Базальды қабат



бет1/97
Дата09.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#180586
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97
Байланысты:
Дерма экзамен 413
1лабБД (1), БП теплица (2), АБ дерматовенерология 4 курс ЖМ, І нұсқа алгебра

1. Эпидермис (тері беті) – терінің көпқабатты сыртқы бөлігі. Ол бір-бірінен клеткаларының көлемімен, пішінімен, сондай-ақ қызметімен ерекшеленетін 5 қабаттан тұрады. Оның қалыңдығы ең нәзік жерлерінде (қабағында) 0,04 мм, ең дөрекі жерлерінде (алақан, табан) 1,6 мм-ге дейін барады. Эпидермис 5 қабаттан тұрады: 
1. базальды қабат (stratum basale) табылады;
2. тікенекті (stratum spinosum) қабат; 
3. түйіршікті (stratum granulosum) қабат;
4. 4. жылтыр (stratum lucidum) қабат; 
5. мүйізді (stratus corneum) қабат.
Дермамен шекаралас базальды мембрананың үстінде орналасқан призмалық және цилиндрлік клеткалардан тұратын бірқатарлы базальды қабат жатыр. Базальды мембрана осы клеткалардың төменгі полюсінен шыққан протоплазмалық өскіндерден түзіледі. Бұл өскіндер дерма мен эпидермисті өзара берік байланыстырады. 
Базальды қабаттың кератиноциттері митоз арқылы көбею қызметін атқарады, сондықтан олардың цитоплазмасы құрамында ДНК-мен РНК-сы бар құрылымдарға, рибосома мен митохондрийге бай келеді. Кератиноциттер митоз арқылы көбейе отырып, жоғарыда аталып өткен эпидермис қабаттарын түзеді. Базальды қабаттың құрамында меланин пигментін түзуші меланоциттер, ақ аралшалық эпидермоциттер (Лангерганс клеткалары), түйсіну клеткалары (Меркель клеткалары) бар. Лангерганс клеткасының беткейінде иммунды жауаптың бастапқы фазасына қатысатын HLA-Dr-молекулалары орналасқан. Олардың цитоплазмасынан аденозинтрилфосфатаза, сілтілік және қышқыл фосфатаза, холинэстераза табылған. Цитоплазмада митохондриядан бөлек Гольджи кешені, рибосома мен вакуоль де бар. 
Базальды қабаттың үстінде цитоплазмалық өскіндері бар клеткалардан тұратын 3-8 қатарлы тікенекті эпидермоциттер қабаты орналасқан. Клеткааралық ең берік байланысты десмосомалар (desmos – байланыс, soma – дене) қамтамасыз етеді, екі клетка бір-бірімен тығыз байланыспен қосылып, олардың цитоплазмасына кіріп терең бойлайтын көлденең жатқан талшықтардың түйіндерімен жабысқан. Бұл талшықтар тонофиламенттер (гр. tonos – керілу) деген атауға ие. Тонофиламенттер түйінге жиналып (тонофибрилдер), десмосома аймағында аяқталады. Барлық өскінділер клеткалардың арасына клеткааралық сұйықтық айналысын жүзеге асыратын өзектер жүргізе отырып, клеткалардың байланысын қамтамасыз етеді.
Десмосома мен тонофибрилдер клеткаларды механикалық жарақаттардан қорғайтын ішкі тірек каркасын құрайды. Базальды қабаттағыдай тікенекті қабатта да эпидермистің кератиноциттерімен бірге қорғаныш иммундық қызмет атқаратын ақ аралшықты эпидермоциттер бар. 
Тікенекті қабат клеткаларының цитоплазмасында кератиносомалар немесе Одланд денешіктері бар, онда оларды лизосомамен жақындастыратын мына ферменттердің белсенділігі анықталған: қышқыл фосфатаза, нуклеозидфосфатаза, эстераза.
Тікенектіден кейінгі түйіршікті қабат 1-3 қатар, ал табан мен алақанда 3-4 қатар клеткадан тұрады. Тері беткейіне жақынырақ орналасқан клеткалар ромб тәрізді, ал тереңірек жатқан клеткалар цилиндр және шаршы тәрізді пішін алады. Кератиноциттер ядросында ДНК-мен РНК-сы бар құрылымдар азайып, цитоплазмасында кератогиалин дәндері түзіледі. Олар ядро, митохондрий, рибосома және басқа да клетка органоидтарының дезинтеграциясысы өнімдерінен түзілетін тонофибриллярлыкератогиалинді кешен. Түйіршікті қабат клеткаларының құрамында тонофибриллярлы-кератогиалинді құрылым болғандықтан оны кератогиалинді қабат деп те атайды. Бұның бәрі эпидермиске беріктілік пен эластикалықты қамтамасыз етеді. 
Базальды және тікенекті қабаттарды қоып эпидермистің мальпигиялық немесе өсу қабаты деп те атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет