1. Жалпы ережелер Аға тәрбиеші жоғары педагогикалық білімі, сондай-ақ тиісінше мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар (арнайы орта, кәсіптік орта) адамдардан тағайындалады.
Мектеп директорына бағынады.
Лауазымына мектеп директорының бұйрығымен тағайындаладаы және босатылады.
Жылына бір рет медициналық тексерістен өтеді.
Өз жұмысында нормативтік құжаттарды, осы лауазымдық нұсқаулықты және Ішкі еңбек тәртібі ережелерін басшылыққа алады.
Жұмыс аптасының ұзақтығы - 24 сағат.
Жыл сайынғы кезекті еңбек демалысының ұзақтығы – 56күнтізбелік күн.
Еңбек тәртібін сақтайды.
Әдіскер (аға тәрбиеші) білуі тиіс:
ҚР Конституциясын, ҚР «Білім туралы», «ҚР-ғы тіл туралы», «ҚР баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді;