Бекітемін: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Ж. Ақтілеуова Күні



Дата21.11.2022
өлшемі0,69 Mb.
#159209
Байланысты:
Көңілді үзіліс


Бекітемін: __________
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Ж.Ақтілеуова
Күні: 21.11.2022 жыл


Тақырыбы: «Қызықты математика»
Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, ой-өрісін дамыту. Математикаға ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқығанын есте сақтай білуге, тиімді тәсілдерді тез таңдай білуге дағдыландыру. Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қаблеттерін дамыту.
Түрі: көңілді үзіліс (5-8 сынып)
Барысы:
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамын сіздерді!

Алғырлар мен тапқыштар,


Бар өнерін салады.
Білімділер болса егер,
Сол жеңімпаз болады.


1. «Кім жүйрік?»
(формулалар жазып жарысады)






2. «Кірес-нөлдер» ойыны



3. «Жауап сізден, сыйлық бізден»
(сұрақ-жауаптар ойыны)
Басталық ақыл – ойдың дара кешін,
Халайық сендер бізге жақын келші,
Математика ғылымына ұмтылғандар,
Сен егер кім екенін білгің келсе.
Білеймін деп қысылма,
Талабың болса бойыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында.

1. Екі санды бір-біріне қоссақ екі таңбалы сан шығады, сол сандарды бір-біріне көбейтсек бір таңбалы сан шығады. Бұл қандай сандар? (1+9=10; 1*9=9)


2. 5 бес санын пайдаланып, арасына математикалық амалдарды қолданып, 100-ді қалай шығаруға болады? 5 5 5 5 5 = 100 (5*5*5-5*5=100)
3. Белгісіз үш таңбалы сан берілген. Үшеуі үш түрлі сан. Үшеуі бірдей әріптен басталады. Бұл қандай сан? (127)
4. 19-дан бірді алып, қалай 20 шығаруға болады? (ХІХ – І, ХХ)
5. Мына ғимараттың лифтінде ең көп басылатын кнопка қайсы этаж? (1-этаж)

6. Корзинадан 7 алманы 7 бала бір - бірден алды. Корзинада бір алма болған. Бұлар қалай бөліскен? (бір бала алманы корзинасымен алды)
4. «Тауып көр!»
Берілген сандардың ішінен қатар тұрған сандардың қосындысы 10-ға тең болатын, сандарды сызып шығу керек.
487563946788312345673
654321987654314216217
456789123456716317461
673829145673491291231
827746757353709880283
637708957497455055335
289763782093824328427
637444666888313451789
321123123543543782382
978786826728676570198


5. «Сиқырлы сандық» ойыны
Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт
Қорапшада бірнеше сұрақтар және тосын сый болады. Музыка қосылады, қорапшаны оқушылар бір-біріне береді. Музыка тоқтағанда қорапша кімнің қолында қалады, сол оқушы қорапшадан қағаз таңдайды. Сұрақ түссе, жауап береді немесе тосын сыйлыққа ие болады.
1. Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)
2. Тәуелсіз айнымалы қалай аталады? (икс)
3. Ең үлкен сан қалай аталады? (вигинтелеон)
4. Геометрияның грекше аудармасын айт. (жер өлшеу)
5. 12 - ні екіге бөліп 7 - ні қалай шығаруға болады? (рим цифрымен жазып ортасынан екіге бөлеміз)
6. Қандай сандар 10-ға бөлінеді? (жазылуында 0-ге аяқталатын сандар)
7. 225 қай санның квадраты? (15-тің)
8. 12-ге кері сан? (1/12)
9. Бір-бірімен қиылыспайтын түзулер? (параллель түзулер)


Қорытынды

Екі санды бір-біріне қоссақ екі таңбалы сан шығады, сол сандарды бір-біріне көбейтсек бір таңбалы сан шығады. Бұл қандай сандар?


5 бес санын пайдаланып, арасына математикалық амалдарды қолданып, 100-ді қалай шығаруға болады? 5 5 5 5 5 = 100


Белгісіз үш таңбалы сан берілген. Үшеуі үш түрлі сан. Үшеуі бірдей әріптен басталады. Бұл қандай сан?


19-дан бірді алып, қалай 20 шығаруға болады?


Мына ғимараттың лифтінде ең көп басылатын кнопка қайсы этаж?





Корзинадан 7 алманы 7 бала бір - бірден алды. Корзинада бір алма болған. Бұлар қалай бөліскен?


Берілген сандардың ішінен қатар тұрған сандардың қосындысы 10-ға тең болатын, сандарды сызып шығу керек.
487563946788312345673
654321987654314216217
456789123456716317461
673829145673491291231
827746757353709880283
637708957497455055335
289763782093824328427
637444666888313451789
321123123543543782382
978786826728676570198

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет