырығын аттаған сэттен бастап бала үшін арнайы есте сақтауды талап ететін тапсырмалар пайда болады. Оқушыларға есте сақтау үшін саналы турде жігер күші мен арнайы әдістерді пайдалану кажеттігі туады. Осы ойлаудың дамуымен байланысты бастауыш сынып жасындағыларда мынадай маңызды жаңа ойлау қабілеті іштейгі іс-жоспары («ойдағы» амал) және рефлексия (өзінің іс қимылдарын бағалай, карай білу) қалыптасады. Бастауыш сынып оқушыларының үлгерімінін табысты болүы ііптсйгі іс-жоспарын қаншалықты ойша табысты есептей алатындығына, жоспарлауына байланысты. Оқыту процесінде іштейгі іс-жоспарының дамуын қадағалаумен 1 қатар оған әсер ету, басқара білу маңызды.



Сондықтан математикаға оқыту барысында ауызша есептерді жиі пайдалану керек. Бұл - жеңіл есептер шығару барысында олардың шешуге қажетті берілісі мен талабын үнемі көбейту немесе берілу шарты, талабы бойынша есеп құрастыру.

Психолог А.З.Зак берілген әріптер бойынша сөз құрауды, ойша берілген сөзді түрлендіру (мысалы, сөздің екі орнын алып тастағанда кандай сөз шығады?), сөзді әріптері бойынша кері оқудың есептеу үшін өте пайдалы екендігін айтады.

Осыған ұқсас мұғалімнің басшылығымен көптеген тапсырмалар ойластыруға болады. Мұндай оқыту білім қорын молайтып қана қоймай, ойлаудың дамуын қамтамасыз етеді. Оқушының өз іс-әрекетіне назар аударуында рефлексия байқалады. Рефлексия теориялық есеп шығарудың спецификалық ерекшелігі болып табылады. Баланың берілген есепті қалай шығарғанын түсінуі оны есепті теориялық әдіспен шығарғандығының дәлелі болады. Керісінше, оқушының берілген есепті шығарылу принципін білмеуі оның берілген есепті қалай шығаруды түсінбегендігін көрсетеді. Бұл есепті эмпирикалық әдіспен шығару.

Сондықтан бала есеп шығарғанда одан міндетті түрде: «Бұл есепті қалай шығардың? Осы есеші шығару үшін тағы қандаи әдісті паидалануға болады?» деп сұраған жөн. Бірнеше есепті бір әдіспен шығарғаннан, бір есепті бірнеше әдіспен шығарған пайдалы. Сонымен, психикалық процестердің еркін дамуын, ішкі амал жоспарларын және рефлексияларды бастауыш сынып жасындағылардың жаңа дамуы деп атайды. Бұл даму бастауыш сыныптардың соңына дейін барлық балада қалыптасып болмаса, ондай оқушыларға орта мектепте оқу қиынға түсіп, үлгерімдері күрт төмендейді. Мектепке «барлық баланы оқыту және бәрін жақсы оқыту» міндеті қойылуда. Егер баланың интеллектуалдық мүмкшдіктері оқытудың ең алғашқы кезеңінде-ақ анықталмаса, онда мұндай міндетті орындау мүмкін емес. Сондықтан баланы бірінші сыныптан бастап-ақ ойлау қабілетін дамытуға, ойлаудың ең жоғары теориялық формасына, дүниені ғылыми тұрғыдан түсінуге дайындауымыз тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет