«Бастауыш сыныптарда оқушыларды сыни тұрғыда ойлауды дамыту.»
Байсеитова С.А.
2016-2017 оқу жылы.
Сыни тұрғыдан ойлаудың технологиясы және сыни тұрғыдан ойлаудағы сұрақтардың рөлі Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технлогия орыс және қазақ тілдеріне мектеп тәжірибелеріне ене бастады. Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л., Стил, Куртис С., Чарльз Темпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже. Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алған.
Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 жылы қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу әрбір ұстаздың басты міндеті.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшілік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйренудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты қабылдай жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдермен түзеледі. Енді осы кезеңдердің мақсат міндеттеріне тоқталайық.
1.Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұйымдастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан
басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркендергіш арқылы (ойды қозғау) әсер ету жүзеге асырады.
Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Негізгі идеяны суреттеу», «Түртіп алу», «Ойлану, жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» т.б. деген әдістері (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты –үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені үйрену – белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны бұрынғы біліммен ұштастырады.
2.Мағынаны тану Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі – мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар.
Соның бірі – INSERT (түртіп алу жүйесі). Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V- «білемін», - - «мен үшін түсініксіз», + - «мен үшін жаңа ақпарат», ? –«мені таңқалдырды» белгілерін қойып отыру тапсырылады. V - + ?
Ой толғаныс. Тақырып туралы ой толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзімен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой-түйістіру өз үйрену жолын кестесін жасау мақсатында басқалардың әртүрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы-ойды қайта түйіп жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады.
Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.
Бес жолды өлең стратегиясы-ақпаратты түгендеп айту, терең ойды,
сенімді, сенімді қысқа сөзбен қамту өнері болып табылады.
Бұл іс-әрекет, тақырыбы туралы толғаныстан, терең бай түсініктің
негізінде болуын талап етеді. Бұл ақпаратты синтездейтін
және материалды қысқа ғана түсіндіретін немесе тақырыпты
Көршінің сұрағына жауап параққа бір сұрақ жазып, парақты оң жағында отырған серігіне береді, бұл сұраққа жазбаша жауапты серігі береді.
Қар көшкіні Әрбір қатысушы өз есімін атап, оған бастапқы әріптен басталатын бір сын есімін қосады. Мәселен: “Айгүл” есімі “А” әріпінен басталады, яғни “алғыр”, “ажарлы” сияқты сын есімді қосады
ЕСІМ - АКРОНИМ Өз есімінің бастапқы әріптерінен өзін сипаттайтын (немесе өзіне тән)сын есімдер келтіруі керек. Мысалы: Айгүлді былай деп жазуына болады А - алғыр Й – инабатты Г - гүлденген Ү - үлбіреген Л - лапылдаған
Есім әріптерінен басталатын сөйлем Өз есімдеріңіздің бастапқы әріптерінен сөйлем құрау. Мысалы: Айгүлдің мынандай сөйлем келтіруге болады. Айшықтай иілген гүл үзіле лүпілдейді.
Өзі туралы кластер Парақтың ортасындағы шеңберге өз есімдерін жазып, одан таратылатын шеңберлерге өздерінің өмірде “ойнайтын” бес негізгі рөлін жазады. Мысалы: жанұяда біреудің баласы, әкесі, бауыры, ағасы. Оқуда оқушы, шәкірт, жолдас, дос т.б.
СӨЗЖҰМБАҚ Бірлік, бекінген, күш, төрткүл, әбестік, қалтырау, жетілген, қонақ,келу, жүзім, жымыңдаған Сұрақ: Бұл сөздерді қандай жәйт біріктіреді
БЕС ТАРМАҚТЫ ӨЛЕҢ- өз ойларын сабақты қорытындылау мақсатында құрастыруы керек Не? 1 Зат есім Қандай? 2 Сын есім Не істейді? 3 Етістік Синоним 1 сөз Идеясы 4 сөзден тұратын 1 сөйлем
Өзгертулерді тап!
Жұбыңызға қарама-қарсы тұрып, бір-біріңізге 10-15 секундтай қарап алыңыздар.
Енді бір-біріңізге арқа беріп тұрыңыздар. Сыртқы пішініңізге қандай да болмасын 3 өзгерту енгізіңіз.
Екі жақта бір-біріне қарап өзгертулерін табады.
Эссе жазу – 5-10 минут уақыт беріледі: Әріптесіне оқып береді: Ең жақсы эссе тоқтауға ұсынылады: Сол жазған идеялардың ішінен түсініксіз деген сұрақтарға қандай жауаптар бергені үшін оқушыларға сол мәтінді назар салып оқу керектігі ескеріледі.
2+3+1=
4+2-3=
10-7+2=
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін орындалатын шарттар: Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек; Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру; Әр түрлі идеялармен пікірлерді қабылдау; Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдану; Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау; Оқушылардың бір-бірінің жауабынан жасаған сынның дәлелді, дәйекті болуын талап теу;
Сын тұрғысынан ойлаудың іс-әрекетінің нәтижелері : Оқушы белсенділігінің арттыруы, дұрыс шешім қабылдай білуге;
Көзқарасты бөлісуге үйретеді; Басқалар алдында өз ойын ашып айтуға; Білім, іскерлік, дағды қалыптастыруға;
Дарынды оқушыны дамытуға; Өзін-өзі және басқаларды сыйлауға баулиды, Бірлесе оқуға жеке ерекшеліктерді мойындауға үйретеді.
Атқарылған жұмыстардың міндетті түрде нәтижесі болуы шарт4