Баяндама баяндама тақырыбы



Дата12.10.2020
өлшемі18,28 Kb.
#68323
түріСабақ

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Приречный орта мектебі

БАЯНДАМА

Баяндама тақырыбы: Қазақ тілі сабақтарында ойын технологиясының рөлі
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі ӘБ-не дайындаған: Қасен Ә.Н

2016-2017 оқу жыл



Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында ойын технологиясын тиімді пайдалану

«Біз бүгін еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» - деп Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, дәуірлеген заманымызда ұрпақ тәрбиесінде маңызды орын алатын сала білім саласы екені бәрімізге аян. Бұл орында мұғалім қауымына артылатын жүктің салмағы ауыр екені белгілі. Ұстаздың жүгін адал орындау біздің парызымыз. Ең алдымен мұғалімге керегі өз пәнін жете меңгеру. Ол үшін үздіксіз ізденіп, өз біліктілігін арттырып, оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай озық тәжірбиелерді іскерлікпен пайдалану керек.

Ұлы Абайдың «Ойын ойнап, ән салмай бала өсер бала бола ма?» деген пікірімен бала өміріндегі ойыншығының маңыздылығына көз жеткізуге болады. Ойын түрлері көп. Орыс сыныптарындағы қазақ тілі сабақтарында ойын түрлерін қолдану – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, сабаққа белсенділігін арттырады.

Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті – ойын болса, оқу – тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.

Ойынның мақсаты – бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау.

Міндеті – баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.

Дидактакалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді.

Ойын сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді.

Сабақтың ортасында - көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады,сабаққа ынтасын арттырады.

Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.

Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан бастауыш, дайындық сыныптарында оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Мысалы: дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген сайын баланың жас ерекшелігіне сай күрделенгені дұрыс. Олай болса, ойынды пайдаланудың маңызы зор.Ойынның түрлері көп.Сондықтан ойын балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтың тақырыбына мазмұнына сай етіліп таңдалып алынғаны дұрыс.Бала ойын іс-әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалу тиіс.

Сабақта ойын түрлерін өткізу оқушылардың ой өрісін, тапқырлығын, жылдамдығын, сөздік қорын молайтуға әкеледі.

Ойын – бұл қоғамдық тәсілді меңгеру мақсатында, ситуациялық жағдайда, бағытты түрде іскерлігін көрсететін, өзін-өзі басқаруын жетілдіретін іс-әрекет. Ұлы педагог В.А.Сухомолинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз,шығармашылықсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді.

Ойын түрлерін сабақтың тақырыбына қарай мұғалім өзі таңдап алып, қолданып отырады. Ойын түрлері сабақты қызықты өткізуге, оқушылардың сабаққа ынтамен қатысуына өз бетімен жұмыс істеуіне, өздігінен қорытынды жасауына жол ашады.

Ойын әрекеті оқу барсында төмендегідей қызметті атқарады:

Қазақ тілі сабағында ойын формаларын енгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. Қазақ тілі сабақтарында қолданылған дидактикалық ойындарды сабақтың мақсатына қарай мынандай түрлерге бөліп қарастырылады:

1.Тапқырлық ойындар;

2. Іздемдік ойындар;

3. Рөлдік ойындар;

4. Іскерлік ойындар.

1. Тапқырлық ойындар – оқушылардың логикалық ойлауын қалыптастырады. Мысалы: асық ойыны, «Қоржында не бар» ойыны, «Дыбыстық ойыны»; «Әліпбиді білесің бе?» ойыны.

«Қоржында не бар» ойыны (қоржында жатқан әріптерден сөз құрастыру керек)

«Дыбыстық ойыны» (1 минут ішінде 1-ші қатар «Ә» дыбысына, 2-ші қатар «Ұ» дыбысына, 3-ші қатар «Ә» дыбысына сөз құрастыру керек)

«Әліпбиді білесің бе?» ойынының шарты: қазақ әліпбиіндегі әріптердің реттік санын білу, сол бойынша жасырынған сөздерді, мақал-мәтелдерді шешу:

1 24

1 25 1 24 37



18 1 18

1 25 1 17 8 14 8 18

2. Ізденімдік ойындар – оқушыларды өздігінен ойлауға үйретеді. Мысалы: «Баламасын тап» ойыны, «Қандай сөздер жасырынған» ойыны, «Буынды тез тап» ойыны, «Бинго» ойыны.

«Баламасын тап» ойыны (1-ші қатардағы сөздерге 2-ші қатардан баламасын табу керек):


«Буынды тез тап» ойыны (“қар” буынынан басталатын сөздерді жазу керек. Мысалы: қарлығаш, қарға, т.б.)

3. Рөлдікойындар – оқушылардыңшағармашылықойлау, қабілетіндамытуғаарналғанойын.

4. Іскерлікойындар – оқушылардыңтүрліжағдайдадұрыссөйлеуінқалыптастыратын, диалогтікжәнемонологтікүлгілерінжетілдіретінойынтүрі.

«Дос» тақырыбынасөзтіркестерінқұраойыны: (1-ші сөз сын есімнен 2-ші сөззатесімнен болу керек. Мысалы:Жақсыдос)

Сабақта дидактикалық ойын түрлерін пайдалануда бала білімінің деңгейін, біліктілік сапасын көтеретіндей, ұлттық санаға, салт-,дәстүрге, тәрбиеге сай болуын ескеруміз керек. Мысалы: жамбыату, асықойыны.

Жазушылардыңсуреттерінкөрсетіп, солсуреттуралыәңгімеқұратуға, олардыңшығармаларыныңатынатап, сипаттамабергізугеболады.

«Тез ойлан» ойыныүшбуыны да ашықдауысты, үшдауыссыздыбысқайталансын. Олқайсөз? – кереге,терезе.

Үшдыбыстысөзойла. Оныңдауыстысыжуан,ашық, еріндікболсын. Мысалы: қол, жол, мол.

Сыныпоқушыларыішіненатыүндіденбасталып, ашық, жуан, езулікдауыстыдыбысқааяқталсын.Роза, Лара, Майра.

Түрліойындардыөткізусөзсізсабақтыжанданырып, оқушылардыңқызығушылығынарттырады.

Ойынбұләрекетжәнебелсенділік. Балаларшаршады-ау мезеттесергіту, бой жазужаттығуларыөтепайдалы. Сергітуойындарыбалалардыңсабақтызейңнқойыптыңдауына, ақыл-ойынбірнәрсегетұрақтандырып, саналытүрдебілугесептігінтигізді.

Ойынэлеметтеріоқуүдерсінпысықтау, жаңасабақтықорытындылаукезеңдерінде, қайталаусабақтарындапайдалануменқатар, ұйымдастырукезеңіндепайдаланутиімді.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет