Сабақ №30 Сілтеме Оқулық информатика Арман пв 2013 Сабақтың тақырыбы



бет1/10
Дата15.09.2017
өлшемі5,04 Mb.
#33770
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Күні: 23. 04. -25. 04. - 26. 04. 2016ж Қаралды:_____________

Пән: Информатика

Сынып: 5 «а», «ә», «б»


Сабақ

30

Сілтеме

Оқулық информатика Арман ПВ 2013

Сабақтың тақырыбы:

Калькулятор. Практикалық жұмыс


Жалпы мақсаты

Оқушыларды калькулятор программасын таныстыру, калькуляторды іске қосуды онымен жұмыс жасауды және сандық ақпараттарды өңдеуді үйрету, арифметикалық амалдарды қолданып есептер шығару.


Күтілетін нәтиже:

Калькулятор бағдарламасын іске қосуды, калькулятор батырмаларымен танысып, есеп шығаруды үйренеді.

Негізгі идеялар

Қолданылатын әдістер

сұрақ – жауап, тапсырмалар, практикалық жұмыс.

Құрал-жабдықтар:

Дербес компьютерлер, интерактивті тақта, оқулық

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті


1. Ұйымдастыру кезеңі

Ұйымдастыру

Үй тапсырмасын тексеру

Мұғаліммен сәлемдеседі.

Үй тапсырмаларын айтады.



2. Негізгі бөлім


Бүгінгі сабағымыз «Алтын қақпа» ойыны түрінде өтпек.

Барлығымыз білетіндей алтын қақпаға жету үшін, тас қақпа мен күміс қақпадан өтуіміз керек. Сол қақпалардың тапсырмаларына дұрыс жауап беруіміз керек. Ең алғашқы қақпамыз тас қақпа. Тас қақпа бізге мынадай жұмбақ жасырады. Жұмбаққа дұрыс жауап берсек тас қақпамыз ашылады. Тас қақпаның артында жаңа тақырыбымыз жасырылған.



Жұмбақ

Бір нәрсе бұл дүниеде жоқ дерегі,


Әр жерде ақылдассаң бар керегі,
Қыстауы, жаз жайлауы он өзенде,
Өзінің сексен сегіз дөңгелегі.

(Есепшот)



Жаңа сабақ

Жұмбақтың жауабын дұрыс таптық. Қазіргі таңда есепшоттың орнына не қолданылады?



Сандық ақпаратты өңдеу

Калькулятор

Компьютердің сандық ақпаратпен жұмыс ісетуін WindowsXP-дің Калькулятор қолданбасының көмегімен көрсетуге болады. Бұл қолданбалы программа кәдімгі элекрондық калькулятордың жұмысын модельдейді. Калькулятор қолданбасы компьютердің сандық ақпаратпен жұмысын: бір жүйеден екінші жүйеге сандарды аударуды, логикалық арифметика принциптерін, есептеу дәлдігін және т.б. тереңірек игеруге мүмкіндік береді.

Жүйеде калькулятордың екі түрі бар: қарапайым және инженерлік.

Калькуляторды іске қосу үшін, мынадай тізбекті орындаймыз:

Іске қосу – Программалар – Стандартты – Калькулятор.

(Пуск – Все программы – Стандартные – Калькулятор)

Мұны орындағаннан кейін, экранда калькулятордың терезесі пайда болады. Егер калькулятор бірінші рет қосылса, онда Қарапайым калькулятор шығады.

Экрандағы калькулятордың түрі кәдімгі қалта калькуляторының түріне ұқсайды, тек оған тақырып жолы мен меню жолы қосылған.

Қарапайым калькулятор арифметикалық амалдардан басқа санаулы әрекеттерді және бірнеше функцияларды ғана орындайды. Калькулятордың бір түрінен екінші түріне ауысу Түр(Вид) менюінен оның сәйкес түрін таңдау арқылы орындалады.

Бұл калькулятордың жұмыс жасаудың принципі кәдімгі калькулятормен жұмыс істеумен бірдей. Сандарды және командаларды калькуляторға енгізу тышқанның сол жақ батырмасымен калькулятордың батырмаларын шерту арқылы орындалады.



Қарапайым калькулятор


Калькулятордың қызметтік функционалдық батырмалары:

- соңғы енгізілген цифрды өшіреді

Каталог: uploads -> doc -> 0372
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0372 -> Сабақ тақырыбы Шал ақын. «Ата-ананың қадірін», «Бұл дүниенің мысалы»
0372 -> «№36 жоббм» кмм семей қаласы Жетекші: Ахметова Баян Узбековна ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
0372 -> І. Кіріспе сөз. Мұғалім


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет