Бәсеке ұғымы. Бәсекелестік құқығының пәні және әдістері



Дата08.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#130894
Байланысты:
Бәсеке сөж-1 презентация
срсп 1 нарық

Бәсеке ұғымы. Бәсекелестік құқығының пәні және әдістері
Балабек Бақнұр
Құқықтану 3-курс
Бәсекелестік - нарық субъектілерінің дербес жасаған іс-әрекеттері тиісті тауар нарығындағы тауарлар айналымының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының біржақты ықпал ету мүмкіндігін тиімді шектейтін жарыстастығы
Бәсекенің негізгі қағидалары:
  • материалды еңбек, қаржылық және басқа да ресурстардың мобильдігі. 
  • сұраныс пен ұсыныс туралы бәсекеге қатынасушылардың толық ақпаратта болуы, сондай-ақ нарықтағы баға өзгерісін, пайда деңгейін дер кезінде қадағалап отыруы керек
  • өнімдердің біртектілігі, сапасының, қасиеттерінің ұқсас болып келуі.
  • нарықтағы жекелеген қатынасушылардың әсер ету мүмкіншілігінің болмауы, бағаның белгіленген бағасымен сәйкес келіп отыруы міндетті шарт емес

М. Тотердің айтуынша тиімді бәсекелестік нарықтағы жекелеген күштерге тәуелді болады.
Ол мынадай түрге бөлінеді:
Сатушылардың салаішіндегі өзара бәсекелесуі
Субститут тауарлардың пайда болуы
Жеке салаларда пайда болатын жаңа бәсекелестердің жағынан қысым түсуі
Шикізаттар мен бөлшектерді жеткізушілердің әсер етеді
Өнімді тұтынушылардың бәсекелестерге әсер етуі
Нарықта бағалы бәсекені жүргізудің шарттары
Экономиканың бірегейлігі
Шығындарды минималдап, максималды тиімділікке қол жеткізу, өндіріс факторларының шекті пайдалылығы заңы
Өндіріс факторлары пайдаланудың альтернативтік мүмкіншіліктерін салыстыру
Жалпы экономикадағы бәсекелік жағдай сол рыноктың құрылымына байланысты және рыноктағы саланың ерекшелігіне байланысты еркін немесе жетілген бәсекелі және жетілмеген бәсекелі болып бөлінеді.
Рыноктағы жетілген бәсеке жағдайында фирмалар салаға еркін кіріп және де еркін шыға алады, рыноктық бағаны сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы анықтайды, рыноктық салада фирмалар мен кәсіпорындар саны өте көп болуы және олар бағаға әсер ете алмауы жетілген бәсекедей қызмет етіп отырған фирмалар бағаны рынокта “белгіленген баға” деп санайды. Бұл жағдайда рынокта бәсекелік жағдай толық қызмет етіп, рыноктық саланың тиімді дамуы өз әсерін тигізеді.
Монополия жағдайында тұтынушылардың алдында бір ғана ірі өндіруші тұрады. Демек мұнда фирма және монополия түсініктері теңескен. Тұтынушы қаласа да, қаламаса да монополистің өнімін пайдаланып, оның тағайындаған бағасын қабылдауға мәжбүр болады.
Монополия кезінде өндіруші ұсыныс көлемін толық өзі бақылайды, демек монополиялық билікке ие болады. Монополияның жетілген бәсекеден басты ерекшелігі ол бағаға толық әсер ете алады. Сонымен, берілген тауарды өндіретін тек бір ғана жеке фирма бар және осы тауарды ауыстыратын басқа тауарлар жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық – монополия, ал фирманың өзі монополист деп аталады
Ал олигополия дегеніміз тауардың көпшілігі бірнеше ірі фирма арқылы өндіріледі. Ол фирмалардың рынокқа әр қайсының әсері айтарлықтай болып табылады. Кейбір олигополия моноплист сияқты бағаға әсер етуі мүмкін. Мысалы, бір класты автокөлік нарығы.
Олигополия кезінде баға қалыптасу жетілген бәсекеге ұқсайды. Мұндайда баға туралы олигополистердің шешімдерін қабылдау жұмысы күрделіне түседі.
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет